Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
81.41 Кб
Скачать

2 Тақырып. Этникалық құндылықтардың әр түрлілігі халықаралық қақтығыстың себебі.

Тақырыпша 1. Этникалық өлшемдер мен этникалық тілдің арасындағы қайшылықтары.

Кейс тапсырмалар:

-бұл сұраққа дайындалу барысында бұл ұғымдардың мәні мен табиғатын жақсы түсініп алу қажет. Бұл ұғымдар арасындағы қайшылықтар не себептен іскерлік қарым қатынаста, мемлекетаралы қарым қатынаста кедергі болуы, өлшей келе қақтығыстың көзіне айналуы мүмкін. Осыған орай, ҚР-сы мен КХР бизнесмендер арасынчдағы, ҚР мен Ресей, ҚР мен Шеврон т.б. арасындағы қайшылықтарды талдаңыз.

-этникалық құндылақтар қайшылығын қалай шешу керектігіне ерекше көңіл бөліңіз. Бұл сұраққа жауап беру үшін Ратниклв В.П. «конфликтология» кітабын қараңыз.

-бұл сұрақты ашуда белгілі саясаткер, ғалымдардың айтқан пікірлерін келтіріңіз (үзінді).

-салыстырмалы түрде презентация жасау

-семинарда диспутқа қатысуға дайындалыңыз.

Проблемалық тапсырма:

1. «макиавилистік іскерлік» дегенді қалай түсінесіз? Өз пікіріңізді негіздеңіз

2.кейбір ойшылдар адамдардың сізге этикалық қатынасы, сіздің өзіңізге байланысты деген пікірмен келісесіз бе?

3.конфуцийдің «өзіңе қаламағанды өзгеге жасама» деген қағидасының мәні неде?

Әдебиеттер: 1.Конфликтология. под ред. Ратникова В.П. М.2004

2.Козырев Г.И. Основа конфликтологии.М.2007

3.Введение в теорию междунар. конфл. М. 1996

Біліктілік міндеттер:

  • Этникалық қайшылықтарды талдау арқылы қақтығыстың пайда болу себептерінің бірінің мәнін түсінуге талпыныңыз

  • Диспутка дайындалып, онда сөәлеу арқасында өзіңіздің жүйрік ойлау қабілетіңізді жетілдіріңіз

Тақырыпша 2.

Халықаралық жағдайды дұрыс бағаламау және қабылдамау қақтығыстың себебі ретінде

Кейс тапсырма:

  • Дайындық барысындағы С.Стауффердің «Американдық солдат» еңбегіндегі ұжым арасындағы қалыптасқан қоғами қайшылықты түсіндіру негізінде, республикамыздағы кез келген өндірістік ұжымындағы қайшылықты талдап, сараптаңыз.

  • Осыған орай осыдан бірнеше жыл бұрын болған түрік қазақ жұмысшылары арасында болған қақтығысқа объективті баға беріңіз

  • Семинарда сөйлеу үшін эссе дайындап келіңіз

  • Салыстырмалы түрде презентация жасаңыз

Проблемалық тапсырма:

1. «Қақтығыстың себебі тек дұрыс бағалай алмау емес, сонымен қатар өзін өзі дұрыс бағалай алмауы» дегенді қолдайсыз ба?

2. Д. Хоманс басқалармен қатынасқа түскен адам, алатын сый немесе табыс олардың әрқайсысының істеген істеріне тікелей байланысты деп есептейтін. Олай болмағанда бұл жағдай қайшылыққа әкеледі. Бұл қайшылықтар қақтығысқа әкелуі мүмкін бе?

Әдебиеттер: 1.Конфликтология. М.2004

2.Козырев Г.И. Основа конфликтологии.М.2007

3.Введение в теорию междунар. конфл. М. 1996

Біліктілік міндеттер:

-халықаралық жағдайды дұрыс бағаламаудың қақтығыстың себебі болуы мүмкін екендігін түсіну арқылы жалпы қақтығыс себептерін терең және кең көлемді түсінуге мүмкіндік аласыз.

-семинарға баяндама дайындаңыз, сөйтіп өз біліктілігіңізді жетілдіріңіз.

3 Тақырып. Қақтығыс туралы ойлардың даму тарихы

Ежелгі түркі және ортағасыр шығыс (Фараби, Баласағұн, Қорқыт ата, тб) ойшылдарының қақтығыс туралы пікірлері:

Тақырыпша 1. Ежелгі түркі тайпаларының қақтығыс туралы ойлары

Кейс тапсырмалар:

  • Жер кіндігі Алтайды мекендеген, құдайдың шапағты түскен т.ркі тайпалары мен оларды қоршаған төрткүл елдің арасындағы қайшылықтарды талдап, сараптама жасаңыз.

  • Осыған орай түркі халықтарының қақтығысқа байланысты көзқарасын қазірде кездесетін аңыздар негізінде көрсетіңіз:

  • Семинарда сөйлеу үшін эссе дайындап келіңіз

  • Астанадағы «Бәйтерек» пен аңыздағы «Бәйтеректің» арасында қандай сабақтастық бар?

Проблемалық тапсырма:

1. Ежелгі түрік тайпаларытөрткүл елді бір жағынан жау деп есептесе, екінші жағынан, оларға қарсы күресу үшін одақ іздеді. Бұл жерде олар қандай қағидаға сүйенді?

2. М. Орынбековтың «Предфилософия протоказахов» деген еңбегін оқып, оған талдау жаса.

Тақырыпша 2.

Ортағасыр Шығыс ойшылдарының қақтығыс туралы пікірлері

Кейс тапсырма:

  • Әл Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындары» атты еңбегін оқып, одан қақтығыс ұғымына байланысты айтылатын пікірлерді бөліп, жазып алыңыз.

  • Әл Фарабише «бақыт» деген не? Оған қалай жетуге болады? Егер жете алмасаң оғын кім кінәлі? Осы сұрақтарға жауап жазыңыз

  • Ж. Баласағұнның мемлекетті басқару идеясы мен Н. Макиавеллидің осындай ойларын салыстырмалы түрде қарастырып, олардың арасындағы ұқсастығын табыңыз.

  • Презентация жасаңыз

  • Семинарға баяндама дайындаңыз

Проблемалық тапсырма:

1. Әл Фараби өз еңбектерінде адам мен қоғам арасындағы қарым қатынастың жетілуі не күйзеліске, қайшылыққа ұшырауы қақтығысқа әкеледі дейді. Бұл қайшылықты қалай шешуге болады?

2. Ж. Баласағұн: «егер қоғамда тәртіп орнату үшін он адам өлтіру керек болса онын, жүз адам керек болса жүзін, қанша адам жазалау керек болса соншасын жазалау керек» дейді.Сіз бұл пікірмен келісесіз бе?

3.Қорқыт атаның қай пікірін ешқандай өзгеріссіз қазіргі кезде пайдалануға болады?

Біліктілік міндеттер:

  • Ж. Баласағұнның Қорқыт атаның ойларын талдау арқылы, олардың қақтығыстың табиғатын, себептерін қалай түсінгеніне ерекше назар аударыңыз.

  • Семинарға дайындалу арқасында халқымыздың ұлы ойшылдарының қақтығысқа байланысты айтқан пікірлерін қазіргі кездегі қақтығыстардың мәнін, табиғатын түсәну үшін пайдаланыңыз.

Әдебиеттер:

1.Әл Фараби «Саяси әлеуметтік трактаттар» А.1990

2.Ж. Баласағұн «Құтты білік» А. 1992

3.Философия тарихы (Алтай Ж, Касабек А, Мұхамбеталиев Қ) А.2004

4. Орынбеков М. «Предфилософия протоказахов» А.1994