Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет.doc
Скачиваний:
175
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
400.38 Кб
Скачать

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу................................4

1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері......................6

1.3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау..............................9

ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 Шаруашылық субъектісінің меншікті капиталы............................................13

2.2 Ақша қаражаттарының есебі............................................................................14

2.3 Қорлар есебі мен аудиті....................................................................................16

2.4 Дебиторлық борыштар есебі............................................................................18

2.5 Факторингтік операциялар есебі.....................................................................20

2.6 Негізгі құралдардың есебі мен аудиті.............................................................21

2.7 Жеке құрам мен жұмыс уақыты, еңбек тиімділігі мен еңбекақы есебі.......23

2.8 Міндеттемелер есебі.........................................................................................27

2.9 Қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесі, аудиті...................28

3 КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ МЕН СЫРТҚЫ АУДИТІ

3.1 Корпоративтік табыс салығы...........................................................................32

3.2 Жеке табыс салығы...........................................................................................33

3.3 Әлеуметтік салық..............................................................................................34

3.4 Қосылған құн салығы.......................................................................................35

3.5 Племзавод «Куликовка»ЖШС-ның сыртқы аудиті...................................................36

ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР....................................................................37

КІРІСПЕ

Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2014 жылдың мамыр айының 19-шы жұлдызынан 22-ші маусымға дейінгі аралықта Алматы облысы, Әл-Фараби көшесіндегі 7 үйде орналасқан Племзавод «Куликовка» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде өттім.

Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.

Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен танысып, жұмыс жасадық:

1 Баланс - жыл қорытындысы бойынша;

2 Ақша құралдары айналымы есебі;

3 Кіріс және шығыс есептері;

4 Меншікті капитал өзгерістері жайлы есеп;

5 Қаржылық есепке түсіндірмелік жазба;

6 Жарғы;

7 Есеп саясаты;

8 Негізгі құралдар жайлы есеп;

9 Еңбек бойынша есеп;

10 Шоттар талдауы;

Іс-тәжірибе уақытында мекеме еңбеккерлерінің еңбек жалақысын есептеу жұмысына қатыстым. Сонымен бірге есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгелдеу және тексеру жүргізу жұмыстарына да қатыстым.

Іс-тәжірибе есебінде кәсіпорын қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысын орындадық. Негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отырды. Тікелей кейбір еңбек құралдарын есептен шығару операциясына қатысты. Бұл жұмыстар бухгалтерлік есепті жүргізу, шаруашылық қызметін экономикалық талдау және қаржылық есеп аудиті, салық салуды ұйымдастыру мен техникасы жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау мүмкіндігімен қатар теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етті.

Берілген жұмыстың басты мақсаты  кәсіпорынның жұмысы, оның жарғысы, өндірістік процесс пен технологиялары, басқару жүйесі және ішкі бөлім қызметтері, бәсекелестік стратегиясы туралы ақпаратты көрсету; қаржы көздері мен ақша ағымдары туралы есеп арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және де кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, кәсіпорынның қызметтерінің артықшылықтарын бейнелеу.

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу

Тәжірибе өткен Племзавод «Куликовка»ЖШС Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі арқылы есепке қою жөніндегі куәлігі негізінде ашылған. Кәсіпорынның толық атауы: Племзавод «Куликовка»Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі. Племзавод «Куликовка»ЖШС шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде құрылды, серіктестіктің орташа жылдық жұмысшылар саны 50 адамнан аспайтын және активтердің жалпы құны жылына орта есеппен 60 мыңдық айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.

Бұл заңды тұлғада өзінің дербес балансы, өз атауы жазылған шеңбер мөрі, банктегі жеке шоттары және басқа да реквизиттері бар.

Серіктестіктің қызметінің мақсаты: Қазақстан Республикасының және серіктестікке қатысушылардың мүдделері үшін шаруашылық, кәсіпкерлік қызметтерді біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.

Коммерциялық кәсіпорын ЖШС Племзавод «Куликовка»-атқаратын мақсаты заңды тұлғалық, қарапайым тұрғындарды ет өнімдерімен қамтамасыз ету және тері илеу.

Племзавод «Куликовка»ЖШС-гі - тұрақты түрде дамып келе жатқан шағын кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын иесі Супяхунов Е.И Аталған кәсіпорын өз жұмысын шағын мал басын өсіруден бастап, жылдан жылға кеңейіп өсуде. Кәсіпорын басшысы қоғамдық жұмысқа атсалысып, аудан, ауыл аумағында өткізілетін шараларға белсенді көмек көрсетеді.

Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшы салымынан, серіктестік алған кірістер мен заңмен тиым салынбаған көздерден кірістер есебінен құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталының салымы ақша қаражат-тары, құнды қағаздар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жер пайдалану құқығы және өзге де мүліктер бола алады. Серіктестіктің жарғылық капиталы 109200 (бір жүз тоғыз мың екі жүз) теңгені құрайды.

Серіктестік қатысушының ерекше құзіреті:

  • Серіктестік жарғысын өзгерту, соның ішінде жарғы капиталының көлемінің өзгеруін қоса алғандағы, тұрған жерін және фирмалық атауын өзгерту немесе серіктестік жарғысын жаңа редакцияда бекіту;

  • Серіктестіктің атқарушы органдарын құру және оның өкілетін тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе мүлікті оралымды басқаруға беру;

  • Бақылау кеңесі мен тексеру комиссиясын сайлау және олардың өкілет-тілігін ерте тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының есептерін және қорытындыларын бекіту.

  • Серіктестіктің жылдық қаржылық есептерін бекіту,таза кірістерді бөлу;

  • Серіктестіктің ішкі қызметтерін реттейтін ережелер, құжаттарды бекіту;

  • Серіктестіктің басқа да шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдау;

  • Серіктестікті тоқтату және қайта құру;

  • Тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;

Серіктестіктің ағымдағы қызметіне басшылық жасаушы, серіктестіктің атқарушы органы болып директор табылады. Серіктестіктің директоры:

  • Серіктестіктің өкілі болуға құқық беретін сенімхат береді;

  • Қызметкерлерге қатысты оларды қызметке тағайындау және босатуға бұйрық шығарады, еңбек төлемдерінің жүйесін, қосымша ақы белгілейді, сыйақы беру мәселесін шешеді, тәртіптік шаралар қолданады;

  • Қатысушы немесе байқау органдарының құзіретіне жатпайтын өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.

Таза табысты бөлу.

Серіктестіктің жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері бойынша алған таза пайдасы, серіктестік қатысушының шешіміне сәйкес бөлінеді.

Серіктестікте резерв капиталға құрылған жағдайда серіктестіктің ықтимал шығындары осы қордың есебінен жабылады. Резерв капиталдың қаражаты жетіспеген кезде немесе резерв капитал болмаған жағдайда шығындарды жабудың көздері туралы шешім қатысушымен қабылданады.

Серіктестіктің жұмыс тәртібі.

Серіктестіктің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңына сәйкес жасалынады.

Осы Жарғыға өзгертулер енгізу тәртібі

Серітестіктің Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізуі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте қатысушының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Серіктестік бір айдың ішінде Жарғының өзгергені туралы Әділет органдары хабардар етуге міндетті. Осы мерзім өткеннен кейін кез келген мүдделі адам сот тәртібімен Жарғының өзгерулеріне заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне енгізуді талап етуге құқықты.

Серіктестіктің басқару органдары болып табылатындар: Жоғарғы орган- Қатысушы, Атқару органы-Директор, Бақылаушы орган-Тексеруші.

Серіктестіктің мүлкі.

Серіктестіктің мүлкін құрайтындар: негізгі қорлар және айналымдағы қорлар, сонымен қатар серіктестіктің қаржылық есебінде көрсетілген өзге де мүліктер болып табылады.

Мүлік серіктестікке жеке меншік түрінде жатады.

Серіктестіктің мүлкін қалыптастыру көздері:

-қатысушының жарғылық капиталға салған салымы;

-серіктестік қызметінен түскен табыс;

-ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да табыс көздері болып табылады.