Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ОМ 2011 каз.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
345.6 Кб
Скачать

1.8 Байланыс ақпараты:

г. Астана, Сары-Арқа көшесі, 33 үй, «АМУ» АҚ, Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология кафедрасы, тел. 8-(717)2-23-94-65

Микробиология пәнін өткізетін орыны және уақыты

Тәжірибелік сабақтар «АМУ» АҚ Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология кафедрасының оқу зертханаларында жүргізіледі (Сары-Арқа көшесі, 33 үй, 5-ші қабат), дәрістерді оқу процесін жоспарлайтын және мониторингін жүргізетін бөлімі құрастырған кесте бойынша дәрістер оқылады.

1.9 Пәннің саясаты:

Кафедраның студенттерге оқу процесінде қоятын талаптары, жұмыс бөлімдерін және т.б. орындамаған жағдайда айыптау шаралары

Микробиология базалық пән болғандықтан, оны білу әр бір дәрігерге, әрбір медицина қызметкеріне қажет. Микробиология ғылым ретінде теориялық және клиникалық медицинаның өзекті маңызды сауалдарын шешуін қамтамасыз етеді. Студенттер теориялық білімдерді және келешекте кәсіби тәжірибеге қажетті дағдыларды тәжірибелік сабақтарда алып шығады. Студенттер бірінші тәжірибелік сабақтан бастап дәріске арналған қалын дәптер, үлкен альбом, түрлі-түсті карандаштар, медициналық халат, калпақ, екінші ауыстыратын аяқ-киім қажет. Кафедраның негізгі талаптарының бірі әрдәйім дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға және ОСӨЖ қатысып жүру. Себепсіз қалдырған сабақтарды студент ақылы түрде өтейді. Студент сабаққа 15 минуттан көп кешігетін болса, бұл сабақты ақылы түрде толығымен өтейді. Сонымен қатар, академия мүлігін бұзған жағдайда ақылы түрде өтейді.

Емтихан мен қорытынды тестілеуге егер студенттің дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға, СӨЖ-на себепсіз қатыспауы, барлық аралық бақылауы (коллоквиумдары) тапсырылған жағдайда жіберіледі. Кафедраның оқу талабын (тәжірибелік сабақтардан, СӨЖ тапсырмаларын толығымен орындамаған жағдайда, аралық бақылауы (коллоквиумдар) тапсырылмаса) орындамаған студент ақылы түрде қайтадан пәнді оқиды.

2 Бағдарлама

2.1 Кіріспе

«Фармация» мамандығының бағдарламасы болашақ провизорларды дайындауда ғылымның қазіргі жетістігін, теориялық білімнің негізін қамтамасыз ететін медициналық биология ғылымның маңыздылығын айқындайды.

Микробиология базалық жалпы биологиялық ғылым ретінде қарапайымдылардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың, бактериялардың өмір сүруін және микроорганизмдердің экологиясын зерттейді.

Медициналық микробиология адамдардағы жұпалы аурулардың қоздырғыштарын молекулалы-генетикалық деңгейде және жасушаға таралу механиізмін, патогенділік факторын, биологиялық қасиеттерін зерттейді.

Қазіргі микробиологияның өркендеп дамуының едәуір дәрежеде анықталуы, информатика, биология, химия, физиканың жетістіктеріне негізделеді.

Фармациялық білім беру жүйесінде микробиология негізгі орын алады.

2.2 Пәннің мақсаты:студенттерге білім беруде микроорганизмдердің адамдардағы жұқпалы және жұпалы емес аурулардағы орнын, дәрілік заттармен, дәрілік шикізат микрофлорасын, инфекциялық үрдістің алдын алуын және арнайы емдеу ұстанымын, клиникалық диагнозды бекітуде қолданылатын микробиологиялық әдістерге түсінік беріу.