Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

ҚТ-дан электр қозғалтқыштарын сақтандырғыштармен қорғау кезінде екi фазада; автоматты ажыратқыштармен ҚТ-дан электр қозғалтқыштарын қорғаған кезде бiр фазада.

Тұрақты токты электр қозғалтқыштарын шамадан тыс жүктемеден қорғау бiр полюсте орындауы

керек.

1346. Электр қозғалтқыштарды қорғау аппараттары осы Қағидалардың 12-тарауының талаптарын қанағаттандыруы тиіс. ҚТ-дан шамадан тыс жүктемеден, ең төменгi кернеуден электр қозғалтқыштарды қорғаудың барлық түрлерiн бiр аппарат iшiне салған тиiстi бөлгiштермен жүзеге асыруға рұқсат етiледi.

1347. Екi фазадағы жұмыстан қорғаудың арнайы түрлерiн шамадан тыс жүктелуден қорғау көзделмеген, электр қозғалтқыштың ауыр зардаптармен істен шығуына алып келетін бір фазаны жоғалту ықтималдығы жоғары электр қозғалтқыштарда ерекшелiк ретiнде қолдануға жол беріледі.

23. Конденсаторлық қондырғылар

1. Электр қосылыстарының сұлбасы, жабдықтарды таңдау

1348. Конденсаторлық қондырғылар торапқа тек конденсаторларды қосуға және ажыратуға арналған жеке аппарат арқылы немесе басқа электр қабылдағыш: қуат трансформаторы, бейсинхронды электрқозғалтқышы және т.с.с. бар ортақ аппарат арқылы қосылады. Бұл сұлбалар конденсатор қондырғының кез келген кернеуінде қолданылуы мүмкін.

1349. 10 кВ жоғары кернеудегі конденсаторлық батареялар, оларды қосарлы-кезекті қосу арқылы бірфазалы конденсаторлардан жиналады. Конденсаторлардың кезекті қатарының саны қалыпты жұмыс режимінде конденсаторға ток жүктемесі нақты көрсеткіштен аспайтындай етіп таңдалуы тиіс. Қатардағы конденсатордың саны, сақтандырғыштың күйіп кетуіне байланысты олардың біреуі ажыраған кезде қатардың қалған конденсаторларының кернеуі нақтыдан 110 %-дан аспайтындай болуы тиіс.

1350. 10 кВ және одан төмен кернеудегі конденсаторлық батареялар желінің нақты кернеуіне тең нақты кернеуі бар конденсаторлардан жинақталуы тиіс. Бұл ретте конденсатордың тиісті түріне сәйкес ТУ талаптарына сәйкес, нақтыдан 110 %-дан кем емес кернеудегі бірлі жарым конденсатордың ұзақ жұмыс істеуіне жол беріледі.

1351. Үш фазалы батареяларда бірфазалы конденсаторлар үшбұрышқа немесе жұлдызшаға жалғанады. Үш фазалы батареялардың әрбір фазасындағы бірфазалы конденсаторларда кезекті немесе қосарлы-кезекті қосылысы қолданылуы мүмкін.

1352. Конденсаторлық батареяның ажыратқышын таңдауда параллельді қосылған конденсаторлық батареялардың болуы ескерілуі тиіс. Қажет болған жағдайда батареяны қосу кезінде токтың секіруін азайтатын құрылғылар қосылуы тиіс.

1353. Конденсаторлық батареяның ажыратқышы өз ажыратқышымен қоршалған, батарея жағынан жерге тұйықтайтын шаппасы болуы тиіс. Конденсаторлық батареяның ажыратқыштары батарея айырғышымен блокталуы керек.

1354. Конденсаторлардың разрядты құрылғылары болуы тиіс.

Конденсаторлық батареяларға арналған бірлі жарым конденсаторларды бірге қосылған разрядты резистормен бірге қолдануға болады. Егер бірлі-жарым конденсатордың сыртқы өткізгіші немесе конденсатордың кезекті қатарына ішкі разрядты құрылғы тұрақты қосылған болса, бірге қосылмаған разрядты резисторсыз конденсатор қондырғысын пайдалануға жол беріледі.

Егер олар тікелей қосылған болса, разрядты құрылғылар қосу тізбегінде коммутациялық аппараттарсыз және сақтандырғышсыз:

конденсаторлық қондырғылар және 1 кВ-ден жоғары батареялар үшін - активтік-индуктивтік кедергісі бар құрылғылар немесе кернеу трансформаторлары;

конденсаторлық қондырғылар және 1 кВ дейінгі батареялар үшін - активтік-индуктивтік немесе активтік кедергісі бар құрылғылар қолданылуы мүмкін.

1355. Реактивтік жүктеменің ауыспалы кестесіне байланысты жұмыс істейтін барлық деңгейдегі электр желілік компаниялар, тұтынушылар және пайдаланушылармен келісілген электр торабының үнемді режиміне қол жеткізу үшін жалпы оның өзін немесе оның жекелеген бөліктерін қосу және ажырату арқылы конденсаторлық қондырғы қуатын автоматты реттеуді пайдалану қажет.

Жалпы коммутациялық аппарат арқылы электр энергиясының жеке қабылдағышқа компенсациялайтын құрылғыны қосу кезінде конденсаторлық қондырғы немесе автоматты емес реттелетін батарея қолданылуы мүмкін, бұл ретте оны қуаты бойынша таңдау компенсацияның келісімді деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.

1356. Конденсаторлық батарея тізбегіндегі аппараттар мен ток жүретін бөліктері батареяның нақты тогының 130 %-ын құрайтын токтың ұзақ жүруіне жол беруі тиіс.

2. Қорғау

1357. Жалпы конденсаторлық қондырғылар ұзақ уақытсыз ажыратылатын қысқа тұйықталу токтарынан қорғалуы тиіс. Қондырғыны қосу тогынан және шамадан тыс кернеулердегі токтың ауытқуынан қорғау керек.

1358. Жалпы конденсаторлық қондырғыны шамадан тыс кернеудің артуынан қолданыстағы кернеу мәні рұқсат етілетіннен жоғары көтеріліп кеткенде батареяларды ажырататын қорғау қажет. Қондырғыны 3-5 минут уақыт ұстап өшіру қажет. Конденсаторлық қондырғыны оны өшіргеннен кейін 5 минуттан кейін тораптағы кернеуді нақты деңгейге дейін азайтқаннан кейін қайта қосуға болады. Егер батарея тізбектегі кернеудің мүмкін болатын жоғары шамасымен таңдалған болса, яғни кернеу көтерілгенде жалғыз конденсаторларға нақтыдан 110 % артық кернеу ұзақ уақыт қолданыла алмаса, қорғау қажет етілмейді.

Жоғары гармоникалардың токтарымен конденсаторларды шамадан тыс жүктеу жағдайында нақтыдан 130 %-дан асатын жалғыз конденсаторларға қажетті токтың шамасындағы ұсталған уақытпен конденсаторлық қондырғыны ажырататын релелік қорғау қарастырылады.

1359. Екі немесе одан да көп параллель тармақтары бар конденсаторлық батареялар үшін тармақтар токтарының тепе-теңдігі бұзылған кезде іске қосылатын қорғауды қолдану ұсынылады.

1360. Конденсаторлары кезекті-параллельді қосылған батареяларда әрбір 1,05 кВ-ден жоғары конденсаторлар конденсатордың ақауы кезінде іске қосылатын сыртқы сақтандырғыштармен қорғалады. 1,05 кВ және одан төмен конденсаторлар корпусының ішіне орнатылған, секцияның ақауы кезінде іске қосылатын әрбір секцияға біреуден балқымалы сақтандырғыштары болуы тиіс.

1361. Бірнеше батареялармен электрлік қосылыстардың сұлбасы бойынша жинақталған конденсаторлық қондырғыда жалпы конденсаторлық қондырғыны қорғауға қарамастан, қысқаша тұйықталу токтарынан әрбір батарея қорғалуы тиіс. Егер әрбір жалғыз конденсатор жеке ішкі және бірге орнатылған сақтандырғышпен қорғалған болса, батареяны қорғаудың қажеті жоқ.

1362. Конденсаторлық батареялардың электрлік қосылыстарының сұлбасы және сақтандырғыштар, жекелеген конденсаторларды оқшаулағыштың бүлінуі олардың корпусының құруына, конденсатордың қалған жұмысына қажетті кернеуден кернеудің асуына және жалпы батареяның ажырауына жол бермейтіндей етіп анықталуы тиіс.

1 кВ-ден жоғары конденсаторларды қорғау үшін қысқа тұйықталу тогының шамасын шектейтін сақтандырғыштар қолданылуы тиіс.

Конденсаторлардың сыртқы сақтандырғыштарында олардың жанып кету (іске қосылу) белгілері болуы қажет.

1363. Конденсаторлардың сыртқы сақтандырғыштарында олардың күйіп кету (іске қосылу) көрсеткіштері болуы тиіс. Найзағайлық шамадан тыс кернеулерден конденсаторлық қондырғыны қорғау осы Қағидалардың 17-тарауында көзделген жағдайларда және сондай құралдармен көзделуі тиіс.

3. Электрлік өлшеу

1364. Конденсаторлық қондырғының фазаларының сыйымдылығы әрбір фазадағы токты өлшейтін стационарлық құрылғылармен бақыланады.

400 кварға дейінгі қуаты бар конденсаторлық қондырғылар үшін токты бір фазада өлшеуге рұқсат етіледі.

1365. Торапқа конденсаторлардың беретін реактивтік энергиясы осы Қағидалардың 5-тарауының талаптарына сәйкес есепке алынуы тиіс.

4. Конденсаторларды орнату

1366. Конденсаторлық қондырғының құрылымы қоршаған ортаның жағдайларына сәйкес болуы тиіс. 1367. Әрқайсысында 600 кг асатын жалпы майдың салмағы бар конденсаторлық қондырғылар жалпы

үй-жай немесе сыртқа шығу жолымен осы Қағидалардың 954-тармағында келтірілген отқа төзімділік талаптарына жауап беретін жеке үй-жайларда орнатылуы тиіс.

Әрқайсысында 600 кг дейінгі жалпы майдың салмағы бар конденсаторлық қондырғылар, сондай-ақ жанбайтын сұйықтығы бар немесе жанбайтын қатты толтырмасы бар конденсаторлардың немесе толтырмасы жоқ конденсаторлардан тұратын қондырғылар 1 кВ дейінгі және жоғары ҚНжҚ бойынша Г және Д санаттарына жатқызылатын өндірістік негізгі және қосалқы үй-жайларында орналастырылады.

1368. Үй-жайлардың ішіне жалпы майдың салмағы 600 кг асатын 1 кВ жоғары конденсаторлық қондырғыларды орнату кезінде барлық конденсаторларда жалпы майдың салмағының 20 % есепке алынған және осы Қағидалардың 978-тармағында аталған талаптарға сәйкес орындалған майқабылдағыш орнатылуы тиіс. Сыртқа орнатылған жағдайда конденсаторлардың астына майқабылдағышты орнату талап етілмейді.

1369. Жалпы үй-жайларда орнатылған конденсаторлық қондырғылардың торлы қоршаулары немесе қорғау қаптары болуы тиіс. Конденсатор корпусының бүтіндігі бұзылғанда кәбілдік арналар және үй-жай едендеріне синтетикалық сұйықтықтың ағуын болдырмайтын және үй-жайдан сұйықтықтың буын жоюды қамтамасыз ететін құрылғылар да орнатылуы тиіс.

1370. Жалғыз кондесаторлардың арасындағы арақашықтық конденсаторларды жеткілікті салқындату және конденсаторлық қондырғылардың немесе конденсатордың тиісті типіне ТШ (паспортына) сәйкес оқшаулық арақашықтығын қамтамасыз ету шарттары бойынша таңдауы тиіс.

1371. Конденсатордың сыртқы сақтандырғыштарының күйіп кетуінің көрсеткіштері батареялармен жұмыс істеу кезінде тексеруге қолжетімді болуы тиіс.

1372. Конденсаторды қоршаған ауаның температурасы тиісті типтегі конденсаторларға техникалық талаптармен белгіленген жоғары және төменгі шектен шықпауы тиіс.

Конденсаторлық қондырғылардың үй-жайы мен шкафтардың табиғи желдетуі болуы тиіс; егер ол үй-жайдағы ауа температурасын неғұрлым рұқсат етілетін деңгейге дейін салқындатпайтын болса, жасанды желдеткішті қолдану керек.

1373. Ашық ауада орнатылған конденсаторлар үшін күннің сәулеленуі бар болуын есепке алу тиіс. Ашық ауада конденсаторлар оған күн радиациясының теріс әсері барынша аз тиетіндей етіп орнатылуы тиіс.

1374. Конденсатордың шықпалары бірге қосу және оларды шиналарға жалғау конденсатордың шықпаларының механикалық бүлінуін болдырмайтын иілмелі ұстатқышпен орындалуы тиіс.

1375. Конденсаторлар орнатылған құрылымдар жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс. Конденсаторларды бекіту тәсілін таңдау кезінде конденсатордың корпусының жылумен кеңеюін есепке алу қажет.

1376. Сыртқа орнатылғанда май толтырылған конденсаторлардан басқа жабдыққа дейінгі арақашықтық, сондай-ақ олардан ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі өртке қарсы арақашықтықтар осы Қағидалардың 945 және 946-тармақтары бойынша қабылдануы тиіс.

1377. Сыртқы қондырғы май толтырылған конденсаторлардың әрқайсысы 30 МВт аспайтын қуаты бар топтардың өртке қарсы талаптарына сәйкес орнатылуы тиіс. Бір конденсаторлық қондырғы топтарының арасындағы арақашықтық 4 м кем болмауы, әртүрлі конденсаторлық қондырғының топтарының арасындағы ара қашықтығы 6 м кем болмауы тиіс.

1378. Конденсаторлармен бірге бір үй-жайларда оларға жататын разрядтық резисторларды, айырғыштарды, жүктемелі ажыратқыштарды, шағын көлемді ажыратқыштарды және өлшеу трансформаторларын орнатуға рұқсат етіледі.

1379. Конденсаторлық батареяны бөлікке бөлу кезінде олардың қосылған қалған бөліктерінің