Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ИП каз отд.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
41.09 Кб
Скачать

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Жоғарғы құқық мектебі

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы

«Бекітемін»

  1. Жоғарғы құқық мектебінің

  2. директоры, з.ғ.д., профессор

  3. У.Шапак

  4. «____»____________2014 ж.

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пәннің атауы: «Атқарушылық іс жүргізу»

Мамандығы: 5В030100 – «Құқықтану»

Оқу нысаны: күндізгі

Оқу сабағының түрлері

Курс/семестр

1

Дәріс 30 сағат

3 курс 6 семестр

2

Тәжірибе 15 сағат

3

Лабораториялық сағат

4

СӨЖ67 сағат

5

СОӨЖ 23 сағат

6

Емтихан

Барлығы: 135 сағат

Астана, 2014 ж.

  1. Түсіндірме хат

  1. Оқытушы туралы мағлұматтар: аға оқытушы Асылбекова Айгуль Ахметовна

Пәннің сипаттамасы: Атқарушылық іс жүргізу пәні соттың нормативтік актілерін және басқа органдардың юрисдикциялық актілерін мәжбүрлеп орындату мақсаты болып табылатын азаматтық іс жүргізудің бір сатысы ретінде қарастырады.

Пререквизиттері: Бұл пән туралы білім алу үшін мемлекет және құқық теориясы, Конституциялық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы пәндерін толық меңгеру керек.

Постреквизиттері: Бұл пән туралы білім алғаннан кейін басқада құқық салаларын, яғни төрелік іс жүргізу, альтернативтік даулар салаларын толық меңгеруге өз көмегін тигізеді

Пәннің мақсаты мен міндеті: «Атқарушылық іс жүргізу» курсын оқудың мақсаты студенттердiң атқарушылық сот өндірісінде атқару органдары iске асыру барысында сот орындаушысы мен iске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормаларының маңызын, құқықты қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсiнуi, студенттерде құқықтық көзқарастарды, барлық негiзгi iс жүргiзушiлiк институттар мен ұғымдар: атқарушылық іс жүргізу құқығы саласының мәнi, атқару өндірісін сот орындаушылар жүзеге асыру бойынша қызметi екендiгi, iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың ерекшелiгi, сот орындаушысы мен іске қатысушы тұлғаларының құқықтары мен мiндеттерi, процесс сатылары туралы, яғни атқарушылық іс жүргізу құқығы басшылыққа алатын құқықтық ұғымдар туралы дұрыс түсiнiк қалыптастыру.

Бұл курсты оқудың мiндетi: құқықтың қажеттi қайнар көздерiмен, бұл құқық саласының концептуалды мәселелерiмен таныстыру, маңызды заң актiлерi мен Қазақстан қатысатын атқарушылық іс жүргізуді реттейтiн, атқарушылық нормалары бар халықаралық шарттарды меңгеру, атқарушылық іс жүргізу принциптерiн бiлу, әрбiр нормасының мағынасын, оның нақты мазмұнын анық түсiндiру, соттың және атқарушылық іс жүргізуде қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi туралы, оларға қойылатын құқықтық және адамгершiлiк талаптар туралы нақты пiкiрдi орнықтыру.

    1. Курстың мазмұнын білуіне қойылатын талаптар:

Студент білу керек: Оқыту процесінде Атқарушылық іс жүргізу құқығының жалпы бөлімі бойынша теориялық білім ала отырып, ерекше бөліміндегі атқару сатыларын қарастыру керек.

Студент істей білу керек: Студенттер уақытында жеке тапсырмаларды орындап, қажетті көшірмелер жасап, қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауы тиіс.

Студент меңгеру керек: Студент алған білімін кейін тәжірибеде сауатты қолдану және өз ойы мен пікірінде тұруға үйренуі керек

Бөлімдер/тақырыптар

Оқу сабағының түрлері (сағат)

Дәріс

Тәжірибе/

практикалық

Лабораториялық тәжірибе

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

1

Атқару өндірісінің тарихы

2

1

1

5

9

2

Қазақстандық құқық жүйесіндегі атқару жүйесінің орны. Атқару өндірісінің қайнар көздері

2

1

2

4

9

3

Атқару өндірісінің органдары

2

1

2

5

10

4

Атқару өндірісінің қатысушылары және олардың іс жүргізушілік құқықтары мен міндеттері.

2

1

2

5

10

5

Атқару әрекеттерін жүзеге асыру кезінде өндіріп алушының, борышкердің және өзге де тұлғалардың құқықтарын қорғау.

2

1

2

4

9

6

Мәжбүрлеп орындатуға жататын актілер

2

1

2

5

10

7

Атқару құжаттарын орындатуға қойылатын мерзімдер

2

1

2

5

10

8

Сот актілері мен өзге де органдардың актілерін орындау тәртібі

2

1

2

5

10

9

Борышкердің мүлкін өндіру бойынша жалпы ережелер

4

2

2

4

12

10

Борышкердің жалақысынан және өзге де табысынан өндіру тәртібі

2

1

2

5

10

11

Өндіріп алушылар арасында өндірілген сомманы бөлу. Атқару алымы.Атқару әрекеттерін жүзеге асырғаны үшін шығындар

2

1

1

5

9

12

Жеке санаттағы істер бойынша атқару құжаттарын орындау ерекшеліктері

2

1

1

5

9

13

Шет ел элементінің қатысуымен және шет елде атқару өндірісі

2

1

1

5

9

14

Шет елде атқару өндірісінің жалпы сипаттамасы

2

1

1

5

9

Барлығы

30

15

23

67

135