Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалы сабатар himiya.doc
Скачиваний:
53
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
223.23 Кб
Скачать

Тотығу-тотықсыздану реакциялары

МАҚСАТЫ: Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар қасиеттерін зерттеу.

МІНДЕТІ: Жасаған тәжірибе бойынша ТТР-ларының теңдеулерін жазу, теңестіру және ТТР-ның типін анықтау.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: сынауықтар, спирт шамдары, қажетті реагенттер: CrCI3, Br2, NaOH, K2Cr2O7, H2 SO4, KJ, FeSO4, MnSO4, CuSO4, KMnO4, KBr, Na2SO3, FeCI3, H2O (дистилденген).

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ: Қауіпті қышқыл, сілтілермен жұмыс жасағанда абай болу, жұмыс жасай білу.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ОРЫНДАЛУ РЕТІ:

ТӘЖІРИБЕ 1. Сілтілік ортада хромның (III) хромға (VI) алмасуы

Сынауықтағы 1-2 мл CrCl3 ерітіндісіне NaOH ерітіндісін тұнбаның ыдырауына дейін қосыңыз. 2 мл бром Br2 суын құйыңыз. Спирт шамында сәл қыздырамыз ТТР-ның теңдеуін коэффициенттер қойып жазыңыз.

ТӘЖІРИБЕ 2. Хром (VI) қосылыстарының тотықтырғыш қасиеті

1-2 мл K2Cr2O7 ерітіндісі мен күкірт қышқылы ерітіндісін С(1/2 H2SO4) = 2 моль/л құйыңыз. Бірінші сынауыққа 1 мл калий иодидінің KJ ерітіндісі, екіншісіне – темір (II) сульфатының кристалын қосыңыз. ТТР-ның теңдеуін коэффициенттерін қоя отырып жазыңыз.

ТӘЖІРИБЕ 3. Марганец (II) қосылыстарының тотықсыздану қасиеті

А. 1-2 мл MnSO4 ерітіндісіне 3-4 мл сілті, 1 мл бром суын (Br2) қосыңыз. Реакция марганец (VI) оксидінің түзілуімен жүреді.

Б. 1-2 мл MnSO4 тұзының ерітіндісіне 1 мл CuSO4 (катализатор), 3-4 мл сілті мен 1 мл бром суын қосыңыз. Қыздырыңыз, MnO4 ионына сәйкес күлгін түске боялуын бақылаңыз. ТТР-ның теңдеуін коэффициенттерін қоя отырып жазыңыз.

ТӘЖІРИБЕ 4. Калий перманганатының тотықтырғыш қасиеті

Сынауықтағы 1-2 мл KMnO4 ерітіндісіне бір-екі тамшы күкірт қышқылын, MnO4ионына сәйкес калий бромиді ерітіндісін қосамыз. ТТР -ның теңдеуін коэффициенттерін қоя отырып жазыңыз.

ТӘЖІРИБЕ 5. Әртүрлі ортадағы калий перманганатының қышқылдық қасиеті

Үш сынауыққа 1 мл KMnO4 ерітіндісін құйыңыз. Біреуіне 1 мл күкірт қышқылын С(H2SO4)=2моль/л, екіншісіне–су, үшіншісіне–1 мл концентрленген күйдіргіш натрий ерітіндісін қосыңыз. Барлық үш сынауыққа натрий сульфитінің тұз кристалынан Na2SO3 қосамыз. ТТР-ның теңдеуін коэффициенттерін қоя отырып жазыңыз.

ТӘЖІРИБЕ 6. Темір (II) мен темір (III) гидрооксидтерінің алынуы

1-2 мл темір (II) сульфаты ерітіндісіне тұнба түзілгенше сілті қосыңыз. Алынған тұнбаны араластырып, темір (II) гидроксидінің темір (III) гидроксидіне алмасу үрдісін 2-3 мин бақылаңыз. 2-4 мл дистилденген су мен бірнеше тұз кристалын ерітіп алып, тәжірибеге қажетті FeSO4 ерітіндісін өзіңіз дайындаңыз.

ТӘЖІРИБЕ 7. Темір қосылыстарының тотықсыздандыру қасиеті

1-2 мл KMnO4 ерітіндісіне күкірт қышқылының ерітіндісін қосқаннан кейін тұз кристалын салыңыз.

ТӘЖІРИБЕ 8. Темір (III) қосылыстарының тотықтырғыш қасиеті

Сынауыққа 1 мл FeCI3 тұз ерітіндісін құйып, оған 2-3 тамшы калий иодидінің KJ ерітіндісін қосамыз.

ЕСЕПТЕУ МАЗМҰНЫ

Тотықтыру-тотықсыздану реакцияларының сәйкес теңдеулерін жазу.

ТТР теңдеуін жазу үшін мына ретті пайдалану керек:

Алдымен тотықсыздандырғышты, сосын тотықтырғыш пен ортаны жазу керек. Соңында суды жазу.

          1. Электрондық баланс кестесін құру және коэффициенттер мәндерін қою.

          2. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштарды белгілеу.

4. Ерітіндінің түсі неліктен өзгерді?

7 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС