Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / Максат Мурымбай.docx
Скачиваний:
66
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.74 Mб
Скачать

7.2.5 Өнімді сәйкестік Белгісімен таңбалау

Өтініш берушіге сәйкестік сертификаты берілген тіремелік полимер тақта сәйкестік Белгісімен таңбалануы мүмкін, егер оған Қазақстан Республикасының Мемстандартымен осындай құқық берілсе.

Өнімнің сәйкестік белгісінің бейнелеуі ҚР СТ 3.1 талаптарына сәйкес болу қажет.

Өнімнің сәйкестік Белгісінің таңбасы сыртқы табиғат жағдайларына төзімді, жоғарғы сапалы, анық болумен бірге сол өнімді пайдалану мерзіміне дейін тұру қажет.

Нақты өнімге сәйкестік Белгісін қою ережелері әрбір нақты жағдайларда белгіленеді. Бұйымның сәйкестік Белгісі керегеден жылжытылған тоңазытқыштың таңбалауының қасына немесе тұрқысына қойылуы мүмкін.

Егер бұйымның өзіне тікелей сәйкестік белгісін қою мүмкін болмаса, онда оны ярлыкқа, қаптамаға және техникалық құжатқа қояды.

7.2.6 Өнімнің сертификатталған сипаттамаларының тұрақтылығын инспекциялық бақылау

ҚР МСЖ сертификаттың бүкіл қызмет ету уақытында өнімнің сертификатталған сипаттамаларының және сапа жүйесі қызметінің тұрақтылығына инспекциялық бақылауды өткізуді қарастырады.

Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша сертификаттау бойынша орган сертификаттың қызмет ету уақытын немесе сәйкестік Белгісін қолдану құқығын келесі жағдайларда тоқтата алады:

- сертификаттау кезінде бақыланатын нормативті-техникалық құжаттар талаптары бұзылғанда;

- сертификаттау бойынша органмен келістірмей, өнімге берілген нормативтік құжаты немесе сынау әдісі өзгергенде;

- сертификаттау бойынша органмен келістірмей, өнімнің құрылымы, жиынтығы, өндіріс технологиясын ұйымдастыруы өзгергенде;

- технологиялық талаптарды орындамағанда;

- сертификаттау бойынша органмен келістірмей, бақылау мен сынау әдістері, сапа жүйесі өзгергенде.

Сертификат қызметін немесе сәйкестік Белгісін қолдануды тоқтату туралы шешім, егер өтініш беруші реттеу шараларының арқасында сәйкес келмеушіліктердің анықталған себептерін жойса және өнімді тексеру кезінде оны аккредиттелген зертханаларда қайта сынақтан өткізбей, өнімнің нормативтік құжаттарға сәйкес келетіндігін дәлелдей алған жағдайда, қабылданады.

Өндіріс тоқтаған жағдайда немесе басқа себептер болғанда, сертификат қызметі, сонымен қатар сертификат бойынша орган мен өтініш беруші арасында өзара келісудің арқасында тоқтатылуы мүмкін.

Сертификат қызметінің және сәйкестік Белгісінің жойылуы келесі жағдайларда бола алады:

- бұйымда табылған сәйкес келмеушіліктері жойылуға келмесе;

- егер дайындаушы сертификаттау бойынша бойынша органға қатысты өзінің қаржылық міндеттерді орындамаса;

- егер сертификаттың қызметі уақытша тоқталған кезінде дайындаушы сәйкес ешқандай шараларды жасамаса;

- егер өтініш беруші сертификаттың қызмет ету уақытын ұзартқысы келмесе;

- егер бұйымды өндіру тоқтатылса немесе кәсіпорын таратылса.

Бұл жағдайда сертификаттау бойынша орган дайындаушыны, АҚ “ҰССО” аймақтың бөлімшелерін және тұтынушыларды сертификат қызметінің және сәйкестік Белгісін қолдану құқығының тоқталуы немесе жойылуы туралы жазбаша хабарлайды.

Сертификат қызметінің жойылуы оны Қазақстан Республикасының МСЖ-нің Мемлекеттік Реестірінен алып тастағаннан басталады.

Сертификаты жойылған өнімдер инспектордың бақылау кезінде табылған бұзушылықтарды түзетуге бағытталған шаралар жасалғаннан кейін, қайтадан сертификаттауға берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сертификаттау бойынша жұмыстар жаңа келісімшарт бойынша алдыңғы сертификаттаудың нәтижелерін есепке алмай жүргізіледі.