Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос шпоры граница.doc
Скачиваний:
281
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.45 Mб
Скачать

1)Айналым қаражаттарын қаржыландыру стратегиясының түрлері. Қысқа мерзімді қаржыландырудың кемшіліктері және артықшылықтары

Айналым қаражаты – бұл айналым активтивтерін аиансыланған ақша қаражаттары, ол бірнеше рет жыл бойында айналымда болады.

Айналым активтеріне қажеттілікті қаржыландыру көздері

1. Меншікті қаражат көздері.

2. Ұзақ мерзімді қарыз капиталы

3. Қысқа мерзімді қарыз капиталы

4. Кредиторлық қарыздар

5. Тартылған көздерден

6. Басқада көздерден

Кәсіпорындардың қысқа мерзімді стратегиясының орындалуына – жеткілікті айналым капиталының болуы, оны жоспарлау механизмі, толықтыру, тиімді пайдалануын талдау ерекше орын алады. Егер қысқа мерзімді операциялармен айналыспаса, онда ұзақ мерзімді қаржылық стратегия табыс әкелмейді.

Қысқа мерзімді несиелеудің дәстүрлі пішіндері өз аясына алады:- контокорренті несие;- онкольды несие;- овердрафт;- есептік (вексельді несие) несие;- акцепті несие;- факторинг.

Қысқа мерзімді ресурстарды ұйымдастыру басқару өз аясына алады:- қысқа мерзімді ресурстарға ішкі қажеттіліктерді негіздеу, кірігу мерзімі мен көлемін анықтау;- қаржылық нарықтың конъюнктурасына талдау;- қысқа мерзімді ресурстарды тартудың көздерін таңдау; - қаржылық құралдарды ұйымдастыру үшін лайықты құрылымдарды анықтау;

2)Айналым қаражаттарын қолданудың тиімділік көрсеткіштері. Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады. Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады: Өндірістің маусымдылығы;Тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің кепілділігі; Қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы.Өндірістік запастардың негізгі элементтері бойынша, ақша нысанындағы, айналым құралдарының мөлшері мына формуламен есептеледі:Н= Р*Д мұнда Р — материалдардың ортакүндік шығыны;Д — айналым құралының берілген элементі үшін орташа запас мөлшері. Айналым капиталының орташа запас мөлшері (Д) біртекті немесе әр түрлі материалдар үшін ағымдағы уақытты (Т), сақтандыру (С), транспорттық (М), технологиялық (Ф) запастар, және жеткізу, түсіру, қоймаға апару (П):Д=Т+С+М+Ф+П. Ағымдағы запас - запастың негізгі түрі. Оның көлеміне келісімдер бойынша жөнелту, өндірісте пайдалану көлемі әсер етеді.Ағымдағы запастағы айналым құралдар мөлшері жабдықтаудың орташа циклының 50% көлемінде қабылданады.Аяқталмаған өндірісте айналым капиталы мөлшері (Н) мына формуламен анықталады:Н= (В/Д)*Т*К, мұнда В — IV кварталдың шығындар сметасы бойынша жалпы өнім көлемі;Д – кезеңдегі күндер саны (90);Т — өндірістік циклдың ұзақтығы, күндер;К — өндірістегі шығындардың өсу коэффициенті;Шығындардың әркелекі өсуіне байланысты коэффициент мына формуламен есептеледі:K=C/П

мұндағы, С — аяқталмаған өндірістегі бұйымның орташа құны;

П — бұйымның өндірістік құны.

Болашақ кезең шығындарының айналым құралдары мөлшері (Н) мына формуламен анықталады.

Н=П+Р-С,мұнда П — болжанған кезеңнін басына өтетін болашақ кезең шығынының сомасы; Р — келесі жылдың болашақ кезең шығыны; С — келесі жылда өнімнің өзіндік құнын жоюға кететін болашақ кезеңдер шығыны. Дайын өнімнің қалдықтарына айналым құралдары мөлшері мына формуламен есептеледі: Н=(B/Д)*Т мұнда В — өндірістік өзіндік құнының келесі жылдың IV кварталына тауарлы өнім өндірісі; Д — кезеңдегі күн саны (90); Т — дайын өнімге айналым құралының мөлшері. Айналым каиталының айналымдылық коэффициенті және бір айналым ұзақтығы — кәсіпорынның айналым капиталдарын қолдануының маңызды көрсеткіштері болып саналады. Айналым каиталының айналымдылық коэффициенті (Кайн) зерттеліп жатқан кезеңде (квартал, жартыжылдық, жыл) айналым құралдары қанша рет айналыс жасағанын көрсетеді. Ол мына формуламен есептеледі. Кайн = Vc/ Qоқ, мұнда Vc — есептеу кезеңіндегі сатылған өнім көлемі; Qоқ — есептеу кезеңіндегі айналым капиталының орташа құны.

Бір айналымның ұзақтығы (К) кәсіпорынға оның айналым капиталы сатылған өнімнен түскен түсім болып қайтарылу мезгілін көрсетеді. Оның формуласы:

К= Т/ Кайн, немесе К= Т*Qоқ/ Vс, мұнда V — есептеу кезеңіндегі мерзім саны; Т — мерзім уақыты.Айналым капиталын тиімді пайдаланудың маңызды көрсеткіші айналымға құралдар енгізу коэффициенті. Ол сатылған өнімнің 1 теңгеге шаққандағы табысын аванстайтын, айналым құралдарының сомасын көрсетеді. Басқаша айтқанда, ол айналымдылық қор сиымдылығын, с.с. айналым капиталының өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығынын көрсетеді. Оны мына формуладан көруге болады:Kе= ( Qоқ / Vс ) * 100, мұнда Kе — енгізу коэффициенті, тиын. 100 — теңгені тиынға ауыстыру. Айналымға құралдар енгізу коэффициенті (Kе) — айналым капиталының айналыс коэффициентіне (Кайн) қарсы бірлік. Енгізу коэффициенті азайған сайын, кәсіпорынның айналым капиталы тиімді қолданылады және оның қаржылық жағдайы жақсарады.