Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Buxxx.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
127.49 Кб
Скачать

Міндеттемелердің, капиталдың, табыстар мен шығыстардың есебі

Меншікті капиталдың құрылымы. Жарғылық капитал жайлы түсінік және оның қалысптасу тәртібі. Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) есебі. Резервтік капиталдың қалыптасуы мен пайдаланудың есебі.

Міндеттемелер есебі(ҚЕХС 19, ҚЕХС23, ҚЕХС37).Міндеттемелер туралы түсінік және олардың жіктелуі. Зайымдар есебі. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есебі. Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі.

Табыстар мен шығындарды тану(ҚЕХС18). Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері. Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар мен шығындар есебі. Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі. Кезең шығындарының есебі

Қаржылық есеп беруді ұсыну(ҚЕХС1). ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп беруді дайындау және құрастыру тұжырымдамасы. Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп берудің құрамы мен құрылымы.

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі

  1. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы 26 желтоқсан 1995 № 2732; 2007 жылғы өзгертулер және толықтырулармен бірге.

  2. Ұлттық және халықаралық қаржылық есеп стандарттары. «БИКО», 2008 ж.

  3. Байболтаева Н.А. «Бухгалтерлік есеп принциптері». Алматы-2006 ж.

  4. Радостовец В.К және басқалар. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп». Алматы,2002.

  5. Назарова В.Л.. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Алматы, 2003.

  6. Кеулімжаев К.К., Құдайбергенов Н.А. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері», Алматы-2006 ж.

«Басқару есебі» пәні Басқару есебінің негіздері

Басқару есебінің мәні мен маңызы, мақсаты мен міндеттері. Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар. Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы. Шешімдер қабылдауда басқару есебінің ролі.

Басқару (менеджмент) үдерісі: жоспарлау, бақылау мен реттеу, ұйымдастыру жұмысы ынталандыру . Шығындар, пайда және жауапкершілік орталықтары – басқару есебінің аса маңызды объектілері ретінде. Талдаушы бухгалтердің басқару үдерісіндегі: жоспарлаудағы, бақылау мен реттеудегі ролі. Өндірістік есеп және оның басқарудағы ролі. Өндірістік есептің мәні мен мақсаты мен міндеттері.

Өндірістік есеп - өнімнің өзіндік құнын басқарудың негізгі ретінде.

Басқару есебіндегі щығындардың жіктелуі

Шығындар туралы жалпы ұғым және олардың жіктелуі. Шығындардың жіктелуі, оның мақсаты мен маңызы. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары. Өнімнің өзіндік құнын, табысты анықтау және босалқыларды (қорларды) бағалау үшін шығындарды жіктеу. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамы.

Шешімдер қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды жіктеу. Бақылау мен реттеу үдерісін жүзеге асыру үшін шығындарды жіктеу. Кәсіпорында өндірісті және есепті ұйымдастыру. Негізгі өндіріс шығындарының есебі, өндірістік есептің шоттар жүйесі (аналитикалық синтетикалық). Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының есебі; материалдық шығындардың есебі; есептеулерімен бірге еңбек ақы шығындарының есебі; көмекші өндіріс шығындардың, болашақ кезең шығындарының есебі және оларды бөлу. Аяқталмаған өндірісті, өндірістегі материалдарды түгендеу және олардың есебі.

Өндіріс шығындарының жиынтық есебі. Негізгі өндіріске қызмет көрсетудегі көмекші өндірістердің ролі мен маңызы. Өндірілетін өнімнің, атқарылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен құрамы бойынша көмекші өндірістердің типтері. Көмекші өндірістердегі шығындар есебінің объектілері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау объектілері. Құрал-саймандық, жөндеуші, қуат-күш беруші және көліктің өндірістердегі шығындар есебінің ерекшеліктері және өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын калькуляциялау. Көмекші өндірістердің өзара қызмет көрсетуіндегі шығындары мен көрсеткен қызметтердің есебі. атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді тұтынушылар арасында бөлу. кезең шығындарының есебі.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың мәні. калькуляциялау объектілері және калькуляциялық бірліктер. Калькуляциялаудың түрлері. Калькуляциялаудың әдістері мен тәсілдері. Процестік калькуляциялаудың мәні мен қолдану аясы.

Өнімді натуралдық және эквиваленттік бірліктермен шығарудың есебі. Эквиваленттік өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Кезеңнің соңында шығындарды дайын өнімдер, жартылай фабрикаттар және аяқталмаған өндірісарасында бөлі. Кезеңдер ұғымы, есеп және калькуляциялау объектілері.

Шығындар есебінің кезеңдік әдісінің қолдану аясы. Өндіріс шығындары есебінің кезеңдік әдісінің жартылай фабрикаттық және емес нұсқалары. Жартылый фабрикаттар мен дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Әдістің артықшылықтар мен кемшіліктері. Шығындар есебі мен өзіндік құнды калькуляциялудың тапсырыстық жүйесі, қолдану аясы. Шығындар есебінің объектілері, калькуляциялау объектілері. Шығындар есебі мен өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісімен үстеме шығындарды бөлу.

Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау. Әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері. Шығындар есебі мен калькуляциялаудың нормативтік әдісінің мәні мен принциптері (қағидалары). Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің шығындары жоспарлаудағы, есепке алудағы, бақылаудағы, шешімдер қабылдаудағы, талдаудағы ролі, қолдану аясы.

Нормалар, нормативтік калькуляциялар. Нормалардың өзгеруінің есебі.

Тікелей және жанама шығындар бойынша нормалардан ауытқудың есебі.

Нормалардың өзгеруін, есеп объектілері бойынша нормалардың ауытқуды бөлудің әдістері. Берілген әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері

Кешенді өндіріс шығындарының есебі және жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Шығындардың толық үлестірілуі бойынша және өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясы. Табыстың көлеміне екі әдістің әсерін салыстырмалы талдау. Кешенді шығындарды бірлесіп өндірілетін өнімдер арасында бөлудің әдістері: натуралдық көрсеткіштердің көмегімен және өнімдердің нарықтық құнына сәйкес. Зиянсыздық және оның модельдері: экономикалық модель, бухгалтерлік модель, зиянсыздықты талдаудың математикалық жолы, қауіпсіздік нүктесі. Өндірістің зянсыздығын талдауда жіберілетін қателер. Болашақ кезеңдегі релеванттық шығындар мен табыстарды анықтау. тауарларды өткізу (сату) бағасы бойынша арнайы шешімдер қабылдау және шектеуші факторлар. Өз (меншікті) өндіріс немесе сатып алуы жөнінде шешімдер қабылдау. Бюджеттеудің сипаттамасы, оның артықшылықтары, мақсаты мен міндеттері. Кәсіпорынның бас және операциялық бюджеті.

Икемді бюджеттер: бюджетті құру және олардың ауытқуы. Бюджетті құрудың әрекет ету аспектілері. Бюджеттеу және жауапкершілік орталықтарының қызметін бақылау. Субъектінің қызметін бақылау мен талдауда икемді бюджеттің маңызы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]