Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

om1-2-anatomy / Қаз / КР лекц каз / Дәріс №1

.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
35.84 Кб
Скачать

Дәріс №1

  1. Дәріс тақырыбы: Анатомия пәні және мақсаты: тіндерге, мүшелерге, ағза жүйесіне жалпы сипаттама. Адам эмбриогенезінің алғашқы сатысы.

  1. Дәрістің мақсаты: Студенттерге анатомия пәні мен мақсаты туралы түсінік беру. Адам анатомиясы – адам ағзасының құрылысы мен формасын (оны құрайтын мүше мен жүйелерді) зерттейтін және қоршаған ортаның қызметімен байланысты даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Анатомия тек адам құрылысын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар тарихи даму кезіндегі адам ағзасының қалыптасу үрдісін зерттейді.

Осы мақсатпен:

  • Филогенез – жануарлардың эволюция үрдісімен байланысты адам дамуын зерттеу. Филогенезді зерттеу үшін адам мен жануарлардың құрылысын қарастыратын салыстырмалы анатомияның мәліметтері пайдаланылады.

  • Антропогенез – қоғамның дамуымен байланысты адамның дамуы мен қалыптасу үрдісі зерттеледі.

  • Онтогенез – индивидтің даму үрдісі қарастырылады, оның барлық өмір бойында: туылғаннан өлгенге дейін. Осы мақсатпен эмбриологияның, жастық анатомияның, геронтологияның мәліметтері пайдаланылады.

  • Дененің құрылысы, жағдайы, формасының жыныстық және индивидуалды дамуы қарастырылады, және де оның топографиялық қарым – қатынасы қарастырылады.Дәрістің мақсаты ағза жүйесінің, мүшелердің, тіндердің сипаттамасы болып табылады. Тіндердің және олардың түрлілігі туралы түсінік беру, мүше, организм жүйесі деген не сұрақтарына жауап беру қажет.

Сонымен қатар, лекция уақытында адам эмбриогенезінің бастапқы кезендеріне анықтама беру қажет:

  • Ұрықтану, зиготаның дамуы

  • Бөлшектену

  • Гаструляция

  • Ұрық денесінің қалыптасуы

  • Ағзамен тіндердің дамуы (органогенез және гистогенез)

  1. Дәрістің жоспары:

  1. Анатомияның пәні мен мақсаты

  2. Зерттеу әдістері

  3. Адам мен адам ағзасының даму кезендері

  4. Жалпы сипаттама

А) тіндер

В) мүшелер

С) ағза жүйелері

5. Адам эмбриогенезінің бастапқы кезендері.

4. Әдебиеттер:

  1. Дәріс материалы

  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы – І, ІІ том, 2004.

  3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы – І, ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006.

  4. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І, ІІ, ІІІ, ІУ том. Астана: «Фолиант», 2005.

  5. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.

5. Бақылау сұрақтары:

1. Адам анатомиясы пәні дегеніміз не?

2. Анатомия мақсаты ?

3. Анатомияны оқыту барысында қандай зерттеу әдістері қолданылады

4.Филогенез, онтогенез, эмбриогенез, антропогенез дегеніміз не?

  1. Эмбриогенездің алғашқы сатыларын атаңыз.

Соседние файлы в папке КР лекц каз