Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТОО АП №2.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
347.14 Кб
Скачать

1. Жобаны техникалық-экономикалық негіздеу

1.1 Пайдалану қызметі, міндеттері, құрылымы және жұмысы

Қарағандының №2-ші автобус паркі 1961 жылы ұйымдастырылған. Автопарк қаланың шығыс жағында ашық алаңда “Щорс – 100” мекен жайында орналасқан. Жер участігі автопарк құрылысы үшін қаланың басты жоспарына сай, аудандық жоспарлау схемасына берілген болатын. Автопарк территориясы жолға жақын орналасқан. Парктің ауданы 77572м2, құрылыс коэффициенті 3.18, құрылыс ауданы 24376.9м2, көк шалғын ауданы 8653.6м2, көгеру коэффициенті 8,96.

Болашақта “ескі” және “жаңа” базаларды бір ауданда біріктіру.ТҚ және диагностика бойынша жұмыс көлемін ұлғайту жоспарлауына байланысты автомобильді ТҚ-ден нақты өткізетін диагностика және профилактика станциясының құрылысын болжау көзделуде.

Парктің орналасқан жері қала құрылысы жоспарына сәйкес аудандық жоспарлау тіркеме және автомобиль жолдарының жолды құрылыс жоспарына сай таңдалған. Жоспарлау кезінде парктің автобустар маршруттарынан тікелей жақындықта болуы есепке алынған. Бұл автомобильдің парк аймағынан рейстік қозғалысты бастар жеріне шейін барғанда бос жүрмеуіне барынша әсер етеді. Автопарк тікелей қала жанында орналасқан және қалалық желіден тікелей барлық ресурстармен пайдаланады және жүргізушілер құралының жұмыс жағдайына әсер етеді.

Автопарк жылына 365 күн жұмыс істейді. Маршруттық автобустар сағат 600 – ден бастап жүріс сызығына шығады, сағат 2200 – де автопаркке қайтады.

Телімдер, цехтар 7 сағаттық тәртіп бойынша жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта автопаркте 87 бірлік жылжымалы құрам бар. Ол кесте 1.1.- де көрсетілген.

АКК жалпы жоспары. Жөндеу учаскелерінің кешені ағаш өңдейтін, доңғалақ ауыстыратын, дәнекерлейтін учаскелердің жаңа бөлімшелерімен толықтырылуда. Барлық жаңа бөлімшелер үшін техникалық қызметті орындаушылар санын арттыру жоспарлануда. Барлық бөлімшелерді басқаруды қамтамасыз ету үшін ӨОБ(өндірісті орталықтан басқару) жүйесін жетілдіру жоспарлануда. Осыған байланысты №2 Автопарк бірлестігі техникалық қызметтер аралығындағы байланысты жеңілдетеді.

№2 Автопарктің тізімдік құрамына мына автобустар кіреді 1972 жылдан бері Павлов автобус зауытында шығарылатын төменгі класты ПАЗ-672, қала жұмыстарына арналған автобус толығымен металдан жасалған, төрт есікті, тасуға арналған. Орташа сыйымдылығы бар автобустар, YUTONG.

1.1.2 Парктің тізімдік құрылымы және оның негізгі көрсеткіштері. №2 автопарктің тізімдік құрамына мына автобустар кіреді 1972 жылдан бері Павлодар автобус зауытында шығарылатын төменгі класты ПАЗ-672, қала жұмыстарына арналған автобус толығымен металдан жасалған, төрт есікті, тасуға арналған. Орташа сыйымдылығы бар автобустар, YUTONG.

Жылжымалы құрамның саны:

  • Орташа сыйымдылығы бар автобустар, YUTONG, барлығы 2007 жылы шыққан зауодтан-40 бірлік.

  • Үлкен сыйымдылығы бар автобустар, MAN,Merсedes, Setra,1982-1994 жылдың аралығында шыққан зауодтан -43 бірлік.

  • Көмекші көліктер – 8 бірлік.

Автобустарды пайдалану:

қалалық, қала маңы, қала аралық маршруттарда қызмет етеді,

қалалық маршрутта: 23 үлкен сыйымдылығқты, 36 орташа сыйымдылықты автобустар маршрутта қызмет етеді.

Облыс аралықта 5 маршрут : 6 үлкен сыйымдылығы бар,2 орташа сыйымдылықты автобустар маршрутта қызмет етеді

Контракт бойынша: 13 үлкен сыйымдылығы бар,2 орташа сыйымдылықты автобустар маршрутта қызмет етеді.

Тізімдік құрамындағы берілулер пайдалануы басынан орта тәуліктік жүрістері 1.2 кестесінде көрсетілген.

1.2 Кесте

Парктің тізімдік құрамы және оның негізгі ТПК

Жылжымалы құрамның маркасының түрі

Саны

ПАЗ 3204

МАН 232

ЛиАЗ 677

Мерседес 0303

Мерс Бенс0401

Мерс 0405

ПАЗ 672

ЛАЗ 695

Yutong ZK6737D

Volvo

Сетра

4

8

1

5

6

6

3

3

40

10

Барлығы

86


1.2 АКК техникалық қызметінің мінездемесі

АКК-ның техникалық қызметінің негізгі міндеттеріне жылжымалы құрамды техникалық ақаусыз жағдайда ұстау және қызметінің барлық мерзімінде оны жолға шығуға дайын ету жатады. Бұл үшін техникалық қызмет прафилактикалық және жөндеу жұмыстарының барлық түрлерін жүргізуді, автомобильді сақтауға және жаңа техника мен технологияны енгізуге негізделген басқа да бір қатар шараларды ұйымдастырады. Техникалық қызмет кәсіпорынның өндірістік базасын дамыту мен сақтап қалу, материалдық, техникалық жабдықтауды ұйымдастыру мөлшерімен айналысады.

Автомобильдің техникалық жағдайына әсер ету түріне қарай пайдалану жағдайы үлкен маңызға ие. АКК пайдаланудың әр түрлі жағдайында жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Пайдалану жағдайы төмендегідей топтарға бөлшектенеді: жол жағдайы, ауа-райы жағдайы, пайдалану режимі, жүргізу сапасы.

Жол жағдайы жол үстінің түріне және сапасына, еңістердің үлкендігіне және ұзына бойлық көрінісіне қарай анықталады. Жол жағдайының төмендеуінен автомобиль двигателінің жұмыс режимі бірлік жүріске өзгереді, бұдан оның тез бұзылуы, күшін жоғалтуы, отын шығынының жүріс бірлігіне көбеюіне әкеп соғады.

АКК-де өндірісті басқарудың құрылымдық жүйесі

Группа 72

Сурет 1.1

Сурет-1.1- Ақпараттық өндірісті басқару.

Техникалық қызмет көрсету мен жылжымалы құрамды жөндеу бойынша өндірістік бағдарлама.

№2 Автопарк ТҚ, ЖҚ мен жөндеуге арналған бағдарлама автомобильдерді ТҚ мен АЖ өткізудің жүргізіліп жатқан нормативтеріне сәйкес құралады, сондай-ақ АКК-ның материалдық техникалық жағдайы мен басқа факторлары бойынша көрінетін есептеу мәліметтерімен бірге жасалады.

АКК энергетикалық қорлары мен қатынас жолдары.

Жеңіл автопарктегі энергиясымен жабдықтауқалалық желіден 220В кернеумен жүргізіледі 330В кернеудегі үш фазалы өндірістік тоқ АКК территориясында орналасқан трансформаторлы станцияда өндіреді.

Сумен жабдықтау қалалық су құбыры желісі арқылы жүргізіледі, канализациясы жергілікті жеңіл автопарктегі энергетикалық ресурстармен жабдықталу жағдайына бас механик жауапты.

АКК қойма шаруашылығы.

Автокөлік кәсіпорынында қоймалардың түрлері бар: орталық қойма, айналым қоймасы, жанар май қоймасы, бояу-сыр заттарын қоятын қойма, резина буындарына арналған қойма. Айналым қоймасында жөндеуді керек ететін және жөндеуден шыққан агрегаттар сақталады. Орталық қоймада автомобильге керекті артық бөлшекпен бірге резина мен шиналар сақталады. Бұл қойманың температурасы -100С-дан +200С аралығында, ал ылғалдығы 50-60 пайыз аралығында сақталу керек.

АКК-дағы ұтымдылық пен өнертапқыштық қызмет

Жөндеу жұмыстарын орындаған кезде жұмыскерлер әртүрлі қиындықтарға кез келеді. Осы жұмыстарды орындау кезінде жаңадан стендттарды, жабдықтарды, тәсілдерді қолдануға тура келеді. АКК-да “жаңа техника” деп аталатын бөлімдер болу керек. Онда Өндірісті техникалық бақылау ӨТБ басқармасына жаңа тәсілмен айналысу керек. Мамандар ойлап тапқан жаңа тәсілді ӨТБ-ға өтініш жазып, эскиздар мен есептерін талқыға салады. Мысалы, АКК-ның агрегат телімінде реставрациясын алуға арналған бейімді құрал. Бұл жұмыскерлер ойлап тапқан бейімді құралдар жұмыс уақытын үнемдейді. Осындай әдістерді, тәсілдерді ойлап тапқан үшін жұмыскерлерге сыйлық берілу керек, өкінішке орай материалдық ауыртпалыққа байланысты сыйлық берілмейді.

Дегенмен, ӨБО ақпаратты жинау және өндеп талдау жұмыстарын енгізбейтін және тұтас ТҚ мен АЖ ұйымдастыруға арналған штаттық құрылымдық бірлік болып табылмайды.

Материалдық-техникалық жабдықтың бөлімі АКК-ң жабдықталуының қамтамасыз етеді, қажетті материалдарға дөңгелектермен қосалқы бөлшектерге агрегаттарға, құрал-жабдықтарға сұраныстарды құрастырып, қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады.

Техникалық бақылау бөлімі барлық бөлімшелерді орындалған жұмыстардың сапасын қадағалап, жылжымалы құрамның техникалық жағдайын алғашқы және қайталама бақылаудан өткізеді, сондай-ақ өнімнің сапасын бақылайды. Температураның шұғыл алмауы ауаның салыстырмалы жоғары ластануы автомобильдің техникалық жағдайына әсер етеді..

1.3 Кесте

№2 Автопарктегі ТҚ және АЖ жұмыстарын ұйымдастыру

Группа 40

1.4 Кесте

ААҚ «Автопарк №2» 12.03.11. бойынша жағдайы.

Бөлім атары

Тізім бірлігі

Білім өнімділігінің қысқаша мінездемесі.

Автоколонна №1

27

Ұйымдарға, қалалық тасымалдауға,шаруашылық тасымалдауға қызмет көрсетеді.

Автоколонна №2

37

Қалалық және қала аралық тасымалдарға қызмт көрсетеді.

Өндеуді дайындау комплексі

9

Көліктерді жөндеуге баулар мен агрегаттарды өндеу

Комплекс ТҚ

1

Автокөліктерді өндеу.

Комплекс ТЖ

2

Автобустарға ТҚ

ЦТП, жуу, диагностика

6

Орталықтандырылған техкөмек, жуу және автобустарға диагностика.

ИТР

7

Инженер- техникалық жұмыскерлер.

Кондукторлар

35

СМС

5

Арнайы мед. көмек.

Қосымша қызмет

9

АЗС операторлары, уборшики, құрылысшылар, механиктер.

Материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі АКК-ның жабдықталуын қамтамасыз етеді, қажетті материалдық дөңгелектерімен қосалқы-бөлшектер агрегаттарға құрал-жабдықтарға сұраныстарды құрастыра шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады.

Техникалық бақылау бөлігі барлық бөлмелерді орындалған жұмыстардың сапасын қадағалап жылжымалы құрамның техникалық жағдайын алғашқы және қайталама бақылауды өткізеді, сондай-ақ өнімнің ТҚ-мен жөндеу бойынша сапасын байқайды. №2 автопарк 8 қалалық, қала маңы, қала аралық маршруттарда қызмет етеді

Автопарктегі пайдаланудағы автокөліктердің қызмет көрсету уақыты бітті. Оларды тізімнен алу керек. Бірақ жаңа автокөліктерді алуға мүмкіншілік болмағандықтан олар пайдалануда жүр. Автопарк жұмысының ұқыптылығы жақсы ұйымдастырудан транспортты қозғалысты жоспарлаудан, парктегі автобустарды дұрыс қолданудан және жолаушыларға сапалы қызмет көрстеуден байланысты болады. Ол технико- экономикалық көрсеткіштерге бағаланады.

Көлік қатынас құраладары мен жолдарының, сондай-ақ олардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін, әр түрлі техникалық құрылғылар және ғимараттардың жиынтығын білдіреді.[9]

“Көлік” сөзінің астарында әдетте төмендегілерді түсінеді:

- өзінің тағайындалуы жүктер және жолаушылар тасымалы болатын, халық шаруашылығының саласын;

- материалдық өнім мен адамдар қозғалысын қамтамасыз ететін, техникалық құралдар кешенін;

- жол бойымен қозғалатын, бірліктер ағынын;

- белгілі тағайындалу пунктына және нақты мекен-жайға баратын, жүктің жеке партиясын.

Қатынас құралы – темір жол, теңіз, өзен, автомобиль, әуе және көлік түрлері жататын, негізгі жылжымалы құрам.

Қатынас жолдары – жылжымалы құрамның қозғалысы, атап айтқанда: рельтік жолдар, автомобиль жолдары, кеме жүзетін өзен, теңіздер және тағы басқалары үшін арнайы бейімделген және жабдықталған жолдар.

Көліктегі техникалық құрылғылар және ғимараттар тиеу-түсіру пункттарынан, жүк және жолаушылар станциялардан, кемежайлардан, заводтардан, жөндеу шеберханаларынан, қоймалардан, сигнал беру құралдарынан және басқаларынан тұрады.

Көлік жүйесі тасымалдарды орындағанда өзара тәуелділікте және өзара әрекеттесуде болатын, көліктің әр түрлерінің кешені. Көлік жүйесі сондай-ақ ұйымдастыру және жедел, басқару функцияларын (АБЖ, ТҰАБЖ) кірістіреді. Біріңғай көлік жүйесі” ұғымы мемлекет, аумақ немесе ірі қалаларға тән, көліктің барлық түрлерініңәлеуметтік-экономикалық бірлігін ерекше көрсетеді.

Көлік желісі – елдердің немесе жеке аймақтардың елді-мекендерін байланыстырантын, қатынастың барлық жолдарының жиынтығы. Көлік желісі көліктің жеке түрлерінің (метро, трамвай, автобус) маршруттық желілерінен құралады, ол әдетте магистральды жолдар желісіне және төменгі желіге бөлінеді. Магистраль желісі жүктерді үлкен арақашықтыққа тасымалдауды орындайды, ал төменгі желі жергілікті өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған.

Көлік желісінің тығыздығы деп желідегі 1000 км2-ге келетін километрлер санын айтады.

Ағынның қуаты желінің 1 километіне келетін, тонна-километрлермен өлшенетін, олардың жүк тасымалдығын немесе жолаушылар жиілігін анықтайды.

Тасымалдық-экспедициялық операцияларға мыналар жатады: жүкті қабылдау, буып-түю, таңбалау және беру, сондай-ақ оны құысқа мерзімде сақтау, әр түрлі тетіктегі құжаттарды және төлемдерді дайындау, жүкті бір көліктік құралдан басқасына асқын жүктеу.

Жүктерді және жолаушыларды тасымалдау көліктің бір немесе бірнеше түрлерімен ұйымдастырылады.

Жергілікті деп бір көлік кәсіпорнымен жасалатын тасымалдарды айтады.

Тура қатынасты тасымалдар – бұл тасымалдар көліктің бір түрімен орындалады, бірақ бірнеше көлік кәсіпорындарымен жүзеге асырылады.

Аралас қатынасты тасымалдар – біріңғай көлік құжаттары бойынша бірнеше көліктік түрлерімен жүзеге асырылады. Мұндай тасымалдар бәрінен жиі асқын жүктеусіз қатынастар үшін (контейнерлерде, жәшіктерде, вагондарда) пайдаланылады.

Халықаралық қатынасты тасымалдар – мемлекеттің шегінде – шетке шығару (экспорт) , шеттен әкелу (импорт) жүзеге асырылған тасымалдаулар.

Көлік процесі - өніркәсіптерде қабылданған, өндіріс процесінің ұғымына ұқсас және жүктерді және жолаушыларды өнелту пункттарынан белгілеу пункттарына дейін жеткізумен тікелей байланысты, нақты операциялардың кешенін көрсетеді. Көлік процесін ұйымдастырумен жалпы алғанда тиеу, жылжыту, жүктерді түсіру, тасымалдық-экспедициялық операцияларды және орындау бойынша көліктің әрекеті буындарының үйлесуін қарастыратын, принциптік жағдайларды, әдістерді және құрылымдық сұлбаларды түсінеді.Көлікті құрылымы бойынша екі ішкі жүйеден жүйе ретінде көрсетуге болады; көпшілік қолданыстағы және көпшілік емес қолданыстағы көлік. Сонымен жүйелердің екі бөлімі де (1.1-сурет) мемлекеттік, муниципалдық немесе меншіктің жеке нысанды кәсіпорындарымен көрсетілуі мүмкін.[8]

Көпшілік қолданыстағы көлік материалдық өндірістің дербес саласы ретінде көрсетіледі. Ол өндіріс пен қолдану ортасы арасындағы байланысты қамтамасыз ете отырып, айналым ортасына қызмет көрсетеді. Көпшілік қолданыстағы көлік, бұл тасымалдау кімнен ұсынылса да: фирмамен немесе жеке тұлғамен, жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға міндетті.

Көпшілік қолданыстағы көлік өндірістің ішкі орталарының өнімдерін тасымалдауды орындайды, яғни, нақты кәсіпорын, ұйым немесе фирмалар үшін. Ол орындайтын тасымалдау ішкі өнеркәсіптік немесе технологиялық болып табылады. Кәсіпорынның ведомствалық көлігін өнеркәсіптік деп атайды.

Көлікті көпшілік және көпшілік емес қолданыстағыға бөлгеннен кейін кейбір жағдайларда көлікті магистральдік (көпшілік қолданыстағы көлік синонимі) және магистральдік емеске (өнеркәсіптік) бөледі. Басқа жағынан, “магистральдік көлік” термині ірі қалаларды, аумақтарды, облыстарды және басқаларды байланыстыратын, қатынас жолдарын (темір жол, автомобиль, әуе) белгілеу үшін қолданылады, ал магистральдік жолдардан үлкен емес тармақтар, олар көпшілік қолданысындағы желілер құрамына кіретініне қарамастан, магистральдік көліктің буындары болып саналмайды және жергілікті мәннің (қабысу) жетілерімен аталады.

Экономикалық талдау мақсаттарына байланысты көпшілік қолданыстағы көлік төмендегілерге топталады:

- әмбебап (темір жол, автомобиль, әуе, су) және арнайы;

- ішкі (тасымалдауды елдер ішінде жүзеге асыратын) және сыртқы (ішке де, шет елге де тасымалдау);

- тәулік бойы (темір жол, автомобиль, әуе) және мерзімді (ішкі- су).

Көпшілік қолданыстағы арнайы жүк көлігі өзіне мұнай және газ құбырларын, электр берудің жоғары вольтты желілерін, пневмо- және гидрокөлікті енгізеді.

Өнеркәсіптік жүк көлігі темір жолдык кірме жолдарды, көпшілік емес қолданыстағы автомобиль көлігін, технологиялык процесстерге (арбашықтар, крандар, автокрандар) қызмет көрсететін, арнайы түрлерді кірістіреді.

Өнеркәсіптік көлік, көпшілік колданыстағы сияқты, бір-бірінен сырт пішінімен, белгіленуімен, әрекет ету принципімеи, жүкті жылжыту тәсілімен, құрылымдык және басқа белгілерімен ерекшеленетін, көлік машиналарының үлкен санын пайдаланады.

Сырт пішініне қарағанда өнеркәсіптік көлік өзіне темір жол, автомобиль, конвейерлік, құбыр, арнайы көліктерді кірістіреді.

Белгіленуі бойынша өнеркәсіптік көлік кәсіпорынға дайындамаларды, материалдарды, жинақтаушыларды, жартылай дайын өнімдерді және жеткізетін және кәсіпорыннан дайын бұйымдарды әкететін сыртқыға және цехтар арасындағы және олардың ішіндегі жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын, ішкіге бөлінеді.

Әрекет ету принципі бойынша көлік құралын бір және сол трасса бойынша жүктерді ағынмен ауыстыратын (конвейерлер, пневмо- және гидрокөлік) периодтык, немесе циклдік (темір жол, автомобиль, өзен) әрекет ету қондырғыларына және ағынды немесе үздіксіз әрекеттегі қондырғыларға бөледі.

Тасымалдау тәсілі бойынша жүкті сымдаумен немесе сырғанаумен жылжытатын (кырғыш конвейерлер, бульдозерлер, скреперлер) қондырғыларды, су немесе әуе орталарында (құбыр жолдар) жүк әкелетін элементтерді (темір жол көлігі, автомобильдер, конвейерлер) бөледі.

Тартқыш органдардың типі бойынша көлік құралын тартқыш тізбекті, таспалы, арқанды, жетекті доңғалақты, сондай-ақ тартқыш органдарсыз (өздігінен тежелетін көлік, шайқалмалы және дірілді конвейерлер, құбырлы көлік) кондырғыларга бөледі.

Келтірілген бағыныңқы көлік жүйелерінің әрқайсысында өз қолдану ортасы бар, ерекше жағдайларда жұмыс істейді, тұтынушылар және әрекеттер ортасын, жұмыс ерекшелігінің белгілі шеңберін кірістіреді. Осы немесе басқа мақсаттар үшін кейбір бағыныңқы жүйелер біріктірілуі мүмкін, мысалы, жүкті және жолаушыларды тасымалдау бір уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.

Көлік түрлері арасындағы тасымалдауды үлестіру әрбір түрдің артықшылықтары мен ерекшеліктерін есепке алумен жасалуы тиіс. Әрбір көлік жүйесінде техникалык, технологиялық және экономикалық факторларды есепке алумен, және бірінші кезекте, өткізу және тасымалдау қабілеттерінің, жүктерді және жолаушыларды жеткізу жылдамдығының, тасымалдау ұзақтығының, мерзімділіктің қорлары бар болғанда, сондай-ақ еңбектің жоғары өнімділігі, сенімділігі, ырғақтылығы, жабдықталғанды және кезінде қолданудың өз экономикалық тиімді ортасы бар. Едәуір маңызды факторлар көліктің қоршаған ортаға (экологиялығы) әсері, табиғи ресурстарды және пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Көліктің аса тиімді түрін таңдау-көптеген техника-экономикалық және халық-шаруашылық көрсеткіштер бойынша шешілетін күрделі міндеттердің бірі, және ақыр аяғында, жинақтап қорыту көрсеткіштерді анықтауға, келтірілген минимум шығындарды анықтауға саяды.

1.3 АЖ комплексінің жұмысшыларының қазіргі жағдайын талдау

1.3.1 Ағынды жөндеу комплексінің жоспарының міндеті, жұмыс тізімі, тәртібі, атқарушылардың сапасын жоғарлату жұмыс керлердің еңбек жағдайларын жақсарту, ағынды жөндеу комплексінде аймақты өндеу жұмыстары орындалады және әрбір түрлі ұстатқыштар, саймандар жасайды жөндеу Әдіспен жасалатын аймақты жөндеу комплексі бес жұмыс күндік аптасымен істейді. Бір ауысым ұзындығы сегіз сағат жұмыс ауысымның басы 800 сағат, түскі үзіліс 1200-1300 сағат, ауысымның аяқ кезі 1700 сағат.

Ағынды жөндеу комплексінде екі адам бір ауысым жұмыс атқарады. Жұмыскерлердің біреуі V разрядпен, екіншісі ІV разрядпен.

1.3.2 Ағынды жөндеу комплексінің техникалық процесінің үлгісі әр түрлі белгілермен құрылысқан операция жиынтығының технологиялық процесстен.

Тегіс технологиялық процесстердің бақылау өткізетін пунктан басталады. Жолдан қайтқан аавтомобиль техникалық баптау пунктінен өтеді сол жерде күзету механик тексеріс жасайды. Қажеттілік болса белгіленген түрлі ағынды жөндеу өтініш толтырады. Кейін автомобиль керекті қызмет көрсету жасаудан өтеді. Сол жерде істен шыққан агрегатты босатып ағынды жөндеу комплексіне жіберіледі. Бұл телімде, тазалау жұмыс өткізілгенен кейін көз мөлшерімен қарап жөндеу жұмыстың көлемі анықталады. Егер ақауланған болса, агрегатты бөлшектейді. Осыдан кейін бөлшектерді ұқыптап утильға жібереді. Жөндейтіндлерді жөндеуге, іске жарайтындары іріктеп жинағанда жинақтығының толықтылығын тексеруі, жетпегендерді қоймадан алады. Агрегаттарды іріктеп жинағаннан кейін айналым қоймаға жібереді, қоймадан агрегатты автомобильге орнатады. Жолдан қайтқан аавтомобиль техникалық баптау пунктінен өтеді сол жерде күзету механик тексеріс жасайды. Қажеттілік болса белгіленген түрлі ағынды жөндеу өтініш толтырады. Сурет 1.5 Технологиялық процесстің схемасы көрсетілген.

Группа 1