Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Konaev D.pdf
Скачиваний:
59
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
3.41 Mб
Скачать

БӘРІМІЗГЕ ҮЛГІ БОЛДЫ

Қазақ елінің үлкен тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Соңғы Кеңес заманында аянбай еңбек еткен, республиканы мекендеген барлық халықтардың сүйіспеншілігіне бөленген ел азаматтары Жұмабай Шаяхметов, Нұртас Оңдасынов, Дінмұхамед Қонаев. Жарты ғасырдан уақыт олар біздің республикамызға басшылық етті. Қазақстанның жан-жақты жетістіктерге жеткен жылдары – осы мерзімнің ішінде болды. Бүгінгі мақсатымыз – Дінмұхамед Ахметұлын еске түсіріп, ол кісінің халық үшін атқарған еңбегінен кейбір есте қалған сәттерді баяндай отырып, мысалдар келтіру.

Димекеңмен көптеген жылдар бойы бірге қызмет атқарған жандар баршылық. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ірі тұлға. Ірі тұлғалар туралы жазу да оңай жұмыс емес. Бұндай кісілерге жеке адам емес, тарихтың өзі баға береді.

Димекең халықтың үлкен сүйіспеншілігіне ие болған адам. Қазақстанның қай түкпіріне барсаңыз ол кісінің есімін үлкен құрметпен атайды. Ол кісіні білмейтін адам некен-саяқ.Сондықтан да халқы оны «Димекең», «Димаш аға», «Димаш Ахметович» деп атаудың өзі осы сүйіспеншілікке байланысты деп түсінемін. Димекеңнің көп қасиеттерінің бірі – кездескен адамды, кәрісі болсын, жасы болсын, ер адам болсын, әйел адам болсын, қай халықтың өкілі болмасын өзіне тарта білетін, жатсынбайтын. Ол кісі қабылдаған адамдардың ішінде бірде-бір ренжіп кеткен адамды көрген жоқпын. Жеке адамдарды қабылдаған уақытында ол кісі көп уақыт алмай, негізгі мәселені тыңдап, шешуге, көмектесуге тырысатын. Көп мәселелерді келген кісінің көзінше телефонмен тапсырма беріп, тез көмектесетін.

Орталық партия комитетінде жалпы бөлімнің мәселелеріне әрдайым да мән беріп, келіп түсіп жатқан мыңдаған хаттарға уақытында жауап берілуін талап етіп отыратын. Хаттарда, арыздарда қойылған үлкен мәселелерді Орталық партия комитетінің Бюросына ұсынып, қаратып, әдейі қаулы қабылдатып, тапсырмалар беретін.

Көптеген хаттарды өзі оқуға да уақыт табатын. Димекеңнің өзіөзіне қатты талап қойып, жұмыс уақытын жақсы ұйымдастыра білетініне бәріміз таңқалатынбыз. Республиканы басқару үшін, оны ең алдымен өте жақсы білу керек. Ол кісі елді көп аралайтын, барлық облыстарда, аудандарда болған кезде халықпен көп кездесуге, пікір алмасуға тырысатын.

Димекең Ақмола облысына 1978 жылы келгендегі бір кездесуді еске түсірейін. Мен ол уақытта партия комитетінің екінші хатшысы едім. Бұрынғы бірінші хатшы Н.Е. Кручина Москваға жұмысқа кетіп, орнына ешкім сайланбаған. Орталық партия комитетінің бірінші хатшысын, Саяси Бюроның мүшесін облыста қабылдау, екі күн болатын уақытының жұмысын ұйымдастыру маған тапсырылды. Мен облыс

125

басшыларын жинап, олардан Димекеңмен қай өндіріс ұжымдарында, мекемелерде кездесу ұйымдастырамыз деп сұрадым. Сонда ол кісілердің айтқанына таң қалдым. Ақмолада ол кісі араламаған өндіріс орындары жоқ. Кейбір заводтарда екі-үш реттен болды дейді. Сондықтан мәдениет, білім беру мекемелеріне барған дұрыс деп кеңес айтты. Ақылдаса келіп, басқа мекемелермен қатар медициналық институттың жатақханасын көрсетіп, студенттермен кездесу ұйымдастырдық. Сол мезгілде Ақмолада 12 қабаттық үш үйден тұратын өте жақсы жатақхана іске қосылғанды. Димекеңе жатақханаға апарамыз, студенттермен кездестіреміз дегенде – ол кісі шын ниетпен қабыл алды.

Димаш аға жатақханаға барғандағы студенттердің қандай көңілмен, қандай қуанышпен қарсы алғандығы кәзірге дейін көз алдымда.

Студенттер үлкен құрметпен бірінші қабаттағы фойеде қарсы алды. 3-4-5 қабатқа жаяу көтеріліп, 3-4 кісіден жатқан бөлмелерді, асхананы, кітапхананы аралап көрді. Бөлмелерге кіргенде ол кісі оқу туралы студенттердің тұрмысы, асханадағы тамақ туралы көптеген сұрақтар берді.

Бір бөлмедегі болған әңгіме былай өрбіді. Үш қыз бала тұрады екен, екеуі қазақ қызы, біреуі орыс қызы. Ол кісі: «тату тұрасыңдар ма?» деп сұрағанда, олар тату тұру өз алдына, тамақты бірге пісіріп, бірге ішетіндерін айтты.

Екі қазақ қызынан: «Сендердің ауылдарың қайдан?» дегенде, олар: «Біздер Түменнен келдік» деді. Димекең бұған қатты риза болып, «Түмен облысында да қазақтар бар екен ғой» деді.

Жатақхананың залына жиналған студенттерге республика жағдайы, халықтың тұрмысы, студенттерге, жастарға жасалып жатқан қамқорлық туралы айтып берді. Көптеген сұрақтар қойылды. Оларға әкелік асқан сүйіспеншілікпен жауап берді. Бұл кездесуде – жүздеген студенттер – болашақ дәрігерлер өмір бойы ұмытпайтын әсерге бөленді.

Димекеңнің тамаша қасиеттерінің бірі – жастарға айырықша қамқорлықпен қарайтын, олардың өсуіне, тәрбиесіне үлкен мән беретін. Сегіз жылға жуық Димекеңнің басшылығымен Қазақстан Жастар одағын басқардым. Бұл аз уақыт емес. Сол жылдарда ол кісі комсомолдың атынан қойылған мәселелердің бәрін де шешіп отырды. Димаш Ахметұлы партия съездерінде, Орталық Комитеттің пленумдарында сөйлеген сөздерінде жастар мәселесін назардан тыс қалдырмайтын. Партияның комсомолға деген басшылығын Димекеңнің тікелей қамқорлығынан көретін едік. 1971 жылы 7 шілдеде барлық республикалардың жастар ұйымдарының бірінші хатшыларының, Орталық комсомол ұйымының хатшысы Е.М. Тяжельниковтің қатысуымен Қазақстан комсомол ұйымына тұңғыш рет берілген үлкен баға болатын. Бұндай мәселені Саяси Бюродан өткізу – тек Димекеңнің зор беделі. Бұл жастарға деген Димекеңнің әкелік қамқорлығы және үлкен сенімі еді. Жастар сол сенімді ақтау үшін комсомолдық алып

126

құрылыстарда, мал, оның ішінде қой шаруашылығында, өндірістің барлық салаларында аянбай еңбек етті.

Димекең – жастарды еңбекке, оқуға, білімге, өнерге тәрбиелеу мәселесін күн тәртібінен түсірмейтін және оның орындалуын үнемі қадағалап отыратын. Димекең өзі де, өндірісте шыңдалған еңбек адамы, инженер, ғалым.

Ол кісі – Қазақстан қалаларының құрылысына айрықша мән беретін. Әр қаланың бүгінгі өмірге сай болуын талап ететін. Алматының көркеюіне жасаған еңбегі көл-көсір. Біздің көз алдымызда ғажайып ғимараттар бой көтерді, саялы бақтар мен гүлзарлар жасалды. Достық, әл-Фараби даңғылдары, Республика алаңы, әлемге әйгілі Медеу спорт комплексі, Даңқ мемориалы, Республика сарайы, аэро және темір жол вокзалдары, «Арасан» кешені, Достық үйі, «Қазақстан» қонақ үйі, Алатау, Алматы санаторийлері, оқушылар сарайы, санай берсең сан жете қоймас. Осындай сәулетті де сәнді ғимараттар ел игілігіне айналды.

Республиканың орталық мұражайын салуға өзі тікелей басшылық жасады. Ішін тарихи экспонаттармен толтыруды, қазіргі талапқа сай безендіруді Орталық Комитеттің насихат және мәдениет бөлімдеріне тапсырды. Мұражайды іске қосатын күн жақындаған сайын ондағы жұмыстың жай-жапсарынан хабардар боп, тікелей өзі қадағалағаны бар. Мұражай қызметкерлері, суретшілер, дизайнерлер, партия қызметкерлері күн-түн демей еңбек етті. Сөйтіп, Димекең талап еткен уақытында мұражай халыққа есігін айқара ашты. Осы мұражайды алғаш көрушілердің қатарында келген дүние жүзіне әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов: «Мұндай мәдениет ошағын Еуропаның ежелгі астаналарынан да көре алмадым» дегенді айтып еді.

Орталық концерт залын ертеректе отқа оранған театрдың орнына салу, концерт залының алдына Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыға келіп, қызмет істеп, тамаша тарихи кинофильмдер шығарған орыс халқының талантты актерларының, кинорежиссерларының, өнер қайраткерлерінің есімдерін ескерткіш тақтаға жазу тікелей Димекеңнің ұсынысы еді. Соғыс уақытында шыққан кинофильмдердің халықты, жастарды тәрбиелеуге, жеңіске жігерлендіруге қалай әсер еткенін ол кісі жиі еске алып, қызу әңгімелейтін. Оны өз құлағымызбен естідік.

Тамаша концерт залына кірген уақытта жоғары жаққа көз салсаңыз, халқымыздың белгілі өнер қайраткерлерінің, сазгерлермен, әншілерінің бейнелерін көресіз. Бұндай суреттерді тек қана Мәскеудің консерваториясының үлкен концерт залынан ғана көре аласыз.

Димекең Мәскеуде оқыған кісі. Мәдениетті, әдебиетті, тарихты жақсы білетін және жақсы көретін жан. Өзі көрген жақсы нәрселерді, әр саланың озық үлгілерін туған астанамызға әкелуге тырысты. Соның бірі

– осы Орталық концерт залының жалпы құрылысы мен ішінің тамаша тарихи есімдер бейнелерімен безендірілуі.

127

Ол кісінің театрларға баруы да республика басшыларына, астана халқы мен қонақтары үшін де есте қалатын салт жоралғысына айналды. Театрда қойылып жатқан жаңа спектакльдерге, басқа жерден келген үлкен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен өтетін концерттерге баруымызды талап ететін. Ол кісі барған уақытта театрға келген жұртшылық жылы қарсы алып, бір жасап қалатын. Димекең театрларға, киноларға әрдайым Зуhра Шәріпқызы екеуі бірге баратын. Бұл да бізге өнеге еді. Өнер мен әдебиет қайраткерлері басшыларға ғана емес, бастықтар оларға тәуелді болған да ғана іс ілгері басады дейтін.

Димаш ағаның тағы бір қасиеті – ата-анасына, жарына, туғантуысқандарына деген қамқорлығы, сүйіспеншілігі. Ол кісінің әкесіне сәлем бере барғанымызда мына бір жайдың куәсі болдық. Ахмет ақсақал көп сөйлемейтін, өте салмақты адам еді. Димекең келіп жатқан кісілердің әрқайсымен таныстырып жатты. Ақсақал асықпай тыңдап отырды. Сыпайылап ризашылығын жеткізді. Осы арада байқап қарасам, Димекеңнің ол кезде алпыстан асқан, ал Ахмет ақсақалдың 85-тегі кезі екен. Димекең әкесінің алдында үлкен кішіпейілділікпен, бала тұрғысынан сөйлеп, ізеттілік сақтап, ілтипат көрсетіп отырғанына таң қалдық.

Димекеңнің жұбайы Зуhра Шәріпқызы да өте мәдениетті адам еді. Өнерді жетік білетін, қазақ, орыс, татар классикасын терең меңгерген. Көптеген дарынды актерлардың ойындарын кеше көргендей әңгімелеп отыратын.

Димекең өзінің айналасына тәжірибелі қызметкерлермен бірге жас кадрларды да жинай білді. Олардың қалыптасуына, әр түрлі саладан өсулеріне қамқорлық жасады. Димаш ағаның өзі сол жастарға, бүкіл халыққа үлгі болып, кең байтақ Қазақстанды табыстан табысқа жеткізіп, бүкіл жер жүзіне көрсете білді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қазақ халқы, Қазақстанда тұратын барлық халықтар үшін жасаған еңбегі зор.

Зақаш Камалиденов

қайраткер

128

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]