Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktikum_kaz.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
510.46 Кб
Скачать

Жарыссөздер өткізу әдістемесі

Жарыссөздер өткізу үшін қатысушылардың екі командасы қалыптасады. Әрбір команда 5-7 адамнан (спикерлерден) тұрады. Ойын тақырыбын қорғаушы команда дәлелдеуші (толық түрде жарыссөздер тақырыбында мазмұндалған көзқарастарды аргументтейді), тақырыпты әшкерелеуші команда жоққа шығарушы деп аталады (сарапшылар мен пікірсайысқа қатысушыларға, бұл дәлелдеуші жақтың ұстанымы дұрыс емес немесе өз ұстанымын дәлелдеуші жақтың спикерлерімен аргументтеу екенін дәлелдейді) деп аталады.

Жарыссөздерді таймкипер – регламенттің сақталуын және ойын ережесін бақылайтын адам жүргізеді.

Жарыссөздер келесі регламент бойынша өтеді:

1. Таймкипердің сөйлеген сөзі – 1 минут.

2. Дәлелдеуші командасының сөйлеген сөзі – 11 минут

Дәлелдеуші командасының спикерлері жарыссөздер тақырыбында баяндалған аргументацияны көрсетеді.

3. Сұрақтар раунды – 11 минут

Теріске шығару командасы дәлелдеуші командасына сұрақ қояды. Сұрақтарында дәлелдеуші командасының ұстанымы анықталады. Сұрақтарға дәлелдеуші командасының спикерлері жауап береді.

4. Теріске шығару командасының сөйлеген сөзі – 5 минут

Теріске шығару командасының спикерлері қарама-қарсы тезистің аргументациясын көрсетеді.

5. Сұрақтар раунды – 5 минут

Дәлелдеуші команда теріске шығару командасына сұрақ қояды. Сұрақтарында теріске шығару командасының ұстанымы анықталады.

6. Дәлелдеуші команданың қорытынды сөйлеген сөзі – 4 минут.

Қорытынды сөздерінде дәлелдеуші команда спикерлері теріске шығару командасының аргументтері мен дәлелдемелерін әшкерелейді, растаушы жақтың дәлелдемесін нығайту үшін командалар ұстанымдарының салыстырмалы талдауын ұсынады.

7. Теріске шығару командасының соңғы сөйлеген сөздері – 4 минут.

Қорытынды сөз сөйлегенде теріске шығару командасының спикерлері дәлелдеуші команданың дәлелдері мен дәлелдемелерін жалғанға шығарады, теріске шығарушы желіні күшейту және дәлелдеу үшін командалар ұстанымының салыстырмалы талдауын береді.

8. Қорытындыларын шығару – 4 минут.

Оқушылардың ынтасын арттыру, сұхбатты кеңінен жүргізу үшін барлық командалар жалпы пікірсайысқа қатысу құқығын алады, оған - сұрақтарды тұжырымдау, кезекпен сөз сөйлейтін команда жұптарының ұстанымдарының қысқаша түсіндірмесі енеді.

Жарыс сөздерде сараптама ретінде қазылар алқасының бірнеше тобы сөз сөйлейді.

Бірінші топ – бұл сарапшы-мамандар, оған мәдени мекемелердің, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, ғалымдар, политологтар, Корпоративтік университет қызметкерлері шақырылады. Сарапшы-мамандар құрамына қарай жарыс сөздер тақырыбы да қалыптасады.

Мәселелерді шешудің білімдік негізінің жеткіліктілігін, жаңа заманғы контексте олардың ойлану қабілетін бағалайтын сарапшы-мамандардан басқа, жарыс сөз сараптамасына педагогтарды (әдіскерлерді, білім беру мекемелерінің басшыларын) шақырады, олар тұсаукесер мәдениетін, тіл мәдениетін, ақпарат көздерін бағдарлауды, команда жұмысының сапасын тексереді.

Команданың дайындығы мен қызметін бағалау кезінде жарыс сөздердің, төменде 1-кестеде келтірілген бағалау парақтарын қолданады.

9. Төрешілердің (сарапшылардың) сөйлеген сөздері– 5 минут

1-кесте – Жарыс сөздердің бағалау парағы

Бағалау параметрі

Белгілері *

Болуы туралы белгілеу

№ ОУ

№ ОУ

1.

Білімдік негізі

1.Тақырыптың тұсаукесері болғанда нақты фактілерге, маңызды құбылыстар, жаңалықтарға және (немесе) ғылыми ұғымдарға сілтемелер келтіріледі, олардың негізінде мәселе мағынаға ие болуы мүмкін.

2. Пайдаланылатын (фактілер, құбылыстар, ғылыми заңдылықтар) мәселенің ашылуына, оның негізгі сипаттамаларын суреттеуге бағытталған

2.

Аргументация

3. Тақырып белгілі бір тарихи-әлеуметтік контексте ашылады.

4. Пайдаланылған білімдері команда ұстанымын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

3.

Тіл мәдениеті

1. Командалардың сөйлеген сөздерінде тілдік қателер мен қарапайым сөз өрнектері жоқ.

4.

Тұсаукесер мәдениеті

2. Команданың сөз сөйлеу мазмұны түсініктілігімен және анықтығымен ерекшеленеді, аяқталған сипат алады: сөз сөйлеуі бар, мәселелерді сипаттау (ы), қорытынды нәтижелер.

5.

Ақпараттар көздерінің алуан түрлілігі

3. Әдебиетке сілтеме, бұқаралық ақпараттар құралының материалдары және (немесе) ақпараттық арналар, жеке мәдени тәжірибеге сілтемелер келтірілген.

Барлық балл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]