Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫ НАРЫТАРЫ.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
27.43 Кб
Скачать

3.Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары

Монополиялық билігі бар факторлар нарығы әдетте кәсіподақ қызметімен ойда байланыстырылады. Еңбек нарығында өзінше монополист ретінде бола тұра, кәсіподақ өз мүшелерінің де, жалданған жұмысшылардың да бағасына (жалақысына) айтарлықтай ықпал жасайды. Бұны тыңғылықты қарастырайық. 88 суретте бәсекелес еңбек нарығындағы тепе-теңдік көрсетілген, А нүктесі – нарықта кәсіподақтың қатысуынсыз орнатылған нарық тепе-теңдігінің нүктесі. Монополиялық билікке ие кәсіподақтың кірісуінде ахуал мүлде өзгереді. Енді бұл нарық монополиялық болып барады, ал кәсіпорын еңбектің кез келген бағасын және жалданатын жұмыскерлер санын белгілей алады. Жұмысшылар санын көбейту мақсатымен ол өз мүшелігін L1 дейін шектеп, жалақыны W1 деңгейде белгілейді.

жалақы

w1

w2

SL

w' А

MR DL

L1 L2 L3 жұмыскерлер саны

88 сурет. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік пен кәсіподақ қызметі

Сонымен, кәсіподақ мүшелері оның қызметінен ұтады да, мүшелігі жоқтар – жоғалтады. Өз мүшелерінің баламалы табысын жоғарылату мақсатымен кәсіподақтың мүшелікті шектеу процесі (үдерісі)монополиялық фирманың пайданы жоғарылату мақсатымен өндіріс көлемін шектеуіне сәйкес. Графикте – шекті табыстың қисық сызығы еңбектің нарықтық ұсынысының қисық сызығын кесіп өтеді (ұсыныс қисық сызығы – бұл жалданған жұмысшылардың баламалы шығындары), яғни L1. Бұл тәсіл қоғамдық пайда тұрғысынан ең нәтижелі емес. Ең нәтижелі нұсқа: жұмысшылар саны L1 деңгейден шекті табыс = 0 деңгейге дейін өскенде болады. Басқа сөзбен айтқанда: барлық жалданған жұмысшылардың жиынтық жалақысы W2 нүктесінде өседі. Кәсіподақ қызметінің қаралған үлгісі бірсекторлы деп аталады, өйткені онда кәсіпорынмен қамтылған тек қана экономика секторында (бөлімінде) болып жатқан процестер (үдерістер) талданады. Осыдан және де кәсіпорынмен қамтылмаған экономика секторында болып жатқан процестерді (үдерістерді) талдағанда, жұмыскерлерді жалдаудың 2 секторлы үлгісі пайда болады. Екінші секторға кәсіподаққа мүше болмаған жұмысшылар ауысып жүрген экономикалық қызметтің аялары кіреді. Жай айтқанда, кәсіподақ мүшелерін одақ қызметкерлері, ал оған кірмегендерді – одаққа кірмегендер деп атайық. Одақ қызметкерлері мен одаққа кірмегендердің жалпы саны тұрақты дейік, сондықтан еңбектің нарықтық ұсынысы тік.

Есептер, жаттығулар, тестілер

1. Өндіріс факторларына сұраныс анықталады:

а) басқа факторларға деген сұраныспен

б) фактордың өнімділігімен

в) фактор өндіретін өнімге деген сұраныспен

г) барлық жауаптар дұрыс

2 «Фактордың шекті табыстылығы» көрсеткіші анықтайды:

а) өндіріс факторларына деген сұранысты

б) өндіріс факторларының ұсынысын

в) өндіріс шығындарын

г) осы фактордың көмегімен өндірілетін тауарларға деген сұранысты

3. А өндіріс факторының бағасы – 5 долларға тең, ал оның шекті табыстылығы – 7,5 доллар. В фактордың бағасы 12 долларға тең, шекті табыстылығы – 10 доллар. Пайданы жоғарылату үшін фирма факторларды қалай үйлестіру керек?