Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус_Жаза таг._2_2013_каз.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Ұлттық құқық жоғарғы мектебі

ҚЫЛМЫСТЫҚ, ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ КРИМИНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Ұлттық құқық жоғарғы

мектебінің директоры

з.ғ.д., профессор Шапақ Ү.Ш.

________________________________

«_____» «_________________»2013 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Модуль атауы NNOUON 2220 Жаза тағайындау және қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату

Модуль элементтері: Жаза тағайындау. Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату

Мамандық 5В030100 – Құқықтану, 4 жыл

Оқу нысаны – күндізгі

Барлығы – 2 кредит

Курс – 2

Семестр – 4

Дәрістер – 20 сағат

Cеминар сабақтары – 10 сағат

СОЖӨЖ – 15 сағат

СӨЖ – 45 сағат

Емтихан – 4 семестр

Еңбек ауқымдылығы – 90 сағат

Астана, 2013

1. Курс оқытушысы туралы мәліметтер:

Лектор: Ниетуллаев Нурлан Нурмухамбетович, з.ғ.м., аға оқытушы. ҚазГЗУ, қылмыстық, қылмыстық атқару құқығы және криминология кафедрасы, кабинет № 216

Семинарист: оқытушы Интыкбаева Ұ.Н.

2. Оқытушының ғылыми қызығушылық аясы: Экономикалық қылмыстар, ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар, жеке тұлғаға қарсы қылмыстар, қылмыстық жауаптылықтан босату

3. Тілі: қазақ, орыс

4. Кафедра мәліметтері: қылмыстық, қылмыстық атқару құқығы және криминология кафедрасы, телефон: 703023

Пререквизиттер: «Жаза тағайындау және қылмыстық жауаптылықтан босату» курсын игеру үшін студенттердің «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)», «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім)», «Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу құқығы», «Мемлекет пен құқық теориясы» пәндерін оқу нәтижесінде алған теориялық білімдері қажет. Студент қылмыстық заңды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру және қолдану дағдыларын қалыптастырып, қылмыстық-құқықтық мәні бар фактілерге баға беруді үйренуге тиіс, құқықтық шешімдер қабылдап, заңға сәйкес өзге де құқықтық мәні бар әрекеттерді жасай білуі керек, құқықтық құжаттарды толтырып және рәсімдеп, білікті құқықтық қорытындылар мен кеңестер бере алуы керек.

Постреквизиттер: Пәнді игергеннен кейін «Құқықтану» мамандығының студенттеріне қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздері мен түрлерін, соттылықты жою және алу тәртібін оқу керек.

Пәннің сипаттамасы: «Жаза тағайындау және қылмыстық жауаптылықтан босату» оқу курсы қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің маңызды институттарының бірі – жаза тағайындау институтын және соттардың қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының көлемін анықтау тәжірибесін тереңдетіп оқытуды көздейді. Пән аясында қолданыстағы қылмыстық заңнаманың жаза тағайындаудың жалпы және арнайы ережелерін бекітетін нормалары, оларды қолдану тәжірибесі қарастырылады, теориялық көзқарастар талданады. «Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату» пәні Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасында көзделген қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздері мен түрлерін неғұрлым терең игеруді көздейді.

Қазіргі кезде қоғамдағы криминогенді саналуан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, діни және басқа да қайшылықтарды шешу, сол арқылы ондағы қылмыстылық пен басқа да құқық бұзушылықтардың ауыртпалығын төмендету әлемдік тенденциялардың біріне айналып отырғаны мәлім. Осы желіде әлемдік тәжірибеде медиация, трансакция және т.с.с. отандық қылмыстық заңнамадағы қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың аналогиялары пайда болып отыр.

Әртүрлі елдердің ғалымдарының жүргізген ізденістері қылмыстылық пен оған жақын жатқан құбылыстарға ықпал етудің мұндай құралының қолданылуында едәуір перспективалардың бар екендігін аңғартады. Отандық ғылыми құқықтық ортада қалыптасқан тұжырым бойынша заңдағы қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институтының құралдары өздеріндегі потенциалды барынша пайдалана алмай отыр. Дегенмен, ондағы нормалар мен ережелер әлі де болса жетілдірілуін талап етеді, кейде олардың жалпы концепциямен ұйқаспайтындығын да айқындауға болады. Осы тұрғыда қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институтының нормаларының теориялық тұжырымдамасы мен практикалық іске асырылуы арасында айтарлықтай өзгешелік бар екендігі баяндалады.

Пәннің мақсаты: студенттердің санасында жаза тағайындаудың заңда бекітілген ережелері жөнінде тұрақты білімдер жүйесін қалыптастыру, ғылыми ұсыныстарды кәсіби қызметте қолдана білу, қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға жаза түрі мен мөлшерін таңдау дағдыларын қалыптастыру. Курс аясындағы оқу материалдарын сәтті игерген жағдайда студент алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдану, қылмыстық құқықтың салалық және жаза тағайындаудың институционалдық қағидаларын басшылыққа ала отырып, нақты қылмыстық-құқықтық нормалардың мәнін дұрыс түсіну дағдыларын қалыптастырады. Пәнді оқыту мақсаты «ҚР Қылмыстық құқығы, Жалпы және Ерекше бөлімі» пәндерін меңгеру барысында алған білімдерін, дағдылығы мен машықтарын қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институтының практикалық мәселелерін шешуде бекіту және жетілдіру болып табылады.

Пәннің дидактикалық және әдістемелік міндеттері: соттардың қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамдарға жаза түрі мен мөлшерін таңдау жөніндегі қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері туралы білімдерді жүйелеу; мемлекеттің жаза тағайындау саласындағы саясатының негізгі бағыттарын және жаза тағайындаудың қалыптасқан тәжірибесін талдау; соттың жаза тағайындау жөніндегі қызметін реттейтін нормативтік ережелерді, жаза тағайындаудың жалпы және арнайы негіздерін, олардың ара қатынасын игеру; жаза тағайындау институтының нормаларын жүйелі талдау негізінде заңның шынайы мәнін түсіну дағдыларын қалыптастыру; жаза тағайындаудың даулы қырларын зерттеу, жаза тағайындау барысында туындайтын коллизиялық жағдайларды шешу жолдарын іздестіру.

Жалпы кәсіби мақсаттары келесі құзырлықтардан тұрады:

- коммуникативтік: тәлімгерлерді теориялық және практикалық сипаттағы даулы мәселелер бойынша әралуан ғалымдардың ой-пікірлерінің бар екендігін мойындау негізінде өз позициясын тиянақтап, басқалардың құндылықтарына құрметпен қарауға үйрету;

- әлеуметтік-саяси: жауаптылық, ортақ шешім қабылдауға және оны бірлесе іске асыруға қабілеттілік, жеке мүдделері мен қоғамдық мүдделерді ұйқастыра алу;

- әлеуметтік-құқықтық: қоғамдағы әлеуметтік бақылау механизмін, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін білу; құқықтық нигилизмді жоюға атсалысу; қылмыстылыққа қарсы тұрудің нормативтік құқықтық базасын білу.

Жалпы ғылыми мақсаттары тәлімгерлерде келесі құзырлықты қалыптастыруды көздейді:

- әдістемелік: тәлімгерлерде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институтының негізгі ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру;

- ақпараттық: тәлімгерлерді қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату саласындағы ғылым мен тәжірибенің соңғы жетістіктеріне қатысты ақпараттарға сыни қарауға үйрету; алған ақпараттар мен деректерді осы саладағы қылмыстық заңнама мен оны қолдану тәжірибесін жетілдіру мақсатындағы ұсыныстар мен пікірлерін қалыптастыруда пайдалануға үйрету;

- құқықтық: тәлімгерлерде қолданыстағы заңнамада бағыт-бағдар алу, оны іс жүзінде қолдану, сәйкес саладағы құқықтық материалдарды талдау, нақты жағдайларды талдап, қылмыстық құқықтық баға беру қабілеттіліктеріне үйрету;

- әлеуметтік-тұлғалық: тәлімгерлерде практикалық қызметінде әлеуметтік тұлғалық қасиеттерін (ұлт аралық қарым-қатынас мәдениеті, заңды сақтау, икемділік, белсенді азаматтық позиция, құқықтық тәрбие және т.с.с.) кәсіби біліктілігімен (қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың нақты түрлері бойынша істерді шешу, құжаттарды білікті жасау, заңдарды білу, қабылданатын шешімге жауаптылығын сезіну және т.с.с.) ұйықастыру қабілеттілігін жетілдіру.

«Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату» курсын игерудің аталған мақсаттарына жету келесі міндеттердің шешілуін көздейді:

- қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институтының ҚР қылмыстық заңының Жалпы бөлімінің жүйесінде алатын орны;

- қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату түсінігіне, түрлеріне, концепцияларына қатысты әралуан ғылыми теориялар мен көзқарастарды талдау және зерделеу;

- қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негізгі теориялық және практикалық проблемаларымен танысу;

- қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға байланысты практикалық істермен танысу және ондағы босату мәселелерінің шешілуіне талдау беру.

Пәндік құзырлығы:

Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға қатысты қолданыстағы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының нормаларын зерттеу тәлімгерлерге осы саладағы қылмыстық құқықтық нормаларды практикалық қызметте еркін қолдануына, осы саладағы заңнаманы шетел нормаларымен және халықаралық құқықтық акттермен салыстыра зерделеуіне мүмкіндік береді.

Пәннен тыс құзырлықтары:

«Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату» пәні қылмыскерлер мен сотталғандарды жауаптылық пен жазадан босату нормаларының көмегімен қылмыстылыққа және басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күресте теориялық және тәжірибелік дайындап, машықтандырудың бірден-бір көзі болып табылады.

Курс міндеттері:

- қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату саласындағы Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықтық саясатының негізгі бағыттары;

- қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институтының пайда болу тарихы;

- қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі, құқықтық табиғаты, жүйесі және түрлері;

- жазадан босату түсінігі, жүйесі мен түрлерінің сипаттамасы;

- қылмыстық жауаптылықтан босатудың Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында көзделген арнайы түрлерінің құқықтық сипаттамасы;

- рақымшылық түсінігі, құқықтық табиғаты, Қазақстан Республикасындағы маңызды рақымшылық акттерінің сипаттамасы;

- кешірім беру түсінігі, құқықтық табиғаты;

- шетел қылмыстық заңнамасындағы қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институты.