Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
126.98 Кб
Скачать

2.2 Табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру

Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану, оған барлық халық, жеке кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мүдделі болғанда ғана ауқымды және нәтижелі болады. Мүдделілікті экономикалық ынталандыру тетіктері арқылы басқаруға болады. Экономикалық басқару механизмдерін қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Экономикалық жолмен басқарудың ерекшелігі, мұнда ешкімді күшпен зорлап емес, әркімнің өз еркімен табиғатты қорғауға, оның байлығын молайтып, тиімді пайдалануға жұмылдырады. Табиғи ортаға зиян келтіру, табиғат ресурстарын ысырапқа ұшырату ең бірінші кезекте оған жол бергендердің өзіне тиімсіз болады.

Экономикалық мүдде тудырудың басты әдістері: жоспралау, шаруашылық есеп және экономикалық ынталандыру. Бұл әдістер баға, қаржыландыру, несие, материалдық сыйлық және жауапкершілік, табиғат пайдалану төлемдері, экологиялық нормативтер, т.б экономиалық тетіктер арқылы жүргізіледі.

Жоспарлау басқарудың әкімшілік әдісіне тән деп есептелгенімен, экономикалық басқару механизмінде де маңызы зор. Тек мұнда жоспарлаудың сипаты түбірімен өзгереді. Ол жоғарыдан нұсқау, бұлжытпай орындалатын заң сипатын өзгертіп, іс-әрекеттерді ерікті, сапалы басқару сипатына ие болады. Жоспралау арқылы көптеген жағымсыз құбылыстарды, шығындарды алдын ала болжап, оларды болдырмау шараларын ұйымдастыруға болады. Жоспарла еңбекті белгіленген мақсатта жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Табиғат пайдалану саласында жоспралаудың басты мақсаты – табиғи ортаны қорғаушы, табиғатты тиімді пайдалануды, оның ресурстарын үнемдеп, мүмкін болғанда молайтуды қамтамасыз ету. Жоспралаудың мұндай қызметі нарық экономикасы жағдайында күшейе түседі.

Нарық қатынасы бойынша табиғатты арнайы пайдалану төлемді, табиғат пайдаланушылар табиғат ресурстарын ақылы пайдаланады, табиғи ортаға келтірген зияндарын жоюға, зинға ұшырағандардың шынынын қайтаруға міндетті және табиғи ортаны қорғауға, табиғат қорғау заңдарын сақтауға міндетті.

Табиғат пайдалану жоспарларын айқындау үшін экологиялық нормативтер маңызды рөл атқарады. Олар табиғат қорғау, пайдалану ережелеріне, талаптарына, тәртіптеріне сәйкес анықталады және нақты аймақтық табиғи жағдайына байланысты құрылады. Табиғат пайдалану нормалары орындалғанда, жетілдірілгенде табиғат пайдаланушыларға жеңілдіктер, сыйлықтар беріледі, ал орындалмағанда айып төлем белгіленеді.

Табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру мақсатында баға тетігі кеңінен қолданылады. Жалпы баға деңгейі нарық қатынасына сәйкес қалыптасқанымен, оның негізгі құрамды бөлігі - өнімнің өзіндік құны табиғат пайдалану дәрежесіне сәйкес қалыптасады. табиғат қорғау шығындары өскенде немесе табиғатқа әсер артқанда, төлемдер өскнде, табғат ресурстары ысырапқа ұшырағанда, өнімнің өзіндік құны артады, таза пайда кемиді.

Қорытынды

Сонымен, бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекеше артып отыр және біздің экономикамызда әлі толық зерттелмеген мәселе. Өйткені көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік етті. Тегін затты экономикалық бағалаудың қажеттігі де жоқ еді.

Дегенмен белгілі бір мақсаттар үшін (оптималдық болжамдар, жобалау, жоспарлау, т.б) экономикалық бағалаудың теориялық негізднері, әдістемелері зерттеліп келді. Бірақ экономикалдық бағалау әс-тәжірибеде қолданбағандықтан теориядан қолданысқа жеткізілмеді.

Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін етеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары; пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат), су, ауа, орман, жер тек қана өндіріс шикізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады. Өндірістік қатынасқа қосылмаған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек.

Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-тендігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-тендігі сақталуға тиіс.

Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет.

Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мүдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Табиғат байлығын экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын анықтау, яғни нақты ресурстың адам қажетін өтеуге қосқан үлесін анықтау.

Экономикалық басқару механизмдерін қолданып табиғатты қорғауға, тиімді пайдалануға жағдай жасалады. Экономикалық жолмен басқарудың ерекшелігі, мұнда ешкімді күшпен зорлап емес, әркімнің өз еркімен табиғатты қорғауға, оның байлығын молайтып, тиімді пайдалануға жұмылдырады.