Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

Құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі

 

193-бап. Төлем көзінен табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі

1. Қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстiң 192-бабында айқындалған табыстарына шегерiмдер жүзеге асырылмай, төлем көзiнен табыс салығы салынады.

Бұл ретте төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығының сомасын салық агентi осы Кодекстiң 192-бабында көрсетiлген, төлем көзiнен салық салынатын табыстардың сомасына осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы есептейдi.

2. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табысты төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емес заңды тұлғаға табысын төлеу кезінде ұстайды.

3. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емеске табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға:

1) дара кәсіпкерге;

2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға;

3) заңды тұлғаға, оның iшiнде Қазақстан Респуб­ликасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледi.

Бұл ретте резидент емес заңды тұлға оның филиалы, өкiлдiгi немесе филиал немесе өкiлдiк ашпаған тұрақты мекемесi Қазақстан Республикасының салық органдарында тiркеу есебiне қойылған күннен бастап салық агентi болып танылады;

4) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің резидент эмитентіне жүктеледі.

4. Қолма-қол және (нeмece) қолма-қол емес түрде ақшаны, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды, мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарды төлеу бойынша резидент еместің алдындағы берешекті өтеу есебінен жүргізілетін борышты талап етуді есептен шығару немесе есебіне жатқызу табысты төлеу деп түсініледі.

5. Мыналар:

1) сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізуге байланысты төлемдер;

2) резидент банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу және солар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы eceп айырысуларды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;

3) бiр мезгiлде мынадай:

акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иелену;

дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның немесе кон­сор­циумының жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлес­терi) құнының 50 және одан да көп процентi диви­денд­тердi төлеу күнi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер салық салуға жатпайды.

Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:

акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;

заңды тұлға оның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi;

заңды тұлғаны таратқан кезде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады;

4) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша, оларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кездегі табыстар;

5) осындай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

6) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

7) осы Кодекстің 197-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

8) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

9) осы Кодекстің 216-бабында көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның шартты банктік салымдары бойынша сыйақылары;

10) біртұтас құбыр жүйесі арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тасымалданатын шикі мұнайды өткізу сапасы бойынша құнды түзетуге байланысты төлемдер;

11) резидент сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомасы;

12) халықаралық қаржы лизингі шарттары бойынша негізгі құралдарды қаржы лизингіне беруден түсетін табыстар;

13) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар салық салуға жатпайды.

6. Резидент емес заңды тұлғаның өз табыстарын үшінші тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегі өз бөлімшелерінің пайдасына жұмсауына қарамастан, осы резидент еместің табыстарына төлем көзінен салық салынады.

 

194-бап. Төлем көзінен табыс салығының ставкалары

Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары мынадай ставкалар бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:

1) осы баптың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстар –15 процент;

2) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген табыстар – 20 процент;

3) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 15 процент;

4) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 5 процент;

5) халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар – 5 процент;

6) құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти –15 процент.

 

195-бап. Төлем көзінен табыс салығын аударудың тәртібі

мен мерзімдері

1. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығын салық агенті бюджетке:

1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгеннен басқа жағдайда, есебіне жазылған және төленген табыс сомасы бойынша – табысты төлеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша оны төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей;

2) есебіне жазылған, бірақ шегерімге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша – резидент еместің шегерімге жатқызылған табыстары есепті салық кезеңінің отыз бірінші желтоқсанындағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей аударуға тиіс.

Осы тармақшаның ережелері өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;

3) алдын ала төленген төлем бойынша – табысты есептеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша резидент еместің табысы есебіне жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей аударуға тиіс.

2. Егер резидент еместің табысының есептелген сомасы ағымдағы салық кезеңінде шегерімге жатқызылған болса, бірақ бұл ретте резидент емеске мұндай табысты төлеу келесі салық кезеңдерінде жүргізілсе, онда төлем көзінен табыс салығын салық агенті осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударуға тиіс.

3. Төлем көзінен табыс салығының сомасын резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан бюджетке аударуды салық агенті өзі орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзінен табыс салығының сомасын резидент еместің табыстарынан бюджетке аударуды өзінің тұрақты мекемесі орналасқан жер бойынша жүргізеді.

 

196-бап. Салық есептілігін табыс ету

Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзімде:

1) төлем көзінен табыс салығын ұстау жөніндегі міндеттеме туындаған есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей;

2) резидент еместің есебіне жазылған, бірақ төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.

Бұл ретте есепті салық кезеңінің 31 желтоқсаны резидент еместің есебіне жазылған, бірақ төленбеген табыстарын шегерімге жатқызу күні болып танылады.

 

197-бап. Қазақстан Республикасындағы мүлiктi және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстардан салықты есептеу, ұстау және аудару

1. Осы бап мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке құқық немесе мүлiкпен жасалатын мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жататын мүлiктi;

2) Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жататын мүлiктi;

3) резидент шығарған акцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе қатысушысы (қатысушылары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;

4) егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткiзу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құраса, резидент шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;

5) егер аталған резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткiзу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құраса, резидент емес шығарған акцияларды және резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде резидент еместiң құн өсiмiнен түсетiн табыстарына қолданылады.

Бұл ретте құн өсiмi осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес айқындалады.

1-1. Осы Кодекстiң осы бабы мен 133, 156, 193 және 201-баптарының мақсаттары үшiн жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) акцияларды (қатысу үлестерiн) өткiзу күнгi заңды тұлғаның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнындағы мүлiк үлесi оның (олардың) акцияларын (қатысу үлестерiн) заңды тұлға иеленетiн, акциялары (қатысу үлестерi) осындай заңды тұлға активтерiнiң жалпы құнына өткiзiлетiн Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкiнiң құны сомасының арақатынасы ретiнде айқындалады.

Осы Кодекстiң осы бабы мен 133, 156, 193 және 201-баптарының мақсаттары үшiн жер қойнауын пайда­ла­ну­шының (жер қойнауын пайдаланушылардың) қатысу үлес­терiн өткiзу күнгi консорциумға қатысу үлестерiнiң құ­нындағы мүлiк үлесi олардың акцияларын (қатысу үлестерiн) қатысу үлестерi өткiзiлетiн консорциумға қатысушылар иеленетiн Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкiнiң құны сомасының осындай қатысушылар активтерiнiң жалпы құны сомасына арақатынасы ретiнде айқындалады.

Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкiнiң құны:

акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлға иеленетiн, Қазақстан Республикасының осындай жер қойнауын пайдаланушысындағы қатысу үлесiнiң;

акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлға иеленетiн, Қазақстан Республикасының осындай жер қойнауын пайдаланушысы шығарған акциялардың баланстық құны болып танылады.

Акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлғаның барлық активтерiнiң баланстық құн сомасы осындай заңды тұлға активтерiнiң жалпы құны болып танылады.

Активтердiң баланстық құны акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлғаның немесе қатысу үлестерi өткiзiлетiн консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекiтiлген:

акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күнгi жеке қаржы есептiлiгiнiң;

акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күнi жеке қаржы есептiлiгi болмаған кезде акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күннiң алдындағы соңғы есептi күнгi жеке қаржы есептiлiгiнiң деректерi негiзiнде айқындалады.

Тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушыларының (жер қойнауын пайдаланушының) акцияларын (қатысу үлестерiн) ие­­ленетiн заңды тұлғаның немесе консорциумның ак­ция­ларын (қатысу үлестерiн) өткiзген кезде осы баптың осы тармағының және 1-тармағы 3) және 4) тармақшаларының ережелерiн қолданады.

Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн жер қойнауын пай­даланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) акцияларды (қатысу үлестерiн) өткiзу күнгi заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капи­талы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнындағы мүл­кiнiң үлесiн айқындау тәртiбiн Қазақстан Ре­спубликасының Үкiметi белгiлейдi.

2. Осы Кодекстің 193-бабының 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, резидент еместің осы баптың 1-тармағында көрсетілген табыстары осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставка бойынша төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.

3. Салық органы энергетика және минералдық ресурстарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органнан Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның мүлкіне байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәміле туралы мәлімет алған кезде осындай резидентке немесе консорциумға бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алушы туралы, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу бағасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, хабарлама жіберуге міндетті.

4. Акцияларды, қатысу үлестерін, жылжымайтын мүлікті өткізуші тұлға сатып алушыға - салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті.

Салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етпеген жағдайда, өткізу құны төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.

5. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік табысты төлейтін тұлғаға, оның ішінде резидент еместің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің болуына немесе болмауына қарамастан, резидент емеске жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті болып танылады.

6. Салық агенті болып табылатын резидент емес осы Кодекстің 562-бабында белгілеген тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.

7. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табыс төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емеске табысты төлеу кезінде ұстайды.

8. Корпоративтік табыс салығының сомасын аударуды салық агенті осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімдерде резидент еместердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты табыс ете отырып, осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы салық агенті тіркеу есебіне алынған жердегі салық органына жүргізеді.

9. Салықты осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлға немесе консорциум салық агентінің қаражаты есебінен төлеуі мүмкін. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға немесе консорциум салықты осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімдерде резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты табыс ете отырып, осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы резидент заңды тұлға немесе консорциум орналасқан жердегі салық органына аударуға тиіс.

Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлғаға немесе консорциумға салық агенті аударған салық сомасы осындай резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның табысы болып танылмайды.

10. Салық агенті осы баптың 8 және 9-тармақтарын қолданбаған жағдайда, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлға немесе консорциум құн өсімінен түсетін табыстардан табыс салығын резидент емес үшін төлеуді осы баптың 9-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өз қаражаты есебінен дербес жүргізуге құқылы.

Бұл ретте резидент емес үшін төленген салық сомасы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның салық салынатын табысын айқындау кезінде шегерімге жатқызылмайды.

11. Салық агенті, осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлға немесе консорциум осы баптың 7 - 10-тармақтарындағы ережелерді қолданбаған жағдайда, салық берешегінің сомасы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлғадан немесе консорциумнан өндіріп алуға жатады.

12. Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлікті өткізу кезінде салық агенті резидент еместің құн өсімінен түсетін табысынан табыс салығын аудармаған немесе толық аудармаған жағдайда, салық берешегі жылжымайтын мүлікті осы Кодексте белгіленген тәртіппен өткізу есебінен өтеуге жатады.

 

24-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТІН ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

 

198-бап. Салық салынатын табысты анықтау

1. Егер осы Кодекстiң 200-бабында өзгеше белгiленбесе, резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, оның Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетiн табысынан корпоративтiк табыс салығын есептеу мен төлеу осы Ко­декстiң осы бабының және 83149-баптарының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.

2. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық табысын тұрақты мекеме қызметімен байланысты, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын) мынадай табыс түрлері:

1) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстар;

2) осы Кодекстің 85-бабының 1-тармағында көрсетілген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген табыстар;

3) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден, оның ішінде қызметшілер немесе басқа да жалданған персонал арқылы алған табыстар;

4) резидент емес заңды тұлғаның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің табыстарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан алатын осы резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе біртектес табыстары құрайды.

3. Резидент емес кәсіпкерлік қызметті өзінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесімен бірлесіп орындалатын бір жобаның немесе байланысты жобалардың шеңберінде Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де жүзеге асыратын жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс осындай тұрақты мекеменің табысы болып есептеледі. «Байланысты жобалар» ұғымы осы Кодекстің 191-бабының 2-тармағында айқындалған.

Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

4. Қазақстан Республикасындағы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі өндірген тауарларды резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан басқа құрылымдық бөлімшесі өткізетін жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс резидент емес заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемесінің табысы болып есептеледі.

Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

5. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстарды алумен тікелей байланысты шығыстар олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде жұмсалғанына қарамастан шегерімге жатады.

6. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемеге:

1) осы резидент емес заңды тұлғаның меншігін немесе зияткерлік меншігін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін роялти, гонорарлар, алымдар және басқа да төлемдер;

2) резидент емес заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне көрсеткен қызметтері үшін табыстар;

3) осы резидент емес заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне берген қарыздары бойынша сыйақылар;

4) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар;

5) құжатпен расталмаған шығыстар;

6) резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жұмсалған басқару және жалпыәкімшілік шығыстары ретінде табыс етілген соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқығы жоқ.

 

199-бап. Таза табысқа салық салу тәртібі

1. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысына 15 проценттік ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынады.

Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы алып тасталған, осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыс таза табыс деп танылады.

2. Таза табысқа корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.

3. Резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы қызметінен түсетін таза табысына корпоративтік табыс салығын төлеуді корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде жүргізуге міндетті.

 

200-бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртiбi

1. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Рес­публикасының аумағында тұрақты мекемесi бiреуден артық болған жағдайда резидент емес корпоративтiк табыс салығын осы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерiнiң бiрi арқылы оның тұрақты мекемелерiнiң тобы бойынша жиынтық түрде төлеуге құқылы.

Бұл ретте резидент емес заңды тұлға есептi салық кезеңiнiң алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешiктiрмей:

1) уәкiлеттi органды – тұрақты мекемелердiң қайсысы корпоративтiк табыс салығын есептеудi және төлеудi жүргiзетiнi туралы;

2) тұрақты мекемелерi орналасқан жердегi салық органдарын – таңдап алынған тұрақты мекеме өзiнiң барлық тұрақты мекемелерi бойынша бюджетке салық төлеудi жүргiзетiнi туралы жазбаша нысанда хабардар етуге тиiс.

Бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салы­ғының сомасы мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерiнiң салық салынатын табыстарының жиынтығынан есептеледi.

Бұл ретте таңдап алынған тұрақты мекеме өзiнiң орналасқан жерi бойынша резидент емес заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемелерiнiң бүкiл тобы бойынша корпоративтiк табыс салығы бойынша жалпы декларацияны табыс етуге тиiс.

2. Осы Кодекстiң 198-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында және 3-тармағында көрсетiлген табыстарды төлеудi жүзеге асыратын салық агентi бiр мезгiлде:

1) резидент емес заңды тұлғаның филиалымен, өкiлдiгiмен, Қазақстан Республикасындағы қызметiн филиал, өкiлдiк ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғамен жасалған келiсiмшарт болмаған;

2) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша филиал, өкiлдiк ашпай резидент емес заңды тұлғаның филиалы, өкiлдiгi, тұрақты мекемесi жазып берген шот-фактура болмаған жағдайларда көрсетiлген табыстардан табыс салығын есептеудi, ұстауды және аударуды осы Кодекстiң 194-бабының 1) тармақшасында белгiленген ставка бойынша шегерiмдердi жүзеге асырмай жүргiзедi.

Салық агентi резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзiнен ұстаған табыс салығы аталған резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесiнiң салық мiндеттемелерiн өтеу шотына есепке алуға жатқызылады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме құрылған күннен бастап корпоративтiк табыс салығын осы Кодекстiң 198 және 199-баптарына сәйкес ретроспективтi тәртiппен есептейдi және тұрақты мекеменiң орналасқан жерi бойынша салық органына көрсетiлген табыстарды қоса отырып, корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс етедi.

Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтiк табыс салығының сомасы осы тармаққа сәйкес осындай резидент емес заңды тұлғаның табысынан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасына азайтылады. Азайту салық агентiнiң салықты ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде жүргiзiледi.

Осы тармаққа сәйкес резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасы мен Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтiк табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма қоса алғандағы келесi он салық кезеңiне ауыстырылады және осы салық кезеңдерiнiң бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын бiртiндеп азайтады.

 

25-тарау. РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

 

201-бап. Төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және

аудару тәртібі

1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағында айқындалған табыстарына осы Кодекстің 194-бабында көрсетілген ставкалар бойынша төлем көзінен табыс салығы салық шегерімдері жүзеге асырылмай салынады.

Бұл ретте резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды салық агенті осы бапта және осы Кодекстің 195-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.

2. Осы баптың ережелеріне қарамастан, осы баптың 8-тармағының 9), 10) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстің 197-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстарынан төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару осы Кодекстің 197-бабына сәйкес жүргізіледі.

3. Осы Кодекстің 163 - 165-баптарында айқындалған табыстарды қоса алғанда, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18) - 22) тармақшаларында айқындалған резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмай, осы Кодекстің 161, 167-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.

4. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табысты төлеудің нысаны мен орнына қарамастан, осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаға табысты төлеу кезінде ұстайды.

5. Осы Кодекстің 191-бабының 10-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместің жұмысы үшін берілген шетелдік персоналдың табысынан төлем көзінен жеке табыс салығын ұстауды салық агенті персоналды берген резидент емес заңды тұлғаға табысты төлеу кезінде жүргізеді. Бұл ретте мұндай шетелдік персоналдың табысынан төлем көзінен жеке табыс салығын есептеуді және аударуды салық агенті ай сайын осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімдерде жүргізеді.

6. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емеске табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға:

1) дара кәсіпкерге;

2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға;

3) заңды тұлғаға, оның iшiнде Қазақстан Респуб­ликасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледi.

Бұл ретте резидент емес заңды тұлға оның филиалы, өкiлдiгi немесе филиал немесе өкiлдiк ашпаған тұрақты мекемесi Қазақстан Республикасының салық органдарында тiркеу есебiне қойылған күннен бастап салық агентi болып танылады;

4) заңды тұлғаға, оның ішінде осы Кодекстің 191-бабының 10-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын резидент емес оған шетелдік персоналды берген, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске;

5) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің резидент эмитентіне жүктеледі.

7. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан төлем көзінен табыс салығының сомасын бюджетке аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан төлем көзінен табыс салығының сомаларын бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргізеді.

8. Мыналар:

1) банктік депозиттер бойынша сыйақылар;

2) сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды жеткізуге байланысты төлемдер;

3) резиденттер сатып алушылар төлеген, борыштық бағалы қағаздарды сатып алу кезінде жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомасы;

4) бiр мезгiлде мынадай:

акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иелену;

дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның немесе консорциумының жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi дивидендтердi төлеу күнi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер салық салуға жатпайды.

Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:

акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;

заңды тұлға оның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi;

заңды тұлғаны таратқан кезде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады;

5) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайларын осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кезде солар бойынша табыстар;

6) мұндай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

7) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

8) осы Кодекстің 197-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

9) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының немесе шетелдік қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

10) меншік құқығын тіркеген кезден бастап бір жылдан астам уақыт меншік құқығында болған тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

11) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;

12) ислам банкінде орналастырылған инвести­ция­­лық депозит бойынша табыс салық салуға жатпайды.

 

202-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ

резидент емес заңды тұлғаның шетелдік қызметкерлерінің

табыстарына салық салу тәртібі

1. Осы баптың ережелері, егер осы Кодекстің 201-бабының 5-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 163 - 165-баптарында айқындалған табыстарды қоса алғанда, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 20), 21) тармақшаларында айқындалған резидент емес жеке тұлғаның табыстарына салық салуға қолданылады. Бұл ретте осы баптың ережелері бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:

1) резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ резидент емес заңды тұлғаның қызметкері болып табылса;

2) резидент емес жеке тұлға осы Кодекстің 189-бабының 2-тармағына сәйкес ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын деп танылса, қолданылады.

Егер резидент емес жеке тұлға ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын деп танылмаса, онда осы Кодекстің 163 - 165-баптарында көрсетілген табыстарды қоса алғанда, мұндай тұлғаның осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 20), 21) тармақшаларында көрсетілген табыстары салық салуға жатпайды.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емес заңды тұлға соның пайдасына жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін заңды тұлғаға (оның ішінде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске) жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті болып танылады.

3. Жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 158-бабында белгіленген ставка бойынша салық шегерімдері жүзеге асырылмай, резидент емес жеке тұлға мен резидент емес заңды тұлға арасында жасалған еңбек шартында (келісімшартта) көрсетілген резидент емес жеке тұлғаның табысынан жүргізіледі. Бұл ретте резидент емес заңды тұлға салық агентіне Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілген резидент емес жеке тұлғалармен жасалған жеке еңбек шарттарының (келісімшарттардың) нотариаттық куәландырылған көшірмелерін табыс етуге міндетті.

4. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан жеке табыс салығын бюджетке есептеуді және аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша әрбір айдың 25-інен кешіктірмей жүргізеді.

5. Төлем көзінен жеке табыс салығын салық агенті табыс төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емес заңды тұлғаға табысты төлеу кезінде ұстайды.

 

203-бап. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияны табыс ету

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияны салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімдерде табыс етеді.

 

204-бап. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына жекелеген  жағдайларда салық салу тәртібі

1. Осы баптың ережелері резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына қолданылады.

2. Резидент емес жеке тұлғаның осы баптың 1-тармағында көрсетілген табыстарынан жеке табыс салығын есептеу салық шегерімдері жүзеге асырылмай, табыстың есептелген сомасына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.

3. Жеке табыс салығын төлеуді резидент емес жеке тұлға салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей дербес жүргізеді.

4. Салық кезеңінің қорытындысы бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны резидент емес жеке тұлға өзі болатын (тұрғылықты) жердегі салық органына осы Кодекстің 205-бабында белгіленген мерзімнен кешіктірмей дербес табыс етеді.

 

205-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету

Жеке табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекске сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын табыстарды Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын резидент емес жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

 

26-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР БОЙЫНША

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]