Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
173
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

меншікті кедергісі, Ом.м. Бұл ретте осы тарауда талап етілетін жерге тұйықтағыш құрылғысының кедергісін ұлғайту он еседен аспауы тиіс.

9.Жерге тұйықтағыштар

205.Табиғи жерге тұйықтағыштар ретiнде мыналар қолданыла алады:

1)ғимараттардың металдық және темiрбетон конструкциялары және топырақпен жақын болатын, нашар агрессивтi және орташа агрессивтi орталарда болатын, судан қорғайтын жамылғылары, соның iшiнде темiрбетон iргелері;

2)су құбырының жерге салған металдық құбырлары;

3)бұрғы ұңғымаларының шеген құбырлары;

4)гидротехникалық ғимараттарды металдық шпунттардың, затворлардың бiр бөлiгiнiң суағарлары, кепiлдеме қағаздары және т.с.с;

5)рельстер арасындағы қасақана қойылған ұстатқыштар магистральдық электрленбеген темiр жолдардың рельс жолдары және кiрiс жол рельс жолдары болған жағдайда;

6)жерде болатын басқа, металл құралым және ғимарат;

7)жерге салған сауыт қапталған кәбілдердiң металдық қабықтары; кәбілдердiң қабықтары табиғи жерлендiргiштер мен кәбілдер санында екiден кем емес қызмет көрсете алады.

Жерге тұйықтағыштар ретінде кәбілдердiң алюминий қабықтарын қолдануға рұқсат етiлмейдi. 206. Жерге тұйықтағыштар ретінде орталық жылу және кәріз құбырларын, жанғыш сұйықтық,

жанғыш немесе жарылыс қауіпі бар газдар мен қоспалардың құбырларын қолдануға рұқсат етілмейді. Көрсетілген шектеулер осы Қағидалардың 178-тармағына сәйкес әлеуеттерді теңестіру мақсатында осындай құбырларды жерге тұйықтау құрылғысына қосу қажеттілігін жоққа шығармайды.

Алдын ала кернеулi арматурасы бар ғимараттар мен темірбетонды құрылыстары жерге тұйықтағыштар ретiнде пайдаланылмайды, бірақ бұл шектеу ӘЖ тiреулеріне және АТҚ-ның тіреуіш құрылыстарына қолданылмайды.

Токтардың ол бойынша тығыздығының шарты бойынша табиғи жерге тұйықтағыштарды қолдану мүмкiндiгi ағатын, темiрбетон iргелердiң арматуралық сырықтарына ғимараттар мен конструкциялардың темiрбетон iргелерiнiң арматуралық сырықтарының дәнекерлеуi, құрыштан жасалған бағаналардың анкерлiк бұрандамаларын дәнекерлеудiң қажеттiлiгi, сонымен бiрге күштi агрессивтi орталардағы iргелердi қолданудың мүмкiндiгiн есептеумен анықталуы тиіс.

207. Жасанды жерге тұйықтағыштар қара немесе мырышталған болаттан немесе мыстан жасала

алады.

Жасанды жерге тұйықтауыштар боялмауы тиіс.

Жерге тұйықтағыштардың материалдары мен ең кiшi өлшемдерi осы Қағидаларға 5-қосымшаның 45-кестесінде келтiрiлген мәндерге сәйкес келуi керек.

208. Кернеуі 1 кВ жоғары электр қондырғылары үшiн көлденең жерге тұйықтағыштардың қимасы

рұқсат етілетін 4000С қыздыру температурасында ыстыққа төзімділігі шарты бойынша (ажыратқыштың қорғаныс әрекетінің уақытына және сөнуіне сәйкес келетін қысқа мерзiмдi қыздыру) болып таңдалады.

Жерге тұйықтау құрылғыларының коррозиясы қатері болған жағдайда жерге тұйықтағыштардың және жерге тұйықтау өткізгіштерінің қимасын олардың қызмет ету мерзімін есепке алумен үлкейту керек немесе гальваникалық жабындысы бар немесе мыс жерге тұйықтағыштар мен жерге тұйықтау өткізгіштерін қолдану керек.

Бұл ретте коррозияға байланысты болуы мүмкiн жерге тұйықтағыш құрылғылар кедергiсінiң ықтималды ұлғаюы есепке алынады.

Көлденең жерге тұйықтағыштарға арналған орлар қиыршықтаспен және шағылтасы мен құрылыс қоқысы жоқ бiркелкi топырақпен толтырылуы керек.

Жер құбырлар жылудың әсерiнен және т.с.с. кептірілетін орындарда жерге тұйықтағыштар қолданылмайды.

10.Жерге тұйықтағыш өткізгіштер

209.1 кВ-ге дейiнгі кернеулі электр қондырғыларындағы жерге тұйықтағыштардың қималары қорғайтын өткiзгiштерге осы Қағидалардың 217-тармағының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Жерде өткізілген жерге тұйықтау өткізгіштерінің ең кiшi қималары осы Қағидаларға 5-қосымшаның 45-кестесінде келтiрiлгендерге сәйкес келуі тиiс.

Жерге алюминий оқшауланбаған өткізгіштерді төсеуге жол берілмейді.

210.Кернеуі 1 кВ жоғары электр қондырғыларда жерге тұйықтағыш өткізгіштердің қималары тиімді жерге тұйықталған бейтарабы бар электр қондырғыларында олар бойынша бір фазалы ҚТ ең үлкен тогы немесе оқшауландырылған бейтарабы бар электр қондырғыларында екі фазалы ҚТ тогы

өткенде, жерге тұйықтау өткізгіштерінің температурасы 4000С аспайтындай (ажыратқыштың қорғаныс әрекетінің уақытына және сөнуіне сәйкес келетін қысқа мерзiмдi қыздыру) таңдалуы тиіс.

Оқшауланған бейтарабы бар кернеуі 1 кВ жоғары электр қондырғыларда қимасы мыс бойынша 25

мм2-ге дейін немесе оған тең басқа материалдардан жасалған жерге тұйықталған өткізгіштердің өткізу қабілеті фазалық өткізгіштердің өткізу қабілетінің 1/3-нен кем болмауы тиіс. Қималары 25

мм2 асатын мыс, 35 мм2 асатын алюминий, 120 мм2 болат өткізгіштерін қолдану талап етілмейді. 211. Жерге тұйықтау құрылғының жайлы орнында кедергiнi өлшеуді орындау үшiн жерге

өткiзгiшiн ажырату мүмкiндiгі ескерiлуі тиіс. Кернеуі 1 кВ дейiн электр қондырғылардағы мұндай орын бас жерге тұйықтағыш шина болып табылады. Жерге тұйықтағыштың өткiзгiшiн ажырату тек қана құралдың көмегімен орындалуы мүмкiн.

Кернеуі 1 кВ дейiн электр қондырғыларда жерге тұйықтағышты жұмыстық (істеп тұрған) жерге тұйықтағышын бас тұйықтағыш шинасына қосатын жерге тұйықтау өткiзгiшінің қимасы мыналардан кем болмауы тиіс: мыс - 10 мм2, алюминий - 16 мм2, болат - 75 мм2.

Ғимараттарға тұйықтағыш өткізгіштерді енгізу орындарында айырым белгісі көзделуі тиіс.

11. Басты жерге тұйықтағыш шинасы

212. Басты жерге тұйықтағыш шина электр қондырғы iшiнде немесе одан бөлек орындалады. Басты жерге тұйықтағыш шина ретiнде енгiзу құрылымы iшiнде нөлдiк қорғайтын шина

қолданылады.

Бас жерге тұйықтағыш шинаны жеке орнатқанда, енгiзу құрылғысының жанында қызмет көрсету үшiн қолжетімді, ыңғайлы жерде орналасады.

Бөлек орнатылған басты жерге тұйықтағыш шинаның қимасы қоректендіру желісінің нөлдiк өткiзгiшiнiң қимасынан кем болмауы керек.

Бас жерге тұйықтағыш шина мыстан орындалуы тиiс. Бұл мақсаттарда болатты қолдануға рұқсат етiледi. Алюминийді қолдануға рұқсат етiлмейдi.

Шина конструкциясында оған қосылған өткізгіштердің жеке ажыратылу мүмкiндiгi ескерiлуі керек. Ажыратылуы құралдың көмегімен ғана қарастырылуы керек.

Тек қана білікті персоналдың қолы жетімді жерлерде бас жерге тұйықтағыш шина ашық орнатылады. Бөгде адамдардың қолы жетімді жерлерде ол кілтпен жабылатын есігі бар (жәшiкке) шкафқа орналастырылуы керек.

Есікте немесе қабырғада шинаның үстіңгі жағында тану белгісі салынады.

213. Егер ғимаратта бірнеше өзгешеленген кіреберістері болса, бас жерге тұйықтағыш шина әрбір енгізу құрылым үшін орындалуы тиіс. Кiрiктiрiлген трансформаторлық қосалқы станциялар болған жағдайда басты жерге тұйықтағыш шина олардың әрқайсыларының жанында орнатылуы керек. Осы жағдайда барлық орнатылған жерге тұйықтағыш шиналар қимасы қиманы ең үлкен алатын қосалқы станциялар кернеуiнiң шегiнетiн аласа қалқандарының арасында сол сызығының нөлдiк өткiзгiшiнiң қимасының жартысы болуы керек болатын әлеуеттерді теңестiруiн өткiзгiшпен тұйықтауы керек. Егер олар үзiлiссiздiкке және электр тiзбегiнiң өткiзу қабiлеттерi 300 талаптарына сәйкес келсе, бiрнеше бас жерге тұйықтағыш шиналардың қосулары үшiн бөтен өткiзушi бөлiктер қолданыла алады.

12.Нөлдік қорғау өткізгіштері

214.Кернеуі 1 кВ-ге дейiн электр қондырғыларында нөлдiк қорғайтын өткiзгiштер ретiнде мыналар қолданыла алады:

1) әдейi көзделген өткiзгiштер: көп талсымды кәбілдер талсымдары;

фаза өткiзгiштерi бар қабықтағы оқшауланған және оқшауланбаған өткiзгiштерi; тұрақты салынған оқшауланған немесе оқшауланбаған өткiзгiштер;

2) электр қондырғылардың ашық өткiзушi бөлiктерi: кәбілдердiң алюминий қабықтары;

электр өткiзгiштiктердiң құрыштан жасалған құбырлары;

металдық қабықтар және зауытта жасалған шина өткізгіштерінің және жиынтық құрылымдарының тiрек конструкциялары;

электр өткiзгiштiктерiнiң металдық қораптары және науаларын қораптар мен науалардың конструкцияларында осындай пайдалану көзделген жағдайда қорғау өткізгіштері ретінде қолдануға рұқсат етіледі, ол туралы жасап шығарушының құжаттамасында нұсқау болады, олардың орналастырылуы механикалық зақымдану мүмкiндiгін жоққа шығарады;

ғимараттардың металл құралымдары (ферма, бағана және т.с.с). 3) кейбiр сыртқы өткiзушi бөлiктер:

ғимараттар мен имараттардың металды құрылыс конструкциялары (фермалар, бағаналар және т.с.с.);

осы Қағидалардың 214-тармағы талаптарының орындалуы шартында ғимараттардың темірбетонды құрылыс құрылымдарының арматурасы;

өндірістік мақсаттағы металл құрылымдары (кран астындағы рельстер, галереялар, алаңдар, лифтердің, көтергіштердің және элеваторлардың шахтасы, жиектеу арналары және т.с.с.).

215.Егер электр тiзбегiнiң үзiлiссiздiгi ұзына бойына қамтамасыз етілсе және олар осы тараудың өткізгіштік туралы талаптарына жауап берсе, ашық және бөгде өткізуші бөліктерді қорғау өткізгіштері ретінде пайдалануға рұқсат етіледі.

Егер олар бұдан басқа, бiр уақытта келесi талаптарға жауап берсе, сыртқы өткiзушi бөлiктерi қорғайтын өткізгіштер ретінде қолдана алады:

1) электр тiзбегiнiң үзiлiссiздiгi не конструкциямен, немесе механикалық, химиялық және басқа зақымданулардан қорғалған тиiстi қосылыстармен қамтамасыз етiледi;

2) тізбектің үзіліссіздігін және оның өткізгіштігін сақтау бойынша шаралар көзделмесе, осы бөлшектерді бұзуға рұқсат етілмейді.

216.Мыналарды қорғайтын өткізгіштер ретінде қолдануға рұқсат етiлмейдi:

оқшаулаушы құбырлар және металл жеңнiң түтiк тәрiздi өткiзгiштерiнiң трос электр өткiзгiштiгiнiң жанында арқан жүк көтергiш металдық қабықтары, сонымен бiрге өткiзгiштер және кәбілдердiң қорғасын қабықтары;

жанармайлар және жарылыс қауіпi бар заттар және басқа қоспалардың құбырлары, газбен жабдықтау құбырлары, кәріз және орталық жылыту құбырлары;

оларда оқшаулау ендірмелері болған кезде су өткізу құбырлары.

217.Басқа тізбектер бойынша қоректендірілетін электр жабдықты нөлге теңестiру үшiн бiр тізбектердің нөлдiк қорғаушы өткiзгiштерiн қолдануға, сондай-ақ оларға қорғау өткізгіштерін керекті жерде қосу мүмкіндігін қамтамасыз ететін зауытта шығарылған шина өткізгіштері мен жиынтық құрылғылардың қабықшалары мен тірек конструкцияларын қоспағанда, электр жабдықтардың ашық өткiзушi бөліктерін басқа электр жабдықтар үшін нөлдік қорғаушы өткізгіштер ретінде қолдануға рұқсат етілмейді.

Арнайы төселген қорғаушы өткізгіштерді басқа мақсаттарға қолдануға рұқсат етілмейді.

218.Қорғайтын өткізгіштердің ең кiшi қималары осы Қағидаларға 5-қосымшаның 46-кестесіне сәйкес келуi тиіс.

Қималардың аудандары қорғайтын өткiзгiштер фаза өткiзгiштерi жасалған дәл сол материалдан жасалған жағдайлар үшін келтірілген. Басқа материалдардан жасалған қорғайтын өткiзгiштер қималары өткiзу қабiлетi бойынша кестеде келтiрiлгендерге баламалы болуы тиіс.

Егер ол төмендегі формула бойынша (ажыратылу уақыты үшін ғана < 5 с) есептелсе, қажет

болғанда, қорғайтын өткізгіштің қимасын талап етілетіндерден аздау етіп қабылдауға рұқсат етіледі:

мұндағы S – қорғайтын өткізгіштің көлденең қимасының ауданы, мм2; I – осы Қағидаларға 5-қосымшаның 43 және 44-кестесіне сәйкес тізбекті қорғау аппаратымен ажыратылу уақытын және осы Қағидалардың 174-тармағына сәйкес 5 с аспайтын уақытты қамтамасыз ететін қысқа тұйықталу тогы, А; t – қорғау аппаратының іске қосылу уақыты, с; k – мәні қорғайтын өткізгіштің материалына, оның оқшаулануына, бастапқы және соңғы температураларына байланысты коэффициент. Түрлі жағдайлардағы қорғайтын өткізгіштер үшін k мәні осы Қағидаларға 5-қосымшаның 47 - 50-кестесінде келтірілген.

Егер есептеген кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаның 46-кестесінде келтірілгеннен өзгеше қима болып шықса, ең жақын үлкен мәні таңдалады, ал стандартты емес қима болып шыққанда – ең жақын үлкендеу стандартты қимасындағы өткізгіштер қолданылады.

Қорғайтын өткізгіштің қимасын айқындағандағы максималды температураның мәндері 3-бөлімге сәйкес ҚТ өткізгіштер қызуының шекті рұқсат етілетін температураларынан аспауы тиіс.

219. Кәбілдің құрамына кірмейтін немесе ортақ емес қабықшаға (құбырға, қорапқа) салынбаған фазалық өткізгіштермен бір арнашықта болмайтын мыс қорғаушы өткізгіштердің қимасы барлық жағдайларда мыналардан кем болмауы тиіс:

2,5 мм2 – механикалық қорғау болған жағдайда;

4 мм2 – механикалық қорғау болмаған жағдайда.

Бөлек салынған алюминий қорғау өткізгіштерінің қимасы кемінде 16 мм2 болуы тиіс.

220.1 кВ-қа дейін тұйық жерге қосылған бейтарапты электр қондырғыларында осы Қағидалардың 217-тармағының талаптарын қамтамасыз ету үшін нөлдік қорғайтын өткізгіштер бірге немесе фаза өткізгіштерімен тікелей жақындықта салынады.

221.Оқшауланбаған нөлдік қорғайтын өткізгіш пен металды қабықша немесе конструкция арасындағы ұшқындау салдарынан фазалық өткізгіштердің зақымдануы мүмкін жерлерде нөлдік қорғайтын өткізгіштерде фазалық өткізгіштердің оқшауламасына тең оқшауламасы болуы тиіс.

222.Оқшауланбаған қорғайтын өткізгіштері коррозиядан қорғалған болуы тиіс. Өткізгіштердің кәбілдермен, құбыржолдармен, темір жолдармен қиылысқан жерлерде, олардың ғимараттарға кіру жерлерінде және қорғайтын өткізгіштердің механикалық зақымдануы мүмкін басқа жерлерде өткізгіштер қорғалуы тиіс.

Температуралы және шөгінді тігістердің қиылысқан орындарында қорғаныс өткізгіштердің ұзындығын өтеу қарастырылуы тиіс.

13.Қиыстырылған нөлдiк қорғайтын және нөлдiк жұмыс өткiзгiштерi

223.Жерге тұйық қосылған бейтарабы бар және талсымдары мыс бойынша кемінде 10 мм2 немесе

алюминий бойынша кемінде 16 мм2 қималы талсымдары бар тұрақты салынған кәбілдер үшін ашық өткізуші бөліктері нөлденген көп фазалық тізбектерде нөлдік қорғайтын және нөлдік жұмыс өткізгіштерінің функциялары бір өткізгіште үйлесуі мүмкін.

224.Нөлдiк қорғайтын және нөлдiк жұмыс өткiзгiші функцияларын бiр фазалы және тұрақты токтың тізбектерінде үйлестіруге рұқсат етiлмейдi.

Мұндай тізбектердегі нөлдiк қорғайтын өткiзгiш ретiнде жеке үшiншi өткiзгiш көзделуі тиіс. Бұл талап электр энергиясының бiр фазалы тұтынушыларына 1 кВ дейінгі кернеумен ӘЖ тармақтарына қолданылмайды.

225.Қиыстырылған нөлдік өткізгіш ретінде бөтен өткiзгіш бөліктерді қолдану рұқсат

етiлмейдi. Әлеуеттерді басқару жүйесіне оларды қосу кезінде қосымша қиыстырылған өткізгіш ретінде ашық және бөтен өткізгіш бөліктерді қолдану рұқсат етіледі.