Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsionny_komplex.doc
Скачиваний:
53
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
321.54 Кб
Скачать

Дәрістер тезистері

1 тақырып «Салыстырмалы құқықтануға кiрiспе»

Мақсаты: бұл тақырып кiрiспе ретiнде болғандықтан, оны қарастыру кезiнде оның әдiстемелiк маңыздылығы болып, ең алдымен салыстырмалы құқықтанудың өзiнiң сипаттамасына және оның өзге заңи пәндердiң жүйесiнде өтпейтiн мағынасына көңiл бөлу табылады.

Жоспары:

  1. Салыстырмалы құқықтанудың ұғымы. Оның терминологиялық және мазмұндық аспектiлерi

  2. Салыстырмалы құқықтанудың жалпы рулық белгiлерi мен ерекшелiктерi. Салыстырмалы құқықтанудың мағынасы

  3. Салыстырмалы құқықтанудың пәнi, оның зерттеу объектiсiмен арқатынасы

  4. Салыстырмалы құқықтанудың негiзгi қағидалары

1 Салыстырмалы құқықтанудың ұғымы. Оның терминологиялық және мазмұндық аспектiлерi. Салыстырмалы құқықтану өзiнiң дамуының ұзақ тарихын иеленуiне қарамастан, онда бұрынғыдай, эволюцияның ерте кезеңiндегiдей, ерекше орынды салт-дәстүрлiк, бiрақ әлi соңына дейiн шешiлмеген сұрақтар иеленедi. Олардың арасында ұғымдардың, мазмұнның, iшкi құрылымының, пайда болу нысанының, әдiстеменiң, терминологияның және т.б. сұрақтары.

Талқыланбалы болып ғылымда “салыстырмалы құқық” және “салыстырмалы құқықтану” терминдерiн пайдалану сұрақтары есептеледi. “Салыстырмалы құқықтану” атауы, батыстың заңтануында қалыптасқан, отандық және шетелдiк әдебиеттерде бiртектес қабылдана бермейдi. Авторлардың бiрi оны салыстырмалы-құқықтық ақиқатпен қамтылған әрi нақты сипаттайды және оны толығымен қолдануға болады деп табады; өзгелерi, керiсiнше, бұл терминдi нақты емес деп оны қолданбауға тырысады. “Салыстырмалы құқықтану” терминi болса, “батыстың” әдебиеттерiнде кезеңдеп қолданылса да, алайда ол “шығыстың”, социалистiк және постсоциалистiк әдебиеттерде көп тарап, бекiтiлген.

Тарихи қалыптасқан жағдайлардың күшiнде, қазiргi уақытта бiр терминдердi және атауларды өзгеге ауыстырудың қажеттiлiгi жоқ, осы немесе өзге терминнiң тиiмдiлiгі немесе тиiмсiздiгi туралы дауласудың қажеттiлiгi жоқ. Термин мен атау екеуiн бiр мағыналы ретiнде қолдану маңызды болып келедi - «салыстырмалы құқықтану» және «салыстырмалы құқық». Осыған байланысты, бұл ең маңыздысы болып келедi, iс терминнiң немесе атаудың өзiнде ғана емес, оның мазмұнының мағыналығында, дәлiрек айтқанда, осы немесе өзге терминде қандай мағына қалыптасады, оның тiкелей мазмұны мен мағынасы қандай.

Компаративисттердi ежелден бiз “салыстырмалы құқықтану” деп атайтын, феноменнiң табиғаты туралы дау ойландырады.

Әлемдiк компаративистикада осы пәннiң табиғаты туралы үш ой-пiкiр бар:

- сөйтiп, бiреулердiң ойы бойынша, салыстырмалы құқықтану – бұл дербес сюжетiнен айырылған, ғылыми таным әдiсi (яғни, құқықты оқудың қарапайым салыстырмалы әдiсi); құқықтану мен заңи тәжiрибеде салыстырмалы әдiстi кеңiнен қолданудың өзi дербес бағытты қалыптастыруға әкелдi;

- өзгелерi салыстырмалы құқықтануды былай бекiтедi, - бұл таза ғылым (яғни, өзiнiң дербес пәнi мен ғылыми таным әдiсi бар дербес пән болып табылады);

- ендi, үшiншiлерi салыстырмалы құқықтануды былай қарастырады – Мемлекет және құқық теориясы пәнiнiң iшiндегi қосымша пән ретiнде және салыстырмалы әдiстiң теориясы құқықтың Жалпы теориясының бөлiгi болып табылады, яғни салыстырмалы құқықтану құқықтың дербес саласы болып табылмайды.

Салыстырмалы құқықтану – бұл екi немесе одан да көп ұлттық қазiргi құқықтық жүйелердi не болмаса олардың жеке аспектiлерiн, олардың жалпы немесе ерекшелейтiн қасиеттерiн анықтау мақсатында салыстыру жолымен талдамалы зерттеумен айналысатын ғылым.

2 Салыстырмалы құқықтанудың жалпы рулық белгiлерi мен ерекшелiктерi. Салыстымалы құқықтану оның табиғатына, мәртебесiне, оның пайда болуына, онымен орындалатын мiндеттермен және өзгелерiмен қалай түсiнiлетiне және қолданылатына қарамастан, оны түсiну мен талқылаудың барлық нұсқаларында оның жалпы рулық белгiлерi мен ерекшелiктерi бар.

Солардың iшiнен төмендегiлердi көрсету қажет:

- “Салыстыру” ұғымымен және терминiмен әдiстемелiк және этимологиялық байланыс. Салыстыру бүкiл салыстырмалы-құқықтық талдау құрылатын негiзгi база болып табылады;

- ұлт iшiндегi емес, ұлтаралық сипатқа ие. Салыстырмалы құқықтану тек қана жүйелер iшiндегi (құқықтың ұлттық жүйелерiнiң әрқайсысының iшiнде) мәселелердi зерттеуге ғана емес, құқықтың әртүрлi жүйелерiнiң салыстырмалы талдануының тегiстiгiнде жатқан, мәселелердi де талдауға да негiзделген;

  • “салыстырмалы құқықтың” “құқықпен” тығыз байланысы, себебi “салыстырмалы құқықты” ұғыну мен талқылау “құқықтың” өзiн қалай көре алады және түсiнедi соған тiкелей байланысты болады.

Бiздiң ғасырға дейінгі уақытта қалыптасқан салыстырмалы құқықтану тез қарқынмен дамыды. Ғасырдың төртiншi бөлiгiнен кейiн, ол тар сфера ретiнде қарастырылды. Бiздiң күндерi онда қазiргi заңгер үшiн өте маңызы бар, құқықтық ғылым мен ғылымның қажеттi элементiн көредi.

Қысқартылған түрiнде салыстырмалы құқықтың мағынасын ашатын үш негiзгi көзқарастарды бөлiп қарауға болады:

  1. құқық тарихын және оның философиялық мағыналығын оқу үшiн пайдалы;

  2. ұлттық құқықты оқу үшiн пайдалы;

  3. халықаралық байланыста қалыптасатын, қатынастардың ең жақсы құқықтық нысандарын құру үшiн және халықтардың өзара түсiнiстiгi үшiн өте маңызды болып келедi.

3 Салыстырмалы құқықтанудың пәнi, оның зерттеу объектiсiмен арақатынасы. Теориялық және тәжiрибелiк жағынан маңызды болып табылатын салыстырмалы құқықтанудың пәнi туралы сұрақты қарастыра отырып, оны зерттеу объектiсi туралы сұрақты да қарау қажет екендiгi танылады.

Отандық және шетелдiк әдебиеттерде қалыптасқан, салыстырмалы құқықтанудың объектiсi туралы көрiнiске, оның ұғымы мен мазмұнына тоқтала отырып, ең алдымен мұндай ретiнде әрқашанда объективтi түрде әртүрлi елде бар салыстырмалы-құқықтық шындық шығатынын айта кету қажет. Салыстырмалы құқықтанудың объектiсi ешкiммен ойластырылмайды және еш нәрседен шығарылмайды. Ол өмiрде бар, шынайы әрекетте болады.

Салыстырмалы құқықтанудың пәнi бұл пәндi тек қана мазмұндық жағынан (функционалдық) ғана емес, сондай-ақ мәндiк жағынан да сипаттайды. Ол салыстырмалы құқықтанудың айырмашылықтарын, өзге құқықтық ғылымдардан оның негiзгi ерекшелiктерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Салыстырмалы құқықтанудың пәнiн нақты анықтау - осы пәннiң тиiмдiлiгiнiң қажеттi шарты болып табылады, салыстырмалы-құқықтық зерттеулердi тиiмдi өткiзу және тәртiптiң кепiлi болып табылады.

Егер салыстырмалы құқықтанудың жалпы теориясының объектiсi болып әр елдiң құқықтық жүйелерi, әр елде шынайы түрде бар құқықтық нақтылық табылса, онда оны зерттеу пәнi болып әртүрлi құқықтық жүйелердiң пайда болу, қалыптасу және дамуының заңдылығы мен жалпы қағидалары табылады.

Құқықтың салалары, жеке нормалары, институттарына қатысты әртүрлi келетiн эмпирикалық материалдарды талқылау және жалпылау негiзiнде салыстырмалы құқықтану шеңберiнде олардың дамуының жалпы салт-дәстүрi, бағыттары, заңдылығы және болашағы анықталады.

Әртүрлi құқықтық жүйелердiң пайда болу, қалыптасу және дамуының жалпы қағидалары мен заңдылығын анықтай отырып, олардың дамуында және функциялануында жалпыны анықтай келе, олардың дамуындағы және функциялануындағы, сондай-ақ жалғыздық ерекшелiктерге қатысты мәселелерден құтылу мүмкiндiгi тумайды. Салыстырмалы құқықтану шегiнде қолданылатын осы философиялық категориялар өзара байланысты және өзара бiрiн бiрi толықтыратындықтан ғана емес. Сондай-ақ әртүрлi құқықтық жүйелердi зерттеудiң қисынының өзiмен олардан жалпыны (жалпы белгiлердi, қағидаларды, даму заңдылығын) анықтау олардан ерекше (олардың әрқайсысына қатысты ерекшелiктер) және жалғыздықты (тек осы құқықтық жүйеге ғана тән және қайталанбайтын) анықтау қажеттiлiгiн тудырады.

Айтылғаннан мынамен келiсуге болады: салыстырмалы-құқықтық зерттеулердi өткiзу “құқықтық жүйелердi қараптан қарап теңестiру емес, ол олардың дамуының заңдылығын зерттеудi”, олардан жалпыны, ерекшенi және жалғыздықты анықтауды бiлдiредi. Ол толық көлемде салыстырмалы құқықтанудың ғылыми және оқу пәнi ретiнде және де оның пәнiнiң ерекшелiктерiнiң айырмашылығын сипаттайды.

4 Салыстырмалы құқықтанудың негiзгi қағидалары. Салыстырмалы құқықтануға қатысты қағидалар барлық салыстырмалы-құқықтық материяны өзiмен бiрге енгiзетiн негiзгi идеялар мен ережелер ретiнде көрiнедi. Қарастыру үшiн салыстырмалы құқықтанудың қандай жақтары мен аспектiлерi алынатына байланысты, онда салыстырмалы құқықтанудың қалыптасу және дамуының процесстерiне, оның iшкi құрлымына, қызмет етуiне, сондай-ақ салыстырмалы құқықтанудың пайда болуының негiздерi ретiндегi салыстыру процесiнiң өзiне қатысты қағидалар топтарын бөлiп қарастыру қажет.

Салыстырмалы құқықтанудың барлық қағидаларына тоқталмай-ақ, салыстырмалы құқықтану туындайтын және дамитын, фундаменттiң бастапқы бастамасы ретiнде салыстыру процесiнiң негiзiнде жатқан, қағидаларға ғана тоқталып өтелiк. Олардың арасынан, ең алдымен, төмендегiлердi бөлiп шығару қажет:

- қарастырылып жатқан құбылыстардың, институттардың және мекемелердiң салыстырмалы қағидасы. Оның мәнi салыстырмалы-құқықтық зерттеулердi дайындау және өткiзу процесiнде “салыстыру объектiлерi салыстырылатын болуы қажет” деген талаптарды қатаң сақтауға алып келедi, әйтпесе, олардың арасында мiндеттi түрде тiкелей байланыс болуы қажет. Әртүрлi құбылыстардың, институттардың, мекемелердiң салыстырылуы туралы сұрақтар, оларда бiр және осы руға немесе түрге жататын ортақ белгiлердiң, ұқсас құрылым мен функциялардың, қосымшаның жалпы сферасының, ұқсас мiндеттер мен мақсатты қондырғылардың бар екендiгiне қатысты шешiледi.

- салыстырмалы жүйелердiң элементтерiнiң әртүрлi деңгейлерiнiң, нысандарының және түрлерiнiң бiр-бiрiне қатаң сәйкес келу қағидасы. Осы қағиданың мәнi мен мазмұны құқықтық жүйелердi салыстыру кезiнде сәйкес келетiн деңгейде қарастырылатын және тиiстi нысандарда қарастырылып алынған, бiр тәртiптi құбылыстар, институттар мен мекемелер ғана салыстыруға жататын ережелердi қатаң сақтау қажеттiгiн бiлдiредi. Егер, мысалы, құқықтың нормалары мен нормалары емес, институттары мен институттары емес, құқықтың салалары мен салаларының емес, ал құқықтық нормалар құқықтық доктриналармен, құқық институты құқықтық қатынастар мен құқықтық сана-сезiммен, құқық салалары құқықтық идеялармен немесе құқықтық мәселелермен салыстырылатын болса, қандай да болмасын позитивтiк нәтижелердi күту қиынға соғатын болады. Осы сұрақ айналысында отандық және шетелдiк әдебиеттер үшiн макро- және микродеңгейлердi салыстырмалы құқықтық зерттеулердi өткiзу процесiнде бөлiп шығару дәстүрге айналды.

Салыстырмалы талдау процесiнде салыстырмалы құқықтанудың мақсатты қондырғыларымен көбiнесе сәйкес келетiн, салыстырудың әртүрлi нысандары кеңiнен қолданылады. Олардың арасында: а) сипаттамалы салыстыру; б) қолданбалы немесе «заңшығарушылық» салыстыру; в) әрқилы салыстыру.

Салыстырмалы талдаудың аталған нысандары, деңгейлерi және түрлерiнен басқа ғылыми әдебиеттерде, сондай-ақ өзгелерi аталып көрсетiледi:

  • синхрондық (дәлме-дәл) салыстыру;

  • синхрондық емес (дәлме-дәл емес) салыстыру;

  • бинарлық (қос) салыстыру.

Салыстыру процесiнiң аталған қағидалары салыстырмалы құқықтанудың пайда болу және дамуының негiзi ретiнде басқа да қағидалармен толықтырылады. Олардың iшiнде:

  • салыстырылып жатқан құқықтық нормалар, институттар, құқық салалары мен жүйелерi туындайтын және дамитын тарихи, ұлттық, экономикалық, әлеуметтiк-саяси және өзге жағдайларды жан-жақты есепке алу қағидасы;

  • салыстырылып жатқан құқықтық жүйелердiң ортақ белгiлерi мен ерекшелiктерiн ғана анықтау ғана емес, сондай-ақ олардың айырмашылықтары, сонымен қатар жеке жүйелерге тән ерекше белгiлердi анықтау;

  • салыстырылып жатқан жүйелердiң бастапқы және екiншi деңгейлi белгiлерiн мен ерекшелiктерiн бөлiп шығару; құқықтық материяны тек статикте емес, сондай-ақ динамикада да және т.б. салыстырмалы зерттеу.

Әдебиеттер: 1, 19-23б; 3, 9-46б.; 4, 4-11б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Салыстырмалы құқықтанудың түсiнiгiн анықтаңыз?

  2. Ғылыми танымның пәнi болып не табылады?

  3. Салыстырмалы құқықтану пәнiнiң оның объектiсiмен қатынасы қандай?

  4. Салыстырмалы құқықтанудың негiз салушы қағидаларын ашып көрсетiңiз?

  5. Салыстырмалы құқықтанудың тәжiрибелiк және академиялық сферадағы мағынасы қандай?

2 тақырып «Салыстырмалы құқықтану идеясының қалыптасу және дамуының тарихы»

Мақсаты: осы тақырыпты оқу өзiнiң мақсаты ретiнде ежелгi кезден қазiргi күнге дейiн салыстырмалы құқықтанудың қалыптасуының және дамуының негiзгi жолдары туралы жалпы көрiнiстерiн қалыптастыруды қарастырады.

Жоспары:

  1. Салыстырмалы құқықтанудың ежелгi әлемде пайда болуы мен дамуы

  2. Салыстырмалы құқықтану идеясының орта ғасырларда дамуы

  3. Салыстырмалы құқықтанудың қазiргi кезеңде дамуының ерекшелiктерi

1 Салыстырмалы құқықтанудың ежелгi әлемде пайда болуы мен дамуы. Салыстырмалы құқықтану өзiнiң қалыптасуын ежелгi әлемнен алатын, ұзақ және қайшылықтарға толы тарихын иеленедi. Мемлекеттi, құқықты, әртүрлi қоғамдық-саяси құбылыстарды, институттар мен мекемелердi оқуда салыстырмалы әдiстi қолдану идеялары зерттеушiлердiң, теорияшылдардың және тәжiрибешiлердiң қолдануында әрқашанда ғана емес, әр жерде де болды. Ежелгi әлемнiң кейбiр елдерiнде және аймақтарында, қолда бар деректерге сәйкес, салыстырмалы әдiстi қолдану өте ашық және жүйелi сипатқа ие болуымен, ал өзгелерде – кездейсоқ, әрқашанда тiкелей байқалмайтын және шартты сипатқа ие болуымен ерекшеленедi.

Салыстырмалы құқықтанудың ең көрнектi идеялары, мысалы, Жерорта теңiзiнiң жағалауындағы елдерде байқала бастады. Олардың iшiнінен ерекше болып Ежелгi Греция мен Ежелгi Рим мемлекеттерi бөлiніп шығады. Батыстық зерттеушiлердiң көзқарастары бойынша, дәл осы жерде алғашқы рет тек қана салыстырмалы-құқықтық идеялар ғана емес, сондай-ақ мемлекет және құқық аумағында салыстырмалы тәжiрибенi өткiзудiң алғашқы тәжiрибелiк қабiлеттiлiгi қалыптасты. Бұл тәжiрибе бiр мемлекет пен халықтың өкiлдерi өздерiнiкiне қарағанда, өзге мемлекеттердiң шекарасынан тыс қызмет ететiн құқықтық нормалар, қағидалар, институттарды және олардың iшiндегi өзiн дәлелдеп көрсеткендерiн нақтылап зерттеулерi, оларды толығымен немесе iшiнара қабылдау, қолдану және ыңғайландыру мақсатымен басталуымен көрiндi.

Салыстырмалы құқықтанудың жанама және әр кезде жүйелi түрде болмаған идеялары ежелгi әлемнiң өзге елдерiнде және аймақтарында көрiнiс тапты: Таяу және Қиыр Шығыс елдерiнде, Үндiстанда, Қытайда және өзге елдерде. Осының күшiнде, әлемнiң барлық ғалымдары ұзақ уақыт бойы, мысалы, өте ертедегi өркениеттiң бiрi – Месопотамияның құқықтық мәдениетiнiң өзге өркениеттермен кездейсоқ элементтерiнiң, әртүрлi мәдениеттiң бiр-бiрiнен тәуелсiз дамуының ұқсастығының фактiсi туралы немесе бұл нәтиженiң белгiлi бiр заңдылықтың пайда болуы, әртүрлi құқықтық мәдениеттiң өзара байланысы мен әсер етуiнiң нәтижесi туралы ұзақ уақыт бойы дауласып келдi.

Бiрақ та, б.д.к. XVIII ғ.ғ. билiк еткен Вавилон патшасының – кеңiнен танымал, атақты Хаммурапи заңы бiр және сол географиялық және кейбiр кезi мәдениеттiк аймақта орналасқан, Эшнунналар патшалығының заңдарымен өте көп ұқсастығы бар деп есептеледi. Соған қарамастан, бұл қауымдастық әртүрлi құқықтық жүйелердiң, жеке заң нормаларының, актiлердiң және институттардың өзара әсер етуiнiң нәтижесi деп болжанады.

Тарихи деректерге сәйкес, ежелгi кезде құқықтық институттар, нормалар, салт-дәстүрлер және өнеге басып алу немесе өзге әртүрлi себептердiң нәтижесiнде, толығымен немесе iшiнара, өз еркiмен немесе мәжбүрлi түрде бiр халықтан екiншi бiр халыққа ауысқанда, мұндай жағдайлар әлемнiң бүкiл аймағында кездеседi. Бұл, сөзсiз, осы кезеңдегi салыстырмалы құқықтанудың тек қана пайда болуын және кеңiнен тарауын бiлдiрiп қана қоймайды, сондай-ақ оның осы кезеңде қолданылғаны туралы куәландырады.

Ежелгi Греция мен Ежелгi Римде салыстырмалы-құқықтық идеялардың пайда болуымен және дамуының маңызды куәсi болып, аталып кеткен құбылыстардан басқа, салыстырмалы-құқықтық әдiстер немесе салыстырмалы-құқықтық идеялар, қағидалар, тiптi салыстырмалы-құқықтық материал қолданып жазған антикалық философтардың, заңгерлердiң, тарихшылардың ғылыми еңбектерiн қарастыру қажет.

Өте ерте салыстырмалы-құқықтық зерттеулер Ежелгi Грецияда табылған болатын. Олар антикалық мемлекеттiң саяси-құқықтық құрылыстың нысанына ежелгi гректiк ойшылдардың ерекше қызғушылығымен байланысты болды. Платон өзiнiң атақты “Заңдарында” әртүрлi гректiк полистердiң заңдарымен салыстырды және осы салыстырудың негiзiнде оның көзқарасы бойынша, олармен қарастырылған барлық заңдар iшiнен мемлекет үшiн тән қызмет ететiн идеалдық мемлекет құрылысын ұсынады.

Өте көп салыстырмалы-құқықтық материалдардың негiзiнде Аристотельдiң “Саясат” атты атақты жұмысы жазылды. Онда зерттеушiлердiң куәсi бойынша, 153 ежелгi гректiк қала-мемлекеттердiң конституциялық заңнамасына салыстырмалы-құқықтық талдау қолданылған. Аристотель салыстырмалы-құқықтық әдiстi қолдану жолымен ең жақсы бағдар мен өнегеге, мемлекеттiк құрылымның ең жақсы (“дұрыс”) нысанына, сот жүйесiне, заңдылық пен әдiлдiктiң және т.б. арақатынасына қатысты өзiнiң қорытындыларын шығарады.

Платон мен Аристотельден басқа салыстырмалы-құқықтық әдiстi өзге де авторлар да пайдаланды. Солардың iшiнен — ежелгi гректiк философ Теофраст. Оның “Заңдар туралы” шығармасының бiзге жеткен үзiндiсiнен байқалғандай, автор жеке құқықты қолдану сферасында кеңiнен осы әдiстi қолданды. К. Цвайгерт және X. Кётцтiң ойы бойынша, Теофрасттың мемлекеттiк-құқықтық құбылыстарды зерттеуге қатысты ғылыми беталысы “қазiргi сипатқа тән” келедi. Ол әртүрлi гректiк полистердiң құқықтық тәртiбiнiң негiзiнде жатқан жалпы қағидаларды анықтап, оларға олардан бас тартылған ерекше топқа жинақталған нормаларға қарама қарсы қояды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]