filosofia_test_zhauaby_2
.docxХХ ғ. әлеуметтік-гуманитарлық танымның бір ағымы, ол структураны, яғни әртүрлі өзгерістерде өзінің тұрақтылығын сақтайтын элементтер арасындағы қатынастар жиынтығының біртұтыстығын зерттейтін, яғни құрылымды анықтайтын философиялық бағыт. Өкілдері: Клод Леви Строс, Ролан Барт, Жак Лакан, Мишель Фуко, Луи Пьер Альтюссер.
-
Эрос пен танатос.
Эрос пен танатостың тұрақты ара қатынасы – адамның өмірі.
-
Әлеуметтік философия сипаты.
Әлеуметтiк әлемге деген өзiндiк көзқарасын қалыптастырады, ал мұны басқа жеке ғылымдар жасамайды, өйткенi олар көпқырлы әлеуметтiк құрылымның тек жеке үзiндiлерiн зерттейдi.
-
Антропогенез дегеніміз не?
Адамның шығу тегі мен эволюциясы туралы ілім.
-
Дедукция мен индукция.
Индукция – ой қозғалысы процесінің жекеден ерекше арқылы жалпылыққа өтуі. Дедукция – ой қозғалысы процесінің жалпылықтан ерекше арқылы жекелікке өтуі.
-
Сезімдік таным формалары.
Түйсік, қабылдау, елестету.
-
Рационалдық таным формалары.
Ұғым, пікір, тұжырым.
-
Философия тарихында диалектикалық логика категорияларының, принциптерінің және заңдарының жүйесін алғаш болып негіздеген кім?
Гегель.
-
Объективті шындықты білдіретін концепция.
-
Адам болмысы.
Жан мен рух болмысы.
-
Қарапайым сана дегеніміз не?
Объективті шындықты бейнелейтін жоғары ұйымдасқан материя, адам миының функциясы, қасиеті.
-
Ортағасырлық батысеуропалық философиясының концептуализм өкілі кім?
Пьер Абеляр.
-
Верификация принципінің авторы.
-
Әлеуметтік философия.
Қоғам мәні мен адамның қоғамда алатын орны туралы философиялық бөлім.
-
Синергетика дегеніміз не?
Материяның өзіндік ұйымдасу қабілеті.
-
Даму дегеніміз не?
Қайталанбайтын, заңды және бағытты өзгерістерді білдіретін философиялық ғылыми категория.
-
Мәдениет философиясының сипаты.
ХХ ғ. бірінші жартысындағы еуропалық философиялық бағыт; мәдениетті ерекше феномен деп қарастыратын кез келген философиялық рефлекция.
-
Орыс космизмі негізін салушы кім?
Н. В. Федоров.
-
Сана әдістері: физикализм мен солипсизм.
Физикализм – сана мәселесін қарастырудағы шектен шыққан материалистік көзқарас, олардың пікірінше, өзіндік субстанция ретінде сана жоқ, сана тек материядан туындайды. Солипсизм – бұл да шектен шыққан көзқарас, жеке адам санасы – ең айқын, дәлелденген шындық, ал материалдық дүние – тек жеке сана туындысы.
-
Әлеуметтік сфера.
Еңбек бөлінісіне, өндіріс жабдықтарының меншігіне және ұлттық факторға негізделген қоғамның ішкі құрылысының жүйесі.
-
Ноосфера. Негізін салушы кім?
Табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесу сферасы, яғни адамның ақыл-ой қызметінің ортасы, сферасы. Э. Леруа.
-
Этика. Эстетика.
Эстетика – адамның дүниені сұлулық, әсемдік заңдылықтары тұрғысында бейнелеуі туралы ілім. Этика – мораль мен әдептілік туралы философиялық ілімдер жүйесі.
-
Табиғат туралы ілім.
Физика.
-
Қоғам дегеніміз не?
Адам қызметінің тарихи қалыптасқан формаларының барлық жиынтығы, яғни жүйелік құрылым.
-
Дін, мифология, философия.
Дүниеге көзқарас.
-
Философиялық білім ерекшелігі.
Білімге негізделген, рефлексиялық, логикалық, нақты ұғымдар мен категорияларды тірек етеді.