Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

садк эк

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
36.74 Кб
Скачать

тақырыбы Сауда кәсіпорынының еңбек ресурстары

Мазмұны:

Кіріспе

І. Кәсіпорынның еңбек ресурстары.

ІІ. Персоналдың сандық, сапалық және құрылымдық сипаттамалары

ІІІ. Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері

Қорытыныды

Адамзат қоғамын зерттеудегі экономика теориясы, адамның бір мезгілде экономикалық игіліктер өндіруші әрі тұтынушы болып табылатындығы туралы аса маңызды қағидаларды негізге алады. Адам техника мен технологияларды жасап қана қоймай, оны пайдалану әдістерін анықтайды. Өндірістің жаңа құралдары өз кезегінде еңбекті жаңартады.

Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік. Еңбек — жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну — тұтыну күшінің қызметі. Осыдан адамда еңбекке қабілеттілікті, сондай-ақ тұтынуға қабілеттікті калыптастыру қажеттілігі туады. Қазіргі экономика жүйесінде адам рөлін сипаттағанда бірқатар ұғымдар пайдаланылады: «экономикалық адам», «адам ресурстары», «адам капиталы», «кәсіпкер», «жұмыс күші», «өндірістің жеке факторы», «еңбек ресурстары» т.с.с.

Еңбек ресурсы – қызмет көрсету мен материалдық игілікті өндіру үшін физикалық және интеллектуалдық мүмкіншілігі бар мемлекет халқының жұмысқа қабілетті бөлігінен тұратын қоғамның негізгі өндірістік күші. Еңбек ресурсына жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыспен қамтылмаған және экономикаға қатысатын азаматтар жатады.

Еңбек ресурсын жұмысбастылар мен жұмыссыздардан тұратын экономикалық белсенді және экономикалық енжар халық деп бөлеміз.

Экономикалық белсенді халық – тауар мен қызмет өндірісі үшін жұмысшы күшінің ұсынысын қамтамасыз ететін халықтың бөлігі.

Жұмысбасты адамдар екі топқа бөлінеді:

I топқа – жалданып жұмыс істейтіндер (жалдамалы жұмысшылар) жатады. Осы топқа еңбек туралы келісімнің шартына сәйкес еңбек ақы төлеуді қамтамасыз ететін;

II топқа – жалданып жұмыс жасамайтындардың барлығы жатады. Бұл топқа: жұмыс берушілер, жеке негізде жұмыс жасайтын тұлғалар жатады. Осы топ жұмыскерлерінің еңбек ақысы тауар мен қызмет өндірісінен алынатын пайдаға байланысты болады.

Жұмыссыздарға ҚР-ның «Халықты еңбекпен қамту туралы» заңына сәйкес халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралып отырған кезең ішінде бір мезгілде үш негізгі критерийге жауап беретін адамдар жатады:

а) жұмыссыз болды (табысты жұмысы болмады);

ә) оны іздеумен белсенді айналысты;

б) белгілі бір кезең ішінде жұмысқа кірісуге әзір болды.

Осы аталған үш белгі «жұмыссыздық» ұғымын қалыптастырады және осы белгілердің біреуі жоқ болған жағдайда азаматты жұмыссыздарға жатқызуға болмайды.

Экономикалық енжар (әрекетсіз) халық - экономикалық тұрғыдан белсенді халықты өлшеу үшін белгіленген жастағы жұмыспен қамтылған немесе жұмыссыз болып табылмайтын адамдар.

Еңбек ресурсының құрылымдық көрсеткіштерін жеке-жеке қарастырайық.

Жынысы бойынша еңбек ресурсының көрсеткіштері кәсіби-салалық және аумақтық кескіндерде жұмысты ұсыну аясы бойынша жұмысбастылық құрылымын тиімді қалыптастыру үшін маңызы зор. Бұл көрсеткіш қоғамдық өндірістегі, үй және жеке шаруашылықтағы, оқудағы және т.б. салалардағы ерлер мен әйелдердің қатынасын анықтайды. Жынысы бойынша еңбек ресурсының құрылымы мемлекеттің аумағы мен жұмысбастылық аясы бойынша анықталады.

Жасы – жалпы халықтың ішінен еңбек ресурсын бөліп алу үшін қолданылатын көрсеткіш. Адамның физикалық және интеллектуалдық қабілеті осы критерий арқылы анықталады: адам өмірінің бастапқы кезеңі мен орта жасында олар қалыптасады және толықтырылады, ал қартаюына қарай азаяды.

Еңбек ресурсының білім көрсеткіші оқыту жылының орташа санымен, оқушылар мен студенттердің санымен, жоғарғы білімді мамандардың үлес салмағымен және т.б. анықталады. Білім деңгейі сауаттылық дәрежесін, оқу жылының орташа санымен, халықтың алған біліміне байланысты топтарға бөлумен сипатталады.

Қоғамдық топтар әртүрлі: кәсіби одақтар, жастар ұйымы, спорттық ұйымдар, мәдени, техникалық және ғылыми қоғамдар.

Кәсіпорын жұмысшыларының кәсіби құрылымы - өндіріс құралы мен жұмысшы күшінің тікелей біріккен жердегі кәсібі мен біліктілігінің қатынасы.

Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтылған халықты экономикалық саладағы қызмет түрлері бойынша бөлінеді.

Экономика мен басқару тәжірибесі мен ғылымда «еңбек ресурсы» ұғымынан басқа қоғамның, ұйымның, жеке жұмыскердің «еңбек әлеуеті» термині де қолданылады. Еңбек әлеуеті – анағұрлым көлемді, жан-жақты ұғым, өйткені оның негізін «әлеует» термині – белгілі-бір мақсатқа қол жеткізу, қандай-да бір міндеттерді шешу кезінде қолданатын, қозғалысқа келтіре алатын мүмкіншіліктер, қорлар, заттар көзі құрайды.

Қоғамның еңбек әлеуеті сандық және сапалық сипатта болады: еңбекке қабілетті халық саны; еңбекке қабілетті халықпен атқарылатын жұмыс уақытының саны; денсаулық жағдайы, қоғамның еңбекке қабілетті мүшелерінің дамуы мен физикалық қабілетсіздігі; біліми және біліктілік деңгейі; еңбекке қабілетті халықтың адамгершілік жағдайы.

«Еңбек ресурсы» ұғымы экономика саласындағы, өңіріндегі, мемлекет деңгейінде немесе кәсіпорында еңбекке қабілетті халыққа сипаттама беру ішін қолданылады. Ал жеке кәсіпорын шеңберінде анағұрлым жақын қолданылатын термин – персонал, яғни жұмыс жасайтын меншік иелері мен барлық жалдамалы жұмысшыларды қосқандағы кәсіпорынның жеке құрамы.

Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы болып жұмысшылардың саны мен құрылымы саналады.

Кәсіпорынның персонал саны оның өндірістік және басқару процесінің сипатына, күрделілігіне, еңбек сыйымдылығына, сондай-ақ, механизациялау, автоматизациялау, компьютеризациялау дәрежесіне байланысты болады. Бұл факторлар оның нормативтік (жоспарлық) мағынасын анықтайды. Персоналдың объективті сипаты болып тізімдік (іс жүзіндегі) саны, яғни сол кезеңде кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылар саны жатады.

Кәсіпорынның персонал құрылымы – жұмысшылардың бірқатар белгілері мен категориялары бойынша біріккен жеке топтарының жиынтығы. Олар, өндіріс процесіне қатысуына байланысты: өнеркәсіптік-өндірістік персонал – өндіріспен тікелей байланысты жұмысшылар және өнеркәсіптік емес персонал - өндіріспен және оған қызмет көрсетумен тікелей байланысы жоқ, әлеуметтік инфрақұрылымдағы (кәсіпорын балансындағы балалар бақшасындағы және медицина мекемелеріндегі жұмыскерлер) жатады.

Еңбек функциясының сипатына байланысты өнеркәсіптік-өндірістік персонал мынадай категорияларға жіктеледі:

-  жұмысшылар – бұл өндірістік және транспорттық қызмет көрсетумен немесе материалдық құндылықтың пайда болуымен тікелей байланысты жұмысшылар. Жұмысшылар негізгі (өнім өндірісімен тікелей байланысты) және көмекші (өндіріске қызмет көрсетумен байланысты) деп екіге жіктеледі;

-  мамандар - экономикалық, инженерлі-техникалық, заңдылық, әкімшілік және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жұмысшылар. Оларға: экономистер, инженерлер, технологтар, заңгерлер, кадр жөніндегі инспекторлар, бухгалтерлер және т.б. жатады.

-  қызметкерлер (техникалық атқарушылар) – қаржылық-есептік функцияларды, құжаттарды дайындау мен толтыратын, шаруашылық қызмет көрсететін және басқа да функцияларды жүзеге асыратын жұмысшылар. Оларға хатшылар, табельщиктер, кассирлер, экспедиторлар және т.б. жатады.

-  басшылар – кәсіпорынды басқару функцияларын жүзеге асыру. Басшыларды мынадай деңгейге бөлеміз: жоғарғы деңгей (жалпы кәсіпорын – басшы, жоғарғы басшы, басқарушы және оның орынбасарлары); орташа (негізгі құрылымдық бөлімшелердің басшылар – цехтардың, бөлімдердің басшылары, сондай-ақ, бас мамандар) және төменгі (арқарушы жұмысын орындаушылар – бюро, сектор, мастерлер басшысы).

Кәсіпорын персоналын осылайша категорияларға жіктеу нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

Қазір біздің қоғамымыздың дамуына байланысты басшылар лауазымына менеджер лауазымы жатқызылады. Менеджер кәсіпорын қызметін (жоғарғы деңгей), оның құрылымдық бөлімшелерін (орта деңгей) немесе бизнес аясында белгілі-бір қызметті (төменгі деңгей) басқаруды жүзеге асырады. Төменгі деңгейдегі менеджерлер шағын және орта кәсіпкерліктің даму жағдайында осы қызметті ұйымдастырушылар болып табылады.

Кәсіпорын персоналы немесе кадрлар құрамы сандық және сапалық көрсеткіштерден тұрады.

Еңбек ресурсының сандық сипаттамасына мынадай көрсеткіштер жатады:

1)    жұмысшылардың тізімдік саны;

2)    жұмысшылардың келу тізімі;

3)    жұмысшылардың орташа тізімдік саны.

Жұмысшылардың тізімдік саны - белгілі бір датаға жұмысқа қабылданғандар мен шығарылғандар саны тізім бойынша анықталады.

Жұмысшылардың келу тізімі – белгілі бір күнге жұмысқа келген жұмысшылар саны. Келу және тізімдік құрам арасындағы айырмашылық күндік тұрып қалу санын (отпуск, ауыруы, іс сапары) сипаттайды.

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны – белгілі бір кезең ішінде (ай, тоқсан, жыл) жұмысшылардың орташа тізімдік санын анықтау үшін қолданылады. Ол еңбек өнімділігін, орташа еңбек ақыны, айналым коэффициентін, кадрлар ағымдылығын және де басқа бірқатар көрсеткіштерді анықтау үшін қолданылады.

Кадрлардың сапалық көрсеткіші жұмысты кәсіби және білікті атқаруына байланысты.

Кадрлардың айналымы, тұрақтылығы және ағымдылығы сәйкес коэффициенттермен сипатталады:

1)    Карлардың жалпы айналым коэффициенті (Кж) – белгілі кезең ішіндегі жұмысшылардың орташа тізімдік санының сол кезеңдегі жұмысқа қабылданған және шыққан жұмысшылар санының қатынасына тең.

Кж = (Жқ + Жш) / Ж (8.1)

Мұндағы, Жқ – белгілі кезеңдегі жұмысқа қабылданған жұмысшылар;

Жш – сол кезеңдегі жұмыстан шыққан жұмысшылар саны;

Ж – сол кезеңдегі жұмысшылардың орташа тізімдік саны.

- кадрлардың жұмыстан шығу коэффициенті (Кш) – белгілі кезең ішіндегі жұмысшылардың орташа тізімдік санының сол кезең аралығында әртүрлі себептер бойынша жалпы жұмыстан шыққан жұмысшылар санына қатынасына тең.

Кш = Жш / Ж (8.2)

- жұмысқа қабылдау коэффициенті (Кқ) - белгілі кезең ішіндегі жұмысшылардың орташа тізімдік санының сол кезең аралығында жұмысқа қабылданған жұмысшылар санына қатынасымен анықталады.

Кқ = Жқ / Ж (8.3)

- кадрлардың тұрақтылық коэффициенті (Кт) – есептегі кезеңдегі жұмысшылардың орташа тізімдік санының сол кезең ішінде толық жұмыс істеген жұмысшылар санына қатынасымен анықталады.

Кт = 1- (Жш / Ж) (8.4)

2)    Кадрлардың ағымдылық коэффициенті (Ка) - есептегі кезеңдегі жұмысшылардың орташа тізімдік санының сол кезең ішінде жоспардан тыс белгілері бойынша жұмыстан шыққан немесе қуылған (өз еркімен немесе еңбек тәртібін бұзғаны үшін) жұмысшылар санына қатынасымен анықталады.

Ка = Жқуыл / Ж (8.5)

3)    Негізгі жұмысшылар санының коэффициенті (Кнег) мына формуламен анықталады:

Кнег = 1- (Жкөм / Ж) (8.6)

Мұндағы, Жкөм – кәсіпорынның, цехтың, учаскенің көмекші жұмысшыларының орташа тізімдік саны.

Өнеркәсіптік-өндірістік персонал саны (Жөө) – кәсіпорында өндіспен айналысатын барлық жұмыскерлер санынан тұрады.

Жөө = Жнег + Жкөм + Жқыз (ккп) + Жкүз (8.7)

Мұндағы, Жнег – кәсіпорынның өндіріспен айналысатын негізгі жұмыскерлері;

Жкөм – кәсіпорынның өндіріспен айналысатын көмекші жұмыскерлері;

Жқыз (ккп) – кәсіпорынның өндіріспен байланысты қызметкері (кіші қызмет көрсетуші персонал);

Жкүз - кәсіпорынның өндірістегі күзетшілері.

Еңбек өнімділігі – еңбек өнімін өндіру жағынан адам қызметінің жемісінің нәтижесін көрсететін (материалдық және рухани игілік) экономикалық категория.

Еңбек өнімділігі өнімділік пен еңбек сыйымдылығының көрсеткіштер жүйесімен анықталады: өнімділік - атқарылған жұмыс көлемін (шығарылған өнім) жұмысшылар санына (еңбек шығыны) бөлу арқылы, ал еңбек сыйымдылығы – еңбек шығынын (жұмысшылар санын) жұмыс көлеміне (өнім) бөлу арқылы анықталады. Жұмыс көлемінің (өнімнің) мәліметтері науралды бірлікте (килограмм, литр, тонна, дана және т.б.), натуралды-шарттық бірлікте (15-күштік тракторлар, мың шарттық банка және т.б.), еңбектік және құндық көріністе болады.

Жалпы түрде өнімділік (Өі) пен еңбек сыйымдылығы (Еі) мына формулалармен анықталады

Өі = Σ Кі / Ж; Еі = Ж / Σ Кі немесе Еі = 1 / Өі (8.8)

Мұндағы Кі – жұмыс түрінің көлемі.

Еңбек өнімділігіне кәсіпорынға қатысты ішкі және сыртқы болып бөлінетін факторлар әсер етеді.

Сыртқы факторлар:

1)    табиғи – табиғаттың қиын кездерінде (тұман, ыстық, суық, ылғал) еңбек өнімділі төмендейді;

2)    саяси – мемлекеттің ыңғайына байланысты капитал жинағы жұмысшылар қолында, ал ол өз кезегінде еңбекке деген немқұрайлықты тудырады;

3)    жалпыэкономикалық – несиелік, салық саясаты, рұқсаттар (лицензия) мен квота жүйесі, кәсіпкерлік еркіндік және т.б.

Ішкі факторлар:

1)    өнім, жұмыс және қызмет өндірісінің құрылымы мен көлемінің өзгеруі;

2)    өндірісте ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану;

3)    өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру;

4)    жұмысшыларға әлеуметтік қызмет көрсету мен ынталандыру жүйесін жетілдіру.

Жалақы. Еңбек нарығы басқа өндірістік ресурстар нарығына қарағанда тиімді, себебі мүнда адамдардың қабілеттілігі тауар болып саналады. Егер де кез келген тауар белгісіз себептерге байланысты өтпей қалса, тауар иесі құнын біреу сатып алғанша түсіреді. Бірақ, басқа тауарлармен салыстырғанда еңбек бағасының ең төменгі деңгейі бар. Басқа сөзбен айтқанда жүмысшы өзінің еңбек ақысын еңбегіне қарай алуы тиіс.

Еңбекақы — кәсіпорындар мен мекемелерге жалдамалы жұмысқа келетін қызметкерлерге еңбегі үшін материалдық сыйақы (жасалған және өткізілген өнімнің, қызмет құнының бөлігі) түрі. Кәсіподақтар — кәсіптік мүдделері ортақ аза- маттар ерікті түрде құратын еңбек заңын қорғау мақсатындағы қоғамдық бірлестіктер. Жұмысқа жалға алу тура- л ы келісімшарт бойынша ол адам келісілген уақыт бойы кәсіпорында (мекемеде) жұмыс істеуі тиіс, ал кәсіпкер оның еңбегінің орнына белгіленген ақша сомасын төлейді. Осыған байланысты жалаңы еңбек үшін тауар түріндегі баға ретінде түсіндіріледі.

Жалақының мөлшері әлеуметтік-өндірістік факторларға байланысты. Біріншіден, жалақы жұмыс күшін — адамның еңбекке деген қабілетін қалыпты түрде молайту үшін ңажетті тіршілік ету құралдарының (игіліктер) қүнын есепке ала отырып, белгіленеді. Мемлекет заңнамада белгіленген тәртіппен ең төменгі білікті қызметкерлерге күнкөріс деңгейіне (адамның тіршілік етуінің ең төменгі қажеттіліктерін ңанағаттандыру үшін талап етілетін тауарлар мен қызметтер жиынтығы) сәйкес еңбекақы төлеу мөлшерін белгілейді. Екіншіден, жалақының мөлшері қызметкерлердің біліктілігіне байла-нысты болады. Кәсіпорындарда жалақы мөлшері мен ңызметкердің біліктілігі, орындайтын жұмысының күрделілігі арасында тікелей байланыс белгіленеді.

Үшіншіден, жалақының мөлшері халықтың өмір сүруінің экономикалық және әлеуметтік жағдайлары дамуы деңгейіндегі ұлттың ерекшеліктерді бейнелейді. Мәселен, 1992 жылы сағат бойынша жалақы АҚШ-тағы сағат бойынша жалақы мөлшеріне қатысты (қабылданған 100% үшін) Мексикада — 22%, Грекияда — 43, Испанияда — 57% құрады. Төртіншіден, еңбек үшін сыйақы мөлшеріне еңбек нарығындағы сұраныс және ұсыныс елеулі ықпал етеді. Соңғы он жыл ішінде еңбек нарығында орта және жоғары кәсіби білімдері, компьютерлік техниканы пайдалану дағдылары бар жөне ғылыми-техникалық жетістіктерге қол жеткізген қызметкерлерге сүраныс өсіп отыр.

Ал біліктілігі төмен қызметкерлерге сүраныс төмендеуде. Жалақының екі түрі бар: уақыт бойынша, еңбек үшін сыйаңы істелген жұмыс уақытына (бір сағат, күн, апта, ай) байланысты болады, кесімді, мұнда жалаңы дайындаған бүйымдар санының ұлғаюына қарай өсетін болады.

Еңбек ресурстары Қазақстанда маңызды рөл атқарады. XX ғасыр соңында, яғни, 90 жылдардың бас кезінде Кеңес Одағы ыдыраған шақта Қазақстан Республикасында экономикалық құлдырау басталды. Халық алдында не күтіп тұрғанынан беймәлім еді. Бұл Қазақстанда миграцияны туғызды. Адамдар өздерінің тарихи мекендеріне : немістер — Германияға, орыстар — Ресейге қоныс аударды. Миграция нәтижесінде Қазақстан өзінің көптеген мамандарынан айрылды, бірінші кезекте еңбек нарығындағы бәсекелестікке төтеп беретін жоғары біліктілікті мамандығы және кәсібі бар мамандар кетті. Осы уақытта Қазақстанда әр түрлі бағыттағы мамандарды дайындайтын оқу орындарының саны өсті. Көптеген адамдар тез арада өзгеріп отырған еңбек жағдайына байланысты мамандығын өзгертуге мәжбүр болды. Өкінішке орай, 90 жылдың басында жоғары білікті мамандар экономиканың күйреуіне және мекемелердің жабылуына байланысты жұмыссыз қалды. Бұл еліміздегі миграцияның күшеюіне әкеліп соқты. Кәсіпкерлік күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмірге келді. 1992 — 1993 ж.ж. 40%-дан астам шағын кәсіпкерліктер құрылды. Шағын кәсіпорындардың 38%-ы 1994 — 1995 ж.ж. жұмысын бастады.

Қортындылай келе Қазақстан Респуьликасының халықты еңбекпен қамту бойыншы соңғы статистикалық мәліметпен таныстырмақпын. Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау және Әлеуметтік Даму Министрлігінің жеке сайытында (http://www.mzsr.gov.kz) төмендегі мәләметтер көрсетілген.

2015 жылдың шілде айының 1 күніне Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері Облыстық  және Алматы, Астана қалалық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарма-ларынан алынған мәліметтер бойынша 2015 жылдың  қаңтар-маусым айларында еңбек делдалдымен 188,2 мың адам хабарласқан. Осы санның  49 пайызы немесе  91,6 мың адам ауыл тұрғындары.

2015 жылдың шілде айының 1 күніне жұмыспен қамту мекемелерінде тіркелгендің саны 59,9 мың адамды құрайды, соның ішінде 51 пайызы немесе 30,5 мың адам ауыл тұрғындары. Жұмыссыздар санының 60,8 пайызы немесе 36,4 мың адам - әйелдер, 30 пайызы немесе  17,7 мың адам 16-29 аралығындағы жастар.

Жұмыспен қамту бөлімшелерінің еңбек делдалдығымен 106,3 мың адам жұмыспен қамтылды немесе оның үлесі барлық хабарласқан азаматтардың санының 56,5 пайызын кұрайды. Осы санның  әлеуметтік жұмыс орындарына – 10,7 мың жұмыссыздар,  «жастар тәжирбиесі» бойынша 5,7 мың оқу бітірген түлектер жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылғандардың 50,2 пайызы немесе 53,4 мың адамы ауыл тұрғындары.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында  54,4 мың адам, яғни жұмыспен қамту бөлімшелеріне өтініш жасаған барлық азаматтардың 29 пайызы, қоғамдық жұмыстарға қатынасты. Соның ішінде ауыл тұрғындары 32,8 мың адам яғни 60,1 пайыз.  Қоғамдық жұмыстарға бағытталған азаматтардың ішінде 36,4 пайызы елді мекендер, қалалар, кәсіпорындар аймақ жерін жинастыру үшін тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтарына көмекке жіберілді. 28 пайыздан көбі аймақтық экологиялық сауықтыру, көгалдандыру қызметтеріне қатынасты.

2015 жылдың екінші тоқсанында жұмыссыздардың саны 445 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі – 4,9 пайызда құрады, 2014 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда, осы көрсеткіш 13,4 мың адамға, ал жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайызға азайған.

ҚР ҰЭМ статистика комитетінен алынған мәліметтер бойынша экономикалық белсенді халықтың саны 2015 жылдың екінші тоқсанда 2014 жылдың екінші тоқсанындағы көрсеткіштерімен салыстырғанда 130,1 мың адамға (немесе 1,4 пайыз) көбейіп 9005,4 мың адамды құрады, жұмыспен қамтылғандар саны 8560,4 мың адам немесе 1,1 пайызға кеміген.

1 – кесие 2015 ж шілде 1 күніне еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері

№ п/п

 

Өтініш берген азаматтардың саны,

мың адам

Жұмыссыздықтан әлеуметтік  шараларымен қамтылған  азаматтардың саны,  барлығы оның ішінде: мың адам 

Есепті кезеңнің соңына есепте   тұрған азаматтардың саны, барлығы 

(мың адам)

ЭБХ**, -тан

тіркелген жұмыссыздың

үлесі

%

 

2014 ж.

2 тоқсанында

жұмыссыздық деңгейі,%

 (СК*алыңған мәләмет бойынша)

Жұмысқа орналастырыл-ғандар

Қоғамдық жұмысқа қатысқандар

Кәсіби даярлауға, қайта даярлауға,

 біліктілікті арттыруға жіберілгендер

барлығы

әлеумет- тік жұмыс орын-дарына

жастар тәжірибе сі шеңберінде

құрылған жұмыс орындарына 

 

Қазақстан

188.2

106.3

10.7

5.7

54.4

6.8

59,9

0,7

4,9

1

Ақмола

5.9

3.8

0.1

0.1

2.3

0.1

1.8

0.4

4.9

2

Ақтөбе

10.4

6.9

1.2

0.6

2.4

0.1

1.3

0.3

4.9

3

Алматы

18.1

12.7

0.8

0.6

5.6

1.0

3.8

0.4

4.7

4

Атырау

7.0

2.6

0.3

0.2

3.5

0.4

5.4

1.8

4.9

5

Шығыс Қазақстан

17.9

11.7

0.9

0.5

5.8

1.1

5.2

0.7

4.8

6

Жамбыл

11.4

9.3

1.0

1.0

2.4

0.3

3.7

0.7

4.9

7

Батыс Қазақстан

9.6

4.3

0.8

0.3

4.4

0.4

2.8

0.8

4.9

8

Қарағанды

22.3

15.5

0.7

0.2

4.5

0.9

5.3

0.7

5.0

9

Қостанай

9.5

6.5

0.8

0.2

2.7

0.2

2.6

0.5

4.9

10

Қызылорда

14.4

5.3

0.4

0.4

4.7

0.3

4.4

1.2

5.0

12

Павлодар

9.9

6.6

1.4

0.1

2.5

0.5

2.6

0.6

4.8

13

Солтүстік  Казақстан

8.0

5.7

0.6

0.2

3.1

0.4

1.6

0.5

4.9

14

Оңтүстік Қазақстан

23.1

5.2

-

-

5.2

-

11.7

0.9

5.1

15

Алматы

7.0

4.6

0.8

0.3

1.3

0.7

2.0

0.2

5.2

16

Астана

5.2

2.6

0.1

0.2

2.2

0.3

2.3

0.5

4.9