Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рим пр каз.doc
Скачиваний:
812
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
10.55 Mб
Скачать

4. Неке түрлері.

Ежелгі Римде заңды неке матримониум деп аталатын. Әйгілі Рим заңгері Модестин некені: "conjunctio maris et feminae, consortium omnis vitae, divini et humani juris communicatio" деп белгілепті (күйеуі мен әйелінің одағы, өмірлік бірлестік, тәңір мен адамзат құқығының бірлігі). Негізінде жағдай мүлдем олай емес болатын. Некеге тұрудың құқықтық алғышарты некеге тұрушыларда jus conibii-дің болуы болып табылады. Бұл термин рим некесіне тұру құқығы дегенді білдірді.

Некенің екі түрі болыпты. Бірі – cum manu. Ол неке манципация (қол салып сатып алу) арқылы жасалатын. Екіншісі – sine manu. Ол неке әйелге бірталай еркіндік беретін. Мысалы, өзінің жасауы өзіне тиісті мүлік болып саналатын, ажырасқан жағдайда жасауын қайтарып алатын. Ол некені жылда жаңарту керек болатын, яғни, бір жыл толмай әйел өз ата-анасының үйіне бірнеше күнге кетіп, қайта куйеуінің үйіне келетін. Себебі бір жылдан көп күйеуінің үйінде қалса, оның тәуелдісі болып кететін.

Рим құқығы некеге тұрудың мынадай талаптарын бекітті:

- Некеге тұрушылардың келісімі;

- Неке жасына жету, ерлер үшін - 14 жас, әйелдер үшін –12 жас;

- Некеге тұрушылар басқа тоқтатылмаған некеде тұрмаулары керек;

- Некеге тұрушылардың арасында туыстық қатынас болмауы керек. Егер де туыстар некеге тұратын болса, ол қылмыс деп саналды. Аға мен қарындас арасындағы некеге тұруға тиым салынатын, егер тіпті ата-аналарының біреуі ғана ортақ болғанның өзінде.

Некеге тұрудың үш тәсілі болды:

1) абыздар мен 10 куәгердің қатысуымен болатын діни салт бойынша құрбандық беру арқылы жасалатын неке;

2) құнды заттарды сатып алуға байланысты бекітілген ережелер бойынша күйеуінің болашақ әйелін, әйелінің әкесінен сатып алуы;

3) ешқандай тәсілді қолданбай-ақ жасала беретін sine manu некесі.

Некені бұзу шарттары: жұбайының қайтыс болуы, біреуінің еркіндігінен айырылуы, ажырасу. Елеулі жағдайлар болмағанда ажырасуға тыйым салынды.

Жубайлардың жеке және мүліктік қатынастары некенің түріне байланысты болыпты: кум ману немесе сине ману. Конкубинат - заңмен рұқсат етілген, некеге тұрмай бірге өмір сүру. Конкубинаттан тұған балаларды және бөтен балаларды асырап алуға (заңдастыруға) болды.

Рersona sui juris тұлғаларды асырап алу алғашқыда тек қана ер адамдар арасында рұқсат етілген, себебі асырап алу халық жиналысында жасалатын, ал жиналыстарға тек ер адамдар қатысатын. Және асырап алушы асырауға алатын адаммен жасы 18 жылдан кем болмау кажет болатын. Мұндай асырап алу тәсілі arrogatio деп аталатын және асырап алушы өзі де persona sui juris болуы тиіс. Империя кезеңінде асырап алу тәсілі жеңілденді, императордың рескриптімен заңдастырылатын. Рersona alieni juris адамдарды асырап алу adoptio деп аталатын, ол тәсіл негізінде тек ол бағынатын paterfamilias ауысатын.

Тақырып бойынша сұрақтар:

Жеке құқықтық қатынастарда рим азаматтары толық құқыққабілетті болуы үшін қандай элементтер болуы қажет?

Рим азаматтары мен латындарға қарағанда peregrini-дің құқықтық жағдайы қандай?

Жеке тұлғаның мәртебесінде пекулиидің пайда болуымен байланысты қандай өзгерістер болды?

Егер де патрон еркіндікке жіберілген тұлғаға алименттен бас тартса немесе оған қарсы іс қозғаса қандай салдар туындайды?

Неге құлдың әйелмен байланысы неке деп саналмады?

Күңнен туған бала ерікті деп санала ма, егер де баланың жатырда біту кезінде баланың шешесі ерікті болған болса?

sine manu және cum manu некелерінің айырмашылығы неде?

Жұбайлардың мүліктік жағдайы қалай анықталады?

Римдіктер familia, paterfamilias, status familiae терминдерін қалай түсінді?

Жекжаттар, бала боп асырып алынушылар мен бала асырып алушылар арасында некеге тұруға бола ма?

Есі дұрыс емес адаммен некеге тұруға бола ма?

Классикалық дәуірден кейін бала асырап алу институтына қандай өзгерістер енгізілді?