Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

тесты ВОУД сентябрь 2014

.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
428.54 Кб
Скачать

<question>Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды көрсетіңіз:

<variant>қылмыстық заңнамамен реттелетін қоғамдық қатынастар

<variant>мемлекеттік органдардың жүйесіне және өкілеттіктеріне қатысты қатынастар

<variant>азаматтық заңнамамен реттелетін қоғамдық қатынастар

<variant>қылмыстық заңнамамен реттелетін қоғамдық қатынастар

<variant>мемлекет пен қоғамның саяси саласындағы қатынастар

<variant>адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін қатынастар

<variant>теориялық заңнамамен реттелетін қоғамдық қатынастар

<variant>мемлекеттің және қоғамның экономикалық негізін құрайтын қатынастар

<question>Конституциялық құқық мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды келесі әдістер арқылы реттейді:

<variant>міндеттеу, тиым салу, рұқсат беру

<variant>міндеттеуші, рұқсат беруші, конституциялық

<variant>міндеттеуші, рұқсат беруші, формальды-заңдық, статистикалық

<variant>салыстырмалы-құқықтық, функционалды, нақты-әлеуметтік

<variant>міндеттеу, диспозитивтік, императивтік

<variant>міндеттеу, тиым салу, рұқсат беру, тану

<variant>міндеттеу, рұқсат беру, тану

<variant>диспозитивтік, императивтік, келісімдік

<question>Конституциялық құқықтық норма өзінің заңдық күші бойынша:

<variant>ең жоғарғы норма болып табылады

<variant>танушы норма болып табылады

<variant>тиым салушы норма болып табылады

<variant>диспозитивтік норма болып табылады

<variant>рұқсат беруші норма болып табылады

<variant>барлық нормалар конституциядан бастау алады

<variant>басқа нормалар конституцияға қайшы келмеуі тиіс

<variant>ең жоғарғы норма емес

<question>Конституциялық-құқық ғылымында қолданылатын зерттеу әдісін көрсетіңіз:

<variant>императивтік әдіс

<variant>диспозитивтік әдіс

<variant>салыстырмалы-құқықтық әдіс

<variant>тиым салу әдісі

<variant>рұқсат беру әдісі

<variant>статистикалық әдіс

<variant>тарихи әдіс

<variant>санкциялық әдіс

<question>Атқаратын міндеттері (мақсаты) бойынша конституциялық-құқықтық қатынастар қалай жіктеледі?

<variant>уақытша және тұрақты

<variant>құқықтық және құқықтық емес

<variant>жалпы және нақты

<variant>құқық орнатушы және құқық қорғаушы

<variant>диспозитивтік және императивтік

<variant>құқық орнатушы

<variant>құқық қорғаушы

<variant>құқықтық және заңдық

<question>Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар:

<variant>Республика заңдарынан басымдығы болады

<variant>қолдану тәртібін Президент бекітеді

<variant>қолдану тәртібін Конституциялық Кеңес бекітеді

<variant>Республика заңдарынан басымдығы болмайды

<variant>ұлттық құқық жүйесінде маңызы жоқ

<variant>қолданыстағы актілір оларға қайшы келмеуі тиіс

<variant>ҚР Парламентімен бекітіледі

<variant>ҚР Үкіметімен бекітіледі

<question>Төмендегілердің қайсысы конституциялық құқықтың субъектісі болып табылмайды?

<variant>халық

<variant>мемлекет және оның құрылымдық бөлімшелері

<variant>мемлекеттік органдар

<variant>ҚР-сының азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және шетел азаматтары

<variant>дебаттық және өзге клубтар

<variant>дебаттық клубтар

<variant>саяси мүдделі топтар

<variant>саяси партиялар

<question>Конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзіне жатады?

<variant>Конституциялық заңдар

<variant>Конституциялық Кеңестің қаулылары

<variant>салт-дәстүр

<variant>Жоғарғы Соттың шешімі

<variant>әдет ғұрып

<variant>Жоғарғы Соттың үкімі

<variant>Конституция

<variant>шет ел заңнамасы

<question>Әрекет ететін аумақтық шегі бойынша конституциялық құқықтың қайнар көздері қалай жіктеледі?

<variant>Конституциялық заңдар және органикалық заңдар

<variant>конституциялық әдет-ғұрып және конституциялық келісімдер

<variant>мемлекеттік органдар мен референдумда қабылданған заңдар

<variant>жалпы ұлттық және аймақтық

<variant>заң шығарушы билікпен және атқару билігімен шығарылған заңдар

<variant>жалпы ұлттық

<variant>аймақтық

<variant>аралас

<question>Конституциялық құқық ғылымындағы зерттеу әдісіне қандай әдіс жатпайды?

<variant>тиым салу әдісі

<variant>статистикалық әдіс

<variant>салыстырмалы-құқықтық әдіс

<variant>социологиялық әдіс

<variant>жүйелі талдау әдіс

<variant>рұқсат беру әдісі

<variant>міндеттеу әдісі

<variant>тарихи зерттеу әдісі

<question>Конституциялық құқық ғылымының пәнін не құрайды?

<variant>адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі

<variant>мемлекеттік органдардың жүйесі мен өкілеттіліктері

<variant>конституциялық-құқықтық нормалар

<variant>конституциялық құқықтың қалыптасуы, дамуы және қызмет етуінің заңдылықтары

<variant>конституциялық құқықтың реттеу әдістері

<variant>конституциялық құқықтың дамуы

<variant>конституциялық институттардың дамуы заңдылықтары

<variant>конституциялық қатынастарды реттейтін нормалар

<question>Конституциялық құқықтың қайнар көздеріне төменде көрсетілгендердің қайсысы жатпайды?

<variant>Президент жарлықтары

<variant>Үкімет қаулылары

<variant>Сот үкімі

<variant>Парламент заңдары

<variant>Мәжіліс және Сенаттың регламенті

<variant>Сенаттың регламенті

<variant>Конституция

<variant>конституциялық заңдар

<question>Конституциялық құқық ғылымы:

<variant>конституциялық-құқықтық нормалар мен институттарды зерттейді

<variant>конституциялық қадағалауды жүзеге асырады

<variant>конституциялық міндеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады

<variant>ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі құқық саласының рөлін атқарады

<variant>оқу пәні ретіндегі негізгі қызметті жүзеге асырады

<variant>конституциялық-құқықтық нормаларды зерттейді

<variant>конституциялық-құқықтық институттарды зерттейді

<variant>конституциялық бақылауды жүзеге асырады

<question>Конституциялық құқық оқу пәні ретінде:

<variant>конституциялық қадағалауды жүзеге асырады

<variant>ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі құқық саласының рөлін атқарады

<variant>конституциялық міндеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады

<variant>заңгерлерді дайындау барысында оқытылатын кешенді курс болып табылады

<variant>ҚР Конституциясы нормаларына ресми талдау жасайды

<variant>оқу пәні болып табылады

<variant>оқу бағдарламасының пәні

<variant>конституциялық құқықтырдың орындалуына бақылауды жүзеге асырады

<question>Конституциялық құқық ұғымы келесі аспектілерде қарастырылады:

<variant>ғылым, оқу пәні және халықаралық құқықтың негізгі бағыты ретінде

<variant>ғылым, оқу пәні және халықаралық құқықтың негізгі институты ретінде

<variant>ғылым, оқу пәні және құқық саласы ретінде

<variant>құқық саласы және нормалар жиынтығы ретінде

<variant>оқу пәні және негізгі құқықтық институт ретінде

<variant>ғылым, оқу пәні ретінде

<variant>ғылым ретінде

<variant>халықаралық құқықтың негізгі институты ретінде

<question>Конституциялық құқық саласы қандай нормалардан қалыптасады:

<variant>конституциялық заң нормаларынан

<variant>Конституция және конституциялық заң нормаларынан

<variant>халықаралық құқық нормаларынан

<variant>Конституция нормаларынан

<variant>құқық теориясынан

<variant>салт дәстүрден

<variant>зерттеу әдістерінен

<variant>тарихи нормалардан

<question>ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:

<variant>Республикалық референдумда

<variant>Үкіметпен

<variant>Жоғарғы Сотпен

<variant>Конституциялық Кеңеспен

<variant>Сенатпен

<variant>Маслихаттармен

<variant>ҚР Парламентімен

<variant>Республикалық референдумда және ҚР Парламентімен

<question>Конституцияның мызғымастығының кепілі болып табылады:

<variant>Президент

<variant>Конституциялық Кеңес

<variant>Жоғарғы Кеңес

<variant>БҰҰ

<variant>Парламент

<variant>Мемлекет Басшысы

<variant>Ұлт Көшбасшысы

<variant>Үкімет

<question>ҚР нормативтік-құқықтық актілер қайшы келмеуі тиіс:

<variant>Конституциялық заңдарға

<variant>ҚР Президентінің Жарлықтарына

<variant>ҚР Конституциясына

<variant>Сот прецеденттерінен

<variant>ҚР Үкіметінің қаулыларына

<variant>ҚР Конституциясына және конституциялық заңдарға

<variant>Нұсқауларға

<variant>сот шешімдеріне

<question>1993 жылғы ҚР Конституциясына сәйкес Президент:

<variant>заң шығарушы билік басшысы

<variant>Жоғарғы Кеңес басшысы

<variant>мемлекет және атқарушы билік басшысы

<variant>заң шығарушы және атқарушы билік басшысы

<variant>сот билігінің басшысы

<variant>мемлекет басшысы

<variant>атқарушы билік басшысы

<variant>өкілетті билік басшысы

<question>Конституция өзге актілерден ерекшеленеді:

<variant>қабылдану және өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі бойынша

<variant>реттеу әдістерінің кеңдігі бойынша

<variant>мемлекеттің барлық территориясына бірдей тарайтындығы бойынша

<variant>жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін реттеуге байланысты

<variant>нормаларының құрылысы бойынша ерекшеленеді

<variant>өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі бойынша

<variant>мемлекеттің барлық территориясына әркелкі тарайтындығы бойынша

<variant>қабылдану тәртібі бойынша

<question>Конституция мазмұны бойынша өзге актілерден ерекшеленеді:

<variant>қамту пәнінің кеңдігімен

<variant>қамту пәнінің кеңдігімен және санкциясы көрсетілмейді

<variant>қамту пәнінің тарлығымен

<variant>санкциясы көрсетілмейді

<variant>Конституция мазмұнында міндеттер көрсетілмеген

<variant>Конституция мазмұнында құқықтар көрсетілмеген

<variant>елеулі ерекшеліктерге ие емес

<variant>кейбір қоғамдық қатынастарды реттемейді

<question>ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

<variant>1995 жылы 30 тамызда

<variant>1990 жылы 25 қарашада

<variant>1998 жылы 7 қарашада

<variant>1998 жылы 7 қазанда

<variant>1998 жылы 17 желтоқсанда

<variant>1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда

<variant>2007 жылы 21 мамырда

<variant>1991 жылы 16 желтоқсанда

<question>Конституциялық құрылым келесі қатынастар жүйесін қамтиды:

<variant>әлеуметтік, экономикалық

<variant>саяси, халықаралық, ұлтаралық

<variant>әлеуметтік, экономикалық, саяси-құқықтық

<variant>азаматтық, халықаралық, экономикалық

<variant>қоғамдық

<variant>тек құқықтық

<variant>саяси-құқықтық

<variant>халықаралық

<question>Конституциялық құрылымның қағидалары көрсетіңіз:

<variant>халық билігі, мемлекеттік егемендік, біртұтастық, биліктің бөлінуі, құқықтық үстемдігі, идеологиялық және саяси әр алуандық

<variant>заңдылық, биліктің бөлінуі, соғысты болдырмау, мемлекеттік тілден басқа өзге тілдерді мемлекет территориясында мойындамау

<variant>біртұтастық, құқықтық үстемдігі және бір идеологияның басым болуы

<variant>халықаралық құқық қағидаларының барлығы тарайды

<variant>конституциялық құрылым қағидаларды айқындауды немесе бөліп көрсетуді талап етпейді

<variant>соғысты болдырмау, мемлекеттік тілден басқа өзге тілдерді мемлекет территориясында мойындамау

<variant>біртұтастық, биліктің бөлінуі, құқықтық үстемдігі, идеологиялық және саяси әр алуандық

<variant>идеологиялық және саяси әр алуандық

<question>Экономикалық жүйенің қағидаларын көрсетіңіз:

<variant>экономикалық жүйені реттеудегі мемлекеттің үстемдігі

<variant>меншіктің әр алуандығы және заңмен қорғалуы, еркін кәсіпкерлік, заңмен реттелген бәсекенің болуы және тағы басқалар

<variant>экономикада консервативтік позицияның болуы

<variant>әлеуметтік жүйенің негіздері тарайды

<variant>жоспарлы экономиканың кейбір қағидалары және нарықтық экономикалық барлық қағидалары тарайды

<variant>меншіктің әр алуандығы және заңмен қорғалуы

<variant>жоспарлы экономиканың кейбір қағидалары тарайды

<variant>еркін кәсіпкерлік, заңмен реттелген бәсекенің болуы

<question>ҚР төтенше жағдайды кім енгізеді:

<variant>ҚР Парламент

<variant>ҚР Қорғаныс Министрі

<variant>ҚР Президент

<variant>ҚР Үкіметі

<variant>ҚР-ның төтенше жағдай жөніндегі Министрі

<variant>ҚР мемлекет басшысы

<variant>ҚР Ұлт Көшбасшысы

<variant>ҚР Прокуратурасы

<question>ҚР мемлекеттік биліктің қайнар-көзі:

<variant>Халық

<variant>ҚР Президенті

<variant>ҚР Парламенті

<variant>ҚР Үкіметі

<variant>ҚР Конституциялық Кеңесі

<variant>ҚР халқы немесе оның азаматтары

<variant>ҚР тұрғындары

<variant>ҚР азаматтары

<question>ҚР қандай мемлекет болып саналады?

<variant>Президенттік

<variant>федеративтік

<variant>конфедерация мүшесі

<variant>монархиялық

<variant>азаматтық қауымдастық

<variant>құқықтық мемлекет

<variant>демократиялық мемлекет

<variant>дәстүрлі мемлекет

<question>Халық билігін жүзеге асыру нысандары:

<variant>референдум және сайлау

<variant>отырыстар

<variant>мемлекеттік органдарға өз билігін жүзеге асыруды беру

<variant>дөңгелек столдар

<variant>дебаттар

<variant>референдум

<variant>сайлау

<variant>сайлау және дебаттар

<question>ҚР мемлекеттік рәміздері қатарына не жатады?

<variant>Әнұраны

<variant>ҚР территориясы

<variant>ҚР картасы

<variant>ҚР қолданатын мөрлері

<variant>ҚР мемлекеттік елтаңбасы, Туы, Әнұраны

<variant>ҚР мемлекеттік елтаңбасы

<variant>ҚР Конституциясы

<variant>Әр түрлі мөртаңбалар

<question>Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға жауаптарды қандай тілде береді?

<variant>ыңғайлы тілде

<variant>мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде

<variant>ағылшын тілінде

<variant>орыс тілінде

<variant>ауызша береді

<variant>мемлекеттік тілде

<variant>өтініш жасалған тілде

<variant>шет тілінде

<question>ҚР демократияның келесі түрлері бекітілген:

<variant>ашық демократия

<variant>шектелген демократия

<variant>өркениетті демократия

<variant>президенттік демократия

<variant>өкілетті және тікелей демократия

<variant>тікелей демократия

<variant>өкілетті демократия

<variant>шектелген демократия

<question>Саяси жүйенің қағидасын көрсетіңіз:

<variant>саяси плюрализм және идеологиялық саналуандылық

<variant>жерге жеке меншік

<variant>кәсіпкерліктің заңмен қорғалуы

<variant>мемлекеттік тілдің үстемдігі

<variant>бәсекенің болуы

<variant>саяси плюрализм

<variant>идеологиялық саналуандылық

<variant>экономикалық үстемдік

<question>ҚР меншіктің келесі түрлері танылады:

<variant>мемлекеттік меншік

<variant>жеке меншік

<variant>қоғамдық меншік

<variant>тұлғаның меншігі

<variant>мемлекеттік және жеке меншік

<variant>жартылай меншік

<variant>ішінара меншік

<variant>шектелген меншік

<question>ҚР қызметінің түбегейлі қағидалары:

<variant>қоғамдық татулық, саяси тұрақтылық, халық игілігін көздейтін экономикалық даму және ұлтаралық татулық

<variant>қоғамдық татулық, саяси тұрақтылық, ұлтаралық татулық және қазақстандық патриотизм

<variant>қоғамдық татулық және саяси әралуандылық

<variant>нарықтық экономиканы жетілдіру және қазақстандық патриотизм

<variant>қоғамдық татулық, саяси тұрақтылық, халық игілігін көздейтін экономикалық даму және қазақстандық патриотизм, мемлекеттегі маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу

<variant>мемлекеттегі маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу

<variant>қазақстандық патриотизм, мемлекеттегі маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу

<variant>діни татулық

<question>ҚР-да билік тармақтарының қызмет етуі:

<variant>тежемелік және тепе-теңдік сақтау жүйесіне сәйкес

<variant>өзара құрметтеу қағидасына сәйкес

<variant>әділдік қағидасына сәйкес

<variant>бірін-бірі бақылау арқылы

<variant>өзара шектеу арқылы

<variant>татулық жүйесіне сәйкес

<variant>тежемелік жүйесіне сәйкес

<variant>тепе-теңдік сақтау жүйесіне сәйкес

<question>ҚР конституциялық құрылысында бекітілген демократия нысандары:

<variant>өкілетті демократия

<variant>тікелей демократия

<variant>өкілетті және тікелей демократия

<variant>конституциялық құрылыс негіздерінде демократия нысандары бекітілмеген

<variant>жергілікті референдум демократия принципы ретінде бекітілген

<variant>ішінара демократия

<variant>шектелген демократия

<variant>дәстүрлі демократия

<question>ҚР Конституциясына сай тепе – теңдік тежемелі жүйеге:

<variant>Парламенттік импичмент кіреді

<variant>ҚР Президентінің «Вето» құқығы, парламент импичменті, Үкіметке сенімсіздік білдіру

<variant>ҚР Президентінің «Вето» құқығы

<variant>ҚР Конституциясында тепе – теңдік тежемелі жүйе бекітілмеген

<variant>Парламент Сенатына сенімсіздік білдіру

<variant>Прокурорға сенімсіздік білдіру

<variant>Соттарға сенімсіздік білдіу

<variant>Партияларға сенімсіздік білдіру

<question>Әлеуметтік-экономикалық құқықтар тобына жататын құқықты көрсетіңіз

<variant>өмір сүру құқығы

<variant>ар-ождан бостандығы құқығы

<variant>ақпаратты алу және сөз бостандығы құқығы

<variant>енбек ету, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы

<variant>жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы

<variant>енбек ету құқығы

<variant>қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы

<variant>кәсіпкерлікпен айналысу құқығы

<question>Адам құқықтары өз мазмұны бойынша қалай жіктеледі?

<variant>адам және азаматтарға қатысты құқықтар

<variant>жалпы және жалқы құқықтар

<variant>жеке, саяси және әлеуметтік-мәдени құқықтар

<variant>негізгі және қосалқы құқықтар

<variant>ажырамас құқықтар

<variant>жеке және әлеуметтік-мәдени құқықтар

<variant>бірінші, екінші және үшінші топтың құқықтары

<variant>саяси және әлеуметтік-мәдени құқықтар

<question>Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін қандай элементтер құрайды?

<variant>борыштары

<variant>шарт бойынша міндеттері

<variant>құқықтар, бостандықтар және міндеттер

<variant>құқықтары мен міндеттер

<variant>азаматтық ұстанымы

<variant>парыздары

<variant>міндеттер және азаматтылығы

<variant>құқықтары мен бостандықтары

<question>Азаматтық беруден бас тартуға негіз болып табылмайды:

<variant>егер тұлға адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса

<variant>ҚР-ның егемендігі мен тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса

<variant>ҚР-сы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса

<variant>басқа мемлекеттің қауіпсіздік, полиция және өзге де мемлекеттік органдарына қызметке тұрса

<variant>Мемлекеттік нышандарды дұрыс қолданбаса

<variant>Әкімшілік құқық бұзушылық жасаса

<variant>ҚР азаматымен некеде тұрмаса

<variant>ҚР мемлекеттік тіліне саналы түрде қарсы шықса

<question>Жеке тұлғаның саяси құқықтарына жатпайды:

<variant>сайлау құқығы

<variant>сайлану құқығы

<variant>Республикалық референдумға қатысу құқығы

<variant>мемлекет ісін басқаруға тікелей және өз өкілдері арқылы қатысу құқығы

<variant>еркін жүріп-тұру және тұрғылықты мекенді өз қалауы бойынша таңдап алу құқығы

<variant>еркін жүріп-тұру құқығы

<variant>тұрғылықты мекенді өз қалауы бойынша таңдап алу құқығы

<variant>сайлау және сайлану құқығы

<question>ҚР азаматтығынан шығуға рұқсат беруден бас тартуға негіз болып табылмайды:

<variant>ҚР-сы алдында өтелмеген міндеттемелері болса

<variant>кәмілет жасқа толмаған азамат болса

<variant>ҰҚК-нің қызметкері болса

<variant>сот үкімі бойынша жазаны өтеп жүрсе

<variant>азаматтықтан шығу ҚР-ның мемлекеттік қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе

<variant>мемлекеттік қызметте тұрса

<variant>кәмілет жасқа толмаған балалары болса

<variant>ҰҚК-органдарында қызметте болып, зейнетке шыққанына бір жылдан аспайтын уақыт өткен болса

<question>Әскери қызметкерлерге тыйым салынады:

<variant>шығармашылықпен айналысуға

<variant>шет мемлекеттерге баруға

<variant>коммерциялық ұйымдардың қызметін пайдалануға

<variant>кәсіптік одақтарда мүшелікте болуға

<variant>діни орталықтарға баруға

<variant>саяси партияны қолдап сөйлеуге

<variant>саяси партияны қолдап сөйлеуге және кәсіптік одақтарда мүшелікте болуға

<variant>шет елде дем алуға және емделуге

<question>Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерінің келесі түрлері болады:

<variant>әлеуметтік, экономикалық және заңдық

<variant>мәдени, экономикалық және заңдық

<variant>әлеуметтік, ұлттық және заңдық

<variant>мемлекеттік және заңдық

<variant>демократиялық және заңдық

<variant>әлеуметтік және заңдық

<variant>экономикалық

<variant>құқықтық және құқықтық емес

<question>Саяси партияға мүшелікте болуына жол берілмейді:

<variant>ғылыми қайраткерлерге

<variant>азаматтығы жоқ адамдарға

<variant>зейнеткерлерге

<variant>оқытушыларға

<variant>студенттерге

<variant>әскери қызметкерлерге

<variant>құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне

<variant>кәсіпкерлерге

<question>Республикалық референдумда келесі мәселелер қарастырылады:

<variant>Конституцияны қабылдау

<variant>рақымшылық жасау актісі

<variant>мемлекеттік органдардың арасындағы қатынастарды шешу

<variant>бюджет және салық жүйесі

<variant>азаматтық мәселесі

<variant>Конституцияны қабылдау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін

<variant>Конституцияға толықтырулар енгізу мәселелерін

<variant>жеке меншік мәселелерін

<question>Республикалық референдумды тағайындау жөніндегі бастамашылықты қандай субъект білдіре алмайды?

<variant>ҚР-сының Президенті

<variant>ҚР-сының Парламенті

<variant>ҚР-сының Үкіметі

<variant>ҚР-сының Конституциялық Кеңесі

<variant>Республикалық референдумға қатысу құқығы бар, екі жүз мыңнан кем емес Республика азаматтары