Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
35.87 Кб
Скачать

Кәсіби улануларды алдын-алу шаралары

Кәсіби уланулар алдын-алудың негізгі шараларына мыналар жатады:

  1. Өндірістің алғышарттық технологиясын қолдану (жабық цикл, автоматтандыру мен жалпы механизация, қашықтықтан басқару, өндіріс үрдістерінің үзілмеуі, операцияларды автоматты бақылау), ол адамның зиянды заттармен жанасуын шетке шығарады.

  2. Дұрыс технологиялық процестерде ШШМ-нен асатын зиянды заттардың мөлшерінің бөлінуіне жол бермейтін жабдықтар мен коммуникацияларды таңдау.

  3. Өндіріс алаңдарын, ғимараттарды, мәдени орындарды және жабдықтарды ұтымды жобалау.

  4. Зиянды заттарды қайта өңдейтін, технологиялық тастамалардан тазартатын және оларды кері қайтаратын, өндіріс шығындарын залалсыздандыратын арнайы жүйелерді қолдану.

  5. Бастапқы өнімдерде зиянды заттарды шектеу және өте зиянды заттарды, қауіптілігі аз заттарға ауыстыру.

  6. Жұмыс аймағы ауасының күйін бақылау мен қорғау құралдарын пайдалану.

  7. Жұмысшыларға қауіпсіздік техникасы мен бірінші медициналық көмек көрсету туралы нұсқау беру және үйрету.

  8. Мерзімді және алдын ала дәрігерлік тексеруден өткізу.

  9. Санитарлы-техникалық жабдықтар мен құрылымдарды дұрыс жобалау және оларды пайдалану (жылыту, желдету, орлау, т.б.).

ЖҰМЫС АЙМАҒЫ АУАСЫНДАҒЫ ЗИЯНДЫ ГАЗДАР МЕН БУЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ

Газдардың шоғырлануын УГ-2 газ талдаушымен анықтау

УГ-2 түрдегі әмбебап көшірілетін газталдаушы аспап - өндіріс бөлмелерінің ауасында қандай да болсын зиянды газдар мен булардың (25 атау) шоғырлануын анықтауға арналған.

Аспап жұмыс аймағы ауасында зиянды газдардың (булардың) пайда болуын келесі жағдайларда анықтайды және қамтамасыз етеді: оттегі, сутегі, азот пен асыл газдар мөлшерін, шаң 40 мг/м3 мөлшерінен- көп емес, сынап бағанасының қысым-740-780 мм, салыстырмалы ылғалдылық 90 %-дан көп емес, температура +100°С ден +30°С-ге дейін.

Аспаптың жұмысы жылдам әдістің сызықты-колористикалық тәсілінде, яғни индикатор түтікшелеріндегі боялған түйіршік бағанасы ұзындығын өзгертуде негізделген. Бұл одан талданып алынған ауаны өткізгенде байқалады. Ауаның енуі газ талдаушының ауа алатын құрылғысымен жүзеге асырылады. Индикатор түйіршігінің боялған бағанасы ауадағы зерттелетін газ немесе будың шоғырлануына пропорционалды, мг/м3 деп бөлінген шкала бойынша өлшенеді. Аспаптың көрсету қателігі әр шкаланың жоғары шегінен ұ10 % көп емес.

Анықталатын газдардың аталуы, олардың жұмыс аймақ ауасындағы ШШМ, өтетін ауа көлемі, индикатор дағының талдаудан кейінгі түсі, өлшеу шектері, сүзгілейтін қысқымен ұсталынатын ауаны талдағанда кедергі жасайтын қоспалар 3-кестеде келтірілген.

Газ талдаушысының сипаттамасы

УГ-2 газ талдаушысы ауа алатын құрылымына, шкалалар үшін алынып-салынатын қойдырғыштан, үш шток жинақтан,өлшеу шкалаларынан, түтікшелер мен патрондар даярлайтын реактивтері бар құралдар жинағынан және ауаны газдандыратын қондырғыдан тұрады.

УГ-2 мен жұмыс жасағандағы қауіпсіздік шаралары

  1. Анықталатын газбен талдау жүргізгенде жұмыс істеу қауіпсіздік шараларын қолдану;

  2. Шынымен жұмыс істеген кезде сақтану керек;

  3. Индикатор түйіршіктерін тері мен көзге түсірмеу керек;

  4. Үстел үстінде немесе резеңке алжапқышта жұмыс істеу керек;

  5. Жұмыстың алдында және жұмыстың аяғында қолды сабындап жуу керек;

  6. Индикатор түтікшелерін сыртқы зақымсыз пайдалану;

  7. Индикатормен тазарту түйіршіктерін тек бүтін ампулалардан алу;

  8. Индикатормен тазарту түйіршіктерін ашық түрде сақтауға болмайды;

  9. Индикатор түтікшелері мен қысқыларды дайындау ережелерін қатаң сақтау;

  10. Газ талдаушыны газ жүйесінің герметикалық жағынан айына екі рет жиі-жиі тексеріп тұру керек. Ол үшін сильфонды соташықпен будың науасының жоғарғы саңылауына дейін 300 не 400 мл көлемінде қысады да, осы күйде тіреумен бекітеді. Резеңке түтікшесін бүктейді, қысқышпен қысып, тіреуді жібереді. Онда соташық бастапқы жылынудан соң 10 мин қозғалмай тұру керек, бұл аспаптың бітеулігін дәлелдейді.