Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ОМ 2011 каз.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
345.6 Кб
Скачать

2.3 Пәннің міндеті:

  • патогенді және шартты патогенді микрорганизмдердің классификациясына биологиялық қасиетіне түсінік беру;

  • микрорганизмдердің табиғатта таралуына және оның адам өміріндегі орнына жұқпалы аурулардың туындауына түсініктеме беру;

  • дәрілік шикізаттардың фитопатогенді микрорганизмдермен зақымдалуын және эпифит флораның орны туралы ақпарат беру;

  • әртүрлі қоршаған орта объектілеріндегі, медициналық препараттарда, дәріхана мекемелерінде, фармацевтикалық фабрикаларда дәрілік шикізаттар мен дайын дәрі-дәрмектердің санитарлы-көрсеткішті микроорганизмдері туралы ақпарат беру;

  • әртүрлі қоршаған орта объектілеріндегі, медициналық препараттарда, дәріхана мекемелерінде, фармацевтикалық фабрикаларда дәрілік шикізаттар мен дайын дәрі-дәрмектердің микроорганизмдерінің шектеулі көрсеткіші жөнінде білім беру;

  • микрорганизмдердің антибиотиктерге, химиотерапиялық препараттарға сезімталдығы/ төзімділігі туралы түсінік беру;

  • макро- және микроорганизмдердің өзара қарым-қатынасының молекулалы механизмдеріне түсінік бері;

  • макроорганизмнің инфекциялық агенттерге қарсы қорғаныс механизмдер негізіне және иммунологиялық реакция типтеріне сипаттама беру;

  • микроорганизмдер тудырған аурулардың спецификалық профилактикасы мен терапия туралы түсінік беру;

  • кеңінен таралған инфекциялық және микробтар шақырған инфекциялық емес аурулардың қазіргі заманғы микробиологиялық диагностика әдістерімен таныстыру;

  • студенттерді дәрілік шикізаттар мен дайын дәрілік формалардың микробтармен ластануын бағалау әдістерін үйрету, патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдермен болған биологиялық контаминацияны болдырмау шараларын жүргізуін үйрету;

  • студенттерге гендік инженерия және биотехнология жөнінде түсінік беру.

2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

Студент тиісті

білуге:

  • микроорганизмдердің морфологиясын, физиологиясын, антигендік құрылымын және экологиясын;

  • адам организмдегі арнайы және арнайы емес микробқа қарсы қорғаныс факторларын;

  • өсімдік дәрілік шикізаттардың эпифитті және фитопатогенді микрофлорасын;

  • инфекциялық және инфекциялық емес микробтық аурулардың қозуындағы микроорганизмдердің этиологиялық маңызын;

  • инфекциялық иммунология мен аллергологияның негіздерін;

  • адамдар арасында кең таралған жұқпалы аурулардың зертханалық диагноз қою принциптерін;

  • жұқпалы аурулардың арнайы алдын алуы және ұтымды антибиотикпен емдеудің принциптерін;

  • антисептика, асептика, дезинфекцияның, стерилизацияның микробиологиялық негіздерін.

істей алуға:

  • микробиологиялық зерттеулерге материал алу;

  • өсімдік дәрілік шикі заттар мен дайын дәрілік формаларының, ауа, су, топырақ микрофлорасы туралы зерттеулер қорытындысын тұжырымдау;

  • дәрілік шикізаттың және дайын дәрілердің ластануына микробиологиялық бақылау жүргізу;

  • фармацевтикалық өндірісте және дәріхана жағдайында сыртқы орта мекен-жайын дезинфектантармен залалсыздандыруды;

  • химиотерапиялық дәрі-дәрмектің микробқа қарсы әсеріне баға беруді;

дағдыларын игеруге:

  • тексерілетін материалды алу және бактериологиялық зертханаға жеткізу.