Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС на каз. 2014.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
290.82 Кб
Скачать

2. Бағдарлама

2.1. Кіріспе.

Қоғамның дамуындағы заңдылықпен құқықтық тәртіпті нығайтуындағы құқықтың рөлі маңызды. Қоғамдық қатынастар қандай түрінде реттелінеді және нормативтік актілерде құқықтық талаптарды орындамаған үшін қандай іс шаралар көзделеді, жалпы қоғамның ілгерілігі, қоғамның жаңа дәрежеге өтуі, экономикалық өсуі мен елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тәуелді болады.

2.2. Пәннің мақсаты:

«Құқық негіздері» пәнін оқытудың мақсаты студенттерге заң аумағындағы негізгі теориялық ережелерді үйрету, заңмен жұмыс істеуге дағдыландыру, іс жүзінде туындаған жағдайлар барысында жөн тауып алған білімдерін іске асыруды үйрету.

Барлық мамандықтағы дәрігерлердің жұмысы құқық негіздерінің білімін талап етеді. Әрбір дәрігер құқық мәселелеріне дайын болуы қажет. Жұмыс барысында медициналық құжаттарды заң жүзінде өзі рәсімдеу әрекеттері жиі кездесіп тұрады.

2.3.Оқыту мақсаттары:

- студенттердің құқықтық мәдениеттерін дамыту;

- құқыққа, заңға және құқықтық мемлекеттің әлеуметтік құндылығына қатысты мәдени-құндылықты қалыптастыру;

- құқықтық жағдайларда теориялық талдау жасай білу қабілеттілігіне бейімдеу;

- қағидалардың анықтамаларын білу және зерделеу;

- категориялармен түсініктерді меңгерту;

- әр құқық саласының нормаларын қолданып, талқылау дағдыларын қалыптастыру;

- студенттерге құқықтық мәдениеттің құрылымы бойынша бағдар беру;

- ҚР Конституциясында қарастырылған құқықтары мен міндеттерін үйретіп, аса көңіл аударту;

- ҚР азаматтары мен болашақ мамандардың құқықтық тәрбиесімен құқықтық санасының ролі мен маңызын оқу барысында анықтау;

Студент білуі қажет:

- кәсіби мамандық жүйесіндегі тәртіптің орны мен рөлін;

- мамандық бойынша негізгі кәсіби бағдарламаны меңгеру барысында осы пәннен алған білімінің маңыздылығы туралы.

2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

Жалпы медицина - факультетінің студенттері Құқық негіздері пәні курсын аяқтау нәтижесінде мыналарды білулері қажет:

- адамның қорғалуына бағытталған заңдарды

  • қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін

  • медицина қызметкерлердің құқықтар мен міндеттер және мамандық құқық бұзушылық үшін олардың жауапкершілігі туралы заңдардың ережелерін.

  • денсаулық сақтаудың түрлі құқық салаларымен байланыстары

  • жалпы құқық жүйесіндегі салалардың реттеу пәнін.

  • ҚР Конституция бойынша азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерді.

Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынаны істеуге тиіс:

- заң жауапкершіліктің түрлеріне сипаттамасын жасау.

  • ҚР Конституциясының және денсаулық сақтау туралы заңдардың ережелерін қолдану.

  • түрлі құқық салалардың қолдану ортаны айыра білу.

2.5. Реквизитке дейінгі:

Мемлекет пен құқықтың негіздері - құқықтық мемлекеттің тарихы, оның тәсілдері, мақсаттары.

Бұл пәнді тиімді меңгеру үшін тарих, философия, саясаттану және т.б. курстардың білімі қажет.

Осы пән мемлекет және құқық негіздерін қарастырады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік билікпен басқару органдары, сот жүйесінің құрылымын, бюджеттік жүйенің құрылымын, сондай-ақ азаматтық, отбасылық, еңбек, сақтандыру және жер құқығының құқықтық институттарының маңыздылығын қарастырады.