Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИППУ 3 курс 3 кредита.doc курс сил.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
380.6 Кб
Скачать

4. Студенттердің білімін бақылау

4.1. Студенттердің ағымдағы үлгерімін бағалау белгілері

Студенттердің ағымдағы үлгерімі мен сабаққа қатысуын бағалау белгілері (оқу сабақтарының түрі бойынша):

1. Дәріс:

- дәріс сабағының жұмысы және қатысымы үшін -100% (дәріс сабағына қатысым бағасын бөлуді есептегенде құрайды 20% (100%Х0,2));

- дәріс сабағына қатыспау - 0%.

2. Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ):

- СӨЖ тапсырмасын уақытында және сапалы орындағаны үшін (пән бойынша силлабусқа сәйкес) – 0 ден 100% дейін (СӨЖ тапсырмасын уақытында және сапалы орындағаны үшін бағаны бөлуді есептегенде құрайды 80% (100%Х0,8)). Тапсырма СОӨЖ уақытында тапсырылады.

Дәріс сабағына қатысқаны, СӨЖ тапсырмасын орындағаны үшін орта арфиметикалық бағалау біріктіріледі және ескеріледі 100% (бір баға ретінде).

3. Семинар (тәжірибелік, лабораториялық) сабақ:

- семинар сабағының жұмысы және қатысымы үшін – 20 дан 100% дейін (соның ішінде семинар сабағында болуы 20%);

- семинар сабағына қатыспау- 0%.

Журналға 20- дан 100- ге дейін бір баға қойылады.

Үлгерімі және/ немесе қатысымы үшін баға әрбір сабақ үшін қойылады. Оқу кезеңінде алынған барлық бағаны орта арифиметикалық есептегенде үлгерімін және қатысымын ағымдағы бақылаудың соңғы нәтижесі рейтинг аптасына тұжырымдалады.

4. Студент оқу сабағын дәлелді себеп бойынша жіберген болса оқытушы жоғарғы мектеп директорының бұйырығы бойынша электронды журналды толтыру кезінде «0» орнына «1» мағынасы қойылады.

Білім алушылардың бағасын белгілеу

«Өте жақсы»баға (А; 4,0;95-100%; А-; 3,67;90-94%) мына жағдайларда, егер білім алушы бағдарлама материалын толық меңгергенде және ешқандай нақты емес қате жібермегенде, үй тапсырмасын, коллоквумдарды, жұмыстарды, бақылау тапсырмасын уақытында және дұрыс орындағанда, нақты ойлау қабілетін көрсеткенде, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқанда, пәнді оқу кезінде қосымша ғылыми әдебиеттерді өздігінен пайдаланғанда, өздігінен бағдарлама материалын жүйелей білгенде қойылады.

«Жақсы»баға (В+;3,33; 85-89%; В; 3,0; 80-84%; В-; 2,67; 75-79%) мына жағдайларда, егер студент бағдарлама материалын 75 % төмен емес меңгергенде және сонымен бірге жауап бергенде дөрекі қате жібермегенде, үй тапсырмасын, коллоквумдарды, жұмыстарды, бақылау тапсырмасын уақытында орындағанда, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқанда, қосымша ғылыми әдебиеттерді оқытушының көрсетуі бойынша пайдаланғанда, студенттің өзімен дұрысталған дәлсіздіктер немесе нақты қателер жіберіліп оны студенттің өзі дұрыстағанда, бағдарлама материалын жүйелеуді оқытушының көмегімен білгенде қойылады.

«Қанағаттанарлық» баға (С+; 2,33; 70-74%; С – ;2,0; 65-69%; С-; 1,67; 60-64%; D+; 1,33; 55-59%; D; 1,0;50-54%) мына жағдайларда, егер студент бағдарлама материалын 50 % төмен емес меңгергенде, үй тапсырмасын, лабораториялық және бақылау жұмыстарын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет етсе, коллоквиумды тапсыру кезінде нақты емес және маңызды емес қате жібергенде, зерттеу жұмысында белсенді болмағанда, оқытушымен ұсынылған оқу әдебиеттерімен шектелгенде, материалды жүйелеуде көп қиындық көргенде қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» баға (F; 0; 0-49%) мына жағдайларда, егер студент бағдарламада көрсетілген негізгі материалды білуде кемшіліктер жібергенде, бағдарламада көрсетілген материалдың жартысынан көбін меңгермегенде, пән бағдарламасының жартысынан көбін меңгермегенде, жауап беруде маңызды қате жібергенде, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау нысандарында көрсетілген жеке тапсырмаларды орындамағанда, бағдарламада көрсетілген барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс істемегенде қойылады.

Апеллация тәртібі. Студент эмтиханда қойылған бағамен келіспеген жағдайда, келесі күннен бастап 13 сағаттан кешіктірілмей апелляцияға беруге құқығы бар. Апелляцияға өтініш, студенттің өз қолымен, апелляция коммиссиясының төрағасына беріледі.

Осы мақсат бойынша емтихан сессиясы кезінде ұлттық жоғары мектебінің директорының ұсынысы бойынша оқытушылардың арасынан, оқыту пәндері бойынша біліктілігі сәйкес, апелляциялық коммиссия жасақталады. Өтініш апелляциялық коммиссиямен, өтініштті берген күннен бастап екі күннің ішінде студенттің және оқытушының қатысуымен қарастырылады.

Студент апелляцияның нәтижесімен (ауызша немесе жазбаша) таныс болу керек. Апелляцияның нәтижесі апелляциялық тізімге енгізілу керек және пәннің қорытынды бағасы ескеріледі. Емтихандар бойынша өзгертілген баға, апелляцияға бермеген пән болса, жіберілмейді.

Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

Баға

Балл

Пайыздар

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4, 0

95 – 100

Өте жақсы

А –

3, 67

90 – 94

В +

3, 33

85 – 89

Жақсы

В

3, 0

80 – 84

В –

2, 67

75 – 79

C +

2, 33

70 – 74

Қанағаттанарлық

C

2, 0

65 – 69

C –

1, 67

60 – 64

D +

1, 33

55 – 59

D

1, 0

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарлықсыз

Қорытынды бағаның құрамы:

Рейтингтік бақылау– 60 %, емтихан– 40%.

Пән бойынша қорытынды бағаның пайыздық мазмұны келесідей анықталады:

[Р1+Р2]

Қ % = ----------------- * 0,6 + Е * 0,4

2

Р 1 – бірінші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Р 2 – екінші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Е – емтихандағы бағаның пайыздық мазмұны

Пайыздық мазмұндағы қорытынды баға Қ % цифрлік эквивалентте қорытынды бағаға ауысады

Таратылып берілетін құралдар

Тақырып 1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні мен әдістері