Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
81.41 Кб
Скачать

1 Тақырып.Қақтығыстарды зерттеудің негізгі методологиялық үрдістері

Такырыпша 1. Қақтығыс «адам табиғатының»өзінен туындайды деген концепцияның мәнін ашып көрсетіңіз.

Кейс тапсырма:

-Бұл сұраққа дайындалу барысында бұл концепцияның қақтығысқа қатысушылардың эмоциналық, психо-физиологиялық жағдайын анықтаудан бастау алатынын ескеру керек. Бұл орайға ежелгі грек тарихшысы Фукивидтің (б.д.д. Vғ) «тарихынан» бастап қазіргі Дж.у.Фулбрайттың «самонадеянность силы» атты еңбектеріндегі қақтығыс адамның паталогиялық жағдайы негізінде пайда болады деген пікірлерін қарастырған жөн.

-Бұл сұрақты ашуда белгілі ойшылдардың еңбектерінен үзінді келтіріңіз.

-Салыстырмалы түрде презентация жасаңыз.

Проблемалық тапсырма

-«Адам табиғаты» деген ұғымның уақыт өткен сайын өзгеріп отыру себебін түсіндіріңіз

-Қақтығыс «адам табиғатының» туындысы деген анықтамалардың айырмашылықтары мен ұқсас жерлерін салыстырып, өзіңіздің көңіліңізге қонатын біреуіне ерекше тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

1.Козырев Г.И. Основа конфликтологии.М.2007

2.Конфликтология. уч. для вузов. М.2002

3.Соколов С.В. Соц-я конфликтология. М.2001.

Біліктілік міндеттер:

-жоғарыда берілген концепцияларды талдау арқылы қақтығыс ұғымының мәнін,табғатын түсінуге тырысыңыз.

-өзіңізді берілген әдебиеттермен жұмыс істеуге баулыңыз.

-презентация,салыстырмалы тәсіл қолдану арқылы өзіңіздің шығармашылық қабілетіңізді арттырыңыз.

Тақырыпша 2.

Қақтығыстың субъекті дегенді қалай түсінесіз?

Кейс тапсырма:

-Сұраққа дайындық барысында халықаралық қауымдастықтың басты субъектісі халықтар,мемлекеттер, қоғамдық саяси қозғалыстар, халықаралық ұйымдар екеніне назар аударыңыз. Халықаралық қатынаста көп түрлі субъектінің болуы, олардың мақсат мүдделерінің әр түрлі болуына,кейде қарама қайшы болуына қарамастан, әлемдік саяси процесс әр уақытта да өз кезіндегі тарихи өзгерістерге сәйкес келетін өзіндік мазмұнға және субъектілер ұсынған қақтығыстарды қақтығыстарды реттеуге бағытталған заңдылықтарға ие. Халықаралықтың әр түрлі деңгейде дамитындығы (саяси, экономикалық,әскери,мәдени, т.б.)белгілі. Осыған сәйкес, әр елдің субъектісі өз алдарына өздері қалаған мақсат мүдделер қамтиды. Соған жетуге тырысады. Айталық ТМД-ның кейбір елдері алдарында демократиялық процесстер жүргізуді мақсат етіп, қойса, кейбіреулері қоғамның тұрақтылығының басты кепілі – авторитарлық режим деп есептейді. Тапсырма: Осы тезиске сүйене отырып, салыстырмалы түрде:Украина-РФ, Қазақстан –Қырғызстан, Өзбекстан –ҚР, т.б. арасындағы қатынастарға тоқталыңыз.

-Коррупцияланған бюрократиялық мемлекеттерде демократиялық үрдістер ете ме?

-Олигархияның, трансұлттық компаниялардың болуы, ұлттық мемлекетті демократияға жеткізе ме?

Әдебиеттер:

1.Козырев Г.И. Основа конфликтологии.М.2007

2.Конфликтология. уч. для вузов. М.2002

3.Соколов С.В. Соц-я конфликтология. М.2001.

4.Меж.отн. теории, конфликты, дв-ия, орг-ии.М.2007.

Біліктілік міндеттер:

-халықаралық қақтығыстар субъектісінің табиғатын анықтау арқылы өздеріңіз таңдаған бір мемлекеттің мақсат мүддесін, құндылықтарын анықтаңыз

-коррупцияның табиғатын, мәнін түсінуге талпыныңыз.

-демократия, авторитаризм сияқты саяси тәртіптердің мәнін түсіну арқылы, ҚР-да болып жатқан саяси процестерге талдау жасап көріңіз.