Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
20.44 Кб
Скачать

ҚАЗАҚ ТІЛІ

1. У дыбысы жіњішке болып т±рѓан сµзді кµрсетіњіз.

A) Жаѓу.

B) Жабу.

C) Табу.

D) Жазу.

E) Сену.

2. Дерексіз зат есімді табыңыз.

A) Мектеп.

B) Сезім.

C) Ағаш.

D) Қағаз.

E) Дәптер.

3. Болжалдық сан есiмді анықтаңыз.

A) Бiр жарым.

B) Отыз шақты.

C) Сегiзiншi.

D) Қырық.

E) Он-оннан.

4. Сұрау есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз.

A) Нешінші?

B) Қайдан?

C) Нешеу?

D) Қай?

E) Несі?

5. Т±йық етістікті табыңыз.

A) Жоқтады.

B) Тіле.

C) Кµрген.

D) Ойлау.

E) С‰й.

6. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.

Иненің көзінен жіпті өткізе алмадым.

A) жіпті

B) алмадым.

C) көзінен

D) өткізе

E) Иненің

7. Соңы үндіге аяқталатын сөзді көрсетіңіз.

A) Ағаң.

B) Көрпеш.

C) Міндет.

D) Кенесары.

E) Қозы.

8. Қате жазылған сөзді табыңыз.

A) Жібек.

B) Доб ойнау.

C) Бара алмады.

D) Құлын.

E) Өзенге.

9. Сөз құрамын, сөз таптарын зерттейтін ғылым саласын белгілеңіз.

A) Синтаксис.

B) Морфология.

C) Пунктуация.

D) Фонетика.

E) Лексика.

10. Күрделі сөзді табыңыз.

A) Көгілдір.

B) Таласты.

C) Оқушылық.

D) Өңіржиек.

E) Миллион.

11. Hегізгі еліктеуіш сөзді табыңыз.

A) Жарби.

B) Дүрс.

C) Арбаң.

D) Ажырай.

E) Ербең.

12. Күрделі үстеуді табыңыз.

A) Күні бойы.

B) Күнбағыс.

C) Күнделік.

D) Күншуақ.

E) Күмбездену.

13. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Өнер алды - қызыл тіл.

B) Ата, ауылмен сөйлесіп тұрсың ба?

C) Қызарып атқан таң.

D) Оның жақсы оқығысы келеді.

E) Не ексең, соны орасың.

14. Үтірдің қойылмайтын жерін анықтаңыз.

A) Бірыңғай мүшелердің арасында.

B) Қыстырма сөзден кейін.

C) Қаратпа сөздің екі жағынан.

D) Одағай сөзден кейін.

E) Бастауыш пен баяндауыштың арасында.

15. Табыс септігіндегі сөзді табыңыз.

A) Көсеуді.

B) Көңілді.

C) Келді.

D) Көреді.

E) Келген-ді.

16. «Икемсіз» сөзімен антонимдес салыстырмалы шырай түрін тауып, белгілеңіз.

A) Анық.

B) Пар.

C) Көк.

D) Жазық.

E) Ептілеу.

17. Мөлшер үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

A) Кеше келген.

B) Таң алдында келді.

C) Ілгері кетті.

D) Сәл аялдады.

E) Күй шертті.

18. Күшейткіш демеулікті табыңыз.

A) ше

B) дейін

C) –ау

D) –ды

E) сайын

19. Тұрақты сөз тіркесі қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Ол көптен ат ізін салмады.

B) Үйдегі кісілерді бастап, тысқа шықты.

C) Сол уақытта Ақбала кірді.

D) Өз сөзіңдей қып жеткізейін!

E) Құдайменде үн-түнсіз түрегелді.

20. Арнаулы интонация болмайтын сөйлем атауын көрсетіңіз.

A) Лепті сөйлем.

B) Бұйрықты сөйлем.

C) Сұраулы сөйлем.

D) Диалогтық сөйлем.

E) Хабарлы сөйлем.

21. Сын есімнен болып тұрған толықтауышты табыңыз.

A) Әсетке әлденелерді айтып жатыр.

B) Білгенге жол бос.

C) Ескіге жаңа өлшеуіш.

D) Жақсылық қасындағы үшеуге кезек-кезек қарады.

E) Бейсен Жомартпен кейін қайтты.

22. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.

B) Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырлады, шөп суылдады.

C) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.

D) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын.

E) Ең тәттісі - тіл.

23. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.

A) Рас-ау, Абай аға - тағы бір байқағанымды айтайын ба?

B) Рас-ау Абай аға, тағы бір - байқағанымды айтайын ба?

C) Рас-ау - Абай аға, тағы бір байқағанымды айтайын ба?

D) Рас-ау, Абай аға, тағы бір байқағанымды айтайын ба?

E) Рас-ау Абай аға, тағы бір байқағанымды айтайын ба?

24. Публицистикалық стильге қайсысы тән, табыңыз.

A) Интервью.

B) Поэма.

C) Скетч.

D) Роман.

E) Повесть.

25. «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз ... » Бұл кімнің сөзі, көрсетіңіз.

A) Бәйдібек.

B) Бөлтірік.

C) Қазыбек би.

D) Әйтеке би.

E) Сырым би.

26. Антонимді табыңыз.

A) Жалшы - жақыбай.

B) Ойыс - дөңес.

C) Жер - жиһан.

D) Таласа - тармаса.

E) Жер - су.

27. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.

A) Мал шаруашылығы, еңбек күн.

B) Өз ара ақылдасу, қонақ асы.

C) Қол үзбеу, қағаз басты болу.

D) Қара керей, қол таңба.

E) Жылма жыл, еңбек ақы.

28. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

A) Туған жер- алтын бесік.

B) Бұл-ойланатын нәрсе.

C) Бала жігіт бұйрықты екі етпейтінін айтты.

D) Әркім-әуелі өз ауылының баласы.

E) “Білмеске сөзің қор боп кетер”,- деген М.Дулатұлы.

29. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Адамды бақытты ететін, тек қана - азат еңбек.

B) Адамды бақытты ететін тек қана азат еңбек.

C) Адамды бақытты ететін - тек қана азат еңбек.

D) Адамды бақытты ететін, тек қана азат еңбек.

E) Адамды бақытты ететін тек қана - азат еңбек.

30. Драмалық шығармалардағы ремаркаларға (автордың түсіндірмелері) қандай тыныс белгісі қойылатынын көрсетіңіз.

Амангелді. Миша! Жайнаққа Әкет машиналарыңды!

A) Жақша.

B) Тырнақша.

C) Сызықша.

D) Қос нүкте.

E) Үтір.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ

E

B

B

E

D

C

A

B

B

D

B

A

D

E

A

E

D

C

A

E

C

C

D

A

C

B

D

E

C

A

Соседние файлы в папке Казак тили