Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Треб. по маг.дис..doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.83 Mб
Скачать

Т. Рысқұлов атындағы

Қазақ Экономикалық

Университеті

Казахский Экономический

Университет имени

Т. Рыскулова

Магистерлік диссертацияны жазу, рәсімдеу және қорғау бойынша ережелер

(экономикалық мамандықтар бойынша)

ПОЛОЖЕНИЕ

ПО НАПИСАНИЮ, ОФОРМЛЕНИЮ И

ПРОЦЕДУРЕ ЗАЩИТЕ МАГИСТЕРСКОЙ ДИССЕРТАЦИИ

(по экономическим специальностям)

Алматы, 2009

МАГИСТЕРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫ ЖАЗУ, РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ЕРЕЖЕЛЕР

(экономикалық мамандықтар бойынша)

Алматы, 2009

Құрастырушылар:

Искаков У.М. – ҚР еңбек сіңірген қайраткер,

«Қаржы нарығы және банктік бизнес» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор

Каленова С.А. – «Маркетинг және коммерция» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор

Дюсембекова Ж.М.– «Маркетингжәнекоммерция» кафедрасының доценті,э.ғ.к.,

Қазақ тіліне аударған:

Байжақсынова Г.Қ.э.ғ.к., «Маркетинг және коммерция» кафедрасының доценті

Рецензенттер:

Саткалиева Т.С. – «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор

Маянлаева Г.И. – «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор

Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Оқу-әдістемелік Кеңесінің мәжілісінде бекітілген (№ 1 хаттама 23 қазан 2009 ж.)

Мазмұны

Бет

1 Магистерлік диссертацияны дайындау, жазу және қорғау бойынша жалпы ережелер

5

2 Магистерлік диссертацияны орындау мақсаты және негізгі міндеттері

6

3 Магистерлік диссертацияның тақырыбын таңдау

7

4 Магистерлік диссертацияның құрылымы және қысқаша мазмұны

8

5 Магистерлік диссертацияны рәсімдеуге қойылатын талаптар

13

  1. Магистерлік диссертацияның жіктемелік белгілері

20

7 Магистерлік диссертацияны ұсыну және қорғау процедурасы

21

Қолданылған әдебиеттер тізімі

27

Қосымшалар

28

1 Магистерлік диссертацияны дайындау, жазу және қорғау бойынша жалпы ережелер

Бұл «Ереже» Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің 18 наурыз 2008 жылғы № 125 бұйрығы бойынша бекітілген «Жоғары оқу орындарында оқитындардың үлгерімін ағымдағы, аралық бақылау және қорытынды мемлекеттік аттестациялауды жүргізудің Типтік ережелері» нормативтік құжатының 4 п. «Жоғары оқу орнынан кейін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы, аралық бақылау және қорытынды мемлекеттік аттестациялауды жүргізудің Ережелері» негізінде дайындалған [2].

Магистерлікдиссертацияөз мазмұны бойынша белгілі бір пәндік-кәсібиғылым облысы бойынша өз бетінше орындалған зерттеу (ғылыми жұмыс),онда әлеуметтік-мәдени немесе экономикалық маңызы бар ғылыми мәселе шешіледі немесе теориялық ұйғарымдар жасалады,немесе ел экономикасын дамытуға маңызды үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, экономикалық, технологиялық шешімдер баяндалады.

Магистерлікдиссертациямагистранттың кәсіби біліктілік деңгейі мен оның ғылыми таным әдістемесін меңгеру дәрежесін анықтайды және сәйкес мамандық (специализация) бойынша алған білімі, дағдылары мен құзіретінің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігін көрсетеді. Ол магистранттың таңдаған мамандық облысында терең білімі барын, зерттеу жұмыстарын өз бетімен жүргізу дағдыларының жеткіліктілігін және әдеби, ресми, статистикалық, алғашқы мәліметтерді ғылыми тұрғыда қорытындылай алуы мен жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып зерттелетін мәселені шешуге бағытталған өз қорытындыларын, ұсыныстарын ғылыми-әдістемелік негіздей алуынан куәландырады..

Магистерлік диссертацияның тақырыбын бітіртуші кафедра дайындайды, Университеттің ғылыми Кеңесінде қаралып, бекітіледі. Магистерлік диссертация тақырыптарының жалпы тізімі жыл сайын 30% кем емес мөлшерде жаңартылып отыруы керек.

Магистерлік диссертацияны жазуда кеңес беру, бақылау жүргізу мақсатында әр магистрантқа сол ғылым саласында белсенді түрде ғылыми зерттеулермен айналысатын, ғылым докторы не кандидаты, немесе PhD академиялық дәрежесі бар ғылыми жетекші тағайындалады. Қажет болған жағдайда шектес ғылым саласы бойынша ғылыми кеңесшілер тағайындалуы мүмкін.

Магистерлік диссертацияны дайындау және жазу барысында автор келесі қағидаларды басшылыққа алуы керек:

– зерттелетін мәселенің өзектілігін ғылыми негіздеу;

– зерттеуде қойылған мақсат пен міндеттерді ғылыми әдістерді қолдана отырып сәйкес зерттеу объектісінде шешу;

– теориялық материалды логикалық тұрғыда баяндау және зерттеліп отырған тақырып бойынша талдамалық материалды соңғы үш-бес жылға талдау;

– шаруашылық субъектісінің экономикалық қызметін жетілдіру немесе зерттеліп отырған пәнді дамытудың келешегін анықтау бойынша шынайы, негізделген ұсыныстар әзірлеу;

– негізгі тұжырымдар мен ұсыныстарды магистерлік диссертацияның қорытындысында көрсету.

Магистерлік диссертацияда зерттеу объектісі өндірістік (кәсіби магистратурада) және зерттеушілік (ғылыми және педагогикалық магистратурада) тәжірибеден өту базасына сәйкес келуі керек..

Аяқталған магистерлік диссертацияның жалпы мазмұны келесі талаптарға жауап беруі керек:

– теориялық немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін немесе нақты ғылым бағытын дамытудағы ірі жетістік болып табылатын ғылыми негізделген жаңа теориялық және (немесе) эксперименталды нәтижелердің болуы;

– магистерлік диссертация қорғалатын мамандық бойынша негізгі мәселеге сәйкес болуы;

– өзекті, ғылыми жаңалығы, тәжірибелік маңыздылығы болуы;

– ғылым мен тәжірибенің қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі (ғылыми және педагогикалық магистратурада);

– қазіргі заманғы ғылым, техника және өндіріс жетістіктеріне негізделіп, нақты тәжірибелік ұсыныстар, кешендік, функционалдық сипаттағы басқару міндеттерін өз бетінше шешуінен куәләндыратын мәлімет болуы (кәсіби магистратурада);

– компьютерлік технологияны қолдана отырып қазіргі заманғы мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау әдістеріне сүйенуі;

– ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістері мен алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;

– ғылыми зерттеулер/эксперименталдық-зерттеулердің болуы;

– сәйкес білім облысындағы халықаралық тәжірибеге негізделуі [3].