Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дедфи.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

Delphi ортасында тестілеу бағдарламасын құру жобасы

Кіріспе.............................................................................................

Тест бағдарламасын құру кезеңдері....................................................

Тестілеу процесінің кезеңдері..............................................................

Delphi ортасымен танысу......................................................................

Delphi бағдарламасының құрылымы...................................................

Delphi бағдарламалау тілінің негізгі түсініктері................................

Кластың құрушылары...........................................................................

Delphi ортасының меню жолы.............................................................

Delphi ортасының компоненттер тақтасы...........................................

Бағдарламаның құрылымдық сипаттамасы........................................

Объектілер тармағының терезесі.........................................................

Программалар коды терезесі................................................................

Тест бағдарламаның блок-схема алгоритмін өңдеу........................

Тестілеу жүйесін құру..........................................................................

Тестілеу бағдарламасының орындалуы..............................................

Жобаның техника-экономикалық негіздемесі....................................

Жұмыстың қысқаша сипаттамасы және оның тағайындалуы.........................................................................................

Бағдарламаның өнімді құрудағы шығындарды анықтау..................

Қорытынды..........................................................................................

Қолданылған әдебиеттер...................................................................

Қосымшалар…………………………………………………………...

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық жүйелері жанұясы танымал және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау құралдарына деген эффективті қажеттілік, бағдарламалау тілдерінің пайда болуына әкелді, олардың ішінде келесілерді Borland Delphi және Microsoft Visual Basic көрсетуге болады. Тез жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы бағдарламалау жатады. Оның мәні жасау ортасы бағдарламаның генерация кодының үлкен бөлігін алады және бағдарламалаушыға диалогтық терезелермен және жағдайларды өңдеу функциясын құрастыру жұмыстарын қалдырады.

Borland Delphi қазіргі уақытта бағдарламаудың ең танымал тілдерінің бірі болып саналады. Borland Delphi Windows –қа кәсіби деңгейлі интерфейсі бар қолданбалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді. Бұл дипломдық жобада қолданушының қосымша модульдік жобасын шешуде Windows ортасының мүмкіндіктері қарастырылған.

Осы жобада программаларды тестілеу және жөңдеу бағдарламасын Borland Delphi бағдарламалау ортасының мүмкіндіктері арқылы жүзеге асады.

Жобаның мақсаты - Borland Delphi интерактивті жобалау ортасында мектепте программаны тестілеу бағдарламасын құру болып табылады. Тест оқушы білімінің деңгейін ғана анықтап қана қоймайды, оның ойын жүйелеп, жылдам есептеуіне, логикалық ойлау, есептеу дағдыларының қалыптасуына, тез шешім қабылдау қасиетінің дамуына тиімді әсер етеді. Тест оқушының білім дәрежесін қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол.

Жобаның міндеттері:

  • Тапсырманың тұжырымдамасы мен жауаптары әрі қысқа, әрі анық болуы қажет;

  • Бір сұрақтың 3-5 түрлі жауабы болуы тиіс. Олардың ішінде біреуі ғана дұрыс болады, басқалары жауабына жақын бірақ дұрыс болмауы шарт;

  • Сұрақтарға жауап беру уақыты қатаң сақталуы тиіс;

  • Нұсқалар сұралушыларға бірдей дәрежеде түсіндіріледі, әдетте ол жазба не электрондық құжат түрінде болады;

  • Бірде-бір сыналушыға басқалармен салыстырғанда ешқандай артықшылық берілмейді;

  • Тестен сынаудың нәтижелерін бағалау алдын-ала жасалған жүйе арқылы барлығына бірдей қолданылады;

  • Тестке берілген нұсқау және әрбір тұжырымдаманың мағынасы сыналушылардың әрқайсысына түсінікті болуы керек;

  • Әрбір сұрақ жауабына берілетін ұпай бірдей (көбіне 1 ұпай) болуы керек;

  • Тест қолданудың жоспарланған жүйесі болуы керек.

І – деңгей (міндетті деңгей) «3» қанағаттанарлық бағасы қойылады;

ІІ – деңгей (міндетті деңгейден жоғары) «4» жақсы бағасы қойылады;

ІІІ – деңгей (эвристикалық деңгей) «5» өте жақсы бағасы қойылады.

Жоба төрт - бөлімнен тұрады: Бірінші бөлімде - тест бағдарламасы, яғни, тест бағдарламасын құру кезеңдері; тестілеу процесінің кезеңдері; Delphi ортасымен танысу туралы жалпы түсінік беріледі. Екінші бөлімде - мектепке (мысалға, информатика пәнінен) арналған тестілеу программасы келтіріледі, яғни, шығару жолдары көрсетіледі. Үшінші бөлімде - жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіші келтірілсе, ал төртінші бөлімде - еңбекті қорғау заңдары, компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы қарастыралады.

  1. Тест бағдарламасы туралы жалпы түсінік

Тестілеу (test, ағылшын сөзі «сынау» деген мағына береді) дегеніміз программаның немесе оның жеке бөліктерінің дұрыс жұмыс істейтіндігін сынау, тексеру.

Жөндеу және тестілеу бұлар бірінен бірі айқын ажыратылған және біріне- бірі ұқсамайтын екі кезең:

  • жөндеу кезінде синтаксистік қателіктердің және кодтаудың айқын қателіктерін төңіректеу және жою орындалады.

  • тестілеу процесі кезінде айқын қателіктері жоқ программаның жұмыс істеу қабілеттілігі тексеріледі.

Тестілеу қателіктің бар екендігін тағайындайды, ал жөндеу программаның дұрыс жұмыс істемеу себептерін анықтайды.

Қазіргі заманғы программалау жөндеу жұмысы жөндеуші деп аталатын арнай программалық құралды пайдалану жолымен жүзеге асырылады. Бұл құралдар программаның ішкі жұмысын зерттеуге мүмкіндік береді.

Жөндеу программасы әдетте мына төмендегідей мүмкіндіктер береді:

  • әрбір командадан соң, тоқтай отырып, программаны қадамдап орындау;

  • кез-келген айнымалының ағымдағы мәнәі қарау немесе кез-келген өрнектің, оның ішінде стандартты функцияларды пайдаланып мәнін табу қажеттілігіне қарай айнымалының жаңа мәнін пайдаланып орындау;

  • программада «тексеру нұктелерін» орнату, яғни аралық нәтижелерді бағалау үшін программа уақытша өз жұмысын тоқтататын нүктелерді тағайындау т.б.

Программаны жөндеуде мыналарды есте сақтау маңызды;

  • жөндеу процесінің басында қарапайым тестілік деректерді пайдалану;

  • пайда болатын қиындықтарды айқын ажыратып және қатаң түрде кезегімен жою;

  • қателіктің есебі компьютерде деп есептемеу керек.

Программа қаншалықты өте мұқият жөнделсе де оның жұмысқа жарамдылығын тағайындаудың шешуші кезеңі программаның тестер жүйесінде тікелей орындалуын тексеру болып табылады.

Егер программа таңдалынып алынған тестілік деректер жүйесінен өткенде барлық жағдайда дұрыс нәтижелер беретін болса, онда программаны шартты түрде дұрыс деп есептеуге болады.

Тестілеу тәсілін жүзеге асыру үшін тестердің эталондық нәтижелері алдын-ала даярланған немесе белгілі болуы тиіс.

Эталондық нәтижелерді прогрмманың компьютерде орындалу нәтижесін алғаннан кейін емес, керісінше алғанға дейін есептеп шығарып қою керек.

Тестілік деректер қателіктердің пайда болуының барлық мүмкін болатын шарттарын тексеруді қамтамасыз ететін болуы тиіс, атап айтқанда:

  • алгоритмнің әрбір тармағының сыннан өтуі;

  • кезектегі тестіден өткізу алдыңғы өткізудегі тексерілмегендердің тексерілуі;

  • программаның жалпы жұмыс істейтіндігін тексеру үшін бірінші тестің мүмкіндігінше қарапайым болуы;

  • есептеу көлемін қысқарту үшін тестідегі арифметикалық операциялардың шегіне дейін ықшамдалуы;

  • тізбектер элементі санының, итерациялық есептеулер үшін алынған дәлдіктің, тестілік мысалдар цикліндегі интерация санының есептеулер көлемін қысқарту тұрғысынан берілуі;

  • есептеулерді азайтудың тексеру сенімділігін төмендетпеуі;

  • тестілік деректер жиынын кездейсоқ таңдау күткен нәтижелерді қолмен орындау тәсілімен анықтауда қиындықтарға алып келетіндіктен және көптеген жағдайлар тексерілмей қалатындықтан тестілеудің белгілі мақсатқа бағытталған және жүйеленген болуы;

  • тестілік деректерді күрделендіруде түсідің біртіндеп жүргізілуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]