Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пищ. Жел. Печ..doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
62.98 Кб
Скачать

4. Шектердің функциональдық анатомиясы.

Шек аш және тоқ шектерден тұрады.

Аш шектің қызметтері:

  1. Секреторлық – шек сөлінің тәулігіне 2 литрге дейін бөлінуі.

  2. Моторлық – мүшенің жиырылуы, ол уақытша шек қуысың кішірейтуді, оны перистальтика деп атайды.Перистальдикалық қозғалыстың 3 түрін ажыратады: а)толқымалы

б)маятник тәрізді

в)сегментациялық

Перистальтикаға әрбір бөліктің қысымының өзгеруі әсер етеді.

Перистальтиканы ұлтабар реттейді, оның құрамында жіңішке нерв –

бұлшықеттік қабат табылған, бұл қабат автономды қозумен иемденеді.

  1. Асқорыту қызметі – тамақ массасының ішек сөлімен, өтпен, ұйқы безінің сөлімен шылануы, соның әсерінен тамақ қоректік заттарға ыдырайды: а) белоктар – аминқышқылдарына.

б) көмірсутегі – моносахаридтерге (глюкоза, сахароза,

фруктоза)

в) майлар – май қышқылдарына, глицеринге, сабынға және

суға ыдырайды

  1. Сіңірілу – пиноцитоздың осмос қысымының әсерінен қоректік заттар сіңіріледі. Ішектің кілегейлі қабығында 30 млн.-ға жуық бүрлер болады, ұзындығы 0,3-1,2 мм. Осы бүрлердің әсерінен сіңірілу беткейі 1000 рет ұлғаяды. Әрбір бүрдің ішінде артериальды, венозды және лимфа тамырлары болады. Белоктар мен көмірсутегі венозды қанға, лимфаға майлар сіңіріледі.

  2. Қорғаныш немесе иммундық қызметі – кілегейлі қабықты меншікті табағында лимфа түйіндері орналасады. Лимфа түйіндерінің екі типін ажыратады: а) солитарлық немесе жалғыз

б) топталған немесе агрегаттық (пейеров бляшки)

  1. Гормональды – шектер заттар бөледі, олар «гормондардың кандидаты», кейін олар болуы немесе болмауы мүмкін.

5. Тоқ шектің функционалдық анатомиясы.

  1. Абсорбциялық қызмет (судың сіңірілуі).

  2. Микрофлораға байланысты витаминдер сіңіріледі және синтезі жүреді.

  3. Нәжістің түзілуі

  4. Резервуарлық қызмет – нәжістің жиналуы

  5. Эвакуаторлық – экскременттер немесе нәжістің шығарылуы.

Құрт тәрізді өсіндінің орналасу варианттары:

  1. Қалыпты (медиальды)

  2. Латерольды

  3. Ретроцекольді

  4. Төмендеген (жамбас)

  5. Жоғарлаған (бауырасты)

  6. Сол бөлікте (айна көрінісі)

6. Бауырдың функционалдық анатомиясы және оның дамуы.

Эмбрионалдық дамудың төртінші аптасында ортаңғы ішектің алғашқы бөлігінің вентральды қабырғасында шығыңқы (выпечивание) – бауырдың бастамасы пайда болады. Ол вентральды шажырқайдың табақтарының арасынан (ішперде табақтарының арасына) енеді. Ішперденің вентральды немесе висцеральды табақтары сирозды қабық және строма құрайды. Строма-бауырдың паренхимасына арналған. Содан соң клетка массаның тез өсуінен бауыр болкалары, ал олардың арасында қантамыр капилляры орналасады. Қан ағысы қысымынан олар бөлікшелерде орналасады. Ортаңғы ішектен қалыптасқан бауырдың бастамасы бауырлық дивертикул деп атайды. Сонымен бірінші ішектің эктодермасынан бауырдың секреторлық бөлігі, өт жолдарының жүйесі және өт қабы қалыптасады.

Бауырдың қызметтері:

  1. Қорғаныш – фильтрациялық – веналық қанның улы заттардан тазартылуы.

  2. Гликогеннің депосы.

  3. Белок түзу – белоктардың синтезі (ұсақ, орташа және ірі дисперлік).

  4. Қан түзуші (ұрықта) – қанның формалық элементтерінің түзілуі.

  5. Дезинтоксикациялық – тыс келетін улардың залалсыздандырылуы (ішімдік, дәрі-дәрмек).

  6. Ферментативтік

  7. Эндокриндік

  8. Иммунологиялық