Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_Халыыралы жеке ы 3-1.doc
Скачиваний:
186
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.82 Mб
Скачать

Дәріс 6: халықарылық есеп айырысу мен несиелеуді құқықтық реттеу

1. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖӘНЕ НЕСИЕ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

2. ТМД ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ

3. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚАТЫНАСТАРЫ

4. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ

Дәріс мақсаты: Халықаралық есеп айырысу мен несиелеуді құқықтық реттеу мәселесін сипаттау.

Дәріс міндеттері: 1. Есеп айырысу және несие қатынастарының түсінігін ашу.

2. ТМД және дүниежүзіндегі халықаралық есеп айырысуды сипаттау.

3. Есеп айырысу қатынастарын ашу.

4. Халықаралық несиелеудің түрлерін талдау.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Аккредитивы. Документарные инкассо. Банковские гарантий. М., 1993.

  2. Пебро М. Международно-экономические, валютные и финансовые отношения. М.: Прогресс, 1994.

  3. Расчетно-кредитные отношения. В кн.: Гражданское и торговое право капиталистических государств. М.: Международные отношения, 1993.

1. Ақылы шарттардың көбісі бойынша затты бергені, жұмысты атқарғаны, қызмет көрсеткені үшін жауап ретінде екінші тараптың ақша төлеу жөніндегі міндеті туындайды. Көп жағдайда олар жоғарыда аталған мақсаттарға немесе несиелеу үшін жеке, заңды тұлғалармен берілетін ақша қаражаттарын ауыстырумен айналысатын банктер, арнайы коммерциялық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, кейбір жағдайларда несиелеумен тікелей банктер айналысады. Осы кезде бірқатар құқықтық қатынастар туындайды, оларды жалпы түрде екі топқа бөлуге болады: 1) есеп айырысу құқықтық қатынастары; 2) несиелік құқықтық қатынастар. Олар өзара тығыз байланысты, сатып алу-сату, мүлікті жалға алу, мердігерлік, комиссия және т.б. шарттардан туындайтын басқа да ақша міндеттемелерін жүзеге асыру сияқты, екіншіден біріншісінсіз жүзеге асыру тәжірибе жүзінде техникалық жағынан мүмкін емес болады.

Егер есеп айырысу қатынастарын (міндеттемелерін) сипаттауға талпынатын болсақ, онда оларға заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттары арқылы ақша қозғалысының процесіне себепші болатын және оларды осы шоттарға орналастыру (қаражаттарды сақтау) тәртібін реттейтін құқықтық қатынастар жататындығын атап өтуге болады.

Бұл құқықтық қатынастардың ерекшелігі болып олардың жеке өзіндік экономикалық мазмұнға ие емес екендігі және тек сол немесе өзге бір құқықтық катынастарға қызмет көрсететіндігі табылады. Олардың экономикалық мазмұны туралы тек шартты түрде есеп айырысу құқықтық қатынастарының өмір сүруі мен жүзеге асырылуы банктік капиталдың қозғалысымен және оны пайдаланумен тығыз байланысты екенін еске ала отырып айтуға болады.

Олар қандай да бір косымша қатынастар (аксессуарлық міндеттемелер) нысанында құрастырылмайды, керісінше олар дербес құқықтық қатынастар (міндеттемелер) болып табылады. Бір жағдайларда олар ақша операциялары үшін алғышарт ғана болады, мысалы, оған банктік шот шарты жатады, ал басқа жағдайларда есеп айырысу қатынастары бір субъектілерден екіншілеріне сол немесе өзге бір негіздер бойынша, акша қаражаттарын алмастыруға тікелей бағытталады, мұндай есеп айырысу құқықтық катынастарына акша аудару туралы шарт жатады.

Қазіргі әлемде есеп айырысу қатынастарының маңызы өте үлкен болып табылады. Қолма-қол ақшамен есеп айырысудың маңызы кәсіпкерлік айналымда және коммерциялық емес заңды тұлғалар арасындағы есеп айырысуда тәжірибе жүзінде жоққа шығарылуда. Уақыт пен тәжірибе қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың қолайлы екенін көрсетті. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды пайдалануға заңды тұлғалар қаражаттарының қозғалысын тіркеудің, оларды пайдалануға салықтық бақылау жасаудың қазіргі тәсілдері негізделеді. Бұл салада ақшалардың қолма-қол емес айналымын реттеумен байланысты көп мөлшердегі императивтік нормалардың да көзделгенін атап өтуге болады.

Несиелік құқықтық қатынастар нарық қатысушыларында айналымға түсіретін құжаттарға, ақшаларға, шикізат пен материалдарға деген тұрақты қажеттіліктің болуымен байланысты туындайды. Екінші жағынан, еркін ақша капиталы бар (мысалы банктер) субъектілерде оны пайдалы мақсатқа пайдалануға мүдделі. Нарық қатысушыларының осындай қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін заем (өзге де несиелеу бойынша) қатынастарының нысаны қолданылады. Осылайша, несиелік құқықтық қатынастардың есеп айырысу құқықтық қатынастарынан өзіндік ерекшеліктері бар, олар, текті белгілермен анықталатын ақшаларды немесе заттарды, кейін қайтару шартымен, беруден көрініс табады. Мұндай міндеттемелердің зандық ерекшелігі - жеке белгілермен анықталатын шарттарға катысты туындайтындарға қарағанда, олар «түр жоғалмайды» кағидасын қолданумен заттың белгісі бойынша құрастырылатындығында.

Несиелеу әр аулан түрде жүргізілуі мүмкін. Ол орын алып отырған құқықтық қарым-қатынас аясында жүзеге асырылуы мүмкін, мысалы, несие беруші борышқорға оның ақшалай немесе өзге міндеттемесін орындауды кейінге калдыру мүмкіндігін бергенде несиелеудің мұндай нысаны коммерциялық несие атауына ие болған. Кейбір жағдайларда несие беруші борышқорға оның міндеттемесін орындауға қажет қаражаттарды алдын ала беріп қояды, мысалы тауарларды кейіннен оларды сатып алушыға беру мақсатымен сатып алу.

Басқа жағдайларда несиелеуге осы үшін арнайы бекітілетін шарт түрі беріледі. Оларға заем шарты, соның ішінде банктік заем (несие) шарты, банкілік салым шарты. Сонымен, несиелік құкықтық катынастарды несие берушінің қайтарымды немесе уақытша негізде қандай да бір игілікті (ақша, тектік белгілермен анықталатын заттар, міндеттемені орындау мерзімін кейінге қалдыру) борышқорға берумен байланысты қатынастар ретінде сипаттауға болады. Есеп айырысу құқықтық қатынастарына қарағанда, нссиелік қатынастар акшалай да, натуралды-заттық та сипатқа ие болуы мүмкін.

Есеп айырысу несиелік қатынастарды реттеудің айқын ерекшелігі бар. Ол мемлекеттің экономиканың осы маңызды аясын бақылаусыз қалдырмайтындығына және Қазакстан Республикасы Ұлттық Банкінің көмегімен біртұтас ақша несие саясатын жүргізетіндігіне негізделеді. Осыған орай есеп айырысу және несиелік құқықтық қатынастарды реттеу тек қана азаматтық құқық нормаларымен жүзеге асырылады. Мұны біз жоғарыда да атап өткенбіз.

Бұл реттеушілік сондай-ақ, мемлекеттің ақша және несие жүйесінің құрылымын, банкілік операциялардың жүзеге асырылу тәртібін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің белгіленген нормативтері бұзылғанда субъектілердің жауапкершілігін анықтайтын нормалар әрекетіне де негізделген. Сол себептен есеп айырысу несиелік қатынастарды реттеу үшін әкімшілік, қаржылық және басқа да құқық салаларының бірқатар заңды актілері қолданылады. Мысалы 30 наурыз 1995 ж. Қазақстан Республикасы Прсзидентінің заң күші бар «Қазақстан Республикасыныц Ұлттық Банкі туралы» Жарлығы кабылданған. 1 наурыз 2001 жылғы Қазақстан Республикасының «Банкілік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес аталған заңды акт Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы» Заңы ретінде әрекет етуде. Сондай-ақ, 31 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банкілік қызмет туралы» бұрынғы Жарлығы (қазір Қазақстан Республикасыныд заңы) әрекет етуде. Аталған екі заң да қабылдаған және күшіне енгізген сәттен бастап бірқатар өзгерістер мен толықтыруларға ұшырады. Оларда жария құкықтық нормалармен қатар, сондай-ақ, азаматтық-құқықтық маңызы бар нормалар да бар.

Жаңадан қабылданған Азаматтық кодекстің бұрын әрекет еткен ҚазССР-дің Азаматтық кодексінен мәнді ерекшелігі онда тұңғыш рет есеп айырысу несиелік қатынастарды жан-жақты реттейтін бірқатар нормалар көзделген.

Есеп айырысу және несиелік қатынастарды кешенді түрде реттейтін нормативті акт ретінде, сондай-ақ 28 маусым 1998 жылғы Қазақстан Республикасының «Төлемдер және ақша аударулары туралы» Заңын, өзгерістер мен толықтырулармен атауға болады. 28 сәуір 1997 жылғы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» Заңы да әрекет етуде.

Цивилистердің көпшілігі вексель құнды кағаз болып табылады деген позицияны ұстанғанына карамастан, біздің заңнама вексельді құнды кағаздар қатарынан шығарып тастады. Сондықтан қазір вексельді біржақты сөзсіз ақшалай міндеттемені білдіретін, нақты анықталған нысандағы төлем құжаты, яғни, есеп айырысу құралы деп түсінеді.

Есеп айырысу несиелік құқықтық қатынастарды реттейтін заңға сәйкес нормативтік актілері де бар. Мәселен, оларға Қазакстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылдайтын нормативтік актілерді жатқызуға болады. Қазіргі таңда мынадай заңға сәйкес актілер әрекет етуде: 5 желтоқсан 1998 жылғы №266 «Қазақстам Республикасының аумағында чектерді колдану» Ережелері; 21 сәуір 2000 жылы № 146 «Қазақстан Республикасында төлемдер мен аударуларды жүзеге асырған кезде электронды құжаттармен алмасу» Ережелері; 25 сәуір 2000 жылғы «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударуларын жүзеге асыру» Ережелері (оларға қазір бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген). «Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 25 сәуір 2000 жылы №195 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды жүргізу» Ережелері, «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасының 25 сәуір 2000 жылғы №178 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтермен операциялар жүргізу» Ережелері әрекет етуде. Соңғы қабылданған нормативтік актілердің қатарына «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының 25 қараша 2000 жылғы №433 қаулысымен бекітілген клиент пен оған қызмет көрсетуші банк арасында қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру» Ережелерін, «Қазакстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының 25 қараша 2000 жылғы №428 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері мен банкілік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында хат-хабар қатынастарын орнату» Ережелерін және басқа да нормативтік актілерді жатқызуға болады.

2. Қазақстандағы валюталық операциялар ретінде келесілер түсіндіріледі: а) меншік құқығының ауысуымен байланысты операциялар; б) шетелге ақша аудармаларын жүзеге асыру; в) Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтарды кіргізу, көшіру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан шығару және көшіру.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі валютаны реттейтін орталық орган. Оның құзыретіне шетел мемлекетінің валютасын Қазақстан Республикасында айналдыру тәртібін анықтау кіреді. Валюталық операциялар халықаралық есеп айырысу және несиелеуге тікелей қатынасы бар.

Халықаралық есеп айырысу және несиелеу әртүрлі мемлекеттердің банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен жүзеге асады. Осы есептер жеке фирмалар арасында тауарларды сатып алу-сату, шетелдік банктермен – ссуда, заем бойынша есеп айырысуға көмектеседі. Халықаралық есеп айырысу сыртқыэкономикалық байланыстардың бірнеше түрінің дамуына жағдай тудырады.

Халықаралық банкаралық есеп айырысу нысандарының бірі ретінде тікелей аударымдар түрінде ақша қаражаттарын беру табылады. Есеп айырысудың тағы бір нысаны өзара талаптарды есепке жатқызу табылады. Осы есеп айырысу түрін қысқаша банкаралық клиринг деп атайды.

Дүниежүзілік практикада халықаралық және ішкі есеп айырысу нысандары өзараәлсіз, олар унификацияланған және жалпы, бірыңғай қағидаларға негізделеді. Қазақстан қазіргі таңда, ТМД мүшесі бола тұра есеп айырысудың халықаралық жүйесіне ауысқан. Мемлекетаралық есеп айырысуды өткізуді және корреспонденттік шоттарды жүргізуді ТМД-ның мүшелері арнайы мемлекетаралық есеп айырысу бөлімдеріне жүктеуді шешті.

Коммерциялық банктердің мемлекетаралық есеп айырысу операцияларын, Ресей ішінде банкаралық ұқсастық бойынша тікелей аударымдар түрінде есеп айырысу-кассалық орталықтар (ЕКО) жүзеге асырады. ЕКО ерекшелігі – барлық төлемдер, есептік-төлемдік құжаттар Ресей Федерациясы Банкісінің мемлекетаралық есеп айырысу орталығына аударылады. Ресейден ТМД көлеміндегі клиенттерге төлемдер келесі кесте арқылы жүзеге асады: кәсіпорыннан коммерциялық банкіге, банкіден – ЕКО-ға, оннан - Ресей Федерациясы Банкісінің мемлекетаралық есеп айырысу орталығына, одан – ТМД мемлекеттерінің ұлттық мемлекеттік банктеріне.

Ресейлік клиенттердің мекен-жайына төлемдер келесі тәртіппен жүзеге асады. ТМД мемлекеттерінің бірінен төлемдер Ресей Федерациясы Банкісінің мемлекетаралық есеп айырысу орталығына түседі. Одан кейін, екіжақты есеп айырысу дұрыстығы тексеріліп, төлемдік құжаттар Ресейдің аймақтық ЕКО-сына беріледі, ал ол ақша қаражаттарын ресейдің клиентіне қызмет көрсететін коммерциялық банкісіне аударады. Мұндай күрделі қатынастарды қарапайымдандыру үшін Ресей мен Қазақстан екі мемлекеттің ЕКО-сы арасында тікелей корреспонденттік қатынастарды орнатты. Бұл қатынастарды құқықтық реттеу екі мемлекеттің орталық банктерінің жасалған келісімімен жүзеге асады.

1993 жылдың 22 қаңтарында ТМД мемлекеттері, бірыңғай экономикалық кеңістікті құру, капиталдардың көшуі, қаржы-несиелік саясатты басқару мақсатында бірнеше келісімге қол қойды. Осы келісімдердің бірімен ТМД-ның мемлекетаралық банкі құрылды, оның мақсаты – ТМД мемлекеттерінің орталық банктері арасында есеп айырысу көпжақты жүйесін ұйымдастыру табылады.

ТМД-ның мемлекетаралық банкі арқылы есеп айырысу келесі кесте арқылы жүзеге асады. Әрбір мемлекеттің орталық банкісі осы ТМД-ның мемлекетаралық банкісінде бір корреспонденттік шот ашады. Бұл шот арқылы тауарлардың импорты, экспорты бойынша төлемдер және сауда емес төлемдері жүзеге асады. ТМД-ның мемлекетаралық банкісінің функциясына көпжақты клирингті жүзеге асыру және әрбір орталық банкінің есеп айырысу тұрғысын анықтау кіреді.

ТМД-ның мемлекетаралық банкі орталық банкінің, ТМД-ның мемлекетаралық банкісінің алдындағы міндеттемесін орындамағаны үшін есеп айырысуын шектеуге немесе тоқтатуға құқылы.

ТМД-ның мемлекетаралық банкісінің өзге де өкілеттігіне жатады: а) валюталық және ақша-несиелік саясатты үйлестіру мақсатында банкіге қатысушы-мемлекеттердің экономикасына талдау өткізу; б) техникалық несиелеуді, сондай-ақ, маусымдық несиелеуді жүргізу.

3. Қазақстан Республикасьшың Азаматтық кодексі ҚазақССР Азаматтық кодексіне қарағанда қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәсілдеріне қатысты тікелей көрсетілген нормаларды камтымайды. «Есеп айырысу» деп аталатын арнайы 46-тарауы бар РСФСР Азаматтық кодексіне қарағанда, ҚР Азаматтық кодексінде банктік шотты ашусыз ақша аударулары туралы нормалардан басқа тікелей есеп айырысу қатынастарына арналған нормалар жоқ. Алайда, бұл есеп айырысу қатынастары және есеп айырысудың бүкіл тәртібі азаматтық құқықтың реттеу аясынан шығарылған деген ойға жетөлемеуге тиіс.

Банктер арқылы есеп айырысу кезінде банктер мен клиенттер, сондай-ақ клиенттердің өздерінің арасында колденең мүліктік қатынастар сөзсіз туындайды. Оларды реттеудегі басымдық банктік емес, азаматтық заңнамаға берілуі тиіс екені де сөзсіз. Егер клиенттер арасындағы қатынастарға тоқталатын болсақ, есеп айырысу қатынастары жоғарыда атап өткеніміздей, өзіндік экономикалық мазмұнға ие болмауына қарамастан, олар бірқатар жағдайларда сол бір немесе өзге тұлғалар арасында әрекет етуші шарттық міндеттемелердің аясымен қамтылмайтын ерекше құқықтар мен міндеттердің туындауына алып келетінін атап өткен жөн.

Есеп айырысудың ерекшелігі олар кез келген жағдайда, жоғарыда қарастырып өткен, банктік қызмет көрсету туралы жалпы нормаларға (ережелерге) бағынады.

Берілген тауарларға, атқарылған жұмыстарға, көрсетілген кызметтерге есеп айырысуды (төлем) жүргізу есеп айырысу міндеттемелерінің құқықтық нысанында жүзеге асырылады. Бірақ олардың мазмұны толық көлемде банктік қызмет көрсетуге қатысты жалпы нормалармен қамтылуы (камтамасыз етілуі) мүмкін емес.

29 маусым 1998 жылғы Қазақстан Республкасының «Төлемдер мен ақша аударулары туралы» Заңының 2-тарауында төлемдер туралы ережелер көрініс тапқан. Жалпы алғышарттарға сәйкес төлемдер азаматтық-құқықтық мәмілелердің талаптарына, ҚР заңнамасының нормаларына және сот шешімдеріне сәйкес және соларға негізделіп жүзеге асырылады. Азаматтық құқықтық мәмілелердің талаптарына сәйкес төлемдер ерікті түрде жүзеге асырылса, заңнама нормалары мен сот шешімдеріне сәйкес төлемдер міндеттілік тәртіпте де орын алуы мүмкін.

Есеп айырысу қолма-қол ақшаны пайдалану мен де, оны пайдаланусыз да жүзеге асырылуы мүмкін. Мемлекетіміздің ақша-несие жүйесінің тұрақтылығы қазіргі кезеңде осындай заңдық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Нарыққа көшкеннен кейін бірден оның тұрақсыздығы байқалып, қолма-қол ақшамы пайдалану елеулі түрде шектелді.

Жеке тұлғалар өзара есеп айырысуда қолма-қол ақшаны шектеусіз пайдалана алады. Қазақстан Республикасының «Төлемдер мен ақша аударулары туралы» Заңына 29 наурыз 2000 жылғы Қазақстан Республикасының «Банктік құпия мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енггзілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 4000 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға заңды тұлғалар арасындағы төлемдер тек қана колма-қол ақшасыз тәртіпте жүзеге асырылады.

Есеп айырысу міндеттемесінің түсінігін тұжырымдауға (қалыптастыруға) талпынатын болсақ, онда оны азаматтық-құқықтық мәміленің шарттарын, сот шешімі мен заңнама талаптарын сақтай отырып, банк азаматтық-құқықтық мәміле немесе өзге негіз бойынша клиенттің несие берушісінің пайдасына төлем жүргізуге міндеттенетін міндеттеме ретінде сипаттауға болады.

Заңнамаға сәйкес төлемдер жүргізудің төмендегідей тәсілдері көзделген:

  1. қолма-қол ақшаны беру;

  2. төлем тапсырыстарьш көрсету;

  3. чектер беру;

  4. вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша беріп жіберу;

  5. төлем карточкаларын пайдалану;

6) банктік шотты тікелей дебеттеу;

7) төлем талаптарын тапсырыстарын көрсету;

  1. инкассалық өкімдерді көрсету;

  2. Қазақстан Республикасыньщ заңды актілерімен белгіленген өзге де тәсілдер.

25 сәуір 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасы №179 қаулысымем бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында төлем күжаттарын пайдалану және қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударуларын жүзеге асырудың Ережелері» төлемдердің белгілі бір жіктелуін көздейді. Несиелік аударулар (төлемдер) ажыратылады, олар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер бастаушымен алушы банкке төлем тапсырысын беру арқылы жүргізіледі. Төлем жүргізу кімнің бастамасымен болатынына қарай дебеттік төлемдер ажыратылады, олар бенефициардың банкке, оларды ақша жөнелтуші төлеу үшін, төлем кұжаттарын беруіне негізделген.

Құжаттамалық есеп айырысулар банкпен төлемдердің іс жүзінде берілген тауарлар, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жүргізілуіне бақылау жасаумен байланысты. Олар сатып алушы мен сатушы арасындағы жазбаша келісіммен және банк тәжірибесінде қолданылатын құжаттармен көзделген құжаттарды берген кезде ғана банкпен жүзеге асырылады. Оларға коносаменттер, көлік накладнойлары, тасымалдаудың аралас түрлері кезінде рәсімделетін көлік құжаттары, курьерлік және почталық түбіртектер, сақтандыру полистері, коммерциялық шоттар, сапа сертификаттары, варанттар, тауардың шығу орны туралы куәліктер, жүктің салмағы туралы анықтама қағаздары және басқа да құжаттар жатады. Құжаттамалық есеп айырысулардың нысандары болып кұжаттамалық аккредитив және кұжаттамалық инкассо табылады. Ережелерден туындайтындай төлемдердің негізгі бөлігі төлемнің негізін растайтын құжаттарды беруді талап етпейді.

Қолма-қол ақшамен төлемдер заңды төлем құралы болып табылатын банкнот және (немесе) тиын түріндегі қолма-қол ақшаны беру жолымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құралына, егер заңнамамен арнайы өзгеше көзделмесе, теңге жатқызылған.

Қолма-қол ақшамен төлем жасаудың мәнісі төлем жүргізуші тұлғаның (төлеушінің) кімге ақшалай міндеттемесі бар сол тұлғаға банкноттарды және (немесе) тиындарды іс жүзінде қолма-қол беруінен көрінеді.

Қолма-қол ақшамен төлемдерді заңды тұлғалар жүзеге асырған кезде белгілі бір рөлді банк ойнайды. Яғни, банк заңды тұлғаның (клиенттің) талабы бойынша қолма-қол ақшаның қажетті сомасын береді. Банк сондай-ақ заңды тұлғамен, оның шотына ақы төлеу ретінде алынған колма-қол ақша сомасын қабылдауға тиіс. Мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыруы елеулі түрде шектелуде, ол 25 сәуір 2000 жылы ҚР Қаржы министрлігінің №195 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды жүргізу» Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Қолма-қол ақшамен төлем ақшалай міндеттеме орындалатын тұлғаға тікелей не делдал аркылы жүргізіледі.

Төлем тапсырыстары арқылы жүргізілетін есеп айырысуды қарастырып көрейік. Төлем тапсырысы бұл ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке оның ақшасын тапсырыста көрсетілген сомада бенефициардың пайдасына аудару туралы тапсырысы төлем тапсырысын пайдаланумен байланысты жөнелтуші мен алушы банк арасындағы құқықтар мен міндеттер олардың арасындағы шартпен белгіленеді, ал оларды іс жүзінде жүзеге асыру алушы банкке төлем тапсырысын көрсеткен сәттен басталады.

Жөнелтуші - төлеммен байланысты нұсқауды жіберетін тұлға. Төлем тапсырыстарымен есеп айырысу кездерінде жөнелтуші деп ақша жөнелтушісі, яғни есебінен төлем жүзеге асырылатын тұлғаны түсінеміз. Алушы банк - ақша аудару не ақша төлеу туралы нұсқау жіберілетін банк.

Төлеуші (жөнелтуші) банкке белгіленген нысандағы бланктерде тапсырыс береді, ол төлем тапсырыстарының дұрыс толтыруына жауапты болады. Тапсырыстар жазылған күннен бастап он күн мерзім ішінде жарамды болады. Басқа жағдайлардағы сияқты, бұл мерзім төлем тапсырысын жазған күннен кейінгі күшінен басталады. Алушы банк өзіне жөнелтуші төлем тапсырысын көрсеткеннен кейін оны қабылдауға не оны қабылдаудан себебін көрсете отырып бас тартуға тиіс. Егер банк төлем тапсырысын қабылдаса, онда жөнелтушіде қабылданған төлем тапсырысын атқару бойынша талап ету құқығы туындайды.

Тапсырыс нысанындағы нұсқауды қабылдау (акцепт) алушы банктің жөнелтуші (клиент) тапсырысын орындауға келіскенін білдіреді. Жалпы ережелер бойынша нұскауды қабылдау төлем құжатына, қабылдағандығын немесе жөнелтушіге не оның нұсқауы бойынша үшінші тұлғаға нұсқауда белгіленген ақша сомасын алушы банкпен бергендігін тікелей көрсететін жазба немесе белгілер қою жолымен білдірілуі мүмкін. Нұсқауды қабылдау сондай-ақ, қол қою мен мөр басу туралы түрінде де көрініс табуы мүмкін. Аталған екі жағдайда да қабылдау туралы жазбалар немесе белгілер жасалған күні мен уақытын көрсетпеуі керек.

Шарт немесе Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптары бойынша қабылдау (акцепт) әрекеттермен немесе өзге тәсілдермен көрінуге тиіс болғанда нұсқау тиісті жазбасыз да қабылдануы мүмкін.

Нұсқауды қабылдау немесе оны қабылдаудан бас тарту нұсқау түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалуға тиіс.

Есеп айырысу төлем тапсырыстарымен жүргізілгенде алушы банк төлем тапсырысын қабылдағанға дейін оның жөнелтушісі өзінің банктік шотында алдағы уақытта төлем тапсырысын орындау үшін қажет ақша сомасының болуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл банк пен клиент арасындағы шартпен көзделген жағдайларда, қажетті соманы қамтамасыз ету алушы банктің заемы есебінен не жөнелтушінің банктік шотының күндізгі заемы есебінен жүргізілуі мүмкін.

Қазакстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударуларын жүзеге асыру ережелерімен төлем тапсырыстарын қабылдау тәртібі нақтыланады. Сонымен бірге, бұрың әрекет еткен заңнамаға қарағанда, алушы банкпен де бенефициардың банкінен де қабылдау шарттары козделеді.

Яғни акцепт есеп айырысу қатынастарының барлық қатысушыларының үйлесімді іс-әрекеттерін талап етеді. Дәлірек айтсақ, мұндай қатынастардың әрбір қатысушысы өз әрекеттерінде өзінше дербес болады және ол өзінен талап етілетін іс-әрекеттерді жасауға өз келісімін (келіспеушілігін) білдіруге тиіс.

Бұл олардың және банктердің, қызмет көрсетуші тараптардың өз тарапынан аударуларға(төлемдерге) кедергі келтіретін, оларды заңсыз қылатын жағдайлардың болмауына бақылау жасауымен байланысты. Егер сол бір немесе өзге субъект мұны жасамайтын болса, онда ол өз салақтығынан қолайсыз салдарға ұшырауы мүмкін екені жоққа шығарылмайды, өйткені олардың арасында өзара кететін белгілі бір құқықтық байланыстар бар.

Алушының банкі жөнелтушіге акцепт туралы хабарландыру немесе төлем тапсырысына төлем жүргізу ретіндегі қолма-қол ақшаны қабылдағандығы туралы хабарландыру жіберуі мүмкін. Акцепт тәсілдернің бірі болып жөнелтушінің ақшасын оның төлем тапсырысының негізінде алып қою(банктік шотты дебеттеу), яғни конклюденттік әрекеттерді жасау табылады. Мұндай әрекеттерге алушы банктің төлем тапсырысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жөнелтушіге хабарландыру жібермеуі де жатады. Заңнамамен немесе шартпен алушы банк пен жөнелтуші арасында акцептің өзге де тәсілдері көзделуі мүмкін.

Бенефициардың банкімсн төлем тапсырысы мынадай тәсілдермен акцептеледі:

-жөнелтушіге акцепт туралы хабарландыру жіберу жолымен:

-жөнелтушінің банктік шотын оның төлем тапсырысының негізінде дебеттеу (егер бенефициардың банкі бір уақытта алушының да банкі болып табылса);

-бенефициарға ақша аударуды оның банктік шотын несиелеу жолымен жүзеге асыру;

-үндемей қалу жолымен (яғни, төлем тапсырысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде акцепт туралы немесе өз акцептен бас тарту туралы хабарландыруды жібермеу). Акдепт тәртібіне қатысты бенефициар банкімен немесе бенефициар мен бенефициар банкі арасындағы шартпен, не заңнамамен акцептің өзге (қосымша)тәртібі де көзделуі мүмкін. Жөнелтуші мен алушы банк арасындағы шартпен көзделетіндей, төлем тапсырысының акцепті оны қабылдау сәтін де жүзеге асады.

Нұсқауды қабылдау кезінде есеп айырысу қатынастары қатысушыларының тиісті құқықтары мен міндеттері туындайды. Жалпы ереже бойынша алушы банк тапсырысты қабылдағанға дейін оны жөнелтуші тапсырысты орындау үшін қажет ақша сомасын қамтамасыз етуге міндетті. Клиринг жолымен ақша аударған кезде жөнелтуші, егер онда кері салада орын алмаса, өзінің тапсырысын орындау үшін қажет ақша сомасын қамтамасыз етуге міндетті.

Төлем тапсырысы шарты бойынша құқықтар мен міндеттердің бөлінуі (олардың кейбіреулері алушының банкі мен бенефициардың банкі арасында алдын ала белгіленген корреспонденттік қатынастардың негізінде туындайды) төмендегідей:

-акцептеуші банкте жөнелтуші алдында акцептелген (қабылданған) тапсырысты орындау бойынша міндеттеме туындайды;

-бенефициардың банкі тапсырысты акцептелгеннен кейін бенефициардың пайдасына тапсырыста көрсстілген ақша сомасын қабылдауға міндетті болады. Бенефициардың банкі өзі қабылдаған нұсқауда көрсетілген ақша сомасын қарсы үшінші тұлға пайдасының немесе өз пайдасынын есебіне жатқызуға құқылы. Есепке жатқызу бенефициардың міндеттемені орындау мерзімі оған қызмет көрсетуші банкке нұсқау түскен сәтке орай келген жағдайда қолданылады. Есепке жатқызу кезінде, жоғарыда біз банктік қызмет көрсетуді қарастырған кезде атаған банктен ақша алу кезектілігі ескеріледі.

Алушы банктің төлеу түралы нұсқауларды акцептеуден бас тартуы заңнамамен ерекше көзделген жағдайлар тізімінде орын алады. Егер жөнелтуші ақша аударуды жүзеге асыру үшін қажет ақша сомасын қамтамасыз етпесе бас тарту орын алуы мүмкін. Сондай-ақ егер төлем құжатында оны қолдан жасау белгілері болса, жөнелтуші ақша аудару туралы нұсқауды толтыру немесе көрсету тәртібіне заңнамамен және (немесе) шарт шарттарымеи белгіленген талаптарды сақтамаса немесе заңнамамен және (немесе) шарт шарттарымен белгіленген өзге талаптарды да сақтамаса алушы банк акцептеуден бас тартуға құқылы.

Нұсқауды қабылдағаннан (акцептегеннен) кейін алушы банк нұсқауды орындауды жүзеге асырады. Нұсқауды орындау болып алушы банктің алынған нұсқауға сәйкес ақшаны аудару немесе төлеу бойынша жөнелтуші алдындағы өз міндеттемелерін атқару табылады. Егер алушы банк бенефициардың да банкі болып табылса, онда орындау ақша аударуды аяқтауды білдіреді.

Төлем тапсырысын орындау тәртібіне белгілі бір талаптар қойылады. Жөнелтушінің төлем тапсырысын өзінде көрсетілген шарттарға сәйкес орындайды. Егер жөнелтушінің төлем тапсырысында өзгеше көзделмесе, онда банк төлем тапсырысын орындау үшін делдал банкке жіберуге құқылы. Сонымен біргс делдал банкті таңдаудың жөнелтуші үшін де маңызы бар. Сондықтан төлем тапсырысын, онда алдын ала көрсетілген делдал банк арқылы, орындау мүмкін болмаған кезде алушы банк жөнелтушіні төлем тапсырысын өздері арасында шартпен белгіленген тәсілдермен орындау мүмкін еместігі түралы хабарландырады. Бұл хабарландыру орындау күнінен кейін келетін операциялық күннен кешіктірілмей жасалады. Бұл кезде алушы банк төлем тапсырысын қабылдаумсн байланысты алынған төлемді қайтарады.

Егер тапсырысты орындау сәтіне дейін алушы банк басқа алынған құжаттарды бірінші кезектегі тәртіпте орындауға міндетті болса және осының салдарынан жөнелтушінің банктік шотында тапсырысты орындау үшін қажет сома болмаса, алушы банк төлем тапсырысын орындамауға және оны акцептеуден бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда банк төлем тапсырысын орындамағаны үшін жөнелтуші алдындағы жауапкершіліктен босатылады.

Төлем тапсырысы бойынша міндеттемені орындау үшін кейбір жағдайларда төлем жүргізудің мерзімі көзделуі мүмкін. Яғни бұл жерде валюталандыру күшімен берілетін төлем тапсырыстары туралы сөз болып отыр.

Дегенмен де, осындай төлем тапсырысын алғаннан кейін банк өзі акцептеген төлем тапсырысы мөлшеріндегі ақша сомасын жөнелтушінің банктік шотынан алдын ала алып қоюға құқылы. Ол мұндай операциялардың есебін жеке шотта немесе жеке дербес шоттарда (субпозицияларда) жүргізуге тиіс. Келесі кезектегі алушы банкке немесе бенефициардың банкіне бастапқы алушы банк төлем тапсырысын оларда тапсырыс бойынша жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті уақыт болатындай мерзімде жібереді.

Алушы банк ақша жөнелтушінің банкі болып табылғанда ол жөнелтушінің қолма-қол ақшаны беру туралы нұсқауын орындауға міндетті. Нұсқауларды орындау алушы банктің осындай нұсқаудың талаптарын сақтаумен және алынған нұсқауды акцептеу күнінен кейін жүретін алушы банктің операциялық күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады, егер осындай нұсқаудың талаптарымен оны орындаудың өзге тәртібі белгіленбесе.

Егер ақшаны аудару туралы нұсқаулар орындау шарттары алушы банк үшін орындалмайтын не оларды орындау ақша аударуды кідіртуге немесе қосымша шығындар алып келуі мүмкін болса, онда алушы банк бұл туралы операциялық күн ішінде жөнелтушіні хабарландыруға міндетті.

Ақша жөнелтуші алушы банкке акцептелген төлем тапсырысының сомасына төлем жүргізуге және олар арасында бекітілген шартқа сәйкес санкцияланған төлсм тапсырысын орындаумен немесе қайтарумен байланысты шығындардың орнын толтыруға міндетті. Төлем жасау міндеті жөнелтушінің төлем тапсырысын алушы банкпен орындау сәтінен туындайды.

Алушы банкпен жөнелтушінің банктік шоты дебеттелгенде төлем жасалды деп саналғандықтан, жөнелтушінің төлем жасау жөніндегі міндеті ол өз шотында ақшаның қажетті сомасын қамтамасыз еткенде орындалды деп есептелетін болады.

Ақша жөнелтуші рөліне банк ие болатын жағдайларға төлем жасаудың арнайы тәртібі көзделген. Ол жөнелтуші ретінде төлемді жүзеге асырудың барлық процесінде дерлік белсенді рөлге ие болады. Жөнелтуші (банк)төлемдерді мынадай жолдармен жүзеге асыра алады.

-Жөнелтушімен алушының банктік шотын несиелеу және оған осы операцияға қатысты тиісті жазбалардың көшірмесін жіберу;

-өзінің корреспонденттік шотын алушы банкте дебеттеу;

-төлемді жөнелтушінің және алушы банктің ұлттық банктегі корреспонденттік шоттары арқылы жүзеге асыру;

-ақша аударудың сол бір немесе өзге жүйесінің қызметін пайдалану (бұл жағдайларда төлем ақша аудару жүйесінің ережелеріне сәйкес түпкілікті деп саналады);

-өзара есепке жатқызу туралы араларындағы келісімге сәйкес өзі мен алушы банк арасында есепке жатқызуды қолдану.

Кейбір жағдайларда алушы банкпен берілген төлем тапсырысы қате болып қалуы мүмкін. Бұл белгілі бір құқықтық салдарға алып келуі мүмкін және тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бөлінуіне де өзгеріс енгізуі мүмкін.

Заңнаманың өзінде мұндай төлем тапсырысының қателігін анықтаудың белгілері көрсетілген- ол жөнелтушінің төлем тапсырысының реквизиттеріне (яғни женелтуші іс жүзінде нені ойлады соған) сәйкес келмейтін реквизиттерден тұруы мүмкін. Қайталап берілетін төлем тапсырысы (яғни дәл сол сома және төлемнің дәл сол негізі көрсетілген) да қате деп есептеледі.

Өзіне қолайсыз салдардың туындауын болдырмау үшін, алушы банк жөнелтушінің төлем тапсырысын орындау мақсаттарында берілетін төлем тапсырысын жібере отырып алушы банк жөнелтушіні оның төлем тапсырысын шартпен көзделген тәртіпте орындау туралы хабарландырады.

Жөнелтуші төлем тапсырысының орындалу дұрыстығын өзі анықтауға тиіс және оны қате орындаған жағдайда банкке анықталған қателік туралы осы жайлы өзара шартпен көзделген мерзімнен кешіктірмей хабарлауға тиіс. Қате төлем тапсырысы туралы хабарламада жөнелтуші өзінің төлсм тапсырысының реквизиттерін және өзі анықтаған қате реквизиттерді көрсетуге міндетті.

Егер ол төлем тапсырысын орындаудың қателігі туралы хабарламаны алушы банкке мерзімінде жібермесе, онда бұл шартпен көздслген болса, қате төлем тапсырысын орындаумен байланысты алушы банк іс жүзінде шеккен шығындары үшін алушы банк оның жауапкершілігі туындайды, оның мөлшері қате төлем тапсырысы сомасының аясымен шектелетін болады.

Жөнелтушіден төлем тапсырысын орындаудың қателігі туралы хабарлама алған алушы банк төмендегідей әрекеттерді жүзеге асыра алады;

-Егер төлем тапсырысының реквизиттері жөнелтушімен берілген төлем тапсырысының реквизитгеріне сәйкес келмесе-төлем тапсырысын тиісті бенефициардың пайдасына жіберуі немесе жөнелтушіге төлемнің барлық сомасын қайтаруы мүмкін;

-Сомасы жөнелтушінің төлсм тапсырысының сомасынан асатын қате төлем тапсырысы бойынша жөнелтушіге төлем сомасынан асатын қате алынған соманы қайтаруға тиіс. Сонымен біргс егер бұл бенефициар мен алушы банк арасындағы шартпен көзделген болса ғана, алушы банк бенефициардан бұл соманы даусыз тәртіпте алып қоюға құқылы. Егер алушы банк тиісті шартты бенефициармен бекітпеген болса, онда ол бенефициардың банкіне қате аударылғанан соманы қайтару туралы сұрау хатын жіберуге мәжбүр болады. Бенефициардың банкі ақшаны қайтара отырып, тапсырыс толтыратын болады, оның «төлемнің мақсаты» деген сызық жолында ол қате түскен соманы қайтаратындығын көрсетеді;

-Сомасы жөнелтушінің төлем тапсырысының сомасынан кем қате төлем тапсырысы бойынша, керісінше жөнелтушіден даусыз тәртіпте айырма сомасын алып қою мен жетіспеген соманы бенефициарға аударады; Алушы банк мұны ол жөнелтуші мен алушы банк арасында шартпен көзделген жағдайда да жүзеге асыруы мүмкін. Жетіспейтін соманы аудару алушы банкпен бенефициардың пайдасына төлем тапсырысын толты ру жолымен жүзеге асады.

Төлем тапсырысындағы қателік жөнелтушімен жасалғанда алушы банк орындалған төлем тапсырысы бойынша жауакершілікке тартылмайтын болады.

Төлем тапсырысын орындаудың дұрыстығын анықтауға, алушы банк міндеттерінің мазмұмына ықпал ететін, кейбір арнайы ережелер белгіленген. Олар төлем міндеттемесінің тиісті субъект алдында орындалуына бақылау жасауға қатысты. Жөнелтушінің төлем тапсырысын орындай отырып алушы банк делдал банктің немесе бенефициар банкінің теңестірілуін (идентификациясын) жүзеге асырады. Мұны ол тек төлем құжаттарында көрсетілген осы банктердің банктік теңестіруші (идентификациялық) кодтары бойынша ғана жүргізуге міндетті. Яғни, банк міндеттеріне банк атауының оның төлем тапсырысында көрсетілген банктік теңестіруші кодына іс жүзінде сәйкестігін анықтау кірмейді. Алушы банк төлем тапсырысын орындағанға дейін жөнелтушімен банк атауының банктік теңестіруші кодқа сәйкес еместігі туралы хабарланған жағдайда ғана төлем тапсырысы жөнелтушіге орындаусыз қайтарылуға тиіс.

Бенефициардың банкі төлем тапсырысын акцептеген кезде бенефициардың пайдасына төлем тапсырысында көрсетілген сомадағы ақшаны қабылдайды. Бенефициардың банкі төлемді өзі акцептеген төлем тапсырысында көрсетілген валюталандыру күніне жасайды, егер де ол көрсетілмесе, онда төлем акцепт күніне жасалады.

Акцептелген төлем тапсырысына сәйкес бенефициар пайдасына ақша қабылдаған кезде бенефициардың банкі оны бұл туралы төлем күнінен кейін жүретін операциялық күннен кешіктірмей хабарландырады. Банк бенефициарды оған шарт талаптарына сәйкес, белгіленген нысандағы бланктерде қағаз бетінде жасалган не электронды түрде оның банктік шотынан және төлем тапсырысынан көшірме қағазын жіберу жолымен хабарландыра алады. Банктің осы міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілігі бенефициар мен банк арасындағы шартпен көзделуге тиіс.

Бенефициар банкінің бенефициар алдындағы ақша аудару жөніндегі міндеттемесі ақша аудару аяқталған сәтте орындалған боп есептеледі.

Бенефициардың банкімен акцептен бас тартуға не бенефициардың пайдасына төлемді орындауды кідіртуге айрықша негіз ретінде оның пайдасына аударылатын ақшаны алудың заңсыздығы туралы банкпен негізделген фактілер таныла алады. Егер мұндай фактілер расталмаса, онда бенефициарға ақша аударуды кешіктіргені үшін айып төленуге тиіс.

Аталған фактілер расталған жағдайда (төлеушімен санкцияланбаған төлем тапсырысының анықталуы) бенефициардың пайдасына банктің ақша қабылдау жөніндегі міндеті туындамайды. Сонымен бірге егер төлем тапсырысын акцептеуден бас тартылса, бенефициардың банкі жөнелтушінің банкіне бұл туралы бас тартудың себептерін көрсете отырып алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберуге тиіс болады.

Дебеттік аударулар (төлемдер) Қазақстан Республикасында чектерді төлем тапсырысы талаптарын, инкассалық өкімдерді, вексельдерді пайдаланумен жүзеге асырылады. Олардың негізгі ерекшелігі — оларды аталған тәсілдермен жүзеге асырған кезде төлемдер мен аударулар бенефициармен төленуге берілетін төлем құжатының негізінде жүргізілетіндігінде. Яғни, ақша аударуды жузеге асыру сәтінде төлеушінің еркі барлық жағдайда ескерілмейді. Бұл бенефициар мен төлеуші арасында белгілі бір, бұрын туындаған қатынастардың болуымен байланысты, сол қатынастармен төлеушінің міндеті қамтамасьіз етіледі.

Дебеттік аударуларға (төлемдерге) қатысты жалпы ережелер көзделген. Бастамашы төлем тапсырыс талабының немесе инкассалық өкімнің негізінде төлемді алу үшін оларды бенефициардың банкіне немесе ақша жөнелтушінің банкіне көрсетуге құқылы.

Бенефициардың банкімен бекітілген шартқа сәйкес аудару бастамасын көтерген тұлға(соның ішінде бенефициар) оған аталған құжаттарды жібере отырып сол банкке құжат бойынша ақша алуға және сонымен байланысты барлық өзге операцияларды жасауға уәкілдік береді. Инкассаға төлем тапсырыс талабын немесе инкассалық өкілді қабылдаумен байланысты инкассалайтын банктің (төлеушінің банкі) міндетемелері тек бенефициармен бекітілген шарт немесе заңнама нормаларының негізінде ғана туындауы мүмкін. Инкассалайтын банк міндеттемелерінің мазмұнына төмендегідей міндеттер кіреді:

-төлем тапсырыс-талабын немесе инкассалық өкімді төлеуге немесе акцептеуге тиісті банкке көрсету бойынша;

-бастамашыға, соның ішінде бенефициарға акцептеуден немесе төлеуден бас тарту туралы, төлем тапсырыс талабын немесе инкассалық өкімді оның жөнелтушісіне қайтару туралы хабарламаны беру бойынша;

-егер төлем тапсырыс талабы немесе инкассалық өкім жоғалтылса, онда бастамашыны, соның ішінде бенефициарды сол туралы хабарландыру бойынша.

Егер инкассалайтын банк өзіне аталған міндеттемелерді қабылдайтын болса, онда ол туындайтын әрекеттерді бастамашыдан төлем тапсырыс талабын немесе инкассалық өкімді алғаннан кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей атқаруға тиіс. Инкассалайтын банккпен төлем тапсырыс талабын инкассаға қабылдаудың өзі де инкассалайтын банкпен төлем тапсырыс талабын инкассаға қабылдаудың өзі де инкассалайтын банктің операциялық күні ішінде жүргізіледі, құжаттарды қабылдау кезінде тізімінің барлық даналарына олардың келген күні мен уақыты қойылады. Ақша жөнелтүшінің банкі төлем тапсырыс талабын немесе инкассалық өкімді қабылдау күні мен уақыты туралы белгіні тікелей құжаттардың өзіне қоюға тиіс.

Төлем тапсырыс талаптарымен есеп айырысу. Төлем тапсырыс талабы бұл төлемді жүзеге асыру тәсілі болып табылады.Ол бойынша ақша жөнелтушінің банкі ақша жөнелтушінің талабында көрсетілген сомадағы ақшаны аталған талапты растайтын құжаттардың негізінде және солармен бірге, төлеу туралы талабы ақша жөнелтушіге қойылады. Келтірілген тұжырымдамадан байқайтынымыз «жөнелтуші» деген түсінік өте кең түсінік болып табылады және ол төлемді бастайтын не ақшаны өзі төлейтін кез келген тұлғаны білдіреді.

Жоғарыда атап өткеніміздей бенефициар төлем тапсырыс талаптарын өзіне қызмет көрсететін банкке немесе тікелей ақша жөнелтушінің банкіне қоюға (көрсетуге) құқылы. Төлем тапсырыс талаптарын белгіленген нысандағы бланктермен жіберу талап етіледі. Егер бір емес, бірнеше төлем тапсырыс талаптары қойылса, онда оларға да белгіленген нысандағы бланктермен төлем тапсырыс талаптарының тізімі тіркеледі.

Төлем тапсырыс талабын тізіммен бірге берген кезде бенефициардың банкі бенефициардың барлық реквизиттерінің толық толтырылуын тексереді және содан кейін төлем тапсырыс талабын ақша жөнелтушінің банкіне жібереді. Егер бенефициар мен ақша жөнелтушінің екеуі де бір банктің қызметін пайдаланса немесе төлем жүргізу құжаты тікелей жөнелтушінің банкіне жіберілсе, онда төлем тапсырыс талабымен бірге жіберу талап етілмейді.

Төлем жүргізудің осы тәсілі кезінде құжаттардың жарамдық мерзімдері жоғарыда аталған төлем тапсырыстарының жарамдық мерзімінен ерекшеленеді. Төлем тапсырыс талабы сияқты тізім де оларды толтыру күнінен бастап отыз календарлық күн ішінде ұсынылуы мүмкін. Егер құжаттарды бенефициардың банкіне беру туралы сөз болса (тізім де, төлем тапсырыс талабы да ұсынылуға тиіс) төлем тапсырыс талабын және тізімді толтыру күні бір болуға тиіс.

Егер ақша жөнелтушіде немесе алушы банкте ақша болмаса немесе жетіспесе онда аталған құжаттарды сақтау мерзімі олардың жарамдылық мерзімінің жүруін тоқтата тұрады. Бұл тұста алушы банк тек ақша жөнелтушімен акцептелген төлем тапсырыс талабын ғана сақтауға алуға міндетті екенін ескерген жөн, бұған ақша жөнелтушінің акцептің талап етпейтіндері кірмейді.

Егер ақша жөнелтушінің акцепті орын алып отырса, төлем тапсырыс талабы ақша жөнелтушінің банкімен орындалуға жатады. Бұған төлемнің негізі мен сомасы ақша жөнелтушімен алдын ала танылған жағдайлар кірмейді. Мәселен, қарыз сомасы толығымен немесе ішінара мойындалған арызға жазбаша жауап, кепіл, сондай-ақ өзге де ұқсас құжаттар болғанда(«Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударуларды жүзеге асыру» Ережелерінің 100-тармағы).

Талап етілген жағдайларда, төлем тапсырыс талабын акцептеу немесе оны акцептеуден бас тарту осындай құжатты алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалуға тиіс. Заңнамада (акцепт болған жағдайда) төлеушіге белсенді әрекеттер жасау міндеті жүктелген, дәлірек айтсақ, ол акцептен кейін өзіне қызмет көрсететін банкке, акцепт туралы белгімен төлем тапсырыс-талабының бір данасын жіберуге міндетті.

Ақша жөнелтушінің банкі тарапынан акцептеу оның жоғарыда аталған талаптарды сақтай отырып ақша жөнелтушінің шотын дебеттеуден көрініс табады. Төлем тапсырыс-талабын орындау бенефициардың шотын немесе ол бенефициардың пайдасына ақша аудару мақсатында бенефициар банкінің корреспонденттік шотын несиелеуден көрініс табады. Аталған әрекеттерді жүзеге асыру іс жүзінде осы тәсілмен есеп айырысудың аяқталғанын білдіреді.

Жөнелтушінің банкі өз міндеттерін тиісті түрде орындамаған деп танылып жауапкершілікке тартылады, егер:

-төлем тапсырыс талабын ақша жонелтушіге акцептеу мен төлеу үшін беруді кешіктірсе;

-ақша жөнелтушімен акцептелген төлем тапсырыс-талабына, соның ішінде, ақша жөнелтушінің акпентін талап етпейтін төлем тапсырыс талабын жөнелтушіде нақты төлем тапсырыс талабы бойынша төлем жүргізу үшін жеткілікті ақша болған жағдайда да төлем жүргізуді кешіктірсе немесе төлемесе.

Чектермен есеп айырысу. Қазақстан Республикасының «Төлемдер мен ақша аударулары туралы» Заңының 9-бабына сәйкес чек беру төлемді жүзеге асыру тәсілін білдіреді. Яғни, ол чек берушінің чек ұстаушыға аттас төлем құжатын беру жолымен жүргізіледі. Заңның аталған бабының тұжырымдамасына сүйене отырып, чек деген түсінік екі түрлі мәндік мағынада қолданылады деген қорытынды жасауға болады. Олар: 1)төлем тәсілі ретінде; 2)төлем құжаты ретінде. Сонымен бірге төлем тәсілі болып «чекті беру» әрекеті табылатындығын айтуға болады, ал «чектің» өзі аталған заңның басқа нормасына сәйкес төлем құжаты, яғни төлем жасау құралы болып табылады. Чек дегеніміз - чек берушінің алушы банкке сондай бұйрықта көрсетілген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеу туралы жазбаша бұйрығынан тұратын, араларындағы шартқа негізделген төлем құжаты. Сонымен, чектер арқылы есеп айырысу мен байланысты құқықтық қатынастарға үш субъект қатысады. Алушы банк чек ұстаушының пайдасына ақша төлеуді жүзеге асыруға міндетті борышқор болып табылады.

Чек ұстаушы бұл жағдайда пайдасына шарт бекітілген үшінші тұлға болып тұр. Чек беруші – азаматтық құқықтық есеп айырысу міндеттемесі

Егер банк чектерді төлеуден бас тартса, онда ол дәлелді түрде бас тартуға тиіс. «Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану» Ережесінің 30-тармағында чектерді қабылдау мен оларға төлем жүргізуден бас тартудың негіздерінің тізімі көзделген. Банк чектерді қабылдау мен оларға төлем жүргізуден бас тартуы мүмкін,егер жазумен жазылған сома сандармен жазылған сомаға сәйкес келмесе, чектің жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, чекте тазалау мен түзету белгілері болса және басқа да жағдайларда. Техникалық сипаттағы себептерден басқа қабылдау мен төлем жүргізуден бас тарту негіздеріне өтелу сомасының жетіспеушілігі (өтелген чектер бойынша), несие сомасын асырып жіберу (өтелмеген чектер бойынша) немесе кепілдік сомасын асырып жіберу (кепілденген чектер бойынша). Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қабылдау мен оларға төлем жүргізуден бас тарту негіздерінің тізімі түпкілікті болып табылмайды және ол банк пен чек беруші арасындағы шартпен кеңейтілуі мүмкін.

Инкассалық өкімдер негізіндегі төлемдер. Инкассалық өкім - бұл ақша жөнелтушінің банктік шотынан оның келісімінсіз ақша алу үшін пайдаланылатын құжат. Бұрын әрекет еткен қолма-қол ақшасыз есепайырысу туралы уақытша ереже ақшаларды акцептісіз тәртіпте алынуы мүмкін болатын негіздердің кең ауқымды тізімін көздеген болатын. Құқықтық реформаның екінші кезеңінің бағдарламасын қабылдаумен байланысты ең маңызды мәселелердің біріне 1991-1999 жылдарда өткізілген нарықтық қайта құрулар кезеңінде бекітілген меншік қатынастарының іс жүзіндегі қорғалуын қамтамасыз ету айналды.

Аталған бағыттағы шаралардың бірі болып, сол бір немесе өзге ақша сомаларын соттық емес органдардың шешімі бойынша, дәлірек айтқанда, тергеу, салық, кеден органдарының және басқа да органдармен алып қою мүмкіндігін жою көзделген.

Сондықтан Қазақстан Республикасының «Төлемдер мен ақша аударулары туралы» Заңының 29 наурыз 2000 жылғы Қазақстан Республикасының «Банктік құпия мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының мәтініндегі 15-бап нормасы толығымен ойға қонымды көрінеді. Ол енді жөнелтушінің келісімінсіз ақшаны ақша өндіріп алу туралы соттардың шешімдері, үкімдері анықтамалары және қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін атқару парақтарының немесе бұйрықтарының негізінде алу мүмкіндігін көздейді. Осыған орай Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және төлемдер мен ақша аударуларын жүзеге асыру ережелерінің нормалары жоғарыда келтірілген заңдық нормаға қайшы келетінін атап өткен жөн болар. Аталған ережелердің 39-тармағында ақша жөнелтушінің шоттарынан оның келісімінсіз ақша алып қою үшін пайдаланылатын төлем құжаттарының бірі болып салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассалық өкімі табылады делінген.

Азаматтық құқықтық диспозитивтік ережелері төлем жүргізудің осы тәсілі кезінде қолданылмайтын болғалдықтан оның жария –құқықтық табиғаты туралы пікір қалыптасуы мүмкін. Кейбір жағдайларда инкассалық өкімдер бойынша төлемдер шынында да жария құқықтық қатынастар арқылы қамтамасыз етіледі, мәселен әкімшілік айыптар, қылмыстық -құқықтық санкциялар түріндегі айыптар өндірілгенде. Алайда, осы мәжбүрлеу шараларымен азаматтық-құқықтық міндеттемелердің орындалуы да жиі қамтамасыз етілетінін естен шығармау керек, яғни инкассалық өкімдер негізіндегі есеп айырысулар азаматтық-құқықтық міндеттемелердің орындалу сипатын жоғалтпайды, бірақ ерекше (айырықша) тәртіпте.

Сонымен бірге мәселенің мәнісі толығымен мұнда емес. Мәселе инкассалық есеп айырысулар кезінде ақшалардың тиісті түрдс аударылуын қамтамасыз етуге қатысты банк міндеттерінің сақталуында, олар, сондай-ақ төлемдердің ерікті емес сипатын және кейбір басқа ерекшеліктерді есептемегенде, есеп айырысу міндеттемелерін орындаудың жалпы ережелеріне де сәйкес орындалуға тиіс.

Өндіріп алушы ақшаны алу үшін оның талаптарының негізділігін растайтын, ақша өндіріп алу туралы соттардың шешімдері, үкімдері, анықтамалары және қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін атқару парақтарының немесе бұйрықтарының түпнұсқасымен не соттың мөрімен бекітілген олардың көшірмелерімен бірге инкассалық өкімді ақша жөнелтушінің банкісіне немесе оның филиалына көрсетіп беруге тиіс.

Инкассалық өкімде жөнелтушінің банктік шотынан оның келісімінсіз ақшаны (оның күні мел нөмірін) алып қою (өндіріп алу) құқығын көздейтін заңды актіге сілтеме жасай отырып төлемнің қайда жұмсалатыны көрсетіледі. Инкассалық өкімнің сомасы атқару құжатында көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс.

Ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның банктік шотынан ақшаны алып қоюға арналғал құжаттар ақша жөнелтушінің банкіне заңнамамем белгіленген ескіру мерзімінің шектерінде беріледі. Егер атқару құжаттарын беруге арналған ескіру мерзімі өтіп кетсе, онда бұл банктің инкассалық өкімді акцептеуден бас тартуына негіз болып табылады.

Ақшаны алып қоюды тоқтата тұру немесе тоқтату мына жағдайларда орын алады:

  1. осыған дейін ақшаны алып қою туралы шешім шығарған органның (яғни соттың) шешімі бойынша;

  2. қылмыстық істер қозғауына байланысты ақша алуды тоқтата тұру туралы құқық қорғау органдарының қаулылары бойынша;

  1. бенефициардың жазбаша өкімі негізіндс;

  1. Қазақстан Республикасының заңды актілерімен көзделетін өзге де жағдайларда.

Өндіріп алудың дұрыстығы үшін, сондай-ақ ақша жөнелтушінің келісімінсіз қаражатты есептен шығару негіздеріне сілтеме жасағаны үшін жауапкершілік өндіріп алушыға жүктеледі. Банктер ақша жөнелтушілердің банктік шоттардан өздерінің келісімінсіз қаражатты есептен шығаруға қарсы қарсылықтарын мәнісі бойынша қарастыруға міндетті емес.

Вексельдерді пайдаланумен төлемдер жүргізу. Вексельдерді қолданудың тарихы ұзаққа кетеді. Вексель айналымының іздері әртүрлі құқықтық жүйелері бар ертеректегі бірқатар мемлекеттерде анықталады. Ертеректе вексель Қазақстан аумағында да кең ауқымды қолданысқа ие болған, бірақ кеңестік азаматтық құқықтық әрекет ету кезеңінде вексель айналымы өзінің қолданылу аясын бірден қысқартқан болатын.

Нарықтық қатынастарға өтумен бірге нарықтың осы құралы да зор маңызға ие бола бастады. Қазір тәуелсіздік жылдарында вексельді қолдану оның айналымын заңдық реттеуді түзетумен байланысты белгілі бір кезеңдерді бастан өткергендігі туралы айтуға болады.

Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) бастапқы редакциясында вексель бағалы қағаз ретінде қарастырылған. Енді, вексель біржақты сөзсіз ақшалай міндеттемесі бар нақты нысандағы төлем құжаты ретінде анықталады. Вексельдің төлемдік функциясын ескере отырып, оған қамтамасыз ету, сондай-ақ несиелік функциялар да тән екенін естен шығармаған жөн.

Вексельдерді төлем тәсілі ретінде қолдану арнайы заңнамамен реттеледі. Қазіргі таңда 28 сәуір 1997 жылғы Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» Заңы қолданыста әрекет етуде. Ол төлем және несиелеу құралы ретіндегі жай және аудармалы вексельдердің Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылу негіздерін белгілейді. Заңды және жеке тұлғалар өзара есеп айырысу да теңге де көрініс тапқан вексельдерді шектеусіз пайдалануға құқылы. Оларды есеп айырысуда қолдану тиісті шартта тікелей ескертілуге және вексель айналымын реттейтін заңнамаға қайшы келмеуге тиіс. Вексельді беру түрінде төлем бойынша қарызды рәсімдеу (оны қандай да бір мерзімге кейінге қалдыру) жүзеге асырылуы мүмкін.

Вексельдермен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілейтін тәртіпте есепке алу кенселерінде жүзеге асырылуы мүмкін. Есепке алу кеңселерімен индоссамент бойынша төлем мерзімі туындағанға дейін вексель сомасын вексель ұсынушыға төлеумен вексельдерді қабылдау вексельдерді есепке алу деп аталады. Есепке алу кеңсесі вексель сомасынан өзі дербес белгілейтін дисконтты ұстап қалуға құқылы.

Ұлттық Банк вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді. Қайта есепке алу есепке алу кеңсесінен (онымен) төлем мерзімі туындағанға дейін вексель сомасын төлеумен және дисконтты ұстап қалумен есепке алынған вексельдерді Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен индоссамент бойынша қабылдауды білдіреді. Вексельдерді есепке алу сияқты, вексельдерді қайта есепке алу тәртібі де Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативті-құқықтық актілерімен белгіленеді.

Вексельдер арқылы, есеп айырысу кезінде коммерциялық аудармалы вексель және жай вексель қолданылады («Вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабының 1-тармағы).

Аудармалы вексель(тратта) - вексель берушінің (трасанттық) үшінші тұлғаға (трассатқа) вексельде көрсетілген ақша сомасын бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша болашақтағы белгілі бір уақытта не көрсетіп ұғынған кезде төлеу туралы ештеңемен шартталмаған ұсынысы бар вексель. Аудармалы вексель қатынастары вексель берушінің өз несие берушісі вексель ұстаушының (ремитенттің) алдындағы ақшалай міндеттемесінің болуын ескере отырып, соның пайдасына вексель бойынша төлем жүргізу туралы үшінші тұлғаға өкім беруінен көрініс табады. Егер кейіннен вексель ұстаушының вексельді өз иелігінен шығаруы орын алса, онда ремитент құқығы кез келген басқа тұлғаға өтеді. Яғни вексельді пайдаланудың маңызды сәттерінің бірі болып айналым құралы ретінде вексель беру бойынша мәміленің абстрактілі сипаты табылады.

Аудармалы вексель, вексель берушінің бұйрығы бойынша төленуге жататын ретінде берілуі мүмкін.Ол вексель берушінің өзіне берілуі мүмкін. Аудармалы вексельде төлем жүргізу оны ұсыну бойынша немесе ұсынғаннан кейінгі белгілі бір уақытта көзделуі мүмкін.

Жай вексель соло-вексель ретінде, яғни талап ету бойынша немесе болашақтағы белгілі бір уақытта вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлеу туралы вексель берушінің ештеңемен шартталмаған міндеттемесі бар вексель ретінде анықталады. Жай вексельдің аудармалы вексельден айырмашылығы- вексель бойынша төлем жүргізу міндеті вексель берушіге жүктелетіндігінде, ал оның алдында кредитор болып бастапқы вексель ұстаушы табылатындығында. Жай вексель негізінде туыңдаған вексель міндеттемесі бойынша несие беруші құқықтарының өтуі талапты жалпы беру тәртібінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Аталған себептерге байланысты жай вексель барынша «борыш қолхатына» жақындатылған және іс жүзінде есеп айырысудың әмбебап құралы ретіндегі маңызын жоғалтады.

Вексельдің екі түрі де коммерциялық (тауарлық), яғни сатып алу-сату мәмілесінің негізінде берілген вексель ретінде рәсімделуі мүмкін. Бұл жағдайда вексель тауарлар үшін төленетін дәстүрлі ақшалай төлемді алмастырады.

Вексель банк қызметінде төлем құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Мәселен несиелер бойынша борыштарды рәсімдеу үшін банкпен басқа банкке қаржы векселі берілуі мүмкін.

Вексель міндеттемесінің мазмұны көбіне вексельге қойылатын міндетті талаптармен анықталады.

Қазақстан Республикасының «Вексель айналысы туралы» Заңының 1- тарауы «Аудармалы вексельді толтыру және оның нысаны туралы» деп аталады. Аталған заңның 1-бабына сәйкес аудармалы вексель мыналарды қамтуға тиіс:

  1. құжат мәтініне енгізілетін және осы құжат толтырылатын тілде көрініс табуға тиіс «вексель» атауы:

  2. белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы ештеңемен шартталмаған бұйрық;

3)төлеуге тиіс(төлеушінің)тұлғаның атауы;

4)төлем жүргізу мерзімін көрсету;

  1. төлем жүзеге асырылуға тиіс орынды көрсету;

  2. кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жүргізілуге тиіс, соның атауы;

  3. вексельді толтырудың күні мен орнын көрсету; 8) вексель берген тұлғаның (вексель берушінің) қол таңбасы.

Жай вексельдің нысаны, оның мәнісімен сипатталатын кейбір ерекшеліктерді есептемегенде, аудармалы вексельдің нысанына сәйкес келеді. Онда да, мәтіннің өзіне енгізілген және құжат толтырылған тілде көрініс тапқан, «вексель» деген сөз болуға тиіс. Төлем жүргізу туралы бұйрықтың орнына жай вексельде белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы вексель берушінің өзінің уәдесі болады. Жай вексельден міндеттеме үшін төлем жүргізу мерзімі де мәнді жағдай болып табылады (жай вексельде төлем жургізу мерзімі көрсетілуге тиіс). Төлем жүргізілетін орынды және кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жүргізілуге тиіс. Соны көрсетуге талап етіледі. Вексельді толтыру күні мен орны көрсетілуге тиіс. Жай вексельге де вексель берген тұлғамен қол қойылады.

Егер құжатта аталған белгілердің қайсыбірі болмаса, онда ол жай вексель күшіне ие болмайды. Бұған кейбір жағдайлар жатпайды. Мысалы, егер құжатта төлем жүргізу мерзімі корсетілмесе бұл оның жай вексель ретінде әрекет етуін жоққа шығармайды, ол ұсынған кезде толенуге жататын вексель ретінде қарастырылады. Егер қандай да бір ерекше (арнайы) нұсқауы болмаса, онда құжатты толтыру орны болып төлем жүргізу орны және сонымен бірге вексельберушінің тұрғылықты жері есептеледі. Жай вексельді толтыру орны да көрсетілмеген кезде ол вексель беруші атауы мен қатар белгіленген орында кол қойылған деп саналады.

Вексель міндеттемесі тиісті түрде рәсімделген вексельді вексель берушімен берген сәтте туындайды. Вексель айналымы туралы заңнамамен вексель міндеттемелерін реттейтін азаматтық-құқықтық нормалар мен салық заңнамасы нормаларының белгілі бір арақатынасы көзделген. Егер вексельдерге қатысты герб алымы төленбесе, онда вексельден туындайтын құқықтарды жүзеге асыру герб алымы төленгенге дейін тоқтатыла тұрады. Бұл 7 маусым 1930 жылғы «Аудармалы және жай вексельдерге қатысты герб алымы туралы» Женева конвенциясының ережелеріне толығымен сәйкес келеді (аталған конвенцияның 1 бабының 2-т.).

Заңнамада аудармалы вексельдерден туындайтын міндеттемелер мазмұнына тікелей талаптар көзделген. (Егер олар жай вексель табиғатына сәйкес емес болатын болса, аудармалы вексельдер туралы кейбір ережелер жай вексельге қатысты әрекет етеді Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Заңының 76-бабы).

Осындай талаптардың біріне вексель міндеттемесінің орындалу орнына қатысты талаптар жатады. Әдетте, аудармалы вексель үшінші тұлғаның тұрғылықты жерінде немесе төлеушінің тұрғылықты жері орналасқан жерде төленуге жатады. Вексель міндеттемесінің орындалуының нақты жерін таңдау вексельдің өзінде көрсетілген төлем жүргізу орнының шартына байланысты болады.

Ұсынуға бойынша мерзімде немесе ұсынғаннан кейінгі белгілі бір уақытта төленуғе тиіс аудармалы вексельде вексель беруші вексель сомасына проценттер (пайыздар) қосылатындығы туралы ескертуі мүмкін. Басқа аудармалы вексельде мұндай ескерту (шарт) жазылмаған деп саналады. Егер бслгілі бір күн көрсетілмесе, онда пайыздар вексельді толтыру күніне есептеледі.

Вексель міндеттемесіне қатысты оның мазмұнын талқылаудың арнайы ережелері белгіленеді. Бұл жерде вексель сомасының сандық және әріптік (жазба) белгілеуі арасындағы мүмкін болатын қарама-қайшылықтар туралы сөз болып отыр. Мұндай қарама-қайшылықтар кезінде вексель сомасының жазбаша жазылған белгілеуіне басымдық беріледі. Егер вексель сомасы не жазбаша, не сандармен бірнеше рет белгіленсе, онда осы белгілеулер арасындағы келіспеуілілік (қарама-қайшылық) жағдайында вексель кіші сомаға ғана жарамды болады.

Аудармалы вексельде ол бойынша міндеттеме алуға қабілетті емес тұлғалардың қолы жалған қолтаңбалар немесе ойдан шығарылған тұлғалардың қолдары немесе өзге негіздер бойынша оларды қойған немесе олардың атынан қойылған тұлғаларды міндеттей алмайтын қолтаңбаларда болғанда, онда басқа тұлғалардың қолдары сонда да күштерінен айырылмайды. Вексельге койылмаған колтаңбаның орны өз қолын қоюға тиіс болған тұлғаның еркін куәландыратын, аудармалы вексельге жазылған ресми бекітілген арыз болған жағдайда толтырылуы мүмкін.

Егер кімде-кім уәкілдік бермеген тұлғаның атынан вексельге қол қойса, онда ол (уәкілетті емес тұлға) да вексель бойынша тарап (вексель беруші) сияқты міндеттенеді. Өз өкілеттіктерін асыра пайдаланған өкілдің де жағдайы осындай.

Аудармалы вексельдердің ерекшелігі егер бұйрық туралы нұсқаусыз берілсе де олар индоссамент арқылы беріп жіберіле алатындығында. Тиісінше бұл вексель міндеттемесі қатысушыларының құрамын өзгертеді. Вексель индоссаменті шектелуі мүмкін. Бұл вексель берушінің мүдделерімен байланысты болуы мүмкін.

Аталған тәсілмен индоссаментті шектеу кезінде вексель кәдімгі цессияның нысанын және салдарын сақтаумен ғана берілуі мүмкін. Индоссамент төлеушінің пайдасына да, ол вексельді акцептеген немесе акцептемегеніне қарамастан жүргізілуі мүмкін. Вексель бойынша құқықтарды беру (беріп жіберу) мүмкіндігі, сондай-ақ вексель берушіге не вексель бойынша міндетті басқа тұлғаға да қатысты көзделген. Олар да өз кезегінде вексельді индоссациялай алады.

Индоссаментке қойылатын талап - ол қарапайым және ештеңемен шартталмаған болуға тиіс. Индоссаментті шектемейтін барлық жағдай (шарт) жазылмаған деп есептеледі. Ішінара индоссамент жарамсыз.

Индоссамент аудармалы вексельге немесе оған қосылған параққа (аллонжеге) жазылады. Аллонж вексельмен біртұтас құжатты құрайды. Ол үшін онда аллонждың тиісті вексельге жататындығын: сөзсіз (бірден) анықтауға мүмкіндік беретін жазу болуға тиіс. Аллонж вексельге индоссамент вексельдің өзінде басталып және аллонжеде аяқталатындай етіп бекітілуі мүмкін.

Индоссаментке индоссант қол қоюға тиіс. Индоссамент белгілі бір тұлғаның пайдасына жасалуы мүмкін. Ол кімнің пайдасына жасалғандығын көрсетпеуі немесе ол тек индоссанттың ғана қолынан тұруы мүмкін (банктік индоссамент). Соңғы жағдайда индоссамент жарамды болу үшін міндетті түрде аудармалы вексельдің екінші жағында да немесе қосымша параққа (аллонжеге) жазылуға тиіс. Ұсынушыға арналған индоссамент бланктік индоссамент күшіне ие болады.

Қолында аудармалы вексель бар тұлға заңды вексель ұстаушы ретінде қарастырылады. Бірақ, бұл үшін ол өз құқығын индоссаменттердің үздіксіз қатарында негіздеп алуы қажет. Сызылған индоссаменттер жазылмаған деп есептеледі. Бланктік индоссаменттен кейін басқасы тұрса онда соңғы индоссаментке қол койған тұлға вексельді бланктік индоссамент бойынша алған деп есептеледі.

Әрекет етуші заңнама вексельді бағалы кағаздар қатарынан шығарып тастағанына қарамастан, вексель қатынастарын реттеуде бағалы қағаздар айналымын реттеуге қатысты элементтер сақталып қалды. Соның салдарынан өз иелерінің иелігінен шығып қалған вексельдерді талап ету үшін елеулі шектеулер көзделеді. Қолында вексель пайда болған тұлға егер ол оны адал ниетсіз, яғни вексельдің өзіне тиісті емес екенін біле тұра, қасақана иемденсе немесе вексельді иемдене отырып дөрекі абайсыздыққа жол берген жағдайларда ғана соңынан осы бастапқы иесіне қайтаруға міндетті.

Индоссаментті шарттылықпен немесе шектеулермен жасауға жол берілмейтініне қарамастан, заңнамамен сенім индоссаменттік жасау мүмкіндігі көзделеді. Ол вексельге вексель ұстаушымен қосылған және мақсат тұтатын жазу түрінде көрініс табады. Өткерілетін құқықтардың шектері индоссанттық өзімен, бірақ индоссаментті шарттылауға жоғарыда аталған әрекет етуші тыйым салуды есепке алумем анықталады, сенім индоссамент индоссант пен индоссат арасындағы белгілі бір қатынастар кезінде ғана мүмкін болады.

Осындай жағдайлардың бірі болып аталған субъектілер арасында айрықша тәсілмен өкілдік қатынастарын орнату табылады. Есеп айырысу кезінде вексельді пайдаланудың икемділік, жеделдік талаптарын ескеру, өкілдікті осындай тәсілмен рәсімдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Вексель бойынша құқықтарын жүзеге асыру қажеттілігіне сүйене отырып индоссант индоссатқа кандай да бір нақты әрекеттерді жасауды тапсыруы мүмкін. Осыған орай ол индоссамент кезінде оның сенімділік сипаты айқын білінетін тұжырымдамаларды қолдануға тиіс. Басқаша вексель бойынша құқықтардың әмбебаптылығы оны алып қоюға алып келеді. Қайта тапсыру индоссаменттерінде «алуға жататын валюта», «инкассаға», «сенімдіге сияқты» немесе жай тапсырысты білдіретін басқада ескертпелер болуға тиіс. Осыған орай индоссат оны инкассалауға шығаруға және төлем алуға не төлемді ерікті түрде алып, содан кейін индоссанттың нұсқауы бойынша билік етуге тиіс болады. Индоссаменттің осындай түрі кезінде міндетті тұлғалар вексель ұстаушыға (индоссатқа) қарсы тек имдоссантқа қарама-қайшы қойыла алатын қарсылықтарды ғана мәлімдей алады. Кәдімгі өкілдікке қарағанда сенім индоссаментінде болатын тапсырыс қайта тапсырушының кайтыс болуы немесе оның әрекетке кабілетсіздігінің туындауы салдарынан тоқтатылмайды.

Кейбір жағдайларда вексель кепіл объектісі болуы мүмкін. Вексель бойынша талап бұл жағдайда индоссаттың (вексель ұстаушының) индоссантқа қоятын сол бір немесе өзге мүліктік талаптарын қамтамасыз ету болып табылады. Ол сөзсіз болып табылғандықтан вексель (төлем) бойынша тиісті орындалу кепілдік қамтамасыз етуші болуға толықтай қабілетті. Сонымен бірге заңнамаға сәйкес вексельді кепілді қамтамасыз етуші ретінде пайдалануға тек белгілі бір жағдайларда ғана жол берілетіндігін ескерген жөн. Мәселен, вексельді кепілге беру аккредитив төлемін, банктік несиені қайтаруды камтамасыз ету үшін жүргізіледі. Басқа жағдайларда вексель кепіліне жол берілмейді. Вексельдер кепілін және Қазакстан Республикасы аумағында осындай мәмілелерді тіркеу тиісті есепке алу кеңселері арқылы жүргізіледі.

Кепіл «қамтамасыз етуге валюта», «кепілге валюта» немесе кепілді білдіретін басқа да ескертпесі бар индоссамент жолымен рәсімделеді. Борышқор (бастапқы вексель ұстаушы) өз міндеттемелерін орындамаған кезде екінші вексель ұстаушы (индоссат) аудармалы вексельден туындайтын барлық құқықтарды жүзеге асыра алады. Вексель ұстаушымен қойылған кепілдің әрекет ету кезеңінде индоссамент толық емес болып табылады және ол вексельге тек кепіл құқығын алып қоюға алып келе алады (қайта тапсырушы индоссамент болып табылады). Міндетті тұлғалар олардың индоссантқа жеке қатынастарына негізделген қарсылықтарды вексель ұстаушыға қарсы мәлімдей алмайды. Бұған вексель ұстаушы вексельді ала отырып борышқор мүддесіне қарсы әрекет еткен жағдайлар кірмейді.

Индоссамент үшін төлем мерзімінен кейін жасалған төлем мерзімін өткізіп алудың маңызы жоқ, ол болып өткен индоссамент сияқты салдарға ие болады. Бірақ, егер индоссамент вексельге толенбегендігі тура лы қарсылық білдіргеннен кейін немесе қарсылық білдіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін жасалса; мұндай индоссамент кәдімгі цессия сияқты салдарды туындататын болады. Күні белгіленбеген индоссамент вексельге қарсылық білдіру үшін белгіленген мерзімге дейін жасалғандығының презумпциясы бар.

Вексель міндеттемесі өзіндік мазмұнға ие және дербес өмір сүретін өз алдына жеке міндеттеме болып табылады. Өз алдына жекелік белгісі бойынша міндеттемелердің қолданылатын классификациясына сәйкес оны негізгі деп атауға болады. Сондықтан оған қатысты көмекші (акцессорлық) міндеттеме де пайда болуы мүмкін. Кез келген өзге азаматтық-құқықтық міндеттеме сияқты вексельден туындайтын міндеттеме оны барлық көзделген шаралармен қамтамасыз ету мүмкіндігін көздеуге тиіс болғанмен, бұл салада мәселе басқаша қалыптасқан. Арнайы реттеу осы мәселеде де сөзсіз басымдыққа ие және вексель айналымын реттейтін заңнама жауапкершілік шарасы ретінде және сонымен бірге вексель міндеттемесі мен авальдік орындалуын қамтамасыз ету шарасы ретінде айып төлеуді өндіріп алу мүмкіндігін көздейтінін атап өткен жөн.

Аваль вексельдік кепілдікті білдіреді, соған сәйкес, оны жасаған тұлға вексель бойынша міндетті басқа тұлғалардың міндеттемелерінің орындалуына өз мойнына жауапкершілік алады. Аваль аудармалы вексельдің өзінде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль берілген жері көрсетіле отырып жеке актімен де рәсімделуі мүмкін. Ол «аваль деп санаңыз» деген сөздермен не басқа да тең мазмұнды формуламен белгіленіп, оған аваль беретін тұлға қол қояды. Аваль үшін аудармалы вексельдің алдыңғы бетіне авалистпен койылған жалғыз колтаңба ғана жеткілікті, тек егер бұл қол таңба төлеушімен немесе вексель берушімен қойылмаған болса. Авальде оның кім үшін (төлеушілер, индоссанттар) берілгендігі көрсетілуге тиіс. Егер ол болмаса, онда ол вексель беруші үшін берілген деп есептеледі. Аваль талаптар көздейтін нормалар мазмұнынан туындайтындай, ол «кепілдік» деп аталғанына қарамастан, өзінің заңдық табиғаты жағынан аваль вексель міндеттемесі бойынша кепіл болып табылады. Бұл «авалист кім үшін аваль берді, сол сияқты жауапты болады» деген тұжырымдамадан айқын білінеді. Басқаша айтқанда, авалистің солидарлы (ортақ) жауапкершілігі көзделген. Аудармалы вексель бойынша төлем аваль арқылы барлық вексель сомасына немесе оның бір бөлігіне қамтамасыз етілу мүмкін.

Бірақ аваль кепілден ерекшеленетін белгілерге де ие. Мәселен, вексель бойынша бұл қамтамасыз ету тек үшінші тұлғамен ғана емес, сонымен қатар вексельге қол қойған тұлғалардың бірімен де берілуі мүмкін. Яғни вексель берушілер арасында өзара екі жақты кепілдендіру (кепілдік ету) орын алуы мүмкін. Кәдімгі кепілден тағы бір ерекшелігі - ол берілгеннен кейін вексель міндеттемесінен белгілі бір «дербестікке» (автономдыққа) ие болады. Егер ол кепіл берген міндеттеменің өзі де нысанының кемістігінен басқа, қандай да бір негіз бойынша жарамсыз болып қалған жағдайда да авалистік міндеттемесі жарамды болады. Әрине авальдік акцессорлық сипаты вексель міндеттемесі төлеушінің өзімен (авалистік емес) орындалған жағдайларда айқын көрінетін болады. Вексель міндеттемесі орындалғанда аваль өз мәнісін жоғалтады.

Аудармалы вексельді төлей отырып авалист оған деген құқықтарды иеленеді. Бұл құқықтарды ол өзі кепіл бергенге қарсы және кім үшін аваль берілді және аудармалы вексель бойынша төлеуші алдында міндетті болған тұлғаларға қарсы жүзеге асыра алады.

Жоғарыда аталғанның барлығы вексельді есеп айырысуларда пайдалану мүмкіндіктерін тағы да бір рет көрсетті.

Вексель бойынша құқықтарды іс жүзінде жүзеге асыру вексельді төлемге (акцептке) ұсынудан да белгілі бір дәрежеде тәуелді болады. Вексель айналымына қатысты акцепт, сондай-ақ өзіне және ерекше сипатқа ие болады. «Акцепт» тұжырымдамасы вексель ұстаушының талаптарын канағаттандырады деген төлеушінің жай ғана келісімін емес, тіпті вексель бойынша өзіне міндет алуды да білдірмейді, өйткені бұл міндет одан бұрын пайда болған. Акцепт вексельге төлем жүргізу туралы жазбаша келісім болып табылады. Вексель бойынша акцепте төлем жүргізуге келісім негізінен болашақта, яғни міндеттемені мойындау көрініс табатынымен қатар, акцептің жазбаша нысаны оны қандай да бір камтамасыз етуші шараға айналдырады. Вексель бойынша төлем жүргізу акцептінің болуы төленуге жататын соманы акцептанттың банктік шотынан сөзсіз алуды талап ету құқығын береді, сонымен бірге вексель бойынша акцептемеудің салдарынан қарсылық білдіруге деген талаптар сақталуға тиіс.

Акцепт шарттарын қарастырып көрейік. Ең алдымен, вексель беруші вексельде оны акцептке ұсынуға тыйым сала алатындығын атап өтейік. Бұл вексель міндеттемесіндегі тараптардың басқа мүліктік қатынастары (осы вексель міндеттемесімен байланысты) белгілі бір уақыт өткеннен кейін өзгеруі мүмкін екенімен байланысты. Мысалы, вексель ұстаушы өзінің вексель беруші алдындағы міндеттемесін тиісті түрде орындамауы мүмкін.

Даулы жағдай туындаған кезде акцептелген вексель вексель ұстаушы үшін вексель міндеттемесінің сөзсіз сипатымен шартталатын және төлеушіден (оның орнында вексель ұстаушының өзі де болуы мүмкін) қаражатты сөзсіз алу мүмкіндігімен күрделене түсетін негізсіз басымдықтар туындатады.

Бірақ, егер вексель үшінші тұлға да төленуге жатса, төлеушінің тұрғылықты жерінен басқа жерде төленуге жатса немесе ұсынған кезден кейін белгілі бір уақыт ішінде төленуге жатса акцептке тыйым салу орын алмауға тиіс.

Кез келген аудармалы вексельде вексель беруші вексельдің акцептке мерзімді белгілеумен немесе белгілеусіз ұсынылуға тиіс екендігі туралы ескертуі мүмкін. Сондай-ақ ол акцептке ұсыну белгіленген мерзімнен бұрын орын алмауға тиіс екендігін шарттауы мүмкін. Аталған құқық әрбір кейінгі вексель ұстаушыларға (индоссанттарға) тиесілі.

Егер өзгеше ескертілмесе, вексель ұстаушы немесе тіпті қолында вексель бар кез келген тұлға оны акцепт үшін төлеушіге оның тұрғылықты жері бойынша ұсынуға құқылы. Бұл құқық төлем мерзімі басталғанға дейін де жүзеге асырыла алады.

Ұсынылғаннан кейін белгілі бір уақыт ішінде төленуге жататын аудармалы вексельдер акцептке, олар берілгенмен кейін бір жыл ішінде ұсынылуға тиіс. Вексель беруші бұл мерзімді қысқарта алады кемесе одан да ұзақ мерзімді белгілеуі мүмкін. Вексель қолдан қолға өту барысында бұл мерзімдер индоссанттармен қысқартыла алады.

Вексельді ұсынған кезде ол төлеушіге көрсетіледі (оған тиісті белгі қою мүмкіндігі беріледі). Төлеуші вексельді бірінші рет ұсыныс көрсеткеннен кейін оны өзіне екінші рет ұсынып көрсетуді талап ете алады. Құқықтары вексель ұстаушының құқықтарымен бәсекелесетін мүдделі тұлғалар, егер бұл талап туралы қарсылықта аталып өткен жағдайда ғана, осы талаптың орындалмағанына сүйене алады. Вексель ұстаушы акцептке ұсынылатын вексельді төлеушіге беруге міндетті емес.

Акцепт аудармалы вексельде белгіленеді. Ол «акцептелді» деген сөзбен немесе басқа тең мағыналы сөзбен жазылып, төлеушімен қол қойылады. Вексельдің алдыңғы бетінде жасалған төлеушінің жай қолтаңбасы акцепт күшіне ие. Егер вексель ұсынылғаннан кейінгі белгілі бір уақыт ішінде төленуге жатса немесе егер ерекше талапқа байланысты акцептке белгілі бір мерзімде ұсынылуға тиіс болса, онда акцеп тберілу күнімен белгіленуге тиіс, ал егер мұны вексель ұстаушы талап етсе, онда ол ұсынылған күнмен белгіленуі мүмкін. Егер оның белгілену күні болмаса, онда вексель ұстаушы өзінің индоссаттарға қарсы және вексель берушіге қарсы регресс құқықтарын сақтап қалу үшін осы олқылықты өз уақытында вексельді даталамауға қарсы қарсылық жасау арқылы куәландыруға тиіс.

Акцепт жай және ештеңемем шартталмаған болуға тиіс. Бірақ төлеуші оны соманың бір бөлігімен шектей алады. Аудармалы вексельдің мазмұнында акцептпен жасалған кез келген акцептен бас тартуға тең келеді деп саналады. Бірақ дегенмен де, акцептант вексель бойынша өз (ішінара) акцептіне сәйкес жауап береді.

Вексель беруші аудармалы вексельде, төлем жүзеге асырылуға тиіс үшінші тұлғаны көрсетпей, төлеушінің тұрғылықты жерінен басқа төлем жургізу орнын көрсеткенде төлеуші бұл үшінші тулғаны өзі нұсқай алады. Мұндай нұскау болмаған кезде акцептант вексель беруші нұсқаған төлем жүргізу орнында өзі төлем жургізуге міндеттенді деп болжанады. Егер вексель төлеушінің тұрғылықты жерінде төленуге жатса, онда оған өзінің тұрғылықты жерінде төлем жүзеге асырылуға тиіс нақты мекен-жайды көрсету мүмкіндігі беріледі.

Жоғарыда аталғаннан басқа, акцептің маңызы - төлеушімен ол арқылы аудармалы вексельге мерзімінде төлем жүргізуге міндеттеме алынуында және төлеушінің жеке басыла деген күмәнділік жойылады. Төлем жасалмаған жағдайда вексель ұстаушы, тіпті ол вексель беруші болып табылса да, акцептантқа қарсы аудармалы вексельге негізделген тікелей талап арызға ие болады.

Егер де төлеуші аудармалы вексельге өзінің акцепті туралы белгі қоя отырып, оны вексельді қайтарғанға дейін сызьш тастаса, акцептеуден бас тартылды деп есептеледі. Сонымен бірге сызып тастау құжат кайтарылғанға дейін жасалғандығы ескертіледі. Акцепт туралы белгі сызып тасталғанына қарамастан, егер төлеуші өзінің акцепті туралы вексель ұстаушыға немесе кол қойғандардың кайсыбіріле жазбаша хабарласа, онда ол өзінің акцептінің шарттарына (талаптарына) сәйкес міндетті болып табылады.

Вексель бойынша төлемдер. Вексель бойынша төлем жүргізу міндеттемесі вексель шарттарына (талаптарына) байланысты әртүрлі мерзімдерде орындала алады. Соның ішінде, ол ұсынып көрсету бойынша; ұсынып көрсеткеннен кейінгі белгілі бір уақытта толтырғаннан кейін белгілі бір уақытта; белгілі бір күні төленуге тиіс ретінде берілуі мүмкін. Басқа ақшалай міндеттемелерге қарағанда вексель бойынша міндеттеме төлемді бөліп бөліп жүргізуге жол бермейді. Сонымен қатар төлем жүргізу мерзімін анықтаудың аталған тәсілдерінен басқа тәсілдеріне де жол берілмейді. Мәселен төлемді сөзсіз болуға тиіс уақиғаға туралауға болмайды. Басқа заңнамаға карағанда вексель айналымын реттейтін заңнамада мерзімдерді анықтауға неғурлым қатты көңіл аударылатынын атап өткен жөн. Бұл, сондай-ақ вексель міндеттемесінің сөзсіздігі (шартсыздығы) туралы талаптарды жүзеге асыруға есептелген және төлемдерді басқа тәсілдерімен қатар вексельдер мен төлем жүргізуді тең колдануды қамтамасыз етуге арналған.

Ұсынып көрсету мерзімі бар аудармасы вексельге оны ұсынып көрсеткенде төлем жүргізіледі. Осы тұста біздің ойымызша, ҚР АК 277-бабының 2-тармағының ережесі де сақталуға тиіс. Соған сәйкес мерзім талап ету сәтімен анықталған міндеттемені борышқор оны орындау туралы несиеберуші талап қойған күннен бастап жеті күн ішінде орындауға міндетті. Егер вексель міндеттемесінің талаптарынан, іскерлік айналым дағдыларынан өзгеше талап туындамаса, осы ереже қолданылуға тиіс. Сонымен қатар, төлеушіде мілдеттемені бірден орындауға немесе одан да қысқа ойға қонымды қажетті мерзім ішінде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда да жеті күндік жеңілдік мерзім қолданылуға тиіс.

Ұсынып көрсету мерзімі бар аудармалы вексель оны толтырған күннен бастап бір жыл ішінде төленуге ұсынылуға тиіс. Вексель беруші бұл мерзімді қысқартуы немесе одан да ұзақ мерзімді белгілей алады. Ол сондай-ақ, мұндай аудармалы вексельдің белгілі бір мерзімнен бұрын төлемге ұсыныла алмайтындығын алықтай алады. Мұндай жағдайда ұсынып көрсетуге арналған мерзімін тыйым салынған кезең аяқталған сәттен бастап жүре бастайды.

Оны төлеуге ұсынып көрсеткеннен кейінгі белгілі бір уақыт аралығымен есептелетін вексель бойынша төлем жүргізу мерзімі акцепт күнінен не қарсылық білдіру күнінен бастап жүре бастайды. Егер қарсылық білдіру болмаса, күні белгіленбеген акцепт акцептантпен акцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы күнінде жасалған деп есептеледі.

Толтырудан немесе ұсынып көрсетуден бір немесе бірнеше ай мерзімге берілген аудармалы вексель бойынша төлем жүргізу мерзімі төлем жүргізілуге тиіс айдың тиісті күнінде басталады. Егер сол айда тиісті күн болмаса, төлем жүргізу мерзімі айдың соңғы күнінде түындайды. Егер аудармалы вексель толтырылу немесе ұсынылуға берілу күнінен біржарым немесе бірнеше айлар жартысы мерзіміне берілсе алдымен толық айлар есептелуге тиіс. Егер төлем мерзімі айдың басына, ортасына немесе аяғына белгіленбесе, онда төлем мерзімі болып тиісінше айдың бірінші, ол бесінші немесе соңғы күні есептеледі. «Сегіз күн» немесе «он бес күн» деген сөздер бір немесе екі аптаны емес, керісінше толық сегіз немссе он бес күндік мерзімдерді білдіреді. Жарты аймен белгіленген мерзім он бес күнге тең болады.

Вексель жөніндегі заңнама белгілі бір шамада мерзімдерге қатысты вексель міндеттемелері бойынша халықаралық жеке құқықтық да мәселелерін реттейді. Бұл Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы Заңының 36-бабында көрініс тапқан. Онда былай делінген: «Егер аудармалы вексель берілген жеріне қарағанда басқа күнтізбе кабылданған қандай да бір жердің белгілі бір күйінде төленуге жатса, онда төлем мерзімі төлем орнының күнтізбесі бойынша тағайындалған деп есептеледі».

Егер толтырылғаннан кейін белгілі бір жерге мерзімін де шығарылған аудармалы вексель бойынша беру орны мен төлем жүргізу орнында әртүрлі күнтізбелер әрекет етсе, онда төлем орнының күнтізбесі бойынша беру күйіне сәйкес келетін күн белгіленеді және осыған байланысты төлем мерзімі анықталады.

Аудармалы вексельдерді ұсыну мерзімдері тиісінше алдыңғы заң ережелерімен есептеледі.

Бұл ережелер егер аудармалы вексельде қандай да бір ескертпе жасалса немесе құжаттың мазмұны өзге ережелерді қабылдау ниетінің бар екенін көрсетсе қолданылмайды.

Төлемнің белгілі бір мерзімі бар аудармалы вексельді ұстаушы вексельді ол төленуге тиіс күні не келе жатқан екі жұмыс күнінің бірінде төлемге ұсынуға тиіс. Аудармалы вексельді есеп айырысу палатасына ұсыну оны төлемге ұсынумен тең келеді. Есеп айырысу палаталары ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясына сәйкес депозиттерді қабылдауға есеп айырысуды жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар қарастырылады.

Аудармалы вексельге төлем жүргізген кезде төлеуші оны өзіне вексель ұстаушы төлемді алғандығы туралы қолхатпен бірге беруді талап ете алады. Вексель ұстаушы ішінар атөлемнен бас тартуға құқылы емес. Егер ішінара төлем жүзеге асырылса, онда төлеуші бұл жағдайда да осындай төлем туралы белгі қоюды және өзіне осы туралы қолхат беруді талап ете алады.

Кез келген кәсіпкерлік міндеттеме сияқты вексель міндеттемесі де жалпы ереже бойынша оны мерзімінен бұрын орындауды көздемейді, мерзімінен бұрын орындауға вексель ұстаушының келісімімен жол беріледі, бірақ ол бұған мәжбүрлене алмайды. Егер төлеуші төлемді мерзіміне дейін жасаса, онда ол мұны өз тәуекелі мен қаупіне сүйене жасайды. Төлемді мерзімінде жүзеге асырған тұлға, егер оның тарапынан алдау мен дөрекі абайсыздыққа жол берілмесе, міндеттемеден босатылады.

Егер ол орындалудың тиісті емес несие берушіге жасалатынын біле тұра соны жүзеге асырса, бұл алдау болады, ал дөрекі абайсыздық несие берушінің жеке басын анықтауда жол берілген елеулі олқылықтардан және (немесе) басқа да олқылықтардан көрінеді. Егер ол индоссанттардың қолтаңбаларының растығын тексермесе, бұл елеулі олқылық ретінде саналмайды, өйткені төлеуші тек индоссаменттер қатарының жүйелігін (кезектілігін) ғана тексеруге тиіс (Қазақстан Республикасының «Вексель айналысы туралы Заңының 39-бабының 3-т.).

Заңнама халықаралық жеке құқықтың сондай-ақ төлем жүргізудің тәртібіне де қатысты кейбір мәселелерін козғайды. Аудармалы вексель төлем жүргізу орнында қолданылмайтын валютада жасалып берілген (яғни міндеттеме ҚР аумағынан тыс жерде туындады дерлік) жағдайларда, онда оны сомасы төлем мерзімі басталған күндегі не іс жүзіндегі төлем күніндегі курс бойынша жергілікті валютада төлене алады. Шетелдік валюта курсы төлем жүргізу орнында әрекет етуші әдеттегілікке сәйкес анықталатын болады. Сонымен бірге вексель беруші төленуге жататын соманың вексельде белгіленген курс бойынша есептеспейтіндігін алдын ала ескертіп қоя алады.

Аудармалы вексельдің сомасы берілген елде және төлем жүргізу елінде де бірдей атауға ие, бірақ, әртүрлі курстарға ие валютада белгіленген жағдайда, есепке төлем орнының валютасы алынды деп болжанады.

Вексель міндеттемесі бойынша төлем қабылдауда несиеберуші (вексель ұстаушы) жалтарған жағдайда борышқор, басқа да міндеттемелер бойынша сияқты, оны вексель ұстаушының есебіне, оның тәуекелі мен қаупіне заңмен арнайы уәкілденген тұлғаның депозитіне тиісті соманы енгізу жолымен орындауға құқылы.

Жалпы, біз вексель міндеттемесіне және оны орындау тәртібіне, соның ішінде ол бойынша қамтамасыз ету мәселесіне қатысты барлық қырларды қарастырып өттік. Алайда кейбір ерекше мәселелер әлі де ашылмай қалып отыр. Соның ішінде оларға вексель міндеттемелерін орындаудағы делдалдық мәселесі жатады.

Делдалдық тапсырыс шартындағы өкілдікке немесе делдалдықты реттейтін басқа да шарттар негізіне қарағанда басқа түсінікті білдіреді. Вексель аймалымында делдал болып өз атынан белгілі бір вексель міндеттемесін орындайтын немесе вексельді акцептейтін және осыған орай несие берушінің (регридиенттің) құқықтарына ие болатын субъект табылады.

Мұндай қарым-қатынас делдалды вексель берушімен, индоссантпен немесе авалистпен тағайындауға негізделуі мүмкін, олар мұны осындай тұлғамен араларында орнатылған ішкі қарым-қатынасқа сүйене отыръш жасай алады. Делдал акцепт немесе төлем үшін тағайындалады.

Кейбір жағдайларда вексель міндеттемесі бойынша бастапқы борышқорының қайсыбірімен өзінің белгілі бір қатынастарына тағы да сүйене отырып, қандай да бір тұлға вексель міндеттемесін орындауда ерікті түрде делдал болуы мүмкін.

Өзінің заңдық табиғаты жөнінен вексель міндеттемесі бойынша делдалдық борышты аудару болып табылады. Вексель міндеттемесі бойынша борышты аудару ерекшеліктеріне де вексель айналымын арнайы реттеу елеулі түрде ықпал етеді. Айқын ерекшеліктердің бірі болып, кейбір жағдайларда вексель міндеттемесі бойынша борышты (төлем міндеттемесін) басқа тұлғаға аудару кезінде несие берушінің (вексель ұстаушының) келісімі талап етілмейтіндігі табылады. Вексель міндеттемесі бойынша борышты аудару еркіндігіне деген ымырашыл көзқарас мұндай әрекетті жасау вексель берушіні, индосанттарды, авалисті егер олардың барлығы вексель міндеттемесін жүзеге асыру процесінде көрінсе, міндеттемеден түпкілікті шеттетпейтіндігімен байланысты. Осы соңғы жағдай делдалдықтың борышқорды толығымен және түпкілікті ауыстыру орын алаты, борышты жай аударудан екінші мәнді ерекшелігі болып табылады.

Делдалдың әрекеттері белгілі бір мерзімге вексель бойынша төлем жасауға тиіс болған тұлғалардың мүдделерін ескерумен шектеледі. Яғни, делдал міндеттемені орындау бойынша сәйкес емес шығындарды көтеру жолымен белгілі бір сәтке іс жүзіндегі борышқорға өз әрекеттерімен зиян келтірмейтіндей етіп, вексель ұстаушыға қарсы сол бір немесе өзге негізделгсн қарсылықтарды қою мүмкіндігін борышқорға бермей және т.с.с. әрекет етуге тиіс. Осы айтылғанға орай делдал екі жұмыс күні ішінде кім үшін делдал боп шықса соны өзінің делдалдығы туралы хабардар етуге тиіс. Осы мерзімді сақтамаған немесе осы міндетті мүлдем орындамаған жағдайда, ол өзінің салақтығынан болған зиян үшін жауапты болады. Делдал үшін мұндай жағдайларда шектелген жауапкершілік көзделеді. Шығындар вексель сомасынан аспайтын мөлшерде, кім үшін әрекет етсе сол тұлғаға өтелуге жатады. Алайда, егер оған зиян келтірген делдалдың әрекеттері қасақана құқыққа қайшы сипатта жүзеге асса, онда мұндай жағдайда делдалдық келтірілген зиян үшін толық жауапкершілігі туралы сөз козғаған жөн.

Егер сонымен бірге вексель ұстаушыда регресске деген құқық пайда болатын болса, делдалдық тәртібіндегі акцепт төлем мерзімі басталғаннан кейін және оған дейін де орын алуы мүмкін. Соңғы жағдайда делдалдық тәртібіндегі акцепт вексель ұстаушының еркінен тыс орын алуы мүмкін.

Делдалдық тәртібіндегі акцепт вексель ұстаушының бастамасымен жүзеге асуы мүмкін. Егер аудармалы вексельде, қажеттілік жағдайына, төлем орнында акцепт үшін немесе төлем үшін тұлға көрсетілген болса, вексель ұстаушы, өз мүддесін корғай отырып, вексельді осы тұлғаға ұсынып көрсете алады. Егср акцепт жасалатын болса, вексель ұстаушы егер де онда төлемді мерзімінен бұрын талап ету құқығы пайда болмаса, төлем мерзімінің басталуын күтуге тиіс болады.

Жоғарыда аталған тұлға тарапынан акцептеуден бас тарту орын алғанда, вексель ұстаушы вексельді акцептемеуге қарсылық білдіруге тиіс. Сонда ғана ол төлем мерзімі басталғанға дейін делдалдық туралы нұсқау көрсеткен тұлғаға және осындай нұсқаудан кейін вексельге өз қолтаңбаларын қойған тұлғаларға қарсы өзінің регресс құқығын жүзеге асыра алады.

Делдалдыктың басқа жағдайларында, яғни вексель бойынша төлем мерзімі басталғаннан кейін, вексель ұстаушы делдалдық тәртібніде акцепт қабылдауы мүмкін. Бірақ егер ол акцептке жол берсе, онда ол төлем мерзімі басталғанға дейін кімнің есебінен акцепт берілсе сол тұлғаға қарсы және соның артынан қол қойған тұлғаларға қарсы өзінің регресс құқығынан айырылады. Басқаша айтқанда, делдалмен акцептке жол беру вексель ұстаушы үшін мерзімі бойынша вексель міндттемесінің шартын өзгертеді және міндеттемені уакытысында орындауды кідіртеді.

Делдалдық тәртібіндегі акцепт белгіленген болуға тиіс. Ол аудармалы вексельде белгіленеді және оған делдал қол қоюға тиіс. Онда міндетті түрде оның кімнің есебінен жасалғаны көрсетіледі. Бұл туралы нұсқау болмаған кезде акцепт вексель берушінің есебінен жасалған деп есептеледі.

Делдал - акцептант сол тұлғамен бірдей жағдайларда және соның атынан делдал болған тұлғадан кейін өз белгілерін қойған вексель ұстаушы мен индосанттарға қатысты міндетті болады. Делдалдық тәртібінде орын алып отырған акцептке қарамастан, ол кімнің есебіне жасалса, сол тұлға, сондай-ақ оған жауапты тұлғалар вексель бойынша соманы вексель ұстаушыға төлей отырып, одан вексельді қарсылықты беруді, тиісті жағдайда төлем туралы қолхат беруді де талап ете алады.

Делдалдық тәртібінде вексельді акцептеген тұлға белгілі бір жагдайларда төлемді де жасауға тиіс болады. Төлем жасау міндетті төлем мерзімі басталғанда немесе оған дейін вексель ұстаушыда регреске деген құқық пайда болған жағдайларда орындалуға тиіс. Төлем кім үшін төлем жасалса сол тұлғамен төленуге жататын барлық соманы қамтуға тиіс, яғни делдалдық тәртібіндегі вексель бойынша ішінара төлем жасауға жол берілмейді. Ол төлем жасамағаны үшін қарсылық білдіруге арналған соңғы күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жасалуға тиіс.

Белгілі бір мерзімдерді сақтау жөніндегі міндеттер вексель ұстаушыға да жүктеледі. Аудармалы вексель төлем орнында өздерінің тұрғылықты жері бар делдарлармен акцептелгенде немесе осындай тұлғаларға қатысты нұсқау болғанда, вексель ұстаушы оларға вексельді ұсынып көрсетуге және тиісті жағдайларда төлем жасамағандығы туралы қарсылықты қарсылық білдіру үшін берілген мерзім аяқталғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей білдіруте тиіс.

Егер бұл мерзімде қарсылық білдіру жасалмаса, онда қажеттілік жағдайына төлем жүргізуші тұлғаны көрсеткен немесе кімнің есебінен вексель акцептелген болса сол тұлға, сондай-ақ кейінгі индосанттар міндетті болудан қалады. Делдалдық тәртібіндегі төлемнен вексель ұстаушы бас тартқан жағдайда ол жауапкершіліктен босатылғандарға қарсы өзінің регресс құқысын жоғалтады.

Делдалдық тәртібінде төлем жасау кімнің пайдасына төлем жасалса, сол тұлғаны көрсете отырып аудармалы вексельде жасалған қолхатпен куәландырылуға тиіс. Мұндай нұсқау болмаса төлем вексель беруші үшін жасалды деп есептеледі. Делдалдық тәртібінде төлем жасаған тұлғаға аудармалы вексель мен қарсылық (егер ол жасалған болса) берілуге тиіс.

Төлем жасаған делдал кім үшін төлем жасаса, соған қарсы және аудармалы вексель бойынша осы соңғы тұлғаның алдында міндетті тұлғаларға қарсы аудармалы вексельден туындайтын құқықтарды иеленеді. Бірақ делдал аудармалы вексельді кайта индоссациялау құқығына ие болмайды, вексельге өз қолын койған және сол үшін төлем жүргізілген тұлғадан кейін тұратын индоссанттар жауапкершіліктен босатылады.

Вексель бойынша бірнеше делдалдардың төлем жүргізу туралы ұсыныс жасау жағдайлары орын алуы мүмкін. Мұндай сәттерде басымдық кім неғұрлым көп тұлғалы жауапкершіліктен босата алса, соған беріледі. Төлем жасай отырып өзінің осы ережені бұзатындығын білетін делдал өз төлемінің заңдылығын даулау кезінде жауапкершіліктен босатылып кетуі мүмкін болған тұлғаларға катысты регресс құқығын жоғалтатын болады.

Вексель міндеттемесі бойынша заңнамамен, оны тиісті түрде орындамаған жағдайда карсылықтар мен талап арыздар мәлімдеуге негізделген құқықтарды қорғаудың арнайы механизмі көзделеді. Құқықтарды қорғаудың кейбір процедуралық мәселелерімен қатар вексель ұстаушының алдында міндетті тұлғалардың қайсыбірімен вексель міндеттемесі орындалмаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде вексель ұстаушы талаптарының мазмұны да реттелуге жататындығын атап өткен жөн.

Вексель бойынша құқықтарды корғау механизмін қолдану негіздері болып тізімі заңнамамен белгілеметін жағдайлардың орын алуы табылады. Жалпылама түрде оларды вексель міндеттемесін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаудан туындайтын жағдайлар ретінде сипаттауға болады. Сондай-ақ вексель ұстаушының құқықтарын бұзудың іс жүзіндсгі каупі де есепке алынады.

Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, вексель ұстаушы егер төлем жасалмаған болса, индоссанттарға, вексель берушіге және басқа да міндетті тұлғаларға қарсы, сондай-ақ егер акцептеуден толық немесе ішінара бас тарту орын алса, төлем мерзімі басталғанға дейін өзінің регресс құқықтарын жүзеге асыра алады (төлем жасау туралы талап коюға). Келтірілген екі негіз вексель ұстаушының құқықтарын вексель міндеттемесін орындамау (тиісті түрде орындамау) жолымен бұзу жағдайларына жатқызылады. Акцептеуден бас тарту (толықтай немесе ішінара) екі түрлі қасиетке ие және оны, сонымен бірге вексель бойынша төлемді алуға деген құқықтардың бұзылуына қауіп төндіретін әрекеттеге де жатқызуға болады.

Вексель ұстаушы құқықтарының бұзылуына қауіп төндіретін, талап арыз негіздерінің жағдайларына мыналар жатады: 1) төлем мерзімінің басталуы (Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Вексель айналысы туралы Заңының 42-бабы 1-т); 2) төлеуші төлемдерлі токтатқан жағдайда, егер де тіпті бұл жағдайлар сотпен анықталмаса да, оның вексельді акцептемегеніне немесе акцептегеніне қарамастан төлеушіні банкрот деп тану; 3) төлеушінің мүлкін өндіріп алуға нәтижесіз жүгіну орын алғанда; 4) төлем акцептеуге жатпайтын вексель бойынша жасалуға тиіс болған жағдайларда вексель берушіні банкрот деп тану.

Акцептеуден немесе төлемнен бас тарту фактісін куәландыратын актімен расталуға тиіс (акцептемеуте немесе төлемеуге қарсылық білдіру). Вексель бойынша акцептемеу немесе төлемеу туралы қарсылық білдіру нотариуспен оған вексельді беру күнінен бастап бір күн ішінде онда акцептемеу немесе төлемеу фактісін куәландыратын тиісті жазбаны жасау жолымен жүргізіледі. Вексель беруші не индоссант, авилист құжатқа «аиналым шығындарсыз» ескертпе он немесе басқа тең мағыналы ескертпеге қол қойып, енгізу арқылы вексель ұстаушыны регресс құқығын жүзеге асыру үшін акцептемелеуге немесе төлемеуге қарсылық білдіруді жасаудан босата алады. Вексель берушімен енгізілген ескертпенің күші вексельге қол қойған барлық тұлғаларға қатысты жарамды болады, егер ол индоссантпен немесе авалистпен енгізілсе, онда ол солардың өздеріне ғана қатысты жарамды болады.

Мұндай ескертле вексель ұстаушыны аудармалы вексельді белгіленген мерзімдерде ұсынып көрсетуден де хабарлама жіберуден де босатпайды (ол туралы кейінірек айтылады). Сонымен бірге мерзімдердің сақталмауын дәлелдеу вексель ұстаушымен дауласқанда осы жағдайға сүйенетін тұлғаға жүктеледі.

Вексельге вексель берушімен енгізілген ескертпеге қарамастан, вексель ұстаушы қарсылық білдірген жағдайда қарсылық білдіру бойынша шығындар оның өзіне жүктеледі. Егер де ескертпе индоссанттан немесе авалистен ғана шықса және вексель ұстаушы сонда да қарсылық білдірсе, онда қарсылық білдіру бойынша шығындарды өтеу вексельге қол қойған барлық тұлғалардан талап етілуі мүмкін.

Акцептің күнін белгілемегені үшін вексельге қарсылық білдіру вексельді акцептемеуде қарсылық білдіру үшін белгіленген тәртіп пен мерзімдерде жасалуы мүмкін. Егер вексельде акцептікке қатысты ескертпе болса, вексель бойынша оны акцептемеу жағдайында қарсылық білдіру төлеушінің шотынан қаражатты сөзсіз өндіріп алу үшін атқарушы құжат және негіз болып табылады. Төлеушінің шотында қаражат болмаған кезде қарсылық туралы мәлімдеуші тұлға вексель бойынша борышқордың мүлкін өндіріп алуды талап етуге құқылы.

Акцептемеуге және төлемеуге қарсылық білдіру және вексель бойынша борыштарды өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау вексель міндеттемелері бойынша дауларды шешудің сотқа дейінгі нысаны болып табылады. Осыған орай, егер, төлеуші вексель ұстаушының әрекеттерімен келіспесе онда ол оларды сот тәртібімен даулай алады.

Қарсылық вексельдің өзінде толтырылған және бөлінушімен қол қойылған арызбен алмастырыла алады, бұған вексель беруші аудармалы вексель мәтінінің өзінде қарсылықты ресми акт арқылы білдіруді шарттап койған жағдайлар кірмейді. Мұндай арыз да қарсылық білдіру үшін белгіленген мерзімдерде жасалуға және Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сәйкес тізімге енгізілуге тиіс. Сонымен бірге күні белгіленбеген индоссамент қарсылыққа дейін қойылған деп танылады. Акцептемеуге қарсылық білдіру акцептке ұсынып көрсету үшін белгіленген мерзімде жасалуға тиіс. Егер осы мерзімнің соңғы күнінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Заңының 23-бабына сәйкес вексельді қайталап ұсынып көрсету орын алса, онда қарсылық келесі күні жасала алады. Акцептемеуге қарсылық білдірудің мәнісі оның оны төлемге ұсынудан және төлемеуге қарсылық білдіруден босататындығында.

Төлемеуге қарсылық білдіру аудармалы вексель төленуге жататын күні не келесі екі жұмыс күнінің бірінде жасалуға тиіс.

Егер төлеуші вексельді акцептеп, содан кейін төлемдерді тоқтатса немесе төлеушінің мүлкін өндіріп алуға жүгінудің нәтижесіздігі орын алса, вексель ұстаушы өзіне тиесілі құқықтарды тек вексельді төлеушіге төлем жүргізу және қарсылық білдіру үшін ұсынып көрсеткеннен кейін ғана жүзеге асыра алады.

Ол вексельді акцептеген немесе акцептемегеніне қарамастан, сондай-ақ егер вексель акцептеуге жатпаса, төлеуші банкрот деп танылғанда вексель ұстаушы өзіне тиесілі құқықтарды жүзеге асыру үшін оны банкрот деп тану туралы сот шешімін ұсынып көрсету жеткілікті болады.

Құқығы бұзылған субъект өзінің индоссантын және вексель берушіні акцептелмегендік немесе төленбегендік туралы қарсылық білдіру күнінен кейін немесе егер вексель акцептеуге жатпайтын болса, ұсынып көрсету күнінен кейін келетін төрт жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіс. Әрбір индоссант өз кезегінде, өзі хабар алған күннен кейнгі екі жұмыс күні ішінде өз индоссантына алынған хабар туралы хабардар етуге тиіс. Ол, сонымен бірге алдынғы хабарларды жібергендердің атаулары мен мекен-жайларын көрсетуге тиіс. Егер хабар қағазы аталған тұлғалардың біріне жіберілген болса, онда сол мерзімде хабар қағазы ол үшін аваль берген тұлғаға да жіберілуге тиіс.

Егер индоссанттардың бірі өз мекен-жайын көрсетпесе немесе оны түсініксіз көрсетсе, хабарламаны оның алдындағы индоссантқа жіберу жеткілікті болып табылады. Хабарлама кез келген тәсілмен, тіпті аудармалы вексельді жай қайтару жолымен де жасалуы мүмкін.

Егер хабарламаны жіберудің дер кезділігі туралы даулар туындаса бұл фактіні дәлелдеу міндеті хабарламаны жіберген тұлғаға жүктеледі. Хабарламаны дер кезінде жібермеу субъектіні өз құқықтарынан айырмайды. бірақ ол егер зиян оның салақтығы салдарынан туындаса, сол зияи үшін жауапты болады. Өтелетін шығынның мөлшері сонымен бірге, аудармалы вексель сомасынан аспауға тиіс.

Акцептемегендікке немесе төлемегендікке қарсылық білдірілгенде, бұл туралы міндетті тұлғаларды ескерту міндеті нотариусқа жүктеледі. Ол мұны вексельдегі мекен-жайларға немесе қарсылықты талап еткен тұлғалардан алынған мекен-жайларға сәйкес жазбаша хабарламаны жіберу жолымен жасауға тиіс. Хабарлау бойынша шығындар карсылық бойынша шығындарға қосылады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, вексель міндеттемесі өзінің белгілі бір айналымы (бір тұлғадан екіншілеріне өту) кезінде өзіне белгілі бір көпшілік субъектілерді тартады, осылайша ол көпшілік тұлғалар бар міндеттемеге айналады. Сонымен бірге оны бәсең көпшілікті міндеттеме ретінде сипаттауға болады. Вексель беруші, вексельді индоссациялағандардың барлығы вексель бойынша барлық авалисттер мен акцептанттар ол бойынша вексель ұстаушы алдында солидарлы (ортақ) міндеттілерге айналады. Осыған орай ол, басқа ортақ міндеттемелер бойынша несие беруші сияқты, өз таңдауы бойынша осы тұлғалардың барлығына, әрқайсысына жеке жеке немесе барлығына бірдей талап арыз кою құқығына ие болады.

Осындай құқық аудармалы вексельге төлем жүргізгеннен кейін оған қол койған әрбір тұлғаға тиесілі. Міндеттемелердің біріне қойылған талап арыз оны басқаларға тіпті егер олар бастапқы борышқордан кейін міндеттенген болса да, коюға кедергі келтірмейді.

Вексель ұстаушының құқықтарын қорғаудың көзделген механизмінің құрамдас бөліктерінің бірі болып вексель міндеттемесін бұзғаны үшін жауапкершілік табылады. Вексель ұстаушы қолдалылуын талап ете алатын жауапкершіліктің келесі санкциялары көзделген:

  1. аудармалы вексельдің акцептелмеген және төленбеген сомасын пайыздармен өндіріп алу, егер олар алдын ала шартталған болса;

  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен вексель төленуге тиіс болған күнге белгіленген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде вексель сомасынан өсім өндіріп алу;

  3. қарсылық бойынша, хабарлама жіберу бойынша, сондай-ақ басқа да шығындарды өндіріп алу. Бұған қоса, талап арыз берген векссль ұстаушы талап арыз сомасына вексель сомасьшан 0,01 % мөлшерінде комиссия енгізе алады.

Талап арызды төлем мерзімі басталғалға дейін берген кезде вексель сомасынан есепке алу пайызы ұсталатын болады. Ол вексель ұстаушының тұрғылықты жерінде талап арызды беру күніне көзделетін ресми есепке алу ставкасына (банктік ставкаға) сәйкес еселтеледі.

Аудармалы вексельді төлеген тұлға өзінің алдында жауапты тұлғалардан мыналарды талал ете алады:

  1. барлық төленген соманы:

  2. аталған сомаға Қазақстан Реслубликасының Ұлттық Банкінен вексель талапкермен төленген күнге белгіленген қайта каржыландыру ставкасының мөлшерінде есептелген пайыздар;

3) осы тұлға көтерген шығындарды, сондай-ақ ол талап арыз сомасына вексель сомасынан 0,05% мөлшерінде комиссия енгізе алады.

Егер өзіне талап арыз койылған немесе қойылуы мүмкін міндетті тұлға төлем жасаса, онда ол өзіне төлемге қарсы аудармалы вексельді қарсылықпен және төлем туралы қол хатпен беруді талал ете алады. Аудармалы вексельді төлеген индоссанттардың кез келгелі өз индоссаментін сиякты өзінен кейінгі калған индоссанттардың да индоссаметтерін сызып тастай алады.

Бұрын ішінара акцепт жасаған тұлға өз шегінде соманы төлеген жағдайда оның құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігі пайда болуы мумкін. Сондықтан вексель ұстаушы бұл төлемді вексельде белгілеп қоюға және ішінара төлем жасаған төлеушіге қолхат беруге тиіс. Бұған қоса, вексель ұстаушы оған вексельдің куәландырылған көшірмесін де, және ол кейінгі регресті жүзеге асыра алу үшін қарсылық білдіру актісін де беруге міндетті.

Талап арыз қоюға құқылы тұлғалардың кез келгені, егер өзгеше ескертілмесе, оған жаңа вексель (кері тратта) жазып беру арқылы төлемді ала алады. Мұндай вексель несие беруші алдында жауапты тұлғалардың біріне ұсынып көрсету мерзіміне осындай тұлғаның тұрғылықты жері бойынша төлеммен беріледі.

Егер вексель жоғалтылатын болса, онда бұл үшін жауапкершілікті вексель ұстаушы көтереді, буған вексель беруші жоғалтылған вексель бергендігін мойындайтын жағдайлар кірмейді. Жоғалтылған вексель бойынша төлем ол бойынша құқық сот тәртібімен қалпына келтірілетін шарт кезінде жасалуы мүмкін. Жоғалғанның орнына жаңа векесль беру және беру жазбаларын қалпына келтіру оны жоғалтқан вексель ұстаушы есебінен жүргізіледі.

Қандай да бір тұлға вексельді жеткізуге міндеттенген жағдайда, ол вексель үшін оны жөнелтуге қабылдаған сәттен және адресатқа бергенге дейін жауапты болады.

Қарсылық білдіру немесе вексельді төлемге беру мрзімдерін өткізіп алған вексель ұстанушы өз құқықтарынан айырылуға және бұзушыларды жауапқа тарту мүмкіндігінен айырылуға тәуекел етеді. Буған өз құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған вексель ұстаушының әрекеттеріне төтенше жағдайлар мен бой алдырмайтын күштер кедергі келтірілген жағдайлар кірмейді.

Вексель міндеттемесі қатысушыларының құқықтарын іс жүзінде жүзеге асыру үшін талап қою мерзімдері де елеулі маңызға ие (сотка дейінгі процедураларды сақтаған жағдайда).

Акцептантқа қарсы аудармалы вексельден туындайтын талап арыздар бойынша талап қою мерзімі үш жылды құрайды және ол төлем мерзімінің күнінен бастап жүреді. Егер сөз төлем туралы болып отырса және талап арыз осыған орай индоссанттар мен вексель берушіге қарсы берілуге тиіс болса, онда ол үшін бір жылдыққа талап қою мерзімі белгілеледі, бұл мерзім белгіленген мерзімде жасалған қарсылық білдіру күнінен бастап немесе егер акцептсіз төлем туралы ескертпе болса, төлем мерзімі күнінен бастап жүреді. Весельді төлеген индоссант немесе талап арыз қойылған индоссант талап арызды вексель бойынша төлем жүргізген күннен немесе өзіне талап арыз берілген күннен бастап алты ай ішінде басқа индоссанттарға немесе вексель берушіге қоя алады.

Егер сөз вексель бойынша жабуды қамтамасыз етпеген вексель берушіге деген талаптар туралы не негізсіз байыған индоссантқа немесе вексель берушіге, сондай-ақ жабуды алған немесе негізсіз байыған акцептантқа қатысты талап тарту ралы болса талап кою мерзімі қолданылмайды.

Талап кою мерзімдерінің өтуі Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұруы мүмкін. Оның үзілісі кімге қарсы мерзімді үзу әрекеті жасалса, соған қатысты ғана өз күшінде болады, мәселен талап арыз қойылса.

Банктік шотты тікелей дебеттеу бенефициармен берілетін және тауарлардың жеткізілгендігін жұмыстардыц атқарылғанын немесе қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Мұндай құжаттардың тізімі ақша жөнелтуші мен бенефициар арасындағы шартпен анықталатын болады.

Есеп айырысудың мұндай тәсілі аккредитивтерді пайдалануды көздейді. 25 сәуір 2000 жылы «Қазакстап Республикасының банктермен қүжаттамалық аккредитивтермен операциялар жүргізу» Ережелерінің 1-тармағына сәйкес: «Құжаттамалық аккредитив» (одан әрі аккредитив) арыз бойынша және клиенттің нұсқауларына сәйкес немесе банкпен өз бетінше қабылданған, көрсетілген бенефициарға немесе оның бұйрығы бойынша төлем жүргізу туралы немесе бенефициармен шығарылған аудармалы вексельдерді акцептеу және оларға төлем жүргізу туралы немесе аккредитивтің барлық шарттары сақталса, белгіленген мерзімге аккредитивпен көзделген құжаттарға карсы негоциация жасау туралы банк міндеттемесін көздейтін кұжаттамалық ессп айырысулар нысаны».

Аккредитив сатып алу-сату шартынан немесе өзі негізделуі мүмкін өзге де шарттан бөлектенген өз алдына жеке мәміле болып табылады.

Аккредитивтің бір түрі кері шақырылмайтын аккредитив. Ол эмитент банктің, растаушы банктің және бенефициардың келісімінсіз өзгертіле алмайды немесе күші жойыла алмайды. Оған қарағанда кері шақырылатын аккредитив бенефициарды алдын ала ескертпестен эмитент-банкпен өзгертілуі немесе күші жойылуы мүмкін.

Аккредитив шартын сипаттауды бастамас бұрын жоғарыда аталған нормативтік актіде келтірілген негізгі түсініктердің мазмұнын ашып көрсетейік. Мұндай қажеттілік онда мәселен сақтандыру қатынастарын реттейтін заңнамада сияқты, күрделі әрі өзіне ғана тән терминология қолданылатындықтан туындап отыр.

Авизирлеуші банк - бенефициарға оның тарапынан ешқандай міндеттемелерсіз, аккредитивті және (немесе) оған өзгерістерді беруге эмитент-банкпен уәкілденген банк.

Трассат банк - аудармалы вексельде төлеуші ретінде көрсетілген банк.

Эмитент банк - аккредитив бұйрық берушісінің арызымен аккредитив ашатын және оның шарттарына сәйкес аккредитивті орындау бойынша міндеттеме жүктелетін банк.

Бенефициар- пайдасына аккредитив ашылатын заңды нсмесе жеке тұлға.

Атқарушы банк - аккредитивті, оның шарттарына сәйкес қабылдауға, құжаттарды тексеруге және атқаруға эмитент банкпен уәкілденген банк.

Коммерциялық шот - аккредитив бұйрық берушісінің атына бенефициармен жазылып берілген және тауарлардың түрін, олардың сипаттамасын, санын, құнын және жалпы сомасын көрсететін құжат.

Негоциация – вексельдер бойынша төлем мерзімі босатылғанға дейін оларды есепке алу (сатып алу).

Растаушы банк - аккредитивті оның шарттарына сәйкес, орындау бойынша эмитент банктің міндеттемесіне қосымша өзіне міндеттеме қабылдайтын банк.

Расталған аккредитив - эмитент банк болып табылмайтын, басқа банк тарапынан оның орындалуының косымша кепілдіктері туралы белгісі бар аккредитив.

Өтелген акредетив - ашылуы кезінде эмитент атқарушы банктің иелігіне аккредитив сомасына тең ақша сомасын (өтеу) өз міндеттемелерінің әрекет ету мерзіміне, осы ақшаны аккредитив бойынша төлем үшін пайдалану мүмкіндігі шартымен берілетін аккредитив.

Аккредитивтің бұйрық берушісі (бұйрық беруші) - өзіне қызмет көрсететін банкке (эмитент-банк) аккредитив ашуға арыз беретін тұлға.

Рамбурсалаушы банк - атқарушы банкке аккредитив бойынша төлем жасағаны үшін ақшалай өтем беретін банк.

Трансферабельді (аудармалы) аккредитив - оны бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициармен) бір немесе бірнеше тұлғалармен, толығымен немесе ішінара пайдалану мүмкіндігін көздейтін аккредитив.

Аккредитив шартының тарабы болып бір жағынан тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге есеп айырысуға тиіс болатын бұйрық беруші шаруашылық жүргізуші субъект шығады, екінші жағынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кепілді операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде ғана аккредитив аша алатын эмитент банк шығады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу туралы бұрын әрекет еткен уақытша ережеде аккредитив мазмұнына (мәнді жағдайларына) қойылатын талаптар тікелей анықталатын. Енді (құжаттамалық аккредитивтермен операциялар жүргізудің аталған ережелерінде) олар аккредитив ашу туралы арыз мазмұнына сәйкес аккредитив шарттары да анықталатыны сөзсіз. Бұл, әрине, олардың өзара келісімділігін де жоққа шығармайды.

Бұйрық берушінің арызында мыналар көрсетілуге тиіс:

- Бұйрық берушінің атауы (аты-жөні) мен орналасқан жері;

-бенефициардың атауы мен орналасқан жері, оның банктік реквизиттері;

- эмитент банктің атауы;

- аккредитивтің түрі;

- аккредитив сомасы;

- аккредстивті орындау шарттары (жағдайлары);

- соларға қарсы аккредитивтің орындалуы жүргізілуге тиіс құжаттар тізімі;

- аккредитивтің әрекет ету мерзімдері, түсіру мерзімдері, құжаттарды ұсыну мерзімдері;

- аккредитив бойынша шығындарды өтейтін тараптың атауы.

Ол екі данада берілуге тиіс. Біріншісі аккредитив ашу үшін банкте қалады, екіншісі қабылдау туралы белгімен (акцепт нысаны) банкпен белгілеген мерзімдерде клиентке қайтарылады.

Егер кызмет көрсетуші банк пен клиент арасында электронды хабарлармен алмасу туралы шарт болса, онда аккредитив ашуға деген арыз бұйрық берушімен эмитент банкке электронды тәсілмен оны қағаз бетінде растаусыз берілуі мүмкін.

Аккредитивті ашумен байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға эмитент банктен басқа эмитент банкпен, бенефициармен, ал кейбір жағдайларда бұйрық берушінің өзімен де бекітілген шарттарға сүйене отырып бұйрық беруші мен бенефициардың мүдделері үшін әрекет ететін басқа да банктер қатысады.

Банктер алынған арыз негізінде аккредитивті рәсімдейді. Аккредитивте арыздың нөмірі, күні және орны, сондай-ақ оның ашуға деген арыздың реквизиттері көрсетіледі. Онда міндетті түрде оның кері шақырылатынын немесе кері шақырыллмайтындығын көрсеткен жөн. Егер бұған қатысты нұсқау болмаса, онда аккредитив кері шақырылмаған деп есептеледі. Аккредитивтік мәнді жағдайларына оны орындау тәсілі жатады. Олар: ұсынып көрсету бойынша төлем, бөліп бөліп төлеу, вексельдерді акцептеу немесе негоциация.

Есеп айырысу катынастарының субъектілік құрамы валюталық реттеу туралы әрекет етуші заңнамаға сәйкес аккредитив сомасы қазақстандық теңгемен немесе шетел валютасымен көрсетілуге тиіс.

Аккредитив шарттары оның эмитент банкпен орындалатындығын көздемегенде онда аталған тәсілдердің бірімен төлем жүргізуге уәкілетті аткарушы банк көрсетілуге тиіс. Әдетте аккредитив бойынша бенефициардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсаттары үшін ол оны бенефициардың банкіне береді.

Аккредитив шарттарына сәйкес не эмитент банк не атрқарушы банк аккредитивте көзделген барлық кұжаттарды бергеннен кейін және оның барлық шарттарын сактағаннан кейін аккредитив бойынша төлем жүргізуге қатысты сөзсіз міндеттерге айналады. Осыған орай олар егер аккредитив ұсынып көрсетушіге төлем жүргізуді көздесе, төлемді ұсынып көрсету бойынша жасауға міндеттенеді. Егер төлемдердің белгілі бір мерзімдері көзделетін болса, аккредитив бойынша төлем жасауға міндетті банк төлем мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Аккредитивті ашу вексельдер арқылы есеп айырысуды көздесе, онда егер акцептантпен эмитент банк көрсетілсе, онда ол өзі не бенефециармен берілген аудармалы вексельдерді акцептеуге және оларға төлем мерзімі басталғанда төлеу жасауға тиіс.

Төлем бойынша эмитент банктің міндеттемесі трассат банктің міндеттемесіне қатысты субсидиарлық сипатқа ие. Осының салдарынан тек егер соңғысымен вексельдер акцептелмесе және олар бенефициармен эмитент банкке ұсынылса, оған оларды акцептеу немесе мерзімінде төлем жүргізу міндеті жүктеледі. Аккредитивте негоциацияны көздеген кезде эмитент банк аудармалы вексельдерді және (немесе) аккредитив бойынша айналымсыз трасанттарға және (немесе) заңды ұстаушыларға ұсынылған құжаттарды төлеуге тиіс.

Егер, сонымен бірге, аккредитив аудармалы вексельдерді бұйрық берушілерге ұсынуды көздесе, онда банктер осы аудармалы вексельдерді қосымша құжаттар ретінде қарастыруға тиіс.

Рәсімделген аккредитив кері шақырылатын болғанда және эмитент банкпен өзгертілсе немесе жойылса, онда ол:

1) кері шақырылмалы аккредитив бойынша акцепті немесе негоцияцияны ұсынып көрсету бойынша төлемді жүзеге асыруға өзімен уәкілденген банкке, ол өзгеріс немесе жою туралы хабарламаны алғанға дсйін осы банкпеп жасалған кез келген төлем, акцепт немесе негоциация үшін ақшалай өтем беруге міндетті;

2) кері шақырылмалы аккредитив бойынша бөліп бөліп төлеумен төлем жасауға өзімен уәкілденген басқа банкке ақшалай өтем беруге міндетті, егер бұл банк аккредитивті өзгерту немесе жою туралы хабарламаны алғанға дейін сыртқы белгілері бойынша аккредитив шарттарына сай келетін құжаттарды қабылдаса.

Эмитент банк уәкілеттіктерді берген немесе кері шақырылмайтын аккредитивті растау үшін оның басқа банкке жүгінуі және соңғысының оны растауы кезінде онда эмитент банктің міндеттемесіне қатысты субсидиарлық міндеттеме пайда болады. Мүндай міндеттеменің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін және ол аккредитив шарттарына байланысты болады. Егер аккредитив төлемді ұсынып көрсету бойынша көздесе, онда растаушы банктің міндеттемесі, эмитент банк төлемеген жағдайда ұсынып көрсету бойынша төлем жүргізуден көрінеді және т.б.

Аккредитивті растауға эмитент банкпен уәкілденген банк осы аккредитивті растаудан бас тартқан жағдайда, онда ол келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы эмитент банкті хабардар етуге тиіс. Аккредитив шарттарына өзгерістер енгізген кезде растаушы банктің міндеттемелері осы өзгерістерге ол оларды авизирленген сәттен бастап таралады.

Кейде эмитент банк те араларындағы белгілі бір қатынастарға байланысты төлем жүргізу уәкілеттігін басқа (растамайтын) банке беруі мүмкін. Мұндай банк сыртқы белгілері бойынша аккредитив шарттарына сай келетін құжаттарға қарсы, төлемді бөліп бөліп жүргізуге, аудармалы вексельді акцептеуге немесе негоциациялауға міндеттене алады. Сонымен бірге эмитент банк немесе егер ол болса растаушы банк, өзіне жоғарыда аталған міндеттемелердің бірін қабылдаған банкке ақшалай өтем беруге және аккредитивте көрсетілген құжаттарды қабылдауға тиіс. Бұл айтылған сөз мұндай банктің төлем бойынша өз міндеттемесін эмитент банк немесе растаушы банк алдындағы борышы есебіне орындайтынын жоққа шығармайды.

Аккредитив бенефициарға кез келген басқа банк аркылы беріп жіберілуі мүмкін. Ол банк бұл жағдайда авизирлеуші банк болып табылады. Оның кұқықтық жағдайының ерекшелігі оның осы аккредитивті орындау бойынша өзіне міндеттеме алмайтындығында.

Авизирлеуші банк сыртқы белгілер бойынша аккредитивтің шынайылығын тексеруге міндетті. Егер ол аккредитивті авизирлемеу туралы шешім қабылдаса, онда ол осы шешімді қабылдаған күннен кейінгі шешім кабылдаса, онда ол осы шешімді қабылдаған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей бұл туралы эмитент банкті хабардар етуге және аккредитивті қайтаруға тиіс. Егер авизирлеуші банк аккредитивтің шынайлығын айқындай алмаса, онда ол бұл туралы да келесі жұмыс күннінен кешіктірмей эмитент банкке хабарлауға тиіс. Эмитент банктен аккредитивтің шынайылығын растау алынған жағдайда ол аккредитивті авизирлейді және бұл туралы бенефициарға хабарлайды. Эмитент банктен аккредитивтің шынайылығын растау алынбаған жағдайда авизилеуші банк оган аккредитивті қайтаруға тиіс.

Есеп айырысудың аккредитивтік нысаны бойынша банкгермен құжаттарды тексерудің күрделі тәртібі көзделген. Ол «Құжаттамалық аккредитивтермен операциялар жүргізу» Ережелерінің 31-63 тармақтарымен реттеледі. Оның мәнісі мынада: тауар мен ере жүретін кұжаттарды алған кезде эмитент банк, растаушы банк немесе атқарушы банк кұжаттарды алған күннен кейінгі жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде олардың аталған тізімге сәйкестігін, сондай-ақ сыртқы белгілері бойннша аккредитив шарттарына сәйкестігін тексеруге тиіс. Бұл келісім-шарт құжаттарының реквизиттері (нөмірлері) түсіру күндері, тауар жөнелтілім орындары, оны түсіру орындары, тауарды жеткізу шарттары және басқа да реквизиттер аккредитивте көрсетілгендерге сәйкес болуға тиіс дегенді білдіреді.

Сыртқы белгілері бойынша бір-біріне қайшы келетін құжаттар банктермен сыртқы белгілері бойынша аккредитив шарттарына сай келмейтіндер ретінде қарастырылуға тиіс. Құжаттар сыртқы белгілері бойынша аккредитив шарттарына сай келмегенде банк құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы болады. Аккредитивте көрсетілмеген құжаттар банкпен тексерілуге тиіс емес.

Эмитент банк құжаттардың сыртқы белгілері бойынша аккредитив шарттарына сай келмейтіндігін анықтаған жағдайда ол өз дегені бойынша, жеті жұмыс күні ішінде айырмашылықтарды жою жөнінде аккредитивтік бұйрық берушімен байланыса алады.

Егер сол бір немесе өзге банк (эмитент, растайтын немесе атқарушы банк) қүжаттарды қабылдаудан бас тартса, онда бас тарту білдіріген банк телекоммуникациялық немесе егер бұл мүмкін болмаса, басқа жолмен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей, осы туралы қүжаттарды жіберген банкті, не бенефициарды, егер құжаттарды сол жіберсе, хабардар етуге тиіс.

Хабарлама қағазында кұжаттарды қабылдаудан бас тартудың себептері және оның осы құжаттарды өз иелігінде қалдыратындығы не қайтаратындығы туралы көрсетілуге тиіс.

Аккредитивтер белгілі бір жағдайларда үшінші тұлға пайдасына аударыла алады. Бұл үшін аккредитив тек егер эмитент банкпен «аудармалы», «трансфертабельді» ретінде тікелей белгіленуге ғана аударыла алады. Оны «бөлінетін», «бөлшектенетін», «берілетін» және «беріліп жіберілетін» сияқты басқа терминдермен ауыстыруға болмайды, олар назарға ілікпеуге тиіс.

Аккредитивті аударуға уәкілденген банк оны өзі алдын ала келісім берген шектер мен тәртіппен басқа түрде орындауға міндетті емес.

Аккредитивті аударғанға дейін бірінші бенефициар аударушы банкке кері шақырылмайтын нұсқау беруге тиіс. Ол нұсқау аударушы банкке екінші бенефициар(лар) үшін түзетуді авизирлеуге рұқсат беруден бас тарту құқығын өзіне қалдыратындығы немесе қалдырмайтындығы туралы болады. Егер аударушы банк аккредитивті бенефициар ұсынған шарттармен аударуға келіссе, онда ол аудару уақытында жаңа бенефициарға бірінші бенефициардың түзетулерге қатысты нұсқаулары туралы хабарлауға тиіс.

Аккредитив бірнеше бенефициардың пайдасына аударылғанда, егер олардың кайсыбіреуімен түзетулерді қабылдамауы, оларды қалған бснефициарлармен қабылдаудың жарамсыздығына әкелмейді. Қабылдамаған бснефициар үшін аккредитив бұрынғы жағдайлармен күшінде болады.

Аударушы банкпен аккредитивті аудару, егер эмитент банкпен өзгеше ескертілмесе, бірінші бенефициармен төленуге жатады. Аударушы банкке аккредитивті аудару бойынша қандай да бір міндеттер жүктелмейді және ол бенефициардың қайсыбірі төлем жасағанға дейін аударуды жүзеге асырмайды.

Егер аккредитивтің шарттарымен өзгеше көзделмесе, трансфертабельді аккредитив бір рет қана аударыла алады. Аккредитив екінші бенефициардың нұсқауы бойынша келесі үшінші бенефициарга аударыла алмайды.

Трансфертабельді аккредитивтің бөліктері (жиынтығында аккредитив сомасынан аспайтын) егер аккредитив бойынша ішінара түсірулерге тыйым салынбаса. Бөлек аударыла алады және осындай барлық аударулардың жалпы сомасы жиынтығында тек аккредитивтің бір аударымын құрайтындай қарастырылуға тиіс.

Аккредитив өзінің түп нұсқасында аталған шарттармен ғана аударылуы мүмкін. Бүл ереже аккредитив сомасының тиісті азайтылуына немесе қысқартылуына, тиісінше азайтылуы немесе қысқартылуына мүмкін тауардың бір данасына белгіленген бағаға, аккредитивтің әрекет ету мерзіміне, құжаттарды беру үшін белгіленген соңғы күнге және түсіру кезеңіне таралмайды.

Сақтандыру өтеміне талап етілетін пайыз аккредитивтің тұпнұсқасында ескертілген өтем сомасын қамтамасыз ете алатындай мөлшерге ұлғайтылуы мүмкін. Сондай-ақ, аудару кезінде аккредитив бұйрық берушісінің атауы бенефициардың атауымен алмастырылуы мүмкін. Аккредитивтің тұпнұсқасын да аккредитив бұйрық берушісінің атауы шот-фактурадан басқа барлық кұжаттарда көрсетілуге тиіс деген арнайы талап болуы мүмкін. Мұндай талаптың болуы бұйрық беруші атауының өзгертілмейтіндігін ескертеді.

Бірінші бенефициар өзінің шот-фактурасымен (немесе аудармалы вексельдермен) аккредитивте және егер олар аккредитивте ескертілсе тауардың бір данасына бастапқы бағалар бойынша көрсетілген бастапқы сомадан аспайтын сомаға бұйрық берушіге шығарылған екінші бенефициар шотын (аудармалы вексельдерін) ауыстыруға құқылы.

Шоттарды (аудармалы вексельдерді) осылай ауыстырудан кейін бірінші бенефициар аккредитивтен өз шоттары мен екінші бенефициар шоттары сомасының мүмкін болатын айырмасын ала алады.

Аккредитивті аударғаннан кейін, егер бірінші бенефициар өз шоттарын (аудармалы вексельдерін) екінші бенефициардың шоттарының (аудармалы вексельдерінің) орнына беруге тиіс болып, оны бірінші талап бойынша жасамаса, онда аударушы банк аудармалы аккредитив бойынша алынған құжаттарды, соның ішінде екінші бенефициардың шоттарын (аудармалы вексельдерін) қоса, эмитент банкке (төлем жасайтын банкке) жіберуге құқылы. Мұндай жағдайда бірінші бенефициар алдындағы жауапкершілік тоқтатылады.

Бірінші бенефициарға екінші бенефициардың пайдасына жасалатын төлем немесе негоциация аккредитив аударылған жерде жүргізуді талап ету құқығы беріледі. Бірақ аккредитивтің тұпнұсқасында төлем немесе негоциация аккредитивте көрсетілгеннен басқа жерде жасала алатындығы туралы арнайы ескертілуі мүмкін.

Егер алынған көлік және сақтандыру құжаттары аккредитивтің талаптарына немесе оған жасалған өзгерістерге сәйкес келсе, эмитент банк не атқарушы банк бенефициардың пайдасына жасалатын төлемді, оның вексельдерін акцептеуді немесе негоциациялауды аккредитивте көзделген жағдайларға байланысты жүзеге асырады.

Аккредитивтер бойынша төлемдер тек қана қолма-қол ақшасыз тәртіпте жасалады. Бенефициардың пайдасына төлем жасағанда эмитент банк (атқарушы банк) аккредитив сомасына төлем тапсырыстарын орындау үшін көзделген жалпы тәртіпте орындалатын төлем тапсырысын рәсімдейді.

Бенефициардың аудармалы вексельдерін акцептеу немесе негоциациялау, аккредитив шарттарына сүйене отырып, Казақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Аккредитивтермен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде де банктің функцияларына тек төлемдерді тиісті түрде жүргізуді қамтамасыз ету және бснефициар алдында өзінің ақшалай міндеттемесін орындау бойынша төлеушінің жалтару мүмкіндігін ескерумен бснефициар мүдделерінің сақталуына кепілдік ету ғана кіреді. Сондықтан қызмет көрсетуші банктер аккредитив шарттарына сәйкес берілетін құжаттардың нысаны, толықтығы, дәлдігі, шынайылығы, қолдан жасалуы немесе заңдық мағынасы үшін, сондай-ақ кұжаттардағы немесе оларға қосымша енгізілген жалпы немесе ішінара шарттар үшін жауап бермейді.

Құжаттарда көрсетілген тауарлардың сипаттамасы, саны, салмағы, сапасы, буып-түйілуі, жеткізілуі, құндылығы немесе іс жүзінде болуы үшін, сондай-ақ жүк жөнелтушінің, тасымалдаушылардың, тауар сақтандырушыларының және басқа да тұлғалардың әрекеттері, төлем қабілеттілігі міндеттемелерді орындауы, коммерциялық беделі үшін банктің жауапкершілігі көзделмейді.

Егер олар кінәлі болмаса, жол бойында қандай да бір хабарламалардың, хаттар мен құжаттардың кідіртілу нсмесе жоғалу салдары үшін, телекоммуникациялық хабарларды беру кезінде туындайтын кедергілер, бұрмалаулар және басқа да қателіктер үшін банктер жауап бермейді.

Сондай-ақ банктер техникалық терминдерді аудару немесе түсіндіру кезінде жіберілген қателіктер үшін де жауап бермейді және олар құжаттың терминдерін аудармасыз беруге құқылы. Аккредитив бұйрық берушісінің нұскауларын орындау үшін басқа банктердің қызметтерін пайдаланған кезде, олар нұсқауларды осындай банктермен орындамау үшін жауапты болмайды. Егер аккредитивте өзгеше көзделмесе, өзге тараптын қызмет көрсетуін пайдаланатын тарап нұсқау беруші тараппен нұсқауларды орындауға байланысты көрген барлық шығындарды, соның ішінде комиссияны, төлемдер мен жұмсалған қаражаттарды көтеруге міндетті болады.

Біз Қазакстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сәйкес есеп айырысудың барлық негізгі тәсілдерін қарастырып өттік. Қорытындылай келгенде, қазіргі жағдайда олар жазбаша нысандағы төлем құжаттарын пайдаланумен де, кұжаттамасыз нысанда да жүзеге асырыла алатындығын атап өтейік. Суретін беріп жіберу жолымен құжаттарды немесе төлем құжатында хабарланатын ақпаратты электрондық тәсілмен ұсынып көрсету егер ұлттық банктің нормативті құқықтық актілерінен өзгеше көзделмесе, бенефициар мен оның банкі арасында, не осындай жолмен ұсынып көрсетуді көздейтін ақша жөнелтуші мен оның банкі арасындағы төлем құжаттарымен алмасудың электрондық жүйелерін пайдалану туралы және бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесі мен электронды сандық қолтаңбаны пайдалану туралы шарт негізінде жүргізіледі.

Төлем құжаттарымен алмасудың электрондық жүйелерін пайдалану туралы щарт төлем құжатын төлеу, акцептеу, акцептеуден бас тарту, кері шақырып алу және төлем құжатын банктің өңдеумен байланысты басқа да мәселелер туралы арнайы ережелерді қамтуы мүмкін.

4. Мемлекеттер, заңды және жеке тұлғалар халықаралық несиелерді пайдаланады.

Қызметті несиелеуді көптеген дамыған мемлекеттердің фирмалары мен компаниялары пайдаланады. Ол салынған капиталдың тиімділігін жоғарлату үшін пайдаланылады. Экспортер несиені алу арқылы тауар мөлшерін ұлғайтады және кіріс алады.

Егер несиелерді мерзімі бойынша жіктесек, онда олар: а) қысқа мерзімді – 1 жылға дейін; б) орта мерзімді – 1-5 жылға дейін; в) ұзақ мерзімді – 5 жылдан жоғары деп бөлінеді. Көбінесе орта мерзімді, ұзақ мерзімді несиелер өндірісте қолданылады.

Несиелер ақша, валюта түрінде ғана емес, сондай-ақ, тауар түрінде де болады. Тауарлық несиелердің орнын толтыру тек ақша түрінде ғана болуы тиіс.

Халықаралық несиелеудің саласында несиені беруші субъектіге байланысты несиелер: а) фирмалық; б) банктік; в) үкіметтік; г) халықаралық қаржы мекемелерімен берілетін болып бөлінеді.

Фирмалық несиелер экспортер және импортер болып келетін кәсіпорындармен, шетелдік фирмалармен беріледі.

Банктік несиелер банктермен беріледі. Мәселен, 1994 жылдың 16 мамырында меморандум негізінде Иранның Орталық банкі несиелер берді.

Халықаралық несиелеу саласында пайыздар мөлшері 5-10% арасында болады.

Ашық шот нысанындағы несиелеу деп экспортер тауарды түсіргеннен кейін, сатып алушыға шот ашады, оны төлеу импортермен бірден емес, келісілген мерзімде жасалады.

Егер импортер тауар түскенге дейін, оның жарты сомасын төлеуге келіссе, онда экспортерды импортер несиелеген болады. Мұндай несиені сатып алу авансы дейміз. Кепілзаттың аванстан айырмашылығы, кепілзат сыртқы сауда мәмілесі орындалмағанда қайтарылмайды, ал аванс қайтарылады. Егер сыртқы сауда мәмілесі кепілзатты алған тараптың кінәсінен орындалмаса, онда ол кепілзатты екі есе мөлшерде төлейді. Кепілзаттан басқа залал мөлшері есептеледі.