Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-1 / Документ / Образец / 4__1178_auipsizdik_zh_1241_ne_e_1187_bekti__1179_or_1171_au_b_1257_limi (1).docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
45.07 Кб
Скачать

3.1-Кесте-Әр түрлі коагулянттарды пайдалану мен бұрғылаудағы ағынды сулардың тазартылуын зерттеу нәтижелері

Коагулянт

Коагулянт мөлшері, мг/л

Мөлдірлігі, ем

Тазалау тиімділігі, %

Механикалық қоспалар бойынша

Тотығу бойынша

NaAlO2

BaCl2

FeCL2+(SO4)

FeCl3

Al2(SO4)3

1000

500

400+400

900

600

3,5

6

7

5,5

12

51

75

94

79

90

46

71

82

58

85

3.2-Кесте-Қалдықтарды пайдаға асыру және қайтадан қолдану

Мұнай, химикаттар жағатын майлар

20 м3

өртеу

Батареялар, жарықтандыру құралдары

8 м3

өңдеу

Бояулардың қаңылтыр банкалары, бос бөшкелер

420 банка, 280 бөшке

бөлшектеу, бумен тазалау, қайта қолдану

Өртке қарсы жабдықтар, мұздатқыштар

6 м3

кемеге орналастыру

Күл

2,4 т

көму

Медициналық жабдықтар

1 м3

басқарып өртеу

Қағаз, қатты қағаз, ағаш

14 м3 қағаз, 24 м3 ағаш

өртеу

Нейлон, пластмасса

10 м3

өртеу

Асхана, коммуникация қалдықтары

340 м3

өртеу

Қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қалдықтар

33 т

өңдеу, қайта қолдану

Металлалом

36 м3

өңдеу, қайта қолдану

Жуу сұйығының температурасы 60-65°С болса, ауадағы көмірсутегі көлемі артады. Осындай жағдайда адам организмін улы заттардың әсерінен қорғау үшін, шектік көрсеткіш шамадан тыс болса (ПДК) көмірқышқылы үшін 300 мг/м3 болса сорапты блок пен бұрғылау алаңы алдын ала желдеткішпен қамтамасыз етілуі керек. Көмірсутегінің теріге алғашқы әсерінен-ақ қызаруы арқылы білінсе, шаралар қолданылмаған жағдайда тері ауруларына әкелуі мүмкін. Жуу сұйығын дайындаған кезде де химиялық реагенттердің зиянды әсерлерінен сақтану үшін жеке бас қорғаныс заттарын қолдану қажет. Ал егер теріге бұрғылау сұйығы тиіп кетсе, ДНС-АК сабынымен жуыну керек. Ұзақ уақыт ерітінділермен жұмыс әстейтін жұмсшы тері ауруларының алдын алу үшін гидрофильді паста немесе мазьдар қолдануы тиіс.

Өнеркәсіптік қауіптіліктің категориясын анықтау керек (ӨҚК).

ӨҚК төменгі формуламен анықталады:

ӨҚК = , (3.1)

мұндағы Мі – заттың шығарылу массасы, т/жыл;

ШРК – шекті рауалы көрсеткіш, мг/м3.

ӨКҚ-ң үлкендігіне байланысты кәсіптікті төрт қауіпті категорияға бөледі, ол 3.3-кестеде көрсетілген.

Мі/ШРК<1 болатын шығарылатын заттар ӨҚК-ны есептегенде ескерілмейді және 0-ге теңестіріледі.

3.3-Кесте-Қауіптілік деңгейі бойынша кәсіптікті бөлу

Кәсіптік

қауіптіліктің

категориясы

ӨҚК мәндері

Ескертулер

1

ӨҚК > 106

Кәсіптік бірінші деңгейлік қауіптілікті ластаушы заттардың маңызы валдық шараларына ие 1 – 2 кәсіптегі бар кіші қалаларға тән. Кәсіптік шығарулары қаланың жалпы шығаруының 60 – 70%-ын құрайды.

2

106 > ӨҚК > 104

Ластаушы затардың бір немесе бірнеше ластаушы заттары ШРК-тан жоғары болып үлкен көлемде шығарылады. 3 – 8 кәсіпшілігі бар кіші қалаларға тән кәсіптік шығарулары қаланың жалпы

3

104 > ӨҚК > 103

Ең кең таралған топ. Кәсіптігі бар үлкен қалаларға тән кәсіптік шығарулары қаланың жалпы шығаруының 5 – 10 % құрайды.

4

ӨҚК < 10-3

Ластаушы заттарды аз шығаратын ұсақ кәсіптіктер. Кәсіптігі бар үлкен қалаларға тәне кәсіптік шығарулары қаланың жалпы шығарулардың 1 – 5 % құрайды.

Егер ШРК-ң орта тәулік мәндері белгісіз болса, онда максималды 1 ретті ШРК жұмыс зонасының ауасында заттардың ШРК-ның 10 есе кішірейтілген мәні, егер бір зат үшін ШРК жасалмаған болса, онда ӨҚК мәндері берілген заттың шығарылуының массасына теңестіріледі.

Өнеркәсібіміз 1-ші кәсіптік қауіптіліктің категориясына жатады, өйткені ӨҚК > 106

Өндірістік цехтардың ауасында жарылуға қауіпті немесе улы газдар, шаң, бу, ылғал және жылудың артықтықтығы болады. Желдету өндірістік цех бөлемелерде еңбектің жайлы санитарлы-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етеді.

Табиғи желдету кезіндегі ауа ауысымы бөлмедегі және оның сыртындағы ауа температураларының айырмашылығы арқасында іске асырылады, себебі қыздырылыған ауа жеңіл ауадан жеңіл болғандықтан сыртқа шығады.

Желдеткіштер және ауаөткізгіштері механикалық желдетудің негізгі элементтері болып табылады.

Желдету арқылы өндірістік бөлемелердің жұмыс аймақтарындағы қауіпті заттардың концентрациясы төмендетіледі және де ластанған ауаның таза ауамен араластыру арқылы шекті рұқсат етілген деңгейге дейін жеткізіледі.

Қызметкерлердің денсаулығына зиянды өндірістік факторлардың әсерін анықтау және кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында уақытында медициналық қараулар өткізіледі. Жұмыс орындарын зертханалық зерттеу нәтижелерімен қоса медициналық қараулардың мәліметтеріне зиянды өндірістік факторлар әсерін азайту жөніндегі шараларды әзірлеумен талдау жасалады.

Қауіпті уланудың белгілері: ауыздың кебуі, жүрек айну, бас айналу, қолдың, қастың дірілдеуі, бұлшық еттік ұстама, кейде мастану күйі, сосын есін жоғалту.

Зардап шеккендерге бірінші көмек таза ауа және жасанды демалдыру. Сұйық көмірсутегілер теріге тиіп майсыздандырады және оны құрғатады, сондай-ақ тері қабаттарының қатты қозуын, экзема мен дерматит тудырады. Сұйық көмірсутегілер жанғыш, олардың кейбір жұптары ауамен араласып ПА немесе ПВ Т3 топты өртке қауіпті қоспа түзуі мүмкін. Тұтану температурасы 61 С жоғары жанғыш сұйықтар өртке қауіптілерге жатады (жарылғыш қауіпті емес). Жұмыс орнының ауасындағы көмірсутегінің АШК-сы 300 мг/м, ал күкіртсутегімен қоспада 3мг/м.

Кәсіпорындардағы әрбір жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау жөніндегі стандарттардың, ережелер мен нормалардың талаптарына сай болуға тиіс. ҚР-да еңбек заңдылықтарының негізгі ҚР-конституциясымен, еңбек туралы заң кодекстерімен (КЗОТ) және де партия және үкімет қаулыларымен анықталады.

Қауіпті факторлардың бірі электробұрғымен бұрғылауда аса үлкен шу және діріл болуы себепті адамның есту мүшесіне айтарлықтай әсер етеді. Қатты шу, есту мүшелеріне әсер етеді және кей жағдайда адамның дұрыс естімеуіне немесе керең болуына алып келеді. Онымен қоса адамның жүрек талмасына және ас қорыту жүйесінің нашарлауына, жүйке жүйесінің тозуына алып келеді.

Сол себепті шулы және дірілді орталарда ұзақ жұмыс істеген қызметкерлер қауіпсіздік шарасы ретінде арнайы құрылғылармен қамтамасыз етіледі. Бұл құрылғылар есту мүшесіне кигізілмелі етіп жасалынады. Олар: шуға қарсы тұратын “ВЦНИИСТ-7И” құлақ қаптары, олар дыбыс изоляциялаушы қабілеттерді реттеуге мүмкіндік береді, немесе жұқа диспресті материалдан жасалған “Беруши” жапсырмалары.

Шулы цехтарда (дыбыс деңгейі 85 дБА жоғары) кіретін жерде көрінетін жерде шудың жоғары деңгейі жайлы сақтандырушы белгілер орнатылу керек.

Жабдықтар тозған болса оларды дер кезінде жөндеу керек. Себебі, жабдықтан болатын шу деңгейі жоғарылап, қауіптілігі арта түседі.

Техниканың жедел дамуымен байланысты машиналар мен механизмдердің өнімділігі мен қуаты артуда, ол өз ішінде кей жағдайларда шу мен дірілдердің деңгейінің артуына әкеледі. Бұл жаңа құрылғыны ойлап табу барысында санитарлы нормаларды ескермеуінің салдарынан болады.

Электробұрғымен бұрғылау кезінде жуу сұйығын айдайтын сораптарға да талап жоғары. Себебі қысым артып кетсе жарылыс болу қаупі бар.

Сол себепті 21 желтоқсандағы № 2157 техникалық регламентіне сәйкес жоғарғы қысым аймағында жұмыс істейтін бұрғылау сораптары қысым манометрлерімен жабдықталып, оны тағайындалған қызметкер үнемі қадағалап отыруы керек.

Бұрғы жұмыстары таза ауада, тәулік бойы мемлекеттің бүкіл территориясында жүргізіледі: Тюмень облысының қарқынды меңгеріліп жатқан аймақтарында температура -3,3/ 1,80С – дан артық көтерілмейді, суық болмайтын кезең 72 күннен 1323 күнге дейін созылады, ал ең төмен температура ақпан айында – 440 –дейін жетеді.

Бұл жағдайларда адамның дене температурасын қалыпты сақтау үшін сол аймақтың климаттық жағдайына сәйкес арнайы жұмыстық киімдер беріледі. Ол киімдер жылу ұстағыштық қасиетімен қоса, өртке қарсы тұра алатын қасиетке және түнгі уақыттарда түс шағылыстыратын арнайы жолақтармен қамтамасыз етілуі керек.

Сонымен қатар қызметкерлердің жылынып алатын арнайы базалар қарастырылады.