Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гистология.docx
Скачиваний:
92
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
118.01 Кб
Скачать

Жүйке тіні.

427. Жүйке тіні://

жүйке жасушаларынан және нейроглиядан тұрады //

фибробластық және ретикулярлық талшықтардан тұрады //

ретикулярлық және май жасушаларынан тұрады //

гистоциттер және коллагендік талшықтардан тұрады //

эпителиальді жасушалар және окситалагенді талшықтардан тұрады

***

428.Жүйке тіні://

энтодермадан дамиды //

эктодерманың дорзалды толуы -жүйке пластинкасынан дамиды//

мезодерма сомиттернен дамиды//

мезодерма спланхнатомнан дамиды//

мезенхимадан дамиды

***

429.Мультиполярлық нейроциттерге://

бір аксон және көп дендрит болуы тән//

екі аксоннан және бір дендрит болуы тән //

бір аксоннан және бір дендрит болуы тән //

бір өсіндісі,соңында аксон және дендритке бөлінуі тән //

бір дендриттен және көп аксондардың болуы тән

***

430.Псевдоуниполярлы нейрондар://

денесінен бір өсінді шығып,екіге бөлінуімен сипатталады//

нейронның қарама қарсы полюстарынан екі өсінді шығуымен сипатталады//

денесінен көптеген өсінділердің шығуымен сипатталады//

цитоплазмаларында нашар дамыған түйіршікті эндоплазмалық торыдың болуымен сипатталады//

цитоплазмасында нашар дамыған Гольджи комплексінің болуымен сипатталады

***

431. Биполярлы нерв жасушалары://

жұлын түйінінде болады //

жұлынның сұр затында болады //

көру мүшесінде болады //

эндокринді бездерде болады

***

432.Псевдоуниполярлы нейрондар://

бас миының үлкен жарты шарында орналасады //

жұлынның артқы мүйізінде орналасады //

мишық қыртысында орналасады

жұлынның түйінінде орналасады //

жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасады

***

433.Цитоплазманың құрамында түйіршіктері және секрет тамшылары бар нерв жүйесіне://

нейросекреторлы жасушалар жатады//

нерв жасушасының қарапайым түрі жатады//

олигодендроглия жатады//

астроглия жатады //

микроглия жатады

***

434. Тек нерв жасушасында кездесетін органеллаға://

базофильдік заттар және нейрофибрилдер жатады//

митохондралар және тонофибрилдер жатады //

Гольджи комплексі және миофибрилдер жатады //

лизосомалар және қалдық денешіктері жатады //

центрсомалар және митохондриялар жатады

***

435. Нерв жасушасының хромофильді субстанциясы дегеніміз://

митохондриялардың жиынтығы//

лизосомалар жиынтығы //

Гольджи аппартының қапшықтарының жиынтығы//

түйіршіксіз эндоплазмалық тордың түтікшелерінің жиынтығы//

бос рибосомалар, полисомалар мен түйіршікті эндоплазмалық тор

***

436.Жүйке жасушаларының цитоплазмасындағы нейрофибриллалары://

плазмолемманың шығыңқы жері болып табылады//

түйіршіксіз эндоплазмалық тордың түтікшелері болып табылады //

талшықты коллаген белоктары болып табылады //

күміспен өңделген нейрофиламенттер және нейротубулалар болып табылады //

Гольджи аппаратының элементтері болып табылады

***

437 . Нерв жасушалары://

жоғары дәрежелі ақуыз синтезімен сипатталады//

төменгі дәрежелі ақуыз синтезімен сипатталады //

ақуыз синтезіне қатыспайды//

жоғары фагоцитарлық белсенділікпен сипатталады //

ретроградтық токтың нейроплазмасының болмауымен сипатталады

***

438. Нерв жасушасына://

гранулярлық ЭПТ және Гольджи комплексінің күшті дамуы тән //

жасуша орталығының қатыспауы тән //

митохондрийдің болмауы тән //

нейрофибриллдің болмауы тән //

агранулярлық ЭПТ- тің болмауы тән

***

439. Тітіркенуге жауап ретінде нерв импульсін://

Эпендимоциттер қалыптастырады//

протоплазматикалық астроциттер қалыптастырады //

нейроциттер қалыптастырады //

олигодендроглиоциттер қалыптастырады //

талшықты астроциттер қалыптастырады

***

440. Нерв жасушасының басқа жасушалардан ерекшелігі құрамында://

тонофибриллдер болады//

миофибриллдер болады //

нейрофибриллалары және базофильді заттары болады//

жиектері болады//

кірпікшелері болады

***

441. Нерв импульсінің өткізуге://

агранулярлық ЭПТ қатысады//

гранулярлық ЭПТ қатысады //

микротүтікшелер қатысады //

Гольджи комплексінің цистернасы қатысады //

плазмолеммалар

***

442. Медиаторлардың синтезін://

жасушалық орталық қамтамасыз етеді//

лизосомалар қамтамасыз етеді //

агранулярлық ЭПТ қамтамасыз етеді //

гранулярлық ЭПТ қамтамасыз етеді //

митохондриялар қамтамасыз етеді

***

443. Миелинсіз нерв талшығының импульсті өткізу жылдамдығы://

100-200м/с//

50-60м/с//

1-2м/с//

150-200м/с//

200-250м/с

***

444. Миелинді нерв талшығының импульсті өткізу жылдамдығы://

10-15 м/с//

2-10м/с//

1-2м/с//

5-120м/с//

20-25м/с

***

445. Миеленді нерв талшықтарының құрамына://

екі остік цилиндр кіреді //

нейролеммоциттер тізбегінен құрылған 1 остік цилиндр кіреді //

10-20 остік цилиндр кіреді //

бір остік цилиндр, миелинді қабат, нейролемма кіреді //

бес остік цилиндр және нейролемма кіреді

***

446.Биполярлы нейроцит://

жұлын түйінде орналасады //

вегетативті түйінде орналасады //

ішкі құлақтың спиральді түйінінде орналасады //

мишықта орналасады //

үлкен ми қыртысында орналасады

***

447.Миеленсіз нерв талшықтарының құрамына://

екі остік цилиндр кіреді //

нейролеммоциттер тізбегінен құрылған 1 остік цилиндр кіреді //

10-20 остік цилиндрі,нейролеммоциттер кіреді //

бір остік цилиндр, миелинді қабат, нейролемма кіреді //

бес остік цилиндр және нейролемма кіреді

***

448. Осмий қышқылымен бояған кезде қара түске боялатын нерв талшығының құрылымына://

ості цилиндр жатады//

Ранвье үзілістері жатады //

миеленді қабат жатады //

нейролемма жатады //

нейролеммоциттің ядросы жатады

***

449. Қанның бағаналы жасушасынан дамитын нейроглия жасушасына://

Эпендимоцит жатады//

талшықты астроцит жатады //

протопалзмалық астроцит жатады //

микроглия жатады //

олигодендроглиоцит жатады

***

450. Фагоцитарлы белсенділігі бар нейроглия жасушасына://

эпендимоцит жатады //

талшықты астроцит жатады //

протоплазмалық астроцит жатады //

олигодендроглиоцит жатады //

микроглиоцит жатады

***

451. Мононуклеарлы фагоцитарлы жүйеге жататын нейроглия жасушасына://

Эпендимоцит жатады //

талшықты астроцит жатады //

микроглиоцит жатады //

протоплазмалық астроцит жатады //

олигодендроглиоцит жатады

***

452. Ми қарыншасын тыстайтын нейроглия жасушасына://

олигодендроглиоцит жатады //

эпендимоцит жатады //

талшықты астроцит жатады //

протоплазмалық астроцит жатады //

микроглия жатады

***

453. Жұлын өзегін тыстайтын эпендимоглиоциттердің пішіні://

шеңбер тәрізді//

пирамида тәрізді //

цилиндр тәрізді //

жұлдызша тәрізді //

жалпақ

***

454. Жұлын өзегін тыстайтын нейроглия жасушасына://

олигодендроглиоцит жатады//

талшықты астроцит жатады//

протоплазмалық астроцит жатады //

эпендимоцит жатады //

микроглиоцит жатады

***

455. Нерв талшығыныңдағы миелинді қабатын қалыптастырушы нейроглия жасушасына://

протоплазмалық астроцит жатады //

талшықты астроцит жатады //

микроглиоцит жатады //

леммоцит жатады

эпендимоцит жатады //

***

456 Нерв талшығындағы Шванн қабықшасын://

микроглия жасушасы қалыптастырады //

талшықты астроцит қалыптастырады //

леммоцит қалыптастырады //

протоплазмалық астроцит қалыптастырады //

эпендимоцит қалыптастырады

***

457. Шеткі нерв жүйесінің нейроциттерінің денесін жабатын глиоциттер://

эпендимоциттер//

талшықты астроциттер//

протоплазмалық астроциттер//

микроглиоциттер//

мантиялы глиоциттер

***

458. Нерв жасушаларына өткізетін химиялық синапстар://

кальций ионы //

натрий ионы//

нейромедиатор //

калий ионы//

фосфор ионы

***

459. Нейромедиаторларды қабылдайтын, рецепторлармен қамтылған химиялық синапстың құрылымына://

пресинапстық мембрана жатады//

синапстық қуыс жатады//

постсинапстық мембрана жатады//

нейрофиламенттер жатады//

пресинапстық көпіршіктер

***

460. Нерв импульсін өткізуге қатысатын заттарға://

кальций иондары жатады// натрий иондары жатады// ацетилхолин, норадреналин// калий иондары жатады// фосфора иондары жатады

461. Нерв импульсін тежейтін синапс://

аксо –соматикалық//

аксо- дендритикалық//

аксо- аксональді//

сома–соматикалық//

дендро- дендритикалық

***

462. Фатер- Пачини денешігі://

терморецепторларға жатады //

механорецепторларға жатады //

барорецепторларға жатады //

фоторецепторларға жатады //

хеморецепторларға жатады

***

463. Фатер- Пачини денешігінің ішкі колбасын://

түрлері өзгерген леммоциттер қалыптастырады//

коллагенді талшықтардың өрімдері қалыптастырады //

эластикалық талшықтардың өрімдері қалыптастырады //

фибробластардың жиынтығы қалыптастырады //

адвентициальды жасушалардың жиынтығы қалыптастырады

***

464. Жылуды қабылдауға жауапты сезімтал нерв ұшына://

Фатер -Пачини денешігі жатады//

сезімтал Мейснер денешігі жатады //

Краузе колбасы жатады //

бос жатқан нерв ұшы жатады //

Руффини денешігі жатады

***

465 .Рефлекторлық доғаны түзуге://

афферентті ,ассоциативті және эфферентті нейроциттер жатады//

афференттік және ассоциативті нейроциттер жатады //

ассоциативті және эфферентті нейроциттер жатады //

афференті нейроциттер жатады //

эфферентті нейроциттер жатады

***

466. Бас миының эпендимоциттері://

секреторлы қызмет атқарады//

тіректік,шектеуші қызмет атқарады//

қоректі қызмет атқарады //

нерв талшықтарын қабатын түзу қызметін атқарады //

фагоцитарлы қызмет атқарады

***

467.Талшықты астроциттер://

секреторлы қызмет атқарады //

тіректік,шектеуші қызмет атқарады //

қоректік қызмет атқарады //

жүйке талшықтарын қабатын түзу қызметін атқарады //

фагоцитарлық қызметін атқарады

***

468.Протоплазмалы астроциттер://

секреторлы қызмет атқарады //

тіректік,шектеуші қызмет атқарады //

қоректік қызмет атқарады //

жүйке талшықтарын қабатын түзу қызметін атқарады //

фагоцитарлық қызметін атқарады

***

469.Леммоциттер://

секреторлы қызмет атқарады //

тіректік,шектеуші қызмет атқарады //

қоректік қызмет атқарады //

жүйке талшықтарын қабатын түзу қызметін атқарады //

фагоцитарлық қызмет атқарады

***

470.Микроглия://

секреторлы қызмет атқарады //

тіректік,шектеуші қызмет атқарады //

қоректік қызмет атқарады //

жүйке талшықтарын қабатын түзу қызметін атқарады //

фагоцитарлық қызметін атқарады

***

471. Ості цилиндрді қалыптастыратын миелинді нерв талшықтары://

жүйке жасушаларының өсінділері түрінде беріледі//

мезаксонның орамы түрінде беріледі //

леммоциттің цитоплазмасы, ядросы мен плазмолеммасы түрінде беріледі //

екі леммоциттердің шекарасы түрінде беріледі //

ашық түсті жіңішке сызық түрінде беріледі

***

472.Миелинді қабатты://

жүйке жасушасының өсінділері қалыптастырады //

мезаксонның спираль тәрізді орамы қалыптастырады //

леммоциттің цитоплазмасы, ядросы мен плазмолеммасы қалыптастырады //

екі леммоциттердің шекарасы қалыптастырады //

ашық түсті жіңішке сызық(кертік) қалыптастырады

***

474. Нерв жасушаларының апоптозы://

эбриональді кезеңде жүреді //

туылғаннан кейін жүреді//

балалық шақта жүреді//

жасөспірім кезеңде жүреді//

ересек жаста жүреді

***

475.Миелиннің негізгі биохимиялық компонентіне://

майлар жатады//

ақуыздар жатады //

рибонуклеопротеидтер жатады //

дезоксирибонуклеопротеидтер жатады //

полисахаридтер жатады

***

476.Фагоцитозға қабілетсіз нерв тінінің жасушаларына://

протоплазмалы астроциттер жатады//

талшықты астроциттер жатады //

микроглиоциттер жатады //

нейроциттер жатады //

Шванн жасушалары жатады

***

477. Нерв талшығы бұл://

жүйке импульстары өткізбейтін нейрондардың тізбегі //

леммоциттермен жабылған жүйке жасушаларының өсінділері//

эффекторлы нейрондардың ұшы//

сезімтал нейрондардың ұшы//

астроциттердің өсінділері

***

478.Рефлекторлық доға- бұл://

нерв импульстарын өткізетін нейрондардың тізбегі//

нерв жасушаларының өсінділері//

эффекторлы нейрондардың ұшы//

сезімтал нейрондардың ұшы//

астроциттердің өсінділері

***

479.Қызметтері бойынша нерв жасушаларының көбі://

сезімтал болып келеді//

рецепторлы болып келеді //

ассоциативті болып келеді //

қозғалтқыш болып келеді //

секреторлы болып келеді

***

480.Шеткі нерв кесілген жағдайда://

нейрон өсіндісінің шеткі бөлімі бұзылады //

нейрон өсіндісінің орталық бөлімі бұзылады //

барлық нейрон бұзылады //

шеткі бөлімнің нейроглиясы бұзылады //

нейрон өсіндісінің орталық бөлімінің нейроглиясы бұзылады

***

481.Ранвье үзілісі бұл://

миелинсіз нерв талшықтары//

миелинді қабаты болмайтын көршілес Шваннжасушаларының шекарасы//

миелині бар ості цилиндр //

нерв импульсінің жылдамдығы төмен//

нерв импульсінің жылдамдығы бірқалыпты

***

482. Өсінділердің санына байланысты жиі кездесетін нерв жасушасы://

аполярлы болып келеді//

униполярлы болып келеді //

псевдоуниполярлы болып келеді //

биполярлы болып келеді //

мультиполярлы болып келеді

***

483.Псевдоуниполярлы нейрон://

аполярлы нейроциттің түріне жатады//

биполярлы нейроциттің түріне жатады //

униполярлы нейроциттің түріне жатады //

мультиполярлы нейроциттің түріне жатады //

нейробласттың түріне жатады

***

484.Псевдоуниполярлы нейроциттер://

жұлын түйінінде орналасады //

вегетативті түйінде орналасады //

ішкі құлақтың спиральді түйінінде орналасады //

мишықта орналасады //

үлкен ми қыртысында орналасады

***

Сезім ағзалары

485.Көздің мөлдір қабығын://

көп қабатты тегіс мүйізделмеген эпителий тыстайды //

көп қабатты тегіс мүйізделген эпителий тыстайды //

көп қатарлы куб тәрізді эпителий тыстайды //

призмалы эпителий тыстайды //

кірпікшелі эпителий тыстайды

***

488.Көз алмасының аққабығын://

борпылдақ талшықты дәнекер тіні қалыптастырады//

тығыз талшықты қалыптасқан дәнекер тіні қалыптастырады //

тығыз талшықты қалыптаспаған дәнекер тіні қалыптастырады //

мезенхима қалыптастырады //

эпителий қалыптастырады

***

489.Көздің фиброзды қабықшасына://

нұрлы қабықша жатады //

аққабықша жатады //

торлы қабықша жатады //

кірпікшелі дене жатады //

қабақ жатады

***

490.Құлақ қалқанының негізін://

эластикалық шеміршек қалыптастырады //

гиалинді шеміршек қалыптастырады //

дәнекер тіні қалыптастырады //

талшықты шеміршек қалыптастырады //

ретикулофиброзды сүйек тіні қалыптастырады

***

491.Дәм сезу буылтығы бар ағзаға://

тіл жатады//

өңеш жатады//

жұтқыншақ жатады//

ерін жатады//

бадамша жатады

***

492.Мөлдір қабықтар саны://

2//

5//

10//

3//

11

***

493.Мұрынның шырышты қабықшасын тыстайтын иіс сезу жасушасы://

нейросенсорлы//

эндокринді//

кірпікшелі//

бокал тәрізді //

нейросекреторлы

***

494. Көз алмасында кездесетін Шлеммов өзектерінің қызметі://

көз жасын ағызады//

көздің қабықшаларын қандандырады//

шыны тәрізді денешікті жаңартып отырады //

көздің алдыңғы камерасына сұйықтықтыжібереді//

торлы қабықты қоректендіреді

***

495. Көздің торлы қабықшасының ганглиозды қабатын://

фоторецептолы жасушалардың денесі қалыптастырады //

фоторецепторлы жасушалардың өсінділері қалыптастырады //

биполярлы жасушалардың денесі қалыптастырады //

мультиполярлы жасушалардың денесі қалыптастырады //

биполярлы жасушалардың аксондары қалыптастырады

***

496. Көздің шыны тәрізді денесінін://

мөлдір желімтәрізді зат қалыптастырады //

борпылдақ қалыптаспаған дәнекер тіні қалыптастырады //

тығыз қалыптаспаған дәнекер тіні қалыптастырады //

тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер тіні қалыптастырады //

май тіні қалыптастырады

***

497. Ортаңғы құлақтың дабыл қуысы://

лимфамен толтырылған//

перелимфамен толтырылған //

эндолимфамен толтырылған //

ауамен толтырылған //

қанмен толтырылған

***

498. Сезім ағзаларының құрамында екіншілік сезімтал жасушалары://

иіс сезу ағзасында болады//

есту ағзасында болады //

Краузе колбасы болады //

көру ағзасында болады //

Фатер -Пачини денешігі болады

***

499. Сыртқы есту жолын://

көп қатарлы кірпікшелі эпителий тыстайды//

көпқабатты мүйізделген жалпақ эпителий тыстайды //

көп қабатты мүйізделмеген жалпақ эпителий тыстайды //

ауыспалы эпителий тыстайды //

бір қабатты жалпақ эпителий тыстайды

***

500. Дәм сезу буылтығын://

бокалды және эндокринді жасушалар қалыптастырады//

кірпікшелі жасушалар қалыптастырады //

фибробласттар қалыптастырады //

рецепторлы, тіректі және базальды жасушалар қалыптастырады //

бағаналы және кірпікшесіз жасушалар қалыптастырады

***

501.Сыртқы құлаққа://

жатырша жатады //

оттолитті кристалар жатады //

дабыл жарғағы жатады //

ұлу жатады //

қапшық жатады

***

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]