Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
om1-2-anatomy / Қаз / Силлабус Жалпы медицина12.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
42.07 Кб
Скачать

2. Бағдарлама

    1. Кіріспе

Адам анатомиясы – адам организмнің пішіні мен құрылысы, шығу тегі мен дамуы туралы ғылым. Анатомия дененің ағзалары мен бөліктерінің пішінін, құрылысын, орналасуын және топографиялық арақатынасын жас, жыныс, жеке ерекшеліктеріне сүйене отырып жүйелі түрде баяндайды. Ол эмбриология, салыстырмалы анатомия және антропологияның мәліметтерін кеңінен қолданады, қоршаған орта мен әлеуметтік факторлардың, еңбектің, спорттың адам организмі құрылысына әсерлерін анықтайды. Жасқа байланысты анатомия болашақ мамандарды балалар мен жасөспірімдер организмінің құрылыс ерекшеліктерін ескеруді мақсат етеді.

Анатомия пән ретінде медициналық білімнің фундаментін құрады, оны игермеген студент профилді пәндерді оқуы мүмкін емес. Себебі олар медициналық білімнің негізін құрады. Анатомия қазіргі адам құрылысын оқытумен бірге, адам организмінің тарихы қалыптасуын да зерттейді. Анатомия пәнінің бағдарламасы адам денесінің құрылысын, оны құрушы жүйелер, ағзалар және тіндерді білу макро-микроскопиялық анатомия, физиология, биология негізінде және жеке адамның, жынысттық, жастық ерекшеліктеріне сүйеніп, пренаталды дамуы мен анатомо-топографиялық арақатынасын меңгеруге бағытталады.

    1. Пән мақсаты: адам денесінің органдары құрылысын, оны құрушы жүйелерді жастық, жыныстық және жеке адам ерекшелігін қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында, еңбектің, әлеуметтік фактордың негізінде білу және бұл білімді клиникалық кафедраларда қолдану.

    1. Пән міндеттері:

- Ересек адам мен балалар денсаулығын дұрыс анықтау үшін санитарлық-

гигигеналық өмір сүру жағдайына байланысты ағзалар мен органдар

жүйелерінің құрылысы білім негізін қалыптастыру;

- Адам ағзалары мен тұтас организмінің құрылысы мен қызметінің

арақатынасы мен байланысын өзгермелі қоршаған орта, еңбек пен

әлеуметтік факторлар жағдайында ғылыми тұжырым тудыру;

- Ағзалар мен организм жүйелерінің қалыпты құрылысы мен функциясы

туралы білімді салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қолдану;

- Адам денесінің ағзалары мен мәйітке биологиялық материал ретінде

құрметпен және ұқыптылықпен қарау;

    1. Оқудың соңғы нәтижелері:

Студентке қажет:

Білу:

- анатомиялық препараттар мен оқу құралдарымен жұмыс істеуді;

-қаңқа сүйектерінің ерекше айырмашылығын;

-сүйектер қосылысының түрлерін, буындар жіктелуі мен биомеханикасын;

- бұлшықеттер анатомиясын, жіктелуі мен функциясын;

-асқорыту, тыныс алу, жүрек-тамырлар және несеп-жыныс жүйелері анатомиясын, олардың құрылысының ерекшеліктерін;

- жұлын мен ми құрылысын;

- сезім ағзалары анатомиясын;

-жұлын мен нервтерінің қалыптасуы мен функциясын, олардың нервтендіру аймақтарын;

- қан айналым және лимфа жүйесі анатомиясын;

- эндокриндік бездер құрылысын, функциясын;

-бас пен мойын, тұлға мен қол-аяқтың тері жамылғысы құрылысының ерекшеліктерін;

-ағзалар мен организм жүйелерінің жасқа байланысты құрылыс ерекшеліктерін;

-латынша халықаралық анатомиялық номенклатураны (терминдерді) білу

Істей білу:

- Жасқа байланысты бассүйек, тұлға және қол-аяқ сүйектерінің айрықша ерекшелігін анықтау;

- Анатомиялық препараттан сүйектер қосылысының құрылымдық элементтерін табу;

- Мәйіттен бас, тұлға, қол-аяқ бұлшықеттерін көрсету;

- Бас, мойын, кеуде мен құрсақ қусы және кіші жамбас астауы органдарын табу;

- Жұлын мен мидың бөліктерін көрсету;

- Жұлын мен бассүйек нервтерін көрсету;

- Мәйіттен бас, мойын, кеуде, құрсақ, кіші астау және қол-аяқ тамырларын табу;

    1. Пәннің пререквизитері – биология, адам анатомиясының мектеп бағдарламасы.

    1. Пәннің постреквизиттері – патологиялық анатомия, патологиялық физиология, клиникалық медицинаға кіріспе, жалпы гигиена.

    2. Оқу пәнінің сипаттамасы

Әрбір студенттің мүшелердің, олардың жүйелерінің және түтас ағзаның құрылысымен қызметтері туралы табиғи-ғылыми және диалектика-материалистік түсініктер тұрғысынан «Қалымты анатомия» бойынша терен білім алуы, алған білімдері мен дағдыларын келешекте басқа клиникалық пәндерді оқығанда, медициналық мамандықтарды жете меңгеру үшін және іс жүзінде іскерлікпен пайдалануға маңызы зор. «Анатом емес дәрігер пайдасыз ғана емес, әрі зияндыда» - деп жазған ХІХ ғасырдың орыс анатомы Е.О. Мухин.

    1. Тақырыптық жоспар:

Дәрістің тақырыптық жоспары

Дәрістер тақырыбы

Өткізу түрі

Сағат көлемі

1 кредит

1.

Анатомия пәні және оның міндеттері, анатомияның басқа биологиялық пәндер арасындағы орны және медициналық білім берудегі маңызы. Организмнің тіндеріне жалпы мінездеме. Ағза, ағзалар жүйелері мен аппараттары туралы түсінік. Сүйек тінінің пайда болуы, дамуы, өсуі және құрылысының жалпы заңдылықтары. Сүйектердің жіктелуі. Бассүйектің дамуы.

шолу

1

2.

Нерв жүйесіне кіріспе. Нерв жүйесінің құрылысының жалпы ұстанымдары. Қарапайым және күрделі рефлекторлық доға. Ми қыртысының қалыптасуы. Анализаторлар туралы түсінік.

шолу

1

3.

Ангиологияға кіріспе. Қан және лимфа тамырлары құрылысы, тармақталуы және жіктелуінің жалпы ұстанымдары. Микроциркуляция және коллатералды қан айналымы туралы түсінік.

шолу

1

2 кредит

1.

Ішкі ағзалар туралы ілімге кіріспе. Ас қорыту жүйесі ағзаларының құрылысы мен дамуының ерекшеліктері.

шолу

1

2.

Эндокринді аппарат және иммундық жүйе ағзаларының морфо-функционалдық сипаттамасы, организмнің ағзалары мен жүйелерінің қызметтерін реттеудегі олардың ролі.

мәселелік

1

3.

Тыныс алу ағзаларының жалпы анатомиясы, олардың дамуы. Несеп-жыныс жүйесі ағзаларының жалпы сипаттамасы, олардың дамуы.

шолу

1

Сағаттар саны: 6

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

Практикалық сабақтың тақырыптары

Өткізу түрі

Сағат көлемі

1 кредит

1.

Кеуде,мойын, бел, сегізкөз, құйымшақ омыртқалары. Қабырғалар мен төс. Белдеу сүйектері және қол-аяқ сүйектері.

Анатомиялық препараттармен жұмыс

1

2.

Бассүйек құрылысы, оның милық және беттік бөліктері. Маңдай, шеке, шүйде және тор сүйектердің құрылысы.

Анатомиялық препараттармен жұмыс

1

3.

Белдеу сүйектері мен қол сүйектерінің қосылыстары.

Анатомиялық препараттармен жұмыс

1

4.

Бас, мойын, кеуденің бұлшықеттері мен шандырлары.

Анатомиялық препараттармен жұмыс

1

5.

Арқа, іш бұлшықеттері мен шандырлары. Диафрагма.

Анатомиялық препараттармен жұмыс

1

6.

Жұлын құрылысы. Жұлын қабықтары.

Анатомиялық препараттармен жұмыс, тесттік есептер

1

7.

Ми, оның бөліктері

Аралас пәндермен бірге 1-2 клиникалық жағдайларды талдау және пікірталас өткізу.

1

8.

Ми нервтері.

Тесттік есептер

1

9.

Жалпы сыртқы, ішкі ұйқы артериялары. Қолтық, бұғанаасты артериялары.

Аралас пәндермен бірге 1-2 клиникалық жағдайларды талдау және пікірталас өткізу.

1

10.

Жалпы сыртқы, ішкі мықын артериялары.

Тесттік есептер

1

11.

Мойын, иық өрімдері: қалыптасуы мен нервтендіру аймақтары.

Аралас пәндермен бірге 1-2 клиникалық жағдайларды талдау және пікірталас өткізу.

1

12.

Бел және сегізкөз – құйымшақ өрімдері: қалыптасуы мен нервтендіру аймақтары.

Аралас пәндермен бірге 1-2 клиникалық жағдайларды талдау және пікірталас өткізу.

1

Сағаттар саны: 12

2 кредит

1.

Эндокринді бездердің құрылысы мен функциялары.

Тесттік есептер

1

2.

Тыныс алу ағзаларының жалпы сипаттамасы. Көмекей, кеңірдек, бронхылар, өкпелер, плевра анатомиясы.

Тесттік есептер

1

3.

Жүрек: құрылысы, функциялары.

Аралас пәндермен бірге 1-2 клиникалық жағдайларды талдау және пікірталас өткізу.

1

4.

Көкірекаралықтың анатомиясы, оның ағзалары.

Тесттік есептер

1

5.

Ауыз қуысы, тіл, тістер, сілекей бездері, таңдай, олардың құрылысы, функциялары.

Аралас пәндермен бірге 1-2 клиникалық жағдайларды талдау және пікірталас өткізу.

1

6.

Жіңішке ішек: құрылысы, функциялары.

Аралас пәндермен бірге 1-2 клиникалық жағдайларды талдау және пікірталас өткізу.

1

7.

Тоқ ішек: құрылысы, функциялары. Бауыр, ұйқыбез, көкбауыр: құрылысы, функциялары.

Аралас пәндермен бірге 1-2 клиникалық жағдайларды талдау және пікірталас өткізу.

1

8.

Ішастар: құрылысы, функциялары.

Аралас пәндермен бірге 1-2 клиникалық жағдайларды талдау және пікірталас өткізу.

1

9.

Несеп ағзалары: бүйрек, несепағар, несепқуық, несеп шығаратын өзек, олардың құрылысы, функциялары.

Аралас пәндермен бірге 1-2 клиникалық жағдайларды талдау және пікірталас өткізу.

1

10.

Ер адамның жыныс ағзалары: құрылысы, функциялары.

Аралас пәндермен бірге 1-2 клиникалық жағдайларды талдау және пікірталас өткізу.

1

11.

Әйелдің жыныс ағзалары: құрылысы, функциялары.

Тесттік есептер

1

12.

Қорытынды консультация

1

Сағаттар саны: 12

1-2 кредиттер бойынша сағаттар саны – 24

Соседние файлы в папке Қаз