Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дамира шыгынурс.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
151.69 Кб
Скачать

ЖОСПАР

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3

1 ҰЙЫМНЫҢ ӨНІМДІ ӨНДІРУГЕ КЕТЕТІН ШЫҒЫНДАРЫ

1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі .........................5

    1. Өнімнің өзіндік құны туралы түсінік...........................................................................................................................7

2 ҰЙЫМНЫҢ ӨНІМДІ ӨНДІРУ ШЫҒЫНДАРЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ («БАРЛАУ ӨНДІРУ «ҚазМұнайГаз» АҚ МЫСАЛЫНДА) .....................................................................................................................................14

2.1 Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін, өнімді өндіру шығындарын басқару ......................................................................................................................14

2.2 Ұйымның қаржы ресурстарын басқарудың көрсеткіштерін талдау.............21

2.3 Өнімді өндіру шығындарын төмендетудің негізгі жолдары........................

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................................34

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауында: «Біз – саналы да жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын белгіленіп, олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан азаматтарының нарықтық экономикаға тез бейімделетініне менде күмән болмайды.»/1, 30б./, – деп айтқандай, қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар ұйымдардың шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті талдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Ұйымдар бұрынғыдай жоғары жақтың сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл қатесіз талдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, ұстауына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша айтқанда, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдың, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Бүгінгі таңда Қазақстанның нарықтық экономикаға өту жағдайында ұйымның шығындары және оны азайту туралы мәселелер әкімшіл - әміршіл жүйедегіге қарағанда аса маңызды болып отыр, нарықтық экономика әр ұйымның пайда табу мақсатында өзінің мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалануына түрткі болады. Қазіргі кезде ұйым қаржылық тәуелсіздікке, өнімді өткізуден түскен ақшаны тиімді бөлуге, түскен пайданы тиімді жұмсауға иелік етеді пайданы алмастан бұрын шығындардың барлық түрін және азайту жолдарын талдауы керек. Тек осындай жағдайда ғана пайда алдық деп нақты айтуға болады.

Ұйымның өндіріске, өнім өндіруге, сатуға кеткен шығындарын талдау барысында «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ кәсіпорнының шығындарын талдау негізінде мысал келтіріп өттім.

Ұйымдар өз өнімдерін нарыққа шағару ұмтылысы мен қабілетін анықтайтын маңызды факторлар - өндіріс шығындары болып табылады. Кез–келген тауарды өндіру–шығындарды талап етеді, ал бұл шығындардың да өздерінің белгілі бір бағалар болады.

Осыған байланысты отандық өнерұйымдарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.

Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:

Олар: әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және ұйым шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл ұйымның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді және өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Ұйым шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.

Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Өнімді өндіру шығындары» деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық ұйымдардың рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы ұйымдардың дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық шығындарды толық зерттеп, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынын калкуляциялық есебін жүргізу арқылы ұйымдардың тиімді экономикалық қызмет етуін қалыптастыру негізінде ұйымдардағы бизнес шешімін бағалаудағы шығындардың маңыздылығын атап өту және ұйымның өнімді өндіру шығындарын басқарудағы қаржылық менеджменттің рөлін анықтау осы тақырыпты орындаудағы мақсатым болып табылады.

1 Ұйымның өндіріс шығындары және оларды басқару

1.1 Шығындардың экономикалық мазмұны және оның жіктелуі

Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады – тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін). Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді.

Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит абсалюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. Шығындар деген терминді олар бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа ұйым үшін не тұрады, немесе, саладағы ұйымдардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептегендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдейді.

Маркцистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың қанша тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған шығындардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу – еңбек ығындарына және капитал шығындарына – бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады.

Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:

Біріншіден, әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және ұйым шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл ұйымның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Екішіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Ұйым шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.

Классификациялау белгілері

Шығындардың бөлімшелері

Экономикалық элементтер

Өзіндік құнның баптары

Технологиялық процесс

Құрамы бойынша

Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша

Өндіріс процесіндегі ролі

Шығын жасаудың мақсатқа сай келетіндігі

Жоспарға енгізу мүмкіншілігі

Өндіріс көлеміне қатысты

Пайда болуының кезектілігі

Дайын өнімге қатынасы

Шығындардың экономикалық элементтері

Калкуляцияның өзіндік құнның баптары

Негізгі және үстеме шығындар

Бір элементтік, кешендік, жанама

Тікелей және жанама

Өндірістік , өндірістен тыс

Өнімділік және өнімділік емес

Жоспарланған, жоспарланбаған

Тұрақты және өзгермелі

Ағымды және біржолғылық

Аяқталмаған өндіріс шығындары, дайын өнім шығындары

Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға енеді.

Кесте 1

Өндіріс немесе экономикалық шығындардың жіктелуі

Осы аталған өндіріс шығындарын түр-түрге бөлудің көп классификациялық белгілері мен түрлері болады. Оны келесі 1-ші кестеден көре аламыз:

Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу және т.б.

Айқын емес шығындар – дегеніміз өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статикада айқын емес шығындар көрсетілмейді.

Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар мен құрал-жабдықтардың шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен еңбек білім, информация түрінде жинақталады.

Өнімділік – осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған немесе өндірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталаған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, ақпарат, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділікьің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі / Тірі еңбек шығындары

Басқа да көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің тар және кең мағынасы болады. Оның тар мағынасында өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағытынан өндірістік процестің тиімділігін сипататйтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған өнімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары көрсетілмейді.

Ұйымдардың мәселелері өнімділік өскен сайын бір көрсеткіш арқылы оның іс-әрекетінің тиімділігіне баға беру қиындай түседі, сондықтан көрсеткіштер жүйесін қолдануға көшкен ыңғайлы болады, яғни өнімділікті кеең мағынада түсінуге.

Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар:

Біріншіге, өнімділіктің статикалық коэффиценттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардың өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.

Екіншіге, өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффицентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффиценті. көрсеткіштері

Топтардың әрқайсысының ішінде өнімділіктің өлшеуіштерінің үш типі болады: жеке, факторлық, көпфакторлық және жиынтық факторлық немесе өнімділіктің жалпы көрсеткіштері. Өлшеуіштердің әрқайсысы өнімнің шығындарға қатынасын сипаттайды, бірақ олар бөлгіште есепке алынатын шығындардың элементтерінің саны немесе ресурстардың түрлері жағынан бір-біріне ұқсамайды. Оны келесі суреттен көре аламыз: