Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
126.98 Кб
Скачать

2.1 Табиғи ресурстардың экономикадағы орны

Қазіргі кезде табиғи ортаны қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалану мәселесі ұзақ мерзімдік экономикалық дамудың ең негізгі стратегиялық бағытына, түп қызығына айналды. Бұл стратегия қоғамдық өндірістің үздіксіз дамуын, адамзат өмір сүруінің қалыпты жағдайы сақтауын қамтамасыз етуге тиіс. Аталған мақсатқа тек табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын ұқыпты, тиімді пайдалану нәтижесінде ғана жетуге болады.

Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін етеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары; пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат), су, ауа, орман, жер тек қана өндіріс шикізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады. Өндірістік қатынасқа қосылмаған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек.

Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-тендігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-тендігі сақталуға тиіс. Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет.

Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Заңдылықтардың үйлесімділігі және жүргізілетін шаралардың осы заңдылықтарға сәйкес болуы басты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау жүйесінде негізгі екі заңдылық табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар заңдылығы. Екінші, өндіріс қатынасымен

Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінде ең маңыздыларының бірі – орман болып табылады. Орман ауадағы көмір қышқыл газын сіңіріп алып, өзінен оттегін бөліп шығарады, яғни ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газ балансын қамтамасыз етушілердің бірі және негізгісі болып табылады. Салыстырмалы түрде айтқанда орман жердің өкпесі іспеттес. Бір гектар орман тәулігіне 220-280 көмір қышқыл газын сіңіріп алып, 180-200 кг оттегін бөліп шығарады, Орман ауаны тазартушы, сауықтырушы қызметін атқарады. Бір гектар ормандағы жапырақты ағаштар бір күнде 2 кг фитонцид бөліп шығарады, қылқанды жапырақтар – 5 кг, ал арша тектестер – 30 кг-нан астам. Орманда ауру тудыратын микроптардың күрт азаятындығы байқалады. Қала ауасымен салыстырғанда орманда мұндай бактериялар 300 есе кем. Қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирурхиялық операция бөлмесіндегімен бірдей. Сондықтан қалалардағы, елді мекендегі орман алқаптары (парктер, скверлер т.б.) маңызды денсаулық сақтау, сауықтыру қызметін атқарады.

Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды, жердің тозуын (эрозиясын) болдырмайды. Орман жердің көркі, жанның саясы. Орман су көздерін қорғау қызметін атқарады, ауыл шаруашылық жерлерін, қатынас жолдарын – жел эрозиясынан, құм, шаң басудан қорғайды.

Орман халық шаруашылығында қажетті құнды материал – ағаш береді. Орманда дәрілік, тағамдық, техникалық, өсімдіктер, жеміс-жидек, саңырауқұлақтар өседі. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады. Орманда түрлі жан-жануарлар, құстар, жәндіктер өмір сүреді.

Қазақстан орман қорының жері 21,2 млн.га, оның ішінде ағашты алқап – 9,1 млн.га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн.м3 –ге дейін ағаш даярланады, ал есептелген кесуге болатын шамасы 3-3,5 млн.м3-ге жетеді.

Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. еліміз жылына 11 млн.м3-ге жуық (келтірілген шама) ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.

Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шетелдерден (көпшілігінде Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселе.

Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы. Сондықтан орман қорын өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспрамен жүзеге асырылуы тиіс. Орманда әр жылдық ағаштар өседі. Бұл ағаш өсіру мен оны пайдалануды үйлестіруге мүмкіндік береді. Яғни ағашты өсіруге, оны қорғауға жұмсалатын шығын мен оның өнімдерін пайдалану процестері үздіксіз қайталанып отырады.

Екінші мәселе – ағаш даярлау (кесу, тасымалдау) жұмыстарын ұқыпты жүргізу керек. Бұл жұмыстар кезінде жас ағаштардың өсуіне нұқсан келтірмеуі қажет. Ағаш кесу орман ағаштарының құрамына, жасына байланысты белгіленеді. Ағаш даярлау кезінде әсіресе орманда құнды ағаштардың сақталуы, құнды ағаштар кесіліп және оның орнын басқа құндылығы төмен ағаштар баспауы қадағалануы тиіс. Ағаш даярланғанда оның табиғи өсуіне зиян келтірмейтін техника, технологиялар қолданылуы керек.

Үшінші мәселе – орман қорын кешенді пайдалану. Орманды тек ағаш даярлау үшін емес, оны басқа қызметтерімен үйлесімді пайдалану. Қазақстан ормандарының басым бөлігі 1-топқа жатқызылған. Онда тек қана күтіп-баптау, сауықтыру, тазарту кесімдері жүргізіледі. Бұл топтағы ормандар негізінен экологиялық қызметтер атқарады.

Төртінші мәселе даярланған ағаш қорын кешенді пайдалану, ағаштың сүрегін ғана емес басқа бөліктерін де (бұтақтарын, түбірін, қабығын, қылқанын) пайдалану. Тақтай тілуге жарамсыз құндылығы төмен ағаштарды пайдалану. қазіргі кезде ағаш даярлау, өңдеу қалдықтарынан, төменгі сортты ағаштардан халық шаруашылығына қажетті көптеген бұйымдар, өнімдер (целлюлоза, картон, қағаз, ДСП, ДВп, жасанды талшық пластмасса, жем, спирт, дрожжи, глюкоза т.б.) шығарылады.

Кешенді пайдаланған әрбір ағаш кесуді қысқартуға, сөйтіп орманды қорғауға септігін тигзеді. Ағаш өнімдеріне көпшілік қажеттілікт ағашты кешенді пайдалану, ағаш қалдықтарын пайдалануды (макулатура есебінен) қамтамасыз етуге болады. Сөйтіп орман ағаштары басқа экологиялық, қызметтер үшін сақталады. екінші жағынан ағаш өсіру, қорғау, даярлау шығындары үнемделеді.

Орман қоры өздігінен қалпына келетін табиғат ресурсы болса да, оны пайдалану қарқыны артып отыруына байланысты орман қорын өсіруге, қорғауға еңбек жұмсауға тура келеді. Сондықтан орман халық шаруашылық зерзатына айналды. Осыған сәйкес орман шаруашылығына жұмсалған барлық шығындар, еңбектің нәтижесі, тиімділігі есептелуге тиіс. Орман қоры тиімді пайдалану, қорғау экономикасы орманды өсіру құнын, қорғау шығындарының тиімділігін анықтауды талап етеді. Орман шаруашылығы өндірістің жеке саласы ретінде өзін-өзі қаржыландырады, шаруашылық есеп жүргізеді. Бұл үшін ең бірінші кезекте орман қорын экономикалық бағалай білуіміз керек.

Таяу уақыттарға дейін орман қорын экономикалық бағалау тежеліп келеді. Бұған себеп, бір дағынан орман рентасын мойындамау, екінші жағынан табиғатта өздігінен өскен ағашқа еңбек жұмсалғанда оның құны жоқ деп есептеліп келді. Соның нәтижесінде өсіп тұрған ағаштың, орманның бағасы жоқ, бірақ жеке ағаш кесуге берілгенде бағасы бар.

Орман ағаштарымен қатар, құндылық тудыратын орман қорының жері де бағалануы тиіс. Қысқаша айтқанда орман қорын бағалау қажеттігі мынандай жағдайларда туындайды:

  • орман қоры ұлттық байлық;

  • орман шаруашылығы материалдық өндірістің жеке саласы. Онда орман өсіру, қорғау жұмыстары жүргізіледі. Орман өнімдері басқа халық шаруашылық салаларына пайдалануға тауар қатынасы бойынша беріледі;

  • орман жерлерінің сапасына, орналасу аймағына байланысты оның өнімділігі де әр түрлі;

  • орман шаруашылық шығындары соның нәтижесінде алынған өнімдер арқылы толығымен қайтарылуы тиіс және дифференциалдық рента табиғат байлығының иесіне тиесілі болу керек;

  • орман қорын өсіруді, қорғауды және тиімді пайдалануды экономикалық ынталандыру қажет және орман зиян келтірушілер материалдық жауапкершілікке тартылады.

Орман ағаштарын экономикалық бағалау, оған такса белгілеу басқа табиғат байлықтарын бағалаудан бұрын басталды. Орманды экономикалық бағалағанда әрқашан орман жері ондағы ағаш қоры бөлек бағаланды. Кез келген бағалау, оның ішнде экономикалық бағалау шығындар мен нәтижелерді салыстыру арқылы жүргізіледі. Осы нысандардың негізінде экономикалық бағалаудың бірнеше әдістері белгілі болды.

  1. Орташа алынатын табыс бойынша, оның ішінде:

а) таза табыспен немесе;

ә) жалпы табыс мөлшерімен.

2. Нақты табыс мөлшерімен; оның ішінде;

а) аймақтағы сұранысты есепке алып;

ә) дайындалған ағаш санына қарай.

3. Орман шаруашылық табысын ауыл шаруашылық табыспен салыстырып бағалау.

Орман қорын экономикалық бағалау оның бірнеше ерекшеліктерін ескеруі тиіс.

Орманның негізгі ресурсы ағаштарды өсіруге, қорғауға шығындар жұмсалатын мезгіл мен оның нәтижесін алатын уақыт бір-бірінен алшақ, яғни шығын бірден қайтарылмайды, бірнеше жылдан кейін ағаш пісіп жетілгенде қайтады. Ауыл шаруашылығында өнімді жылда алуға болады, ал орман шаруашылығында жеке ағаштың өсіп жетілуін көп жыл тосуға тура келеді.

Орман жер бетінде бір қалыпты тегіс орналаспаған. Орманды жердің өзінде ағаш өнімділігін әр түрлі, оған қоса ағаштың тқтынуға қажетті сапасы да әр түрді болады. Орман алқаптары тұтынушылардан, негізгі жол магистралдарынан әр түрлі қашықтықта орналасқан. Сондықтан ағаш дайындау шығындары да біркелкі емес және ол орман орналасқан жер жағдайына байланысты едәуір өзгеріп отырады.

Орман қорын экономикалық бағалау оның потенциалды өнімділігіне сүйенуі тиіс. Сонымен қатар, орман өсіру кезінде аралық кесімдерден алынатын тиімдер ескерілуі тиіс. Кейде мұндай кесімдер ағаш қорының 30%-іне жетеді. Орманның потенциалды өнімділігін нақты орман шаруашылық аудандары бойынша ондағы басым ағаш түрінің өсіп жетілу жасына сәйкес анықтайды. Есептелетін уақыт ұзақтығы орманның ұдайы өсуіне қажетті жыл болып табылады және ағаштың кадастрлық жасына сәйкес келмеуі мүмкін.

Кадастрлық жас ағаш түріне, ағаш өсетін аймақтың жағдайына байланысты болады. Бір түр ағаштың өзі әр түрлі аймақта әр түрлі мерзімде өсіп жетіледі. Сондықтан орман қорын орман шаруашылық аймақтары бойынша бағалаған дәлірек болады.

Орман қорын тек қана шикізаттық табиғат ресурсы – ағаш қоры ретінде бағалау жеткіліксіз, оның табиғат қорғау қызметі де бағалануы тиіс. Орманның осы негізгі екі қызметі бір-бірімен тығыз байланысты. Орманда ағаш қоры көп болса, оның экологиялық мүмкіншілігі де мол. Сондықтан орманның осы екі қасиеті біртұтас әдістемелік негізде бағалануы тиіс. Бірақ мұның бір қиыншылығы ағаш қорына байланысты орманның экономикалық тиімін нақты есептеуге болатын болса, оның экологиялық құндылығы дәл өлшеуге келмейді.

Аталған ерекшеліктер орман қорын ренталық қағиданың негізінде экономикалық бағалауға мүмкін екенін көрсетеді. Шығын мен нәтиженің уақыт алшақтығын оны ескеретін ерекше дисконттау тәсілімен есептейді.

Орман қорының экономикалық бағасы деп оны тиімді, кешенді пайдаланғандағы алытанытн барлық потенциалды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тиімдерді яғни орманның халық шаруашылық құндылығының ақшалай өлшемі деп ұғамыз. Орман қоры ретінде ондағы ағаш қоры, орман жері, қосымша және жанама өнімдер, орманның экологиялық қызметтері бағаланады.

Бағалау белгісі ретінде орман қорын тиімді пайдаланғанда алытанытн халық шаруашылық тиім алынады. Халық шаруашылық тиім орманның барлық қызметтері бойынша орман өнімдерінің кадастрлық бағасы немесе шеткі шығын мен дербес шығындардың айырмашылығымен анықталады. шеткі шығын оптималды жоспра негізінде есептеленеді. Шеткі шығын орман алқаптары бойынша белгіленеді. Шеткі шығын шамасы орман алқаптарының атқаратын негізгі қызметіне сәйкес анықталады. Мұнда аймақтың нақты мерзімде орман қорымен қамтамасыз етілуі ескеріледі.

Шеткі шығын шамасы орман шаруашылық шаралардың қалыптасқан, түбірімен өзгермейтін мерзімге белгіленеді. күрделі өзгерістер болған жағдайда шеткі шығын шамасы өзгертіледі. Бір аймақтың өзінде орман ағашының түрі, өнімділігі, іске жарамдылығы әр түрлі болады. Сондықтан олар таксациялық бөлімдер бойынша жеке-жеке бағаланады. Ормандағы ағаштардың жастары әр түрлі болғанымен, бағалануы бірдей, ал олардың жасына байланысты құндылығы басқаша, пісіп жетілгені ғана құнды, сондықтан бағалау уақыт факторын ескеріп жүргізіледі, дисконттау тәсілі қолданылады.

Орман қорының жалпы жиынтық бағасы осы бағалаулардың қосындысы болады. Бірақ іс жүзінде орман ағаштары және орман жері бағаланады.

Орман тек қана ағаш шикізатын беріп қоймайды. Оның табиғи ортаны сауықтыру, экологиялық қызметтері барған сайын маңызды болып келеді. Сондықтан орманды тиімді пайдаланудың ең маңызды шарттарының бірі – осы қызметтерін жетілдіру. Және мына жағдайды ескерген жөн. Орманда ағаш дайындау шамасының артуы оның экологиялық қызметіне нұқсан келмейтін дәрежеден аспауы керек. Солай болған жағдайда екі қызметі бір-біріне қарсы келмейді, қайта үйлесімділік табады. Осыны ескере отырып орманнан ағаш дайындауды қысқарттық десек, бұл шығынды орманды экологиялық қызметіне байланысты сақтау шеткі шығыны деп қарастыруымызға болады. Әрі қарай шеткі шығын мен дербес шығынды салыстырып рентаны анықтаймыз. рента арқылы орман қорын бағалаймыз.

Жалпы орман қорын бағалағанда мәліметтер толық болмағандықтан экологиялық қызметін бағалау оған қосылмайды. Тек қана арнаулы экологиялық қызмет атқаратын ормандар осы қызметіне сәйкес бағаланады және мұндай бағалаулар орманды пайдалану бағытын өзгерткенде оның тиімді немесе тиімсіз екенін дәлелдеу үшін қажет болады.