Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

§ 1. Мүліктік табыс

 

180-бап. Мүліктік табыс

1. Салық төлеушінің салық салуға жататын мүліктік табысына:

1) мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыс;

2) салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті жалға беруден алынған табыс жатады.

2. Мына мүліктерді:

1) меншік құқығында меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан аз уақыт болған тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;

2) меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, саяжай құрылысы, гараж салу үшiн берiлген жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн;

3) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бiр жылдан аз уақытты құраса, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бау-бақша, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген мақсаттар үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

5) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлестерін;

6) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;

7) меншік құқығында меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан аз уақыт болған, мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді өткізу кезіндегі құн өсімі мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыс болып табылады.

Сенім білдірілген адам механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен айыруға құқық беретін басқару сенімхаты негізінде алған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген жағдайда мүліктік табысты айқындау үшін көлік құралының иесіне осы көлік құралының өткізілу құнын хабарлайды немесе көлік құралы иесінің атынан жеке табыс салығын төлеуді жүргізеді, бұл көлік құралы иесінің салықтық міндеттемесін орындау болып табылады.

Сенім білдірілген адам механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен айыруға құқық беретін басқару сенімхаты негізінде алған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген кезде құн өсімі сенім білдірілген адамның меншік иесі атынан осы көлік құралын өткізу құны мен өткізілген көлік құралының меншік иесі сатып алған құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма, бағалы қағаздар мен қатысу үлестерін қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.

Сатып алу құны болмаған кезде мүлікті өткізу құны мен өткізілетін мүлікке меншік құқығы туындау кезіндегі нарықтық құн арасындағы оң айырма құн өсімі болып табылады.

4. Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi өткiзу кезiнде мүлiктi өткiзу құны мен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беру жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi өткiзу кезiнде мүлiктi өткiзу құны мен салық төлеушi тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.

5. Меншік құқығы туындау кезінде осы баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген өткізілген мүліктің нарықтық құнын салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс.

Осы тармақтың мақсаты үшін Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.

6. Осы баптың 5-тармағында көрсетiлген өткiзiлген мүлiктiң нарықтық құны болмаған жағдайда:

1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген мүлiк үшiн – мүлiктi өткiзу құны мен мүлiктiк бағалау құны арасындағы оң айырма құнның өсiмi болып табылады. Бұл ретте, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган өткiзiлген мүлiкке меншiк құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына қарай мүлiк салығын есептеу үшiн айқындаған құн бағалау құны болып табылады;

2) осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген мүлiк үшiн – осындай мүлiктi өткiзу құны құнның өсiмi болып табылады.

7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бағалы қағаздарды және қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 87-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалады.

8. Өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімі болып табылады. Сатып алу құны опционды орындау бағасын және опционды сатып алу жөніндегі шығындарды қамтиды.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]