Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИППУ 3 курс 3 кредита.doc курс сил.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
380.6 Кб
Скачать

1.3. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы мемлекет және құқық теориясы және мемлекет және құқық тарихы секілді бакалавриаттың жалпы теориялық және тарихы негізін қалап, студенттің заңи білім жүйесін меңгеруге септігін тигезеді. Бұл пәнді оқып, үйрену мемлекеттік құқықтық құбылыстардың экономикамен, идеологиямен, моральмен, дінмен ара-қатынасын түсінуге және бұл негізде мемлекет және құқық мәселелерінің пайда болуын, студентте атақты ойшылдардың еңбектерін және олардың идеяларын қазіргі кезеңнің талабымен талдауға үйрету.

Бұл пәнді меңгерген соң студент өткеннің қазіргі кезеңнің саяси және құқықтық доктриналарының маңыздыларын және кең таралғандарының мазмұнын, құқықтық және саяси ойдың даму кезеңдерін, адамзаттың атақты ойшылдарының аттарын және олардың шығармаларын, құқықтық және саяси ойдың негізгі ескерткіштерін және саяси және құқықтық ілімдер бойынша негізгі әдебиеттерді білуі қажет.

Студент әртүрлі кезеңдердің және атақты ойшылдардың саяси және құқықтық ойларын салыстыруға, қазіргі кезеңдегі және ертеректегі ілімдер мен доктриналардағы жалпы мен ерекшені айыруға, нақты саяси және құқықтық ілімге баға беруге үйрену қажет.

Типтік оқу бағдарламасы бойынша аталған пәнге берілетін 3 кредит 30 сағат дәріс, 15 сағат семинар, 10 сағат СОӨЖ,

Пән бойынша екі аралық бақылау емтихандары және қорытынды емтихан тапсырылады.

Заңгерлерді дайындауда саяси және құқықтық ілімдер тарихын оқытып-үйрету танымдық, мәдени және тәрбиелік мәнге ие. Бұл саяси және құқықтық ойлар тарихының теориялық мұрасын меңгеруге көмектеседі, тарих пен қазіргі кезеңнің ара байланысын танып білуге үйретеді. Саяси және құқықтық ілімдер тарихын зерттеуші тарихтағы мемлекет және құқық туралы идеялар мен пікірлердің көпжақтылығын жақсы түсінеді, өзіне басқаның көзқарасына деген құрметтеушілік қасиетті сіңіреді, сонымен қоса өз көзқарасын негіздеуге, соның ішінде теориялық мәселелер бойынша жақсы дәлелдеуге үйренеді. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы патриотизмге және әлемдік өркениет жетістіктеріне деген, жалпы адамзаттық құндылықтарға деген құрметтеушілікке тәрбиелеуге ықпалын тигізеді және саяси және құқықтық идеялар мен институттардың даму тенденциясында бағдар алуға көмектеседі.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихын оқып үйренген соң маман бұрынғы және қазіргі маңызды және қен таралған саяси және құқықтық доктриналардың мазмұнын білуге міндетті. Осы пәнді оқып үйренген кезде мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың экономикамен, идеологиямен, моральмен, дінмен ара байланысын және осы негізде туындайтын мемлекет және құқық проблемаларын түсінуге, студенттерде атақты ойшылдардың шығармаларын және олардың идеяларын қазіргі контексте талдау қабілеті қалптасуына көмектеседі.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы теория мен доктриналарды, саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттарын, мемлекет және құқық теориясы мен философиясы сферасындағы атақты ойшылдар мен ғалымдардың ілімдерін, мемлекет және құқықтың жалпы мәселелері бойынша әлемдік ойлар тарихында қомақты үлес қалдырған көрнекті теориялық шығармаларды, сонымен қоса Қазақстан тарихындағы саяси және құқықтық ойлар ірі өкілдерінің ілімдерін зерттейді.

Саяси және құқықтық ескерткіштер мен тарихи қайнар көздер және арнаулы әдебиеттер тізімі осы бағдарламада саяси және құқықтық ойлардың дамуының тарихи кезеңдеріне сәйкес берілген. «Саяси және құқықтық ілімдер тарихы» оқу бағдарламасының бөлімдерінің әр бір тақырыбы кредиттік технология жүйесінің әртүрлі үлгідегі бақылауында қолданыла алады.