Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геронтология.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
67.85 Кб
Скачать

Геронтология(грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше geron және іatreіа – емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30–40-жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеум.-гигиеналық себептері мен клиник. белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді; егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиол. және биохим. көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрілердің қартайған организмге тигізетін әсері, вегетативтік жүйке мен лимфажүйесіндегі морфол. және гистохим. өзгерістер зерттелді. Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерінің (сыртқы әсерлерді қабылдауы көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш-қуатының азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларындағы (зерде, ес, зейін, т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалдық және эмоционалдық «ішкі әлемге кету», өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивтік құбылыс деп қарамау керек. Қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады. Мыс., қанағаттану, парызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік, т.б. қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі – осы қартаю кезінде орын алатын құбылыс. Қарт адамның шығарм. белсенділігі жоғары болатындығы жиі байқалады. Қартаюдың психик. ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударылса да, Геронтология ғылыми пән ретінде егде жастағы адамдардың көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының, сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгеруіне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланысты пайда болды. Геронтологияның қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке дайындау, егде жастағы адамдар мен қарттардың белсенді әрі толық өмір сүруі амалдарын зерттеу, т.б. жатады.[1][2][3]

  1. Геронтология және гериатрия түсінігі

  2. Геронтология, гериатрия тарихы

  3. Қартаю кезеңдері

  4. Егде және қарт жастағы науқастарда болатын сырқаттың ағымы мен жалпы ерекшеліктері 

  5. Гериатриялық фармакотерапияның негіздері

  6. Мейірбике ісінің гериатриядағы жаңаша аспектілері

  7. ЖИА. Миокард инфарктісі. Егде жастағы науқастардағы ағым ерекшеліктері 

  8. Миокард инфарктісі. Шұғыл көмек. Емдеу принциптері 

  9. Миокард инфарктісі. Мейірбикелік үрдіс, бейімделу іс шаралары 

  10. Бас ми тамырының атеросклерозы 

  11. Аяқтың ірі тамырларының атеросклерозы

  12. Егде жастағы асқорыту жолдарының аурулары 

  13. Егде жастағы гастрит ағымының ерекшелігі 

  14. Егде жастағы және қарт жастағы науқастардағы ойық жараның ағым ерекшелігі 

  15. Егде жастағы және қарт жастағы науқастардағы ішек ауруларының ағым ерекшелігі 

  16. Егде жастағы және қарт жастағы науқастардағы тыныс алу жолдарының ағым ерекшелігі 

  17. Егде жастағы және қарт жастағы науқастардағы ӨСОА ағым ерекшелігі 

  18. Артериальді гипертензия. 

  19. Гипертоникалық криз кезіндегі шұғыл көмек 

  20. Егде жастағы науқастардың дәм сезуінің өзгерісі 

  21. Егде жастағы науқастардың иіс сезінуінің өзгерісі 

  22. Эндокриндік жүйесінің жастық өзгерістерң 

  23. Гипотиреоз 

  24. Гипертиреоз

  25. Егде жастағы науқастардың қант диабеті 

  26. Егде жастағы және қарт жастағы науқастардағы тері ауруларының таралу ерекшеліктері 

  27. Қәрілік сүйелдер, гиперкератоз, қышыма

  28. Егде жастағы көз патологиялары 

  29. Кәрілік катарактасы

  30. Егде жастағы глаукома 

  31. Пресбиакузис: маңызы, емі

  32. Егде жастағы науқастардың бейімделуі

  33. Созылмалы іш қату.Емі, алдын алу

Остеохондроз латынның «остеон» - сүйек, «хондрос» - шеміршек деген мағынаны беретін сөздерінен құралған, демек ол омырт- қааралық шеміршек шеңберлерінің (диск) сүйектік ұлпаға айналуы. Омыртқа дискілерінің қоректенуі төмендеп, қан айналымы өзгеріп, олардың созылғыштығы әлсіреп сызаттар түседі, кейінірек сүйектік ұлпаға айналады. Атап айтқанда, ағзаның ластануы, тамақ мәзірінде тұзды, ащы нәрселердің, көкөністен гөрі ет тағамдардың басым болуы, қимыл-қозғалыстың азаюы, жарақаттану, омыртқа жотасында артық салмақтың түсуі, суық тию-осындай өзгерістерге әкеп соқтырады. Мүсіннің дұрыс қалыптаспауы арқа, құрсақ, мойын бұлшық еттердің нашар дамуы, ауыр зат көтеру патологиялық ауыр процестерді жылдамдатады. Ғалымдардың пайымдауынша, 23-27 жастан кейін омыртқааралық шеңберлер өзіне қажетті қоректік заттарды қанна емес, жанындағы ұлпалардан алады, демек өзгерістер кейінірек көптеген буындар мен байламаларды да қамтиды.  Омыртқа остеохондрозы кең тараған ауру, ол көбіне адамның еңбек қабілетін уақытша не біржола жоғалтуына соқтырады, сондықтан да қауіпті саналады. Бірқатар клиникалық-биологиялық және гистоморфологиялық зерттеулер негізінде омыртқа аралық дискілердің құрылымдық өзгерісінің ерекшеліктері және олардың дегенеративті-дистрофиялық табиғаты анықталды. Ұсынылған жіктеу көбіне омырт-қаның дегенеративті өзгерістерін ажыратуға мүмкіндік беретін паталогоанатомиялық және рентгенологиялық зерттеулерге негізделген. Олардың ішінде аурудың мынадай түрлері бар: остеохондроз, деформациялаушы спондилез, омыртқа аралық буындардың спондилоартрозы. Дегенеративті ахуалдардың аталған түрлерінің барлығында негізінде бір ғана үдеріс жүреді, ол-дискілердің қартаюы. Осыған байланысты, «остеохондроз» терминін бүгінгі күні көптеген зерттеушілер осы аурулардың бірі ретінде емес, омыртқаның дегенеративті өзгерістерін біріктіретін кең ұғым ретінде қолданады.  Ауру үш кезеңнен тұрады: І кезең - люмбаго немесе дискальгия кезеңі дискідегі дегенеративті өзгерістермен сипатталады, ІІ кезең - диск протрузиясы, ІІІ кезең - диск жарығы.  Бел-сегізкөз құяңы синдромы таралуы және еңбекке жарамдылықты уақытша жоюы жөнінен бірінші орында. Сырқат көбіне 30-50 жас аралығындағы адамдарда болады. Көбіне, ер адамдарда, әсіресе ауыр дене еңбегін ат-қаратын кісілерде, вибрациялы, суық орындарда жұмыс жасайтындарда кездеседі. 

Остеопороз

Жер шарында қарттар ауруы саналатын остеопороз ауруы жасарып барады.Мектеп оқушылары арасында арнайы медициналық зерттеу жүргізген отандық дәрігерлер қауымдастығы өкілдері осылай деп дабыл қағып отыр. Мамандардың айтуынша, егеменді еліміздің тәуелсіз туын көкке желбірететін бүгінгі жасөспірімдердің көбісі  осы дерттен зардап шегіп келеді екен.  Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдері жуырда ғана «XXI ғасырдың ортасында остеопорозбен байланысты жарақаттар саны 6 есе жоғарылайды» деген болжам тараттыБүгінгі күннің  өзінде бұл ауру жүрек-қан тамырлары, онкологиялық және қант диабеті сынды қауіпті дерттерден кейін, инфекциялық емес аурулардың ішінде  ауырлық ағымы және емдеу бағасы бойынша әлемде төртінші орынды иемденіп отыр.

Остеопороз – ағзаның сүйек жүйесінің қартаю белгілері болып саналатын сүйек ұлпаларының ауруы. Бұл кесел дүниежүзінде қарт адамдарға тән. Оны былай түсіндіруге болады, жасы ұлғайған  адамның қуаты кетеді, сүйегі жіңішкереді, оның төзімділігі, беріктігі мен серпімділігі азая түседі. Соның салдарынан сүйектердің сынуы, яғни остеопороз пайда болады. Ендеше «ақсақалдар» ауруымен бүгінгі балалар мен жасөспірімдер неге жиі ауырады? Ол жағы әзірге толық зерттелген жоқ. Десе де оған көптеген факторлар әсер етеді

Кальций– адам сүйек жүйесінің негізгі элементі. Ол сүйектің саулығы мен  беріктігін сақтауды қамтамасыз етеді. Ал фосфор – ағзадағы қуатты сақтаумен айналысады. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Нәтижесінде  кейбір  жағдайларда остеопорозға дейін алып келеді. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі..   Етеккір үзілісінен кейін әйел ағзасында гормондық өзгерістер болады, сүйектің беріктігі күрт төмендейді. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омыртқа сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде құлап қалу) сыныққа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Тағам құрамында магний мөлшері кальций мөлшерінің жартысына тең келуі қажет. Отандық ақ халаттылардың зерттеулеріне сүйенсек,  Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороздың зардабын тартуда. Остеопороз ағза жұмысындағы заттардың бұзылуы нәтижесінде өрши түседі. Демек сүйек тіні көлемінің кішіреюіне зат алмасудағы бұзылыстар әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар оған кальций алмасуының тұқымқуалайтын өзгерістері, кәрілік,  ұзақ уақыт шылым шегу, алкогольдік ішімдікке әуестік,  ас қорыту жүйелерінің бұзылуы мен гормондық өзгерістер де ықпал етеді. Нәзік жандыларда жыныс гормондары бөлінуінің төмендеуінен, климакс кезінде дамиды. Бұл гормондар сүйек тінінің зат алмасу жағдайына тікелей әсер етеді және олар жетіспеген жағдайда сүйек тіні жұқарады. Остеопороздың тағы бір себебі – кейбір дәрілік заттарды, оның ішінде гормондық препараттарды қабылдау. Мәселен,  ұзақ уақыт синтетикалық кортикостероидтарды қабылдаған кезде, ағзада гормоналды жылжу байқалады да, нәтижесінде сүйек тіні зардап шегеді. Сол себепті бүйрек, бауыр, буындар және қан ауруларын гормондармен ұзақ уақыт емдеген кезде остеопорозбен ауыру қаупі де артады. Қарт  кісілерде кездесетін ауруды «кәрілік остеопороз» деп атайды. Егде адамдарда гормондық емес, ішекте кальций сіңірілуінің бұзылуы және сүйектерге пайдалы дәрумендердің жетіспеушілігі салдарынан пайда болады. Мамандардың айтуынша, бұл ауру йод тапшылығынан да болады. Қалқанша бездер жұмысының  нашарлауының кесірінен арты остеопорозға әкеп соқтыруы мүмкін.

Балалар остеопорозы – бұл сүйек тініндегі зат алмасудың бұзылуы. Соның салдарынан сүйектер әлсізденіп, сыну қаупі артады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]