Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
D_1240_RIS_1-15.doc
Скачиваний:
142
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
458.24 Кб
Скачать

4.Экологияның негізгі бағыттары

Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар:

1.Классикалық экология - биологиялық жүйелердің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді.

2.Глобалъды экология - биосфераның бірлігін және тұтастығын зерттейді.

3.Қоғамдық экология - қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады.

  1. Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға антропогендік өзгерістердің әсерін зерттейді.

  2. Адам экологиясы - адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының экологиялық факторларының денсаулыққа әсерін зерттейді.

  1. Қолданбалы экология -агрожүйе байланыстарын, қала экожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейді.

  2. Экологиялық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайын болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі.

5. Экологиялық зерттеу әдістері.

Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар. Далалық зерттеу әдісі – далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері – особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе), т.б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т.б. обьектілерінің жәйі, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар мен материалдар жинақталады. Материлдарды жинақтау жылдың барлық мезгілінде және бірнеше жылдар бойы жүргізіледі. Лабораториялық зерттеу әдісінде – далалық материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді.

Зерттеу обьектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тәжірибелер жүргізіледі. Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қолданылады. Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен құбылыстарды модельдеу қолданылып жүр.

Бақылау сұрақтары:

1.Экологияның ғылым ретінде анықтамасын беріңіз.

2.Экологияның міндеттері мен зерттеу әдістерін атаңыз.

3.Экология білімінің қалыптасуы мен даму сатыларын анықтаңыз.

4.Әртүрлі критерийлерге сәйкес экологияның бөлімдерін көрсетіңіз.

5.Экология мен басқа іргелі пәндер арасындағы қатынасты көрсетіңіз.

6.Тіршілік деңгейлерін көрсете отырып сызба жасаңыз.

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1.Р.С. Оразбаева, А.О.Дәрібай «Экология», Астана, 2010

2.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

3.Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

4.Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. Алматы:Бастау,2003

Қосымша әдебиеттер:

1.Николайкин Н.И. и др. Экология М.: Дрофа, 2003.

2.Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.

ДӘРІС №2

Тақырып: Аутэкология. Организм және қоршаған орта. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі.

Мақсаты: Студенттерге экологияның аутэкология бөлімінің ерекшеліктері, тірі организмдердің таралған негізгі тіршілік орталары, тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері туралы білім беру.

Жоспары:

1. Аутэкология –экологияның бір бөлімі.

2. Жер бетіндегі организмдердің таралуы.

3. Тіршіліктің пайда болу теориясы.

4. Биосфера эволюциясы.

5. Организдердің негізгі тіршілік орталары:

6. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм.

Негізгі түсініктер: биологиялық ырғақтар, фотопериодизм, биолюминесценция, гидробионттар, геобионттар.

1. Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейтін экологияның бір бөлімі.

Қазіргі кезде «Қоршаған орталық ортаны», «Техногендік орта», «Антропогендік орта», «Өндірістік орта» деген терминдер жиі пайдаланады. Осы аталған орталар адаммен өзгертілген. Ортаның өрганизмге әсері жеке факторлар арқылы бағаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]