Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэкономика в туризме.doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
245.25 Кб
Скачать

1. Таза бәсекелестік нарығы

2. Таза монополия нарығы

3. Олигополиялық нарық

4. Монополиялық бәсекелестік нарығы

  1. Жетілген бәсеке нарығына сипаттама.

Жетілген бәсекелестік жағдайындағы нарықтық құрылымның басты шарттары мыанадай болып келеді:

1. Нарықта біртектес (стандартталған) өнімді өндіретін және сататын фирмалар саны көп болады.

2. Шаруашылық субъектілерінің саладан еркін шығуы және оған еркін кіруі ештеңемен шектелмейді.

3. Нарық ұсынысының жалпы көлеміндегі әрбір жеке фирманың үлесі өте аз, сондықтан ол тауардың нарықтағы бағасына әсер ете алмайды. Керісінше, ол өзі нарықтың стихиялы күшіне тәуелді болады және тыстан берілген бағаны қабылдайды. Сондықтан бұндай нарық құрылымында жұмыс істейтін фирмаларды – «баға қабылдаушылар» деп атайды.

  1. Кәсіпорынның пайдасын максималдау.

  2. Баға алалау.

  3. Нарықты бөлу.

  4. Монополиялық биліктің белгілерін анықтау.

  5. Монополияларды мемлекеттік реттеу.

Монополиялардың мемлекеттік реттеуінің мақсаты: монополияның жағымсыз жақтарын шектеу, атап айтқанда – көтеріңкі бағалар мен өндірістің төмен көлемін. Ол заң және экономикалық шаралар арқылы іске асырылады.

Заң шараларына жатады: бағалар мен нарықты бөлу туралы заңнамалық тиым салу, бірігу (қосуларды бақылау, тұтыну қызмет көрсетулер жиынтығын реттеу).

Экономикалық шаралар – бағалар мен пайдалардың реттеуі: тура (бағаның жоғары және төмен шегін және пайданың шекті деңгейін реттеу) және жанама (салық салу). Енді бағаның жоғарғы шегін белгілеу ахуалын қарайық. Оның мақсаты: төменірек баға бойынша өндіріс көлемінің өсуі. Әдетте бұл шара табиғи монополия қызметтеріне қатысты. Мемлекет белгілеген баға, бір жағынан, фирмаға шығындарының жабуын қамтамасыз етіп, екіншіден, монополиялық пайдаға қол жеткізбеуін қадағалау.

  1. Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері.

Монополиялық бәсеке нарығы төмендегідей негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:

  1. Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде,сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі фирмалар жоқ деп айтуға да болады. Болған күнде де ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтірмейді:

А) монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай.Мысалы, шаштараз немесе жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға өте көп қаражат қажет емес, сондықтан бұндай кәсіпкерлікпен кез келген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.

Б) нарықтағы өнім көлемі, баға және басқада жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады.

В) өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады.Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады,мысалы тіс жуғыш пасталардың дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері және т.б. Сонымен қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына өзгешелік қасиет береді.

  1. Монополиялық бәсекеші фирманың өніміне сұраныс қисығы.

  2. Бағалық емес бәсеке.

  3. Жарнаманың микроэкономикадағы орны.

  4. Олигополия нарығының ерекшеліктері.

Олигополия нарығы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:

а) бұл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір бірімен бәсекелес бірнеше фирмалар болады;

ә) жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе, басшы (лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемін өзгеруіне едәуір ықпал етеді.

б) олигополиялық фирмалардың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс-әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.

  1. Баға қақтығысы.

Пайда қуған жеке фирмалар бір-бірімен қатаң қақтығысқа түсуі мүмкін («баға қақтығысы»), бұл кезде олардың әрқайсысы нарықты жаулап алу мақсатымен бағаны төмендетеді. Баға бірте-бірте төмендеп, орташа шығын деңгейіне жетеді де нәтижесінде бұл фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады. Ал кейбір жағдайда фирмалар бір-бірімен келсімге келіп, бағаны жоғарлатып пайдасын ең жоғарғы деңгейге жеткізеді. Бұл уақытта нарықты бөлу туралы келісім жасалады, басқаша айтқанда, фирмалар бірігіп картель құрады. Сонымен фирмаларға өнімді сату көлемі мен баға туралы жасырын немесе ашық келсімге келу тиімді, бірақ бәсекелестіктің күштілігіне байланысты картель ішкі тұрақсыздықпен сипатталады.

  1. Монополия зардаптарын бағалау.

  2. Талғамның өзгеруі тұтыну тауарына қалай әсер етеді?

Талғам өзгеруі – бұл сұранысты өзгертетін себептердің бірі. Кейде адамдар талғамы тез уақыт аралығында өзгереді (музыка, мода, киім, тамақ). Ал кейбір уақытта жайлап өзгереді. Егер адамдар денсаулығын ойлап, оны күтсе, онда шылымға, өте майлы тағамдарға деген сұраныс азайып, сұраныс қисығы солға жылжыр еді, ал жеңіл тағамдарға, спорт киімдеріне деген сұраныс қисығы оңға жылжыр еді.

  1. Бағаның өсуін күту.

Бағаның өзгеруін күту – бұл фактор да сұраныс қисығына әсер етеді. Егер адамдар бір себептермен тауардың бағасы өседі деп күтсе, онда сол тауарға деген сұраныс көбейіп, ал сұраныс қисығы оңға қарай жылжиды немесе керісінше.

  1. Бюдеттік сызықтың өзгеруіне не әсер етеді?

Тұтынушы таңдауын ары қарай талдау үшін бюджеттік шектеу деген түсінікті енгізу қажет. Әр тұтынушы парықсыздық қисық сызықтары картасындағы координаттар басталуынан (басынан) ең алыс жатқан тауарлар жиынтығына ие болғысы келеді. Бірақ, оны кез келген тұтынушы істей алмайды, себебі қаражаттарда шектелген. Осы тұтынушының қолы жететін тауарлар жиынтығын көрсететін сызық бюджеттік сызық (бағалар сызығы) деп аталады

Егер бюджет теңдеуіндегі бағаның бірі өзгеретін болса, онда бюджет сызығы да өзгереді. Мысалы

  1. Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыруы.

Бірінші жағдайды қарастырайық – пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары делік, яғни

Р>ACmin (3)

Онда, (2) формула бойынша есептесек фирма экономикалық пайда алады. Оны мейлінше арттыру үшін өндіруші өндірісті әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігінің жалпы түсімге (R) қосатын өсімі оның жалпы шығындарға (ТС) қосатын өсімнен артық немесе тең болғанша ұлғайтуы қажет: MRMC немесе жетілген бәсеке жағдайында Р МС, өйткені MR=P. Сондықтан фирма менеджерлері әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы шекті шығындарды өнім бағасымен салыстырулары тиіс. Бұл жағдайда осы өнім бірлігін сату (1) формулаға сәйкес, жалпы пайданы өсіреді.

Мейлінше көп пайда мынадай теңдік орындалған жағдайда шығарылатын өнім көлеміне Q* сәйкес келеді.

РМС.

Бұл шарт жетілген бәсекелес фирма үшін пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін шарт болып табылады.

  1. Экономикалық пайдаға жету жолдары?

  2. Монополияның экономикалық өмірге кері әсері?

  3. Нарықты монополиялаудың негізгі белгілері.

  4. Картельдердің құрылуы.

Жоғарыда айтылғандай егер фирмалар жоғары деңгейдегі бағаны ұстап тұруға келіссе, онда олар бақталас пен бәсекелестерден гөрі жоғары пайда алады. Картель құрған уақытта өндірушілердің белгілі бір тобы тауардың бағасы мен өнім өндіру көлемі туарлы келісімге келеді, соның нәтижесінде пайдаларын жоғары деңгейге жеткізеді. Олигополиялық фирмалар бірігіп, бір монополия сияқты әрекет жасайды: олар тауардың бағасын жоғарлатады, ал өнім көлемін шектеп, бір деңгейде ұстап отырады. Сондықтан картельдің әрбір мүшесі белгілі бір квота тағайындалады.

  1. Баға белгілеудегі лидердік.

Жоғарыда айтылғандай, олигополиялық фирмалар өзара бірігіп, баға мен өнім шығару көлемі туралы келісімге (ашық немесе жасырын) келген уақытта пайдаларын көбейтеді. Дегенмен, фирмалардың бәрін қанағаттандыратын бір деңгейдегі бағаны белгілеу қиын, әсіресе шығындар мен сұраныс өзгеретін болса. Егер нарықта бір басым фирма болып, ол баға белгілеудегі лидер болса, онда жоғарыда айтылған мәселелер өте жеңіл шешіледі. Бұл басым фирма баға белгілейді, ал қалған фирмалар – ілеспелі фирмалар болады. Іс жүзінде бұндай көрініс барлық олигполиялық нарықтарда кездеседі.

Лидер (басым) фирма бағаны қалай тағайындайтынын қарастырып өтейік. Фирма өзіне ең көп пайда әкелетін баға белгілейтіні бізге белгілі және бұл кезде шекті түсім шығынға тең болатыны шарт орындалуы керек. Сондықтан лидер фирма бірінші өзінің тауарына деген таза сұранысты анықтайды. Ол үшін басқа ілеспелі фирмалардың әр түрлі баға деңгейінде сата алатын өнім көлемін анықтайды (ілеспелі фирмалардың ұсыныс қисығын SF), содан кейін бұл көлемді нарықтағы сұраныс көлемінен шегереді. 10.4-суретте лидер фирманың тауарына деген таза (DN) сұраныс көлемінен (D) ілеспелі фирмалардың ұсыныс шамасын (SF) алып тастағандағы айырмасына тең болады.

  1. Олигопоия кезіндегі фирмалардың стратегиясы.

Фирмалардың екі балама бағалық стратегиясы бар: біріншісі - өнімнің бағасын төмендету, екіншісі – бағаны тұрақты бір деңгейде ұстап тұру.

Фирмалардың стратегиялық өзара қатынастарын ойын деп атаймыз.

  1. Қоғамдық игіліктерді өндіру және қоғамдық таңдау.

Қоғамдық игіліктерді өндіру және олардың көмегімен тұтыну қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру әрбір мемлекеттің мүддесіне сәйкес келеді. Нарықтық экономика жағдайында сыртқы әсерлердің салдарынан қоғамдық игіліктер тиімді деңгейден аз өндіріледі. Сондықтан қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну нарықтық механизм жағдайында мемлекеттік реттеуді қажет етеді.

Қоғамдық таңдау теориясы.Мемлекет нарық сәтсіздікке (фиаскоға) ұшыраған салаларға көмекке келеді. Бірақ үкіметтің шешім қабылдау механизмі қандай? Қоғамның қалауы мен ұжымның таңдауы қалай жүзеге асырылады? Міне, осындай сұрақтарға қоғамдық таңдау теориясы жауап береді.

Қоғамдық таңдау теориясы жеке экономикалық бағыт ретінде 1960 жылдардың аяғында қалыптасты. Бұл теорияның пайда болуына көбінесе американдық экономист, Нобель сыйлығының иегері Кеннет Эрроу мен шотландтық экономист Дункан Блэк атсалысты. Олар экономикалық талдаудың принциптерін (шығындар мен табыстар прнициптері) үкіметтің саяси және экономикалық шешімдер қабылдау үрдісіне қолдануды мақсат етіп қойды. Бұл бағыт әріқарай неоклассикалық және неоинституционалистік модельдермен бірге тығыз байланыста дамыды.

  1. Еңбек және еңбекақы түрлері.

Еңбек –адамдардың тауар мен қызмет өндірісне пайдаланылуы мүмкін физикалық және ақыл-ой қабілеті.

Еңбекақы нысаны:мерзімдік (жай, мерзімді-сыйақы), кесімді.

  1. Еңбекті нарықта ұсыну ерекшеліктері.

  2. Олигополия нарығының артықшылықтары.

  3. Икемділіктің микроэкономикадағы орны.

  4. Әлеуметтік сала және туризмдегі микроэкономика пәнінің объектісі.

Микроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл адамдардың экономикалық іс-әрекеттері және олардың жүзеге асырылуында туындайтын жалпы экономикалық проблемалары.

  1. Қызмет пен тауар өндірісінің айырмашылығы.

  2. Өнім өндірісінің ерекшелігі.

  3. Қазақстан Республикасындағы монополист компаниялардың қызметі.

  4. Кәсіпкерлік шешім қабылдаудағы микроэономика пәнінің орны.

  5. Бағалық бәсеке мәні.

бағалық бәсекелестік нарық билігін іске асыру нысаны ретінде өзін монополия және олигополия жағдайларында көрсетеді.

  1. Бағалық емес бәсеке мәні.

Монополия бәсекелестік теориясы ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында ағылшын экономистер Дж. Роббинсон мен Э. Чемберленмен әзірленген. Бұл нарық түрі нағыз бәсекелестік және монополиямен бірдей сипатты бола тұра, қазіргі заманда ең таралған болып табылады. Монополия бәсекелестігінің ең басты белгісі – өнімнің әр түрлілігі, сондықтан кез келген фирма, нарық билігіне ие болып, өз ісінде монополист. Монополистік бәсекелестік нарығында көптеген бәсекелес – сатушылар, кіру кедергілерінің жоқтығы оны нағыз бәсекелестікке жақын қояды. Монополия бәсекелестік жағдайларында қызмет жасайтын фирма нарық билігіне ие болғандықтан, оның өніміне деген сұраныстың қисық сызығы төмен түседі. Сұраныс баға бойынша жоғары икемді, себебі, көптеген субтитут – тауарлары бар. Сондықтан, монополия бәсекелестік жағдайларда фирмалар баға бойынша емес, бағалық емес сипаттар бойынша бәсекеге түседі: сапа, сатудан кейінгі қызмет көрсету, орау. Өткізуді ынталандыру, жарнама, сауда белгілері мен сауда маркалары да маңызды рөл атқарады. Монополия бәсекелестік нарығының мысалдары: тамақ, киім, аяқ киім, тұрмыстық химия өнімдерінің өндірісі, қызмет көрсету.

  1. Қызмет саласының ерекшелігі.

  2. Тауардың негізгі қасиеттері

  3. Микроэкономиканың зерттеу әдістері.

Позитивті микроэкономика – не бар немесе не болу керек деген сұрақтарға жауап бере отырып дәл осы уақытта қалыптасып отырған нақты құбылыстар мен жағдайлардың фактілері мен байланыстарын зерттейді немесе оны басқаша айтсақ, ол нақты жағдайлармен ғана жұмыс істей отырып, іс-әрекеттің ғылыми көзқарастарын зерттеуге ұмтылады. Позитивті микроэкономика субъективтік бағалауға тәуелді болмайды.

Нормативті микроэкономика – экономика қандай болуы керек деген сұрақтың субъективті көзқарасын көрсете отырып, экономикадағы кейбір аспектілердің қолайлы және қолайсыздығын қарастырады. Мысалы, позитивтіде – «Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 10%-н құрайды» делінсе, ал нормативтіде – «Жұмыссыздықты қысқарту керек» деп айтылады.

  1. Курно дуополиясын түсіндіріңіз.

Курно дуополиясының моделі

Олигополия нарығының теориясын Курно дуополиясын қарастырудан бастайық. Екі фирма (А және В) бірдей технологияны қолданады және біртектес өнім өндреді делік. Бұл фирмалардың әрқайсысы шығарылатын өнім көлемін анықтаулары керек және олар шешімді бір уақытта қабылдаулары қажет,

Курно дуополиясы моделінің негізі мынада: әрбәр фирма өнімді шығару жайлы шешім қабылдаған кезде бәсекелесушілердің өндіріс көлемі тұрақты деп санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан Курно моделінде фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезінде өндіріс көлемін таңдау арқылы жүзеге асырылады.

Бір фирманың негізгі мақсатын көрсетейік (басқа фирма үшін де осыған ұқсас болады).

А фирмасы белгілі сұраныс функциясы P = P (QA-QB) және B фирмасыеың өнім шығаруы (QB) тұрақты болған кезде, өзінің пайдасын (ПА) барынша көбейтетін өндіріс көлемін (QA) таңдауы керек:

ПА(QA,QВ) → max

ПА = P(QA-QB)* QA - c(QA) (1)

Мұнда, c(QA) – А фирмасының шығындар функциясы.

Берілген есептің шешімі бірінші қатарлы ұтымдылық шартынан табылады:

P’* QA + P - c¹(QA) =0 (2)

Бұл теңдеу А фирмасының реакция қисығын бейнелейді немесе В фирмасының өнім шығару көлемі өзгереді деп болжамдаған кезде А фирмасының өнімі қалай өзгеретінін көрсетеді. Осындай жолмен В фирмасы үшін де теңдеу алуға болады:

P’* QВ + P - c¹(QВ) =0 (3)

Курно тепе-теңдігі. Екі фирма бір уақытта пайдасын жоғарғы деңгейге жеткізетін өнім көлемдерін Q*А, Q*В таңдайды және бұл кездегі жоғарыдағы (2), (3) теңдеулердің шарттары орындалуы керек, яғни бір фирма екінші фирманың өнім шығару көлемі белгілі бір тұрақты шама деп болжайды. Курно тепе-теңдігі нүктесінде фирманың ешқайсысы да өнім көлемін өзгертпейді, себебі оларды ынталандыратын ешқандай себептер жоқ.

Модельдің негізгі кемшілігі - әр фирманың өзімен бәсекелес фирма өнім көлемін өзгертпейді деп болжам жасауы. Ал күнделікті өмірде фирмалар бағаның өзгеруін, бақталастарының өнім шығару көлемін, өндірістік жағдайларын және т.б. ескеріп отырады.

Енді сызықтық сұраныс функциясы үшін Курно тепе-теңдігі қалай анықталатынын аналитикалық және графиктік түрде көрсетеміз (10.1-сурет).

Төмендегідей сұраныс және шығын функциялары берілсін делік:

P(Q) = K- QA –QB ;

  1. «Тұтқындар диллемесы».

. Ойындар теория методологиясының қағидасын белгілі «Тұтқын дилеммасы» мысалында түсіндіруге болады, – бұл қарапайым кооперативтік емес ойын (нөлдік сомамен). Жеке камерада (бөлмеде) отырып, бір-бірімен байланыса алмайтын 2 тұтқындардың шешім қабылдау процесін (үдерісін) қарастырады. Әр қайсысының алдында дилемма тұр: барлық шындықты айту немесе үндемеу. 3 мүмкін нұсқаның әр қайсысында қандай оқиға болатындығы оларға мәлім.

  1. Егер біреуі де шындығын айтпаса, олардың күнәсі дәлелденбейді, әр қайсысы ең аз жаза – 1 жыл тұтқынға алынады.

  2. Егер екеуінің біреуі шындығын айтса, екіншісі – үндемесе, шындығын айтқан босатылады, ал екіншісі – 15 жылға бас бостандығынан айырылады.

  3. Егер екеуі де шындығын айтса, 3 жылға бас бостандығынан айырылады.

Шешімдердің балама нұсқаларын есептеу матрица (қалып) түрінде көрсетіп аламыз:

Егер тұтқындар дұрыс шешімге келіп, екеуі де шынын айтса, ең жоғары жазаны алу мүмкіндігі әрқайсысы үшін азаяды. Нәтижесінде екеуі де түрмеге 3 жылға отырады. Егер олар келісіп жасаса, (кооперативтік ойын жағдайында сияқты), шешімнің ең тәуір нұсқасын алушы еді. Осылай бұл ойын микродеңгейдегі оңтайлы шешімдер микродеңгейде оңтайлы емес нәтижеге әкелетіндігін көруге мүмкіндік береді. Бұл ойын экономика мәселелерінен алыстау болса да, негізінде олигополистердің мінез-құлқын көрсететін жақсы мысал болып табылады. Олардың алдында әрқашан стратегиялық бағыт (мінез-құлық) таңдау дилеммасы тұрады: агрессивтік бәсекелестікке, баға соғысына дейін барып, нәтижесінде жеңу немесе жеңілу: келісу (райласу), екеуіне де оңтайлы, ұтымды болатын нәтижеге жету. Олигополистердің оңтайлы (тепе-теңдік) стратегиясын таңдау мақсатын қоятын ойындардың мүмкін нұсқалары: бағаны түсіру немесе сол күйінде (деңгейде) қалдыру. «Тұтқын дилеммасы» сияқты, бірақ мүмкін нәтиже ретінде таңдалған бағыттың арқасында фирманың алынған/жоғалтқан пайдасы. Демек, олигополист – фирмалардың алдыңда тепе-тең (оңтайлы) мінез-құлық (іс-әрекет) бағыты, стратегиясын әзірлеу мәселесі тұрады. Мұнда 4 мүмкін нәтиженің біреуі іске асырылады:

  1. Басым болып тұрған стратегияның (бағыттың) тепе-теңдігі (оптимум) – бір ойыншының іс-әрекеті басқасының іс-әрекетінен тәуелсіз ең жоғары нәтижені қамтамасыз етеді («Тұтқын дилеммасы» ойында нәтиженің бұндай нұсқасы мүмкін емес).

  2. Нэштің пікірі бойынша тепе-теңдік (оптимум) – бір ойыншының стратегиясы екінші ойыншы тарапынан белгіленген іс-қимылдардың (әрекеттердің) барында ғана ең жоғары нәтижені қамтамасыз етеді, себебі екеуінің біреуі де жалғыз ең жоғары нәтижеге жетпейді (Нэш бойынша, тепе-теңдік тұтқындардың екеуі де бір жылдан бас еркінен айырылған ахуалда жетеді).

  3. Парето бойынша, тепе-теңдік (оптимум) – бір ойыншы жағдайының жақсаруы екінші ойыншы жағдайының нашарлауынсыз болмайды (тұтқындар 1 жыл немесе 3 жыл бас бостандығынан айырылған ахуал).

  4. Штакельберг бойынша, тепе-теңдік (оптимум) – ойыншы нәтижесінің жақсаруы екінші ойыншының белгілі шешімін қабылдау нәтижесінде болады (әр ойыншы үшін ол мына ахуалда болады: біреуі босатылып, екіншісі 15 жыл бас бостандығынан айырылғанда). «Тұтқын дилеммасы» ойыны бір кезеңдік ойын, онда ойыншылар өзара әрекеттесте 1 рет. Көп кезеңдік (динамикалық немесе қайталанатын) ойындар да болады. Бұндай ойындарда ұзақ мерзімді бағытты таңдаудың маңызы зор.

  1. Жалпы шығындарды есептеу жолы.

Жалпы шығындар мен өнімділік арасында байланыс бар. VС және TС қисықтарының қысқа мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю заңы және еңбектің жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі.

  1. Тұрақты шығындар дегеніміз не?

Тұрақты шығындар ( FС ) деп –қысқа мерзім кезеңіндегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз.

  1. Тұрақты шығындарға не жатады?

Оларға мыналар жатады: амортизациялық өтемдер, жол төлемі, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т.б.

  1. Өзгермелі шығын деген не?

Айнымалы шығындар ( VС ) деп- шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз.

  1. Өзгермелі шығындарға не жатады?

Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б. жатқызамыз.

  1. Өзгермелі және тұрақты шығындар нені береді?

Жалпы шыгын

  1. Микроэкономика қандай ғылымның бір саласы?