Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
phil_ref_57.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
87.04 Кб
Скачать

Легистер

ЛЕГИСТЕР (ЗАҢГЕРЛЕР) — Негізгі өкілдер: Шан Ян (б.д.д. IV.ғ.), Хань Фэйцзы (шамамен б.д.д. III ғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген зандарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі, "Мейірімділік пен адамгершілік" — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін: 1. мақтаудан жазалау көп болу керек; 2. аямай жазалау аркылы халық арасында үрей тудыру қажет; 3. ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады; 4. адамдар арасында бірбіріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, әлімге де барады.

Конфуцийшылдардың мемлекет — үлкен отбасы, оның басшысы — халықтың әкесі деген ілімінің орнына легистер: мемлекет — өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші — өзін атабаба аруағынан да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары:

1. ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясындағы (Қытай) мемлекет құру;

2. осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру. Осы тұрғыдан өнерге, білімге деген құштарлық теңелуі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізі қолөнер немесе сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек.

Мемлекеттегі қызмет орыңдары адамдардың жұмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс.

Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де осы философиялык бағыттарды жақтаған немесе қарсы шыққан саяси топтардың кездесетінін ескерткен артық болмас.

Даосизм

ДАОСИЗМ (VI—V ғғ. б.д.д.) Бұл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі — "Дао және дэ туралы кітап" ("Дао дэ цзин"). Даосизм ілімі "дао" ұғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда "дао" "жол" деген мағына берсе, және ол Қытайдың дамуымен әдептілікті жетілдірудегі негізгі ұғым болса, даосизмде "дао" — жалпы дүниетанымдық ұғым. "Дао" — алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз және Қытайдағы, Жердегі және Әлемдегі барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы, "Даоның" алғашқы түп негіз екенін мынандай сөздерден байқаймыз: "дао барлық заттардың анасы", "дао — барлық заттардың түп атасы", "даоны аспан аясындағы империяның (Қытайдың) анасы деп есептеуге болады" т.б.

Ал "даоның" заттардың соңы екенін мынадай пікірден байқауға болады: "Әлемде сансыз көп әртүрлі заттар бар, бірак, олардың бәрі де өзінің бастамасына (даоға) қайтып келеді, оралады".

Қорытынды

Даосизмдегі қарама-қарсы пікірлерге мол, көмескіленген ілімдердің бірі — екі түрлі дао туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты жоқ. Себебі, ол денесіз, екі ұшты, соншалықты кішкентай, мәнсіз, көрінбейді, енжар және жалғыз. Ол мәңгі; ешуақытта өзгермейді, ешнәрсе оны өзіне бағындыра алмайды. Ал өзі басқа заттардың дамып, жетілуіне көмектесе алады, бұл жағынан шектелуді білмейді.

Ал "аты бар дао" ұсақ бөлшектерден ("ци") тұрады. Ол бөлшектерде заттардың кескіні бар, сондықтан да олар "барлық заттардың анасы". "Аты бар даоның" негізгі қасиеттері: шексіз, таусылмайды, құдіретті, әрекетшіл. Бұл екі түрлі "дао" бірбірімен іштей тығыз байланысты, екіншісі біріншісінен туындайды, ал кейбір жағдайларда олар бір-біріне ауыса береді, осының арқасында әлемде түрлі-түрлі ғажайыптар болып тұрады. Даосистер аты жоқ даоны биболмыс десе, аты бар даоны болмыс деп түсінген. Барлық заттардың түп негізі би болмыс болғандыктан, олардың болмысқа сүйеніп, заттарға айналғанына қарамастан, олар (заттар) тұрақсыз болып келеді де, бір кезде қайтадан биболмысқа айналады, сөйтіп, тыныштық табады. Олай болса, болмысқа сүйеніп, пайда болған заттар, құбылыстар мәңгі емес, тек биболмыс қана мөңгі.

Әлемдегі денелерде аспан (ян — еркек) менжер (инь — әйел) бастамалары заттардың өмір сүру заңы (цу) арқасында гармониялық бірлікте болады. "Дао" — болмыс заттарды дүниеге келтірсе, "дэ" оларды қоректендіреді. Бұл екеуінсіз ("дао және" дэ") еш нәрсе өмір сүруі мүмкін емес.

Заттардың гармониясы дегеніміз — олардың өздерінде қарама-қарсы жақтардың бірбіріне ауысып отыруы. Мысалы, адам туған кезде әлжуаз, әлсіз болса, өлер алдында қатайып, қайраттанады, сол сияқты басқа денелер де әлсізденіп өмірге келсе, қатайып, кәріленіп бұл өмірден кетеді.

"Даоның" екі түріне байланысты танымның да екі түрі бар. Аты жоқ даоны кез келген адам біле бермейді, оны тек шынайы дана адам ғана біле алады. Себебі, ондай адам құмарлықтан алшақ болғандықтан заттардың күресінен — гармонияны, қозғалыстан — тыныштықты, болмыстан — биболмысты көре алады. Ал құмарлықтан арылмаған адам дайын заттарды ғана көреді. Танымның бұл екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты.

Шынайы дана билеуші даосистердің пікірінше, өзінің қол астындағыларға табиғи жолмеы ("дао" жолымен) жүруіне мүмкіндік береді. Ондай билеуші ештеңеге араласпайды. Ондай билеушінің бар екенін халық естігені болмаса, онымен тікелей байланыспай әрқайсысы өз жолдарымен жүреді, сондықтан да даосистер дао жолымен жүргеңдерді заң арқылы шектеуге қарсы болады. Осы тұрғыдан олар конфуцийшыларға да, легистерге де қарсы бодды.

Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі көптеген идеяларынан айрылып қалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]