Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТЧЕТ РЕФЛЕКСИЯ І ЖЖ.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

Жақсы сөз,

жан жылуы

1-сурет

Видеодан көрген көріністі талдауүстінде

3-сурет

"1 сұрақ, 1 жауап" әдісінде оқушылар сұрақ жазу үстінде

2-сурет

Блум таксономиясы бойынша әңгімені талдау дәрежесін қалыптастыру үшін, оқушыларға "Жұптас-ойлан-бөліс"әдісін қолданып "Егіншілік дәстүрі" әңгімесін бір-біріне түсіндіруін ұсындым. Топ ішінде талқылауда, тілдің әңгімені талдаудағы негізгі құрал екенін ескере отырып, бір-біріне түсіндіруіне жол аштым.Осы сәтте оқушылар топ ішінде жұпқа бөлініп, берілген мәтінді жұбымен оқи отырып сұрақ қоя талқылады. Бұл жерде ұтымды болғаны, оқушылардың бір-біріне түсіндіруі жүзеге асты. Сондықтан тақырыпқа қатысты тапсырмалар жүйесін диалог түрінде оқытуға, жұптық, топтық әңгімелесуге негіздесе, оқушылар өзара іс-қимылға тартылып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.Одан кейін қайтадан өз топтарына жұптық талқылау барысындаталдаған ақпараттарымен бөлісуін сұрадым. Оқушылардың бір-біріне түсіндіру қабілеттерін арттырумен қатар, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттырып, сабақ барысындағы іскер қарым-қатынасы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыратыны анық.Осы түсінгендерін білу мақсатында топтардың бір-біріне сұрақ қоюларын ұсындым. "Егінді немен орған?", "Жел шақыру үшін балалар не істеді?", "Егінді қалай жинайды?", "Бұл еңбек неге ортақ?" деген сұрақтарды топ ара бір-біріне қойды.

«Визуалды айғақтарды қорғау «Кері байланыс жасауда»

үстінде» 4- сурет 5- сурет

Бұл сұраққа жауап беруінен әңгімені дұрыс талқылай алғандарын аңғардым. Бағдарламаның ұстанатын идеясы да сол, яғни оқушының пәнді түсініп қана қоймай, алған білімдерін шынайы өмірде қолдана алуы.

Одан әрі сабағымда оқушылардың оқудағы эмоционалдық кедергілерін жою мақсатында, сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушыларға жас ерекшелігіне сай көңілді әуенге билеп, бойларын сергітіп алуды ұсындым. Оқушылар әуенмен бірге биледі. Бастауыш сынып оқушылар болғандықтан, олардың көңіл күйлерінің көтерілгені күлімдеген көздерінен көрінді.

Келесі кезеңде оқушылардың алған ақпаратарына сүйене отырып, өздерінің ойын жинақтап, өзіне қандай ұтымды ой түйгенін білу мақсатында интербелсенді тақтадан бидайдың суретін көрсетіп, осы бидайды жинауға қатысты бүгінгі "Егіншілік дәстүрі" тақырыбынан өздеріңізге қандай ой түйгендеріңізді жазыңыздар деп,оқушыларға әңгіме арқылы алған біліміне ақпараттық талдау жасауын ұсындым. Оқушылардың алған біліміне талдау жасау үшін ойланып мынадай жауаптар берді: А. деген оқушы "Бидайды: егеді, суарады, баптайды, жинайды, бастырады", А. деген оқушы: "Жинау, бастыру, дән тазалау, қамбаға салу", Н. деген оқушы: "Жинайды,дән тазалайды, бастырады, екшеу, әдемі дәстүр" деп топта талқылағандары бойынша жауап берсе, С. деген оқушы ешқандай оқушының жауабын қайталамай"Жеміс ортақ, бір-бірінің қолын қақпайды, бастырады, тазалайды, екшейді", Н. деген оқушы: "Күзгі еңбек, егін жинаудың дәстүрі, қолың қақпайды, көмектеседі, жеміс ортақ" деп өз ойларын жеткізді. Оқушылардың сабақтан алған әсерлері мен қорытынды пікірлерін білу мақсатында кері байланыс жасауларын ұсындым.(5-сурет)

Оқушыларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін мынандай сұрақтар төңірегінде ойланып жазуларын бағыттадым."Не ұнады?", "Не ұнамады?", "Не қиын болды?", "Тілек"."Не ұнады?" дегенге Д. деген оқушы "Маған сабақта әңгімені тобымдағы жұбыма түсіндірген ұнады", А. деген оқушы "Маған топта отырып жұмыс істеген ұнады", Т. " Маған билеген ұнады" деп осы сынды ұнатқандарын жазса, басым көпшілігі "Жұптас-ойлан-бөліс" әдісінің ұнағанын жеткізіпті. "Не ұнамады?" дегенге Е. деген оқушы "Әңгімеде жазылған, балалардың жел тұрғызу үшін ысқырғаны ұнамады",-деп мәтіннен алған әсерін жазыпты."Не қиын болды?" дегенге А. деген оқушының "Мен өз ойымды айтуға ұяламын",-деген жауабынан, осыоқушымен әлі де топта ашылу үшін, топтық, жұптық тапсырмалар барысында жұмыс жасауын қадағалау керек деп түйдім.Бұл кері байланыс арқылы мен оқушының сабақтан алған әсері мен тақырыпты түсінуде ненің қиындық келтіргенін және де, сабақтағы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерінің тиімді жақтарын аңғардым.Жекелеген оқушылардың қажеттілігін білу үшін кері байланысты жасауда бұл стратегияны қолдануым, менің келесі сабақты жоспарлауыма оң ықпалын тигізді.Сабақтың соңында, топ ішіндегі бағалаушыларға сөз берілді. Бағалау үшін табыс критерийлерінің "Сұрақты дұрыс құра білуі". "Күзгі еңбекті анықтай алуы". "Әңгіменің негізгі идеясын түсініп, жұбына түсіндіре алуы". "Оқығаны бойынша ойын түйіндеуі" өлшемдерін басшылыққа ала отырып, ұпай сандарын айтып шықты. Қойылған табыс критерийлеріне оқушылар келісіп қана қойған жоқ,келесі жолдары жоғары нәтижеге жету үшін қандай кемшіліктерін жою керектігін түсінді." Үйге мәтіннің мазмұнын әңгімелеп келуге бердім.

Бұл сабағымды қорыта келсем келешекте жұптық, топтық жұмыстарда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы мен талқылауын дамытуымды көздеймін. Оқушыларға нақты ақпарат емес, терең ойланатын тапсырмалар беру, тиімді сұрақ қою маңызды деп пайымдаймын.

Орындаған: Ботаханова М.Е