Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Умктехнолог.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
1.22 Mб
Скачать

Ф-ӘД-001/026

Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

ИНЖЕНЕРЛІК – ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

"Бекітемін"

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ

Оқу-ісі жөніндегі вице-президент

.техн.ғыл. док., профессор

________ C.К. Тұртабаев

_____ _____ 2008 ж

____________

"_____"_____________________200__ ж.

Химиялық технология

пәнінің

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандық аты, шифры: _____050112-химия________

Оқу формасы: ________________күндізгі___________

Курс: ________________________2-курс____________

ІІІ сем

Барлығы:

Кредит саны:

3

135

15

30

-

45

45

блок

емтихан

3

Жалпы сағат саны

135

Лекция:

Лабораториялық:

15

30

Семинар:

-

ОБСӨЖ:

45

СӨЖ:

45

Аралық бақылау (АБ):

2

Қорытынды бақылау:

1

Оқу -әдістемелік кешенді құрастырған: техн.ғ.к. Айболова Г.Қ.

х.ғ.к., Алтынбекова М.О.

Мекен жайы, тел және Е-mail: Кентау қ., Б.Момышұлы к-сі, №1 оқу ғимараты

Кафедрадағы жұмыс уақыты: 900 - 1730

СӨЖ қабылдау күндер, уақыты және қабылдау орны: №1 оқу ғимараты, аудитория № 116,

Оқу әдістемелік кешені Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігі «04» 08 2003 жылғы № 528 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және ҚР БҒМ «11» 05 2005 жылғы № 289 бұйрығымен бекітілген пәннің типтік оқу бағдарламасы және университеттің жұмыс оқу жоспары негізінде дайындалған.

Оқу- әдістемелік кешен кафедраның

№ __ «___» _______ 200__ж. мәжілісінде талқыланды.

Кафедра меңгерушісі _______ х.ғ.к., доцент мінд. атқ. Нұрділлаева Р.Н.

қолы

Оқу-әдістемелік кешен Инженерлік –педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің № “______” ______ 2008ж мәжілісінде мақұлданды.

Оқу әдістемелік кеңесінің

төрайымы ___________ т.ғ.к., доцент м.а. З.С. Ильясова

Пән туралы қысқаша сипаттама.

Педагогикалық оқу орындарында химиялық технологияны оқыту, мектеп курсындағы химиялық технологияның сұрақтарын қазіргі ғылым мен өнеркәсіптің жағдайына сәйкес жоғары дәрежелі химия оқытушыларын дайындауды қамтамасыз етуі керек. Химиялық технология курсы студенттерді химияны халық шаруашылығында қолданудың негізгі аймақтарымен және химиялық өндірістің өнімдерін қолданумен таныстырады. Осындай дайындықтан өткен болашақ мұғалім халық шаруашылығын химияландыруды және оның негізгі бағыттарын түсіне алады.

Химиялық технология пәні студенттерді табиғи ортаны химиялық ластанудан қорғайтын әдістерді таңдау, белгілеу, химиялық өндірістерді бақылау, автоматтау және меңгеру әдістерін прогрессивтеуде, жаңартуда үлкен роль атқарып келеді. Өнімнің сапасын көтеру, өзіндік құнын төмендету өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Соңғы жылдары химиялық реакция жүретін аппараттардың, машиналардың және қолданылатын құралдардың конструкциясын анықтау әрі пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті.

Химиялық технология саласында университеттік білім берудің өзіндік ерекшеліктері бар: ең алдымен химиялық технологияның теориялық негізін оқыту, физика-технологиялық процестердің физико-химиялық заңдылықтарын, экономика негіздерін, химиялық өнеркәсіпті ұйымдастыру мен жоспарларын қарастырады. Бағдарлама жоғары оқу орындарының кәсіптік білім беру стандартына сәйкестендіріліп жасалынды.

Пәннің мақсаты: «Химиялық технология» курсының мақсаты студентке қазіргі уақыттағы өнеркәсіптік өндіріс пен оның экономикасын ұйымдастырумен бірге жалпы өнеркәсіптік өндіріске қажет технологиялық міндеттерді шешу үшін технологиялық, физикалық және химиялық ғылымдар заңдылықтарының жалпы әдістері мен ережелерін қолдануды таныстыру болып табылады.

Пәннің міндеттері: Пәннің негізгі міндетіне экономикаға, энергетикаға, шикізатқа қойылатын талаптарды ескере отырып, қазіргі уақыттағы өндірістік процестерді зерттеуді химия, физика және басқа да жаратылыстану ғылымдарымен ұштастыру жатады. Осыған байланысты химиялық технология пәні мына талаптарды қанағаттандыруы қажет;

  • студентке химиялық өнімдердің негізгі түрлерін қолдану, қалдықсыз өндірісті қалыптастыру, энергия мен шикізатты комплексті пайдалану, химиялық өндірістік процестердің өзара байланысымен қазіргі уақыттағы даму бағыты жайында байланысқан түсінік беру;

  • химико-технологиялық процестерді физикалық және математикалық модельдеу әдістері, сондай-ақ оларды оптимизациялау, процесті эксперименттік зерттеуден өнеркәсіптік өндіруге өткізудің негізгі әдістері жайында түсінік беру;

  • әрбір нақты технологиялық процестерді қарастырғанда химиялық өндірістердің зиянды қалдықтарынан қоршаған ортаны қорғаудың негізгі жолдарымен таныстыру:

  • халық шаруашылығын дамыту бағытында Қазақстан Республикасындағы химия және оған тектес өнеркәсіп салаларындағы негізгі технологиялық міндеттермен таныстыру.

Постреквизиттер: Пәнді оқыту үшін студенттер орта мектепте оқыған және химиялық технологиямен шектес бейорганикалық, органикалық, аналитикалы, физикалық, коллоидты химия пәндерін білуі керек. Өйткені, өндірісте бейорганикалық, органикалық заттарды синтездеуде алу әдістерін меңгеруі және қасиеттерін білуі, қайтымды процестер тепе-теңдіктерін ығыстыру жағдайларын табуы, дайын өнімдер шығымдарын, концентрацияларын есептеуі қажет.

1. Бейорганикалық химия пәні бойынша мынадай бөлімдермен тікелей байланысты:

- химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;

- бейорганикалық заттарды синтездеу;

2. Органикалық химия

- өнеркәсптік органикалық синтез;

- органикалық қосылыстар технологиясы;

- мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу;

- пиролиз;

- үлкен молекулалы қосылыстар технологиясы;

3. Физикалық химия

- химиялық термодинамика заңдылықтары;

- гомогенді және гетерогенді реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар;

- химиялық кинетика және катализ заңдылықтары;

- химиялық энергия көздері;

4. Математика

- теңдеулерді шешу, қисықты тұрғызу, логарифмдеу;

5. Экономика

- өндірістің өзіндік технологиялық міндеттерін шешу;

- тиімді өндірістік процестерге қойылатын экономикалық талаптар.

Пререквизиттер Химиялық технология пәні бойынша алған білімдерін студенттер басқа пәндерді оқығанда, атап айтқанда “Элетрохимиялық өндірістер технологиясы“, “Силикат өндірістер технологиясы”, Мұнай және газ өндірістер технологиясы” пәндерін оқып-үйрену үшін бастапқы кезең болып табылады.

Қысқартылған сөздер:

МемСТ-Мемлекеттік стандарт, ТЖ-техникалық жағдай, т.б.-тағы басқа.

Оқытушы туралы қысқаша мәліметтер: Айболова Г.Қ., техн.ғ.к., экология және химия кафедрасының аға оқытушысы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]