Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инга Тест 300- студентам.doc
Скачиваний:
79
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
589.31 Кб
Скачать

99. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Жұмыс аяқталайын ... жатыр.

A) дей

B) деп

C) дейді

D) десіп

Е) деген

100. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Балжан анасына көмектесіп ... керек.

A) етсе

B) десе

C) болса

D) қылса

Е) етсем

101. «Деп» қимылдың жасалуға дайын екенін білдіретін қызметін көрсетіңіз.

A) Гүл ашылмайын деп тұр.

B) «Ертең жиналыс болады», - деп кетті.

C) «Досыңмен тату бол» - деп күнде айтады.

D) Жұрттар оны: «басқа жаққа кетті», - десіп жүр.

Е) «Маған ертең келем» -деп кетті

102. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз.

Ертең ауа райы ашық ... жақсы ... еді.

A) боп,етер

B) десе, қылар

C) болып, деген

D) болса, болар

Е) болып, десе

103. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Айдар мына шаруаны тез істеп ... екен.

A) ету

B) деді

C) болса

D) қылды

Е) қылса

104. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Бакуде орнатылған тутұғыр әлемдегі ең биік нышан ... саналып келген болатын.

A) дей

B) деп

C) десе

D) демек

Е) деген

105. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

«Оқып білім мен ғылымды меңгер», -... өсиет етті бабам.

A) айт

B) деп

C) бол

D) десе

Е) дей

106. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Спортты денсаулықтың кепілі... білемін.

A) деп

B) деген

C) айтты

D) ескертті

Е) айтқан

107. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Болашақта заңгер боламын ... отырмын.

A) деп

B) десе

C) деген

D) дейін

Е) дей

108. «Де» етістігі мақсат мәнін білдірген сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ертеңге дейін үлгеруі керек.

B) Дегенмен сөзі бекерге шықпады.

C) «Ғылым таппай мақтанба», -деді Абай.

D) Дана досының жағдайын сұрайын деп келді.

Е) Кітапты бере сал деді

109. Сөйлеушінің мақсатын білдіріп тұрған сейлемді белгілеңіз.

А) Бұл мейрамхананың тамақтары сапапы, дәмді екен.

B) Кейбір тағамдар қымбат болса да, дәмді болмайды.

C) Алматыда ұлттық мейрамханалар көбейіп келеді.

D) Туған күнімді мейрамханада өткізейін деп мәзірді қарай бастадым.

Е) Наурыз мейрамы өте жақсы тойланды

110. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Ол дәрігердің қабылдауына ертең келетін .... үйіне қайтты.

A) боп

B) болса

C) болар

D) болған

Е) болатын

111. Сөйлемді толықтырыңыз.

Шахматтан өтетін жарысқа бес жұп қатысатын .... қуанып қалдық.

A) десе

B) деп

C) болып

D) шықты

Е ) деген

112. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Осадан кейін тіл тазалығын сақтау туралы БАҚ ... бастады.

A) жүргіштей

B) жазғыштай

C) көргіштей

D) келгіштей

Е) барғыштай

113. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Болған жағдайды ... отыра бердім.

A) өкінгенсіп

B) күлімсіреп

C) білмегенсіп

D) ұялғансыпъ

Е) келгіштей

114. Кенеттен (байқаусызда) орындалған іс-әрекетті көрсетіңіз.

А) Айман - жеңіл атлетикадан спорт шебері.

В) Айман осы тоқсанда бірнеше жарысқа қатысатын болды.

C) Қатты сасқалақтаған Айман жарыста құлап қалғанын айтып қойды.

D) Қатты қуанғаннан Айман жарыста көрген қызықтарын түгел айтты.

Е) Айман мектебіміздің мақтанышы.

115. Төл сөздің төлеу сөзге айналған толық нұсқасын белгілеңіз.

Әкеме «Бүгін жұмыстан ертерек сұранып кел, ағамның қызының бүгін тойы екенін ұмытпа», - деді анам.

A) Анам әкеме жұмыстан соң тойға баруды өтінді, себебі қызының үйлену тойы.

B) Әкем анама ертерек жұмыстан келуді тапсырды, себебі бүгін - туған күн кеші.

C) Анам әкеме жұмыстан ертерек сұранып келуді, ағасының қызының тойы екенін есжертті.

D) Анам әкемнен қызының туған күнінде ертерек келуді өтініп жатты.

Е) Анама әкем жұмыстан ертерек келетінін айтты.

116. Толымды және дұрыс жауапты белгілеңіз.

Көңілін сұрап барған әріптестеріне емдеуші дәрігер: «Берген дәріні ішпейді, жастығының астына тастай береді. Ауруға ем керек, дәріні ішпесе, қалай жазылады?» - деп айтыпты.

A) Берген дәріні ішпей, жастығының астына тығып қояды деп дәрігер шағымданыпты.

B) Көңілін сұрап барғандарға дәріні ішпей-ақ жазылып кететінін айтып жатыр.

C) Әріптестеріне емдеуші дәрігердің дұрыс ем қолданбайтынын айтып шағымданыпты.

D) Көңілін сұрап барған әріптестеріне емдеуші дәрігер берген дәріні ішпейтінін, жастығының астына тастайтынын, ауруды дәрімен емдемесе, жазылмайтынын айтыпты.

Е) Көңілін сұрап барған әріптестеріне дәргер емделуші туралы шағым жасапты.

117. Жас маманның не туралы айтқанын көрсетіңіз.

«Біз жаңа технологияны өндіріске қарқынды түрде енгізуіміз керек», - деді жас маман.

A) Жас маман жаңа технологияны өндірісте қолданып жүргенін айтты.

B) Жас маман жаңа технологияны, құрал-жабдықтарды ұнататынын айтты.

C) Жас маман қазіргі кезде жаңа технологияны нашар меңгергендігін айтты.

D) Жас маман жаңа технологияны өндіріске қарқынды түрде енгізу керектігін айтты.

Е ) Жас маман өндіріске жаңа технологиялардың шұғыл керектігін атқан.

118. Сәуленің сөзін басқа адамға жеткізіп тұрған нұсқаны табыңыз.

«Қаражат жетпейтін сияқты», - деді Сәуле.

A) Сәуле қаражаттың жетпейтінін айтты.

B) Сәуле қаражаттың жетпейтінін дәлелдепті.

C) Сәуле қаражаттың жетпейтінін көрсетіп берді.

D) Сәуле қаражаттың жетпейтінін есептеп шығарды.

Е) Сәуле қаражат керек деді.

119. Төл сөздің төлеу сөзге айнапған толық нұсқасын белгілеңіз.

Бауыржан Момышұлы:

- Басыңдағы бақыттың қадірін қонғанда білмейсің, ұшқанда білесің, - дейді екен.

A) Бауыржан Момышұлы бастағы бақыттың қадірі қонғанда емес, ұшқанда білінетінін айтады екен.

B) Бақытты қонғанда емес, ұшқанда сезетінін айтыпты батыр.

C) Бастағы бақыттың ұшқан құс сияқты екенін, оның қадірін ұшқанда білетінін ескертіпті.

D) Бақ ұшқан құс сияқты, оны ұстап тұру өте қиын деп айтыпты Бауыржан Момышұлы.

Е) Басыңдағы бақыттың қадірін ұшқанда білетіні жайлы айтылған.

120. Толымды және дұрыс жауапты белгілеңіз.

- Театр өзін-өзі қаржыландыра алмайды, - деді актер.

A) Театрдың қаржыландыра алмайтынын айтты актер.

B) Актер театрдың өзін-өзі қаржыландыра алмайтындығын айтты.

C) Өзін-өзі қаржыландыратын бірде-бір мекеме - театр деді.

D) Театрдың өзін-өзі қаржыландыруға мүмкіндігі жоқ екенін айтты.

Е) Актер театрдың қаражаты туралы айтты.

121. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.

«Тіл жоқ жерде ұлт жоқ», - деген Ш. Айтматов.

A) Ш. Айтматов, - тіл жоқ жерде ұлт жоқ, - деген.

B) Тіл жоқ жерде ұлт жоқ, - деп Ш. Айтматов айтқан.

C) Ш. Айтматов: «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ» - деді.

D) Ш. Айтматов тіл жоқ жерде ұлт болмайтынын айтқан.

Е) «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ», - деді Ш. Айтматов.

122. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.

Ы. Алтынсарин: «Байлық - қанағат пен еңбекте», - деген.

A) Байлық - қанағат пен еңбекте, - деген Ы. Алтынсарин.

B) Ы. Алтынсарин, - байлық - қанағат пен еңбекте, депті.

C) Байлық - қанағат пен еңбекте, - деп Ы. Алтынсарин айтқан.

D) Ы. Алтынсарин байлықтың қанағат пен еңбекте екенін айтқан.

Е) Ы. Алтынсарин: «Байлық - қанағат пен еңбекте», - деп айтқан.

123. Төлеу сөзді төл сөзге айналған түрін табыңыз.

С. Сейфуллин тіршіліктің негізі - еңбек екендігін айтқан.

A) С. Сейфуллин: «Тіршіліктің негізі - еңбек», - деді.

B) Тіршіліктің негізі - еңбек туралы айтқан С. Сейфуллин.

C) С. Сейфуллин Тіршіліктің негізі - еңбек екенін ескерткен.

D) С. Сейфуллин тіршіліктің негізі - еңбек екені жайында айтыпты.

Е) С. Сейфуллин тіршіліктің негізі еңбекте екенін аманат еткен.

124. Сөйлемдегі ой желісіне толық сай келетін нұсқаны көрсетіңіз.

Б. Момышұлы отбасының өнегесі - Отан өнегесі екендігін айтқан.

A) Б. Момышұлы депті, отбасының өнегесі - Отан үлгісі.

B) «Отбасының өнегесі - Отан өнегесі», - деді Б. Момышұлы.

C) Отбасының үлгісі - Отан өнегесі екенін айтқан Б. Момышұлы.

D) Б. Момышұлы отбасының өнегесі Отанның да өнегесі екенг туралы айтқан.

Е) Б.Момышұлы отбасы өнегесі – Ана екенін айтыпты.

125. Төл сөзді табыңыз.

A) Мақал-мәтел - маржан сөз, арасына қоса көрме арзан сөз.

B) «Жақсы сөз - жарым ырыс», - деген ғой дана халқымыз.

C) Ата-бабаларымыз аталы сөздерді көп айтып қалдырған.

D) Аталарымыз айтқан асыл сөздерді ұмытпағанымыз абзал.

Е) Мақал-мәтел тоқсан ойдың тобықтай түйіні.

126. Төл сөзді көрсетіңіз.

A) Әлима енді не істеймін деп ойлады.

B) Бану оған не істеу керегі туралы айтты.

C) Айнұр одан: «Енді не істемекшісің, Кәмшат?» - деп сұрады.

D) Нұржамал Сәуледен бәрін сұрап білгісі келді, бірақ батылы жетпеді.

Е) Сәуле мақал-мәтелдер көп біледі.

127. Төл сөзді табыңыз.

А) Көзі тірісінде - ақ батыр жайлы аңыздар көп айтылатын.

B) «Бауыржан өте батыл адам болған», -дейді көзі көргендер.

С) Бауыржанның қайсар әрі әділ адам екенін жазушы Бек айтқан еді.

D) Аңыз адам атанған Бауыржан атамыз туралы әлі талай аңыздар айтылар.

Е) Бауыржан майданда ерлік көрсеткен батыр болған.

128. Төл сөзді көрсетіңіз.

A) Әлия мен Мәншүк Ұлы Отан соғысында батыр атағын алған.

B) «Әлия мен Мәншүк - шығыстың қос жұлдызы», - деді тарихшы ағай.

C) Баяндамашы Хиуаз Доспанованың қазақтың қайсар ұшқыш қызы, халықтың қаһарманы екені жайлы ақпаратты айтып берді.

D) Бұл жолғы баяндама қазақтың батыр қыздары және олардың ерліктері туралы екен.

Е) Әлия мен Мәншүк майданға барған.

129. А. Байтұрсыновтың өз сөзін көрсетіңіз.

А. Байтұрсынов тіл жойылса ұлт жойылатынын жазған.

A) «Тіл жойылса да, өмір жалғасады».

B) «Тіл жойылса, ұлт та жойылады»

C) «Тіл жойылса да, өмір суру мүмкіндігіміз бар».

D) «Тілімізді сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу аса қажет».

Е) «Тіл жойылса да, өмір тоқтайды».

130. Мекеме басшысының өз сөзін табыңыз.

Мекеме басшысы көп балалы отбасыларға қаржылай көмек көрсетілетіні туралы хабарлады.

A) «Көп балапы отбасыларға қаржылай көмек көрсетіледі».

B) «Көп балалы отбасылардың қаржы жағдайы жақсы емес».

C) «Көп балалы отбасыларға бірнеше рет жәрдемақы берілді».

D) «Көп балалы отбасыларға қаржылай көмек көрсетілмепті».

Е) «Көп балалы отбасылардың саны артуда».

131. Наташа орыс қызы болса да, қазақ тілін ... меңгерген екен.

A) осал

B) жетік

C) нашар

D) жаман

Е) төмен

132. Бекер сөзіне мағыналас сөзді көрсетіңіз.

A) емін-еркін

B) бірте-бірте

C) кезек-кезек

D) бостан-босқа

Е) ашықтан-ашық

133. Іс-әрекеттің қалай істелгенін сипаттайтын қатарды көрсетіңіз.

A) Осыншама көлікті қашан жөндейсің?

B) Ержан көлігін әдейі жөндеуге бермеді.

C) Ержан бүгін бірталай жеңіл көлікті жөндеп бітірді.

D) Біраз уақыттан соң Ержан көлігін әрең-әрең жөндетті.

Е) Қазақстанда көліктер шығарылады.

134. Іс-әрекеттің қалай істелгенін сипаттайтын сөзді көрсетіңіз.

A) Қатысушылардың ішінде бастық болмаған соң, ол сөйледі.

B) Қатысушылардың ішінде бастық болмаған соң ол үндемеді.

C) Қатысушылардың ішінде бастық болмаған соң ол емін-еркін сөйледі.

D) Қатысушылардың ішінде бастық болмаған соң ол сөйлемеді

Е) Қатысуға бара алмадым.

135. Көп нүктенің орнына сәйкес сөзді қойыңыз.

Мақпал қазақ халық әндерін өте ... айтады.

A) жақсы

B) үлгеріп

C) белсене

D) сыпайы

Е) осал