Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Прокурорлык кадагалау -1 кешен.doc
Скачиваний:
122
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
254.98 Кб
Скачать

«Прокурорлық қадағалау» пәнінен

1-тақырып: ҚР прокурорлық қадағалау курсының пәні, мазмұны және жүйесі

ҚР Конституциясының 1.6. 83 б. сәйкес прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Заңдылықтың кез келген заң бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республиканың Конституциясы мен зандарына қайшы келген зандарға, өзге де құқықтық актілерте наразылық жасайды. Прокуратура сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңдармен белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Үлкен энңиклопедиялық сөздікке сәйкес прокурор франңуз тіліндеті «ртосteuт» детен латын тілінің «забочусь» детен сөздерінен шыққан - ол прокуратура органының лауазымды адамы. Сотта ол мемлекет мүддесін білдіреді.

ҚР Конституциясы және «Прокуратура туралы» ҚР Заңы прокуратураны мемлекеттік органдар арасындағы дербес жүйе ретінде, ал прокурорлық қадағалауды прокуратура органы ретінде аныктады.

ҚР Конституциясының 4-бөлімінің 3-бабына сәйкес республикадағы мемлекеттік билік біртұтас. Ол Конституция мен зақдар нетізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-хеңңік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Конституциясының «Соттар және сот төреліті» бөліміне ентізілтен. Бірақ, бұл жерде прокуратура соттармен қатар сот билітіне ие болады детенді білдірмейді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функңияларының сипаттамасы прокуратураны биліктің сот тармағына, сондай-ақ басқа атқарушы мен заң шығарушы тармақтарына жатпайтынына ещқандай күмән келтірмейді. Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функңиональды байланысты болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік құрылымдағы прокуратураның мұндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруте және олардың оңтайлы іс-қимылын қамтамасыз етуте мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешеліті туады.

Осы айтылғандардан оқу курстарын итеруде маңызды принңипиальды бірнеше ережелер шығады.

Біріншіден, прокурорлық қадағалау - бұл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, ерекше түрі.

Екіншіден, прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жертілікті өзін-өзі басқару, атқарушы немесе сот биліістерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.

Үшіншіден прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешеліті ҚР Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге де құқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген құралдардың көметімен анықталған құқық бүзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмұнымен анықталады.

Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің басқа нысандарын ақ ең алдымен мемлекеттік функңияларды орындауда езінің тағайындалуымен ерекшеленеді.

Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелтен кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлітін ғана құрайды: мемлекеттік басқару

2-тақырып: Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес прокурорлық қызметтің мақсаты анықталады. Оның мақсаты Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау болып табылады.

Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты деп, тұтас алғанда прокуратураның барлық қызметтері бағытталған жетістіктерінің нәтижесі, соның ішінде оның маңызды функңиясы прокурорлық қадағалау болып түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты прокуратураның мәртебесімен мемлекеттеті оның алатын орны және рөлімен анықталады. Нәтижесінде, олар ҚР Конституциясымен, прокуратура туралы заңмен, ҚР прокуратура органдарының қызметтерін реттейтін басқа заң актілерімен анықталады.

Прокурорлық қадағалаудың міндеттері өте көп және бір-бірінен деңтейі, мазмүны, шешімдерінің кұралдары, осы міндеттерді шешетін және алға қоятын прокуратура органдарының құзыреті бойынша белінеді.

Прокурорлық қадағалаудың міндеттер үш түрте бөлінуі мүмкін: жалпы, арнаулы және жеке (нақты)..

Аталған міндеттер бір-бірімен өзара байланысты және әр деңтейде. Жеке міндеттерді шешу (ең төменгі деңтей) прокурорлық қадағалаудың арнаулы міндеттерін шешуте себепші болады. Өз кезетінде арнаулы міндеттерді ойдағыдай шешу прокурорлық қадағалау міндеттерінің ең жоғары деңтейі жалпы шешімдерте бағынышты.

Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері ҚР Конституциясымен, Прокуратура туралы ҚР Заңымен, бірқатар басқа нормативті-құқықтық актілерімен мысалға, ҚІЖК, АІЖК-мен анықталады.

Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері жоғары қадағалауды іске асырудан тұрады; оларға мыналар жатады:

- республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және езте де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қодданылуын қадағалау;

- жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын қадағалау; кез келген зандылық бұзушылықты анықтау жою жөнінде шаралар қолдану;

- әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын қадағалау; - республиканың Конституциясы мен заңңарына қайшы келетін заңдар өзге де құқықтық актілерте наразылық жасау;

- сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асыру;

- заңда белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;

- мемлекеттік-құқықтық статистика құру және құқықтық статистика саласында қадағалауды іске асыру.

Прокуратураның қадағалау функңияларын орындайтын әрбір прокурор жалпы міндеттерді шешеді. Прокурорлық қадағалаудың орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын зандардың мазмұнымен ерекшеленетін бірнеше бағыттардан тұрады. Осыған сәйкес, прокурордың алдында толығымен тұрған жалпы міндеттер осы бағыттардың әрқайсысының да міндеттері болып табылады. Жалпы міндеттер толығымен тек прокурорлық қадағалау қызметінде ғана шешілуі мүмкін. Прокурорлық қадағалаудың әрбір біртұтас бағыты (саласы) жалпы міндеттерді шешу кезінде өз үлестерін қосады. Осы үлестің көлемі мен мазмүны прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттарының (салалармен) алдында тұрған арнаулы міндеттерімен анықталады. Олардың мәні жалпы міндеттерден шығады және әрбір прокурорлық қадағалау бағыттарындағы прокурорлардың құзыретімен анықталады.