Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Sayasattanu.doc
Скачиваний:
161
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
568.83 Кб
Скачать

1.7. Семинар сабақтарының жоспары

1-семинар: Саясаттану ғылым ретінде

1. Саяси нақтылық-саясаттанудың зерттеу объектісі

2. Қазақстан Республикасы саяси шындық ретінде

3. Саяси зерттеудің ғылыми әдісі мен әдістемесі, ұғымдарының қатынасы

әдебиет:

1. Жамбылов Д.Саясаттану. А.02.

2. Смагулов Е.М.Основы политологии А.2002

3. Политология под ред. Нысанбаева А.Н А., 1998.

2-семинар: Өркениет тарихындағы саяси ойлардың даму кезеңдері

  1. Ежелгі дүниедегі саяси ойдың қалыптасуы

  2. Орта ғасырлардағы араб-ислам және батыс-еуропалық идеялар

  3. Саяси теориялар мен доктриналардың Қайта өрлеу кезеңінен бастап ХХ ғасырға дейін қалыптасуы

  4. Қазақ халқының мұрасындағы саяси ойлар

әдебиет:

1. История политических и правовых под ред. Несесянца М.1998

2.Мұхамедов М. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы А., 2002

3. Булатова А.Н.Исмагамбетова З.Политология А.02

3-семинар: Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік

1. Билік құбылысы, генезисі, мәні

2. Билік қатынастарының субъективті-объективті астарлары

3. Қазіргі әлемдік дамудағы биліктің орны

әдебиет:

1. Жамбылов Д.Саясаттану. А.02.

2. Смагулов Е.М.Основы политологии А.2002

3. Политология под ред. Нысанбаева А.Н А., 1998.

4-семинар: Билік және саяси режимдер

1. Биліктің заңдылығы және легитимдігі

2. Билік түрлерінің эволюциясы

3. Тоталитаризм

4. Авторитаризм

5. Тоталитаризмнен демократияға өту

әдебиет:

1. Алимова С.Б. Власть: парадигмы исследования. К.98

2. Жамбылов Д.Саясаттану. А.02.

3. Смагулов Е.М.Основы политологии А.2002

5-семинар: Демократия теориясы: тарих және бүгін

1. Демократия – ең тиімді билік түрі. Оның мәні, сипаты, құндылықтары және негізгі теорияларының қалыптасуы

2. Демократия толқындары

3. Қазақстан қоғамының демократиялануы: жетістігі мен келешегі

әдебиет:

1. Жамбылов Д.Саясаттану. А.02.

2. Смагулов Е.М.Основы политологии А.2002

3. Политология под ред. Нысанбаева А.Н А., 1998.

4. Мырзабекова А. Ш., Жұмасұлтанова ғ. Ә. Демократияның тарихы және теориясы. Қарағанды, 2005

6-семинар: Қазіргі кездегі саяси жүйелер

1. Саяси жүйелер түсінігі, құрылымы мен элементтері

2. Қазіргі заманғы саяси жүйелер, оларды салыстыру

3. Саяси тұрақтылық пен саяси тәуекелділіктің алдын алу

әдебиет:

1. Василик М.А.Политология М., 01

2. Нысанбаев А.Н. Политология А., 98

3. Мухаев Р.Т. Политология М. 98

7-семинар: Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде

1. Мемлекет: ұғым тарихы және оны зерттеу әдістері, белгілері мен түрлері

2. «Билікті бөлудегі» заң шығарушы, атқарушы және сот жүйелері

әдебиет:

1. Смагулов Е.М. Основы политологии А., 01

2. Қазақстан Республикасы Конституциясы. А., 1998 ж.

8-семинар: Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам

1. Құқықтық мемлекет: қалыптасуы, қазіргі жағдайы

2. Оның құндылықтары мен негізгі принциптері

3. Азаматтық қоғамның қызмет етуі және өзіндік дамуының шарты

4. Тұлғаның әлеуметтік, интеллектуалдық, психологиялық дамуының жоғарғы деңгейі

әдебиет:

1. Казахстанская политологическая энциклопедия А.,98

2. Панарин А.С. Политология М., 98

3. Жамбылов Д.А.Саясаттану А., 01

9-семинар: Саясаттағы дау-жанжал және дағдарыс

1. Жанжалдар мен дағдарыстар әлеуметтік құбылыс ретінде

2. Өтпелі қоғамдағы саяси мәмілелікке жетудің тетіктері мен жолдары

3. Ұлтаралық мәселелерді шешудің халықаралық тәжірибесін талдау

әдебиет:

1. Казахстанская политологическая энциклопедия А.,98

2. ҚР Конституциясы. А., 1998 ж.

3. Смагулов Е.М. Основы политологии А., 01

10-семинар: Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар және олардың ҚР-дағы орны мен рөлі

1. Партия туралы түсінік. Партиялардың пайда болуы мен дамуы. Оның түрлері, қызметі мен жүйесі

2. Қазақстандағы саяси плюрализм. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың қалыптасуы

3. Сайлау жүйесі

1. Кушербаев К.Е. Этнополитика Казахстана: состояние перспективы А., 96

2. Жамбылов Д.А.Саясаттану А., 01

3. Сейдуманов С.Т. Феномен многопартийности в Казахстане А., 97

4. Булуктаев Ю.О. Политические партии Казахстана А., 2004.

11-семинар: Саяси элита және көсемділік

1. Элита түсінігі (Парето В., Моска Г., Михельс Р.). Саяси элита қызметі мен түрлері

2. Саяси көсемділік тұжырымдамасы, жіктелуі

3. Саяси көсемге имидж жасау

4. Қазіргі кездегі Қазақстандағы басқарушы элита

әдебиет:

1. Сейдуманов С.Т. Феномен многопартийности в Казахстане А., 97

2. Булуктаев Ю.О. Политические партии Казахстана А., 2004.

3. . Кто есть кто в Казахстане А., 00

.

12-семинар: Саясат субъектілері: тұлға, әлеуметтік топтар, әлеуметтік бірлестіктер

1. Саясат субъектілері, олардың билік жүйесіндегі орны мен рөлі

2. Әлеуметтік-таптық дифференциация және қазіргі қоғамның әлеуметтік жіктелуі

3. Қазақстандағы жастар саясаты

әдебиет:

1. Кто есть кто в Казахстане А., 00.

2. Жамбылов Д.А. Саясаттану А., 01.

13-семинар: Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену

1. Саяси мәдениетті зерттеудегі әр түрлі бағыттар мен әдістер (Парсонс Т., Истон Д., Алмонд Г., Верба С., Пай Л., Такер Р., Липсет С., Розенбаум В.)

2. Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет мәселелері

3. Саяси әлеуметтенуді түбегейлі зерттеудегі тұжырымдамалар мен олардың саяси тәжірибемен байланысы

әдебиет:

  1. Жамбылов Д.А. Саясаттану А., 01.

  2. Бурбаев Т.Қ. Ұлт менталитеі А., 2002.

3. Смагулов Е.М. Основы политологии А., 01

14-семинар: Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар

1. Әлемдік саясат,сыртқы саясат, геосаясат ұғымдары

2. Қазақстан дипломатиясы, қалыптасуы және дамуы

3. Қазіргі кезде ХХІ ғ. халықаралық қатынастардың даму жағдайын болжау

әдебиет:

  1. Жамбылов Д.А. Саясаттану А., 01.

  2. Гаджиев К.С. Политическая наука М., 1997.

Қалмырзаев Ә. Біз, қазақ ежелден еркіндік аңсаған А., 1998.

15-семинар: Саяси үрдіс және саяси модернизация

1. Саяси үрдіс, Саяси іс-әрекет, саяси шешімдер

2. Модернизация теориясы

3. Қазақстандағы демократиялық модернизация

4. Қазақстан – 2030

әдебиет:

1.Бурханов К.Н. Эктремизм в Центральной Азии А., 2000.

2. Жамбылов Д.А. Саясаттану А., 01.

3. Смагулов Е.М. Основы политологии А., 01

1.8. ПӘНДІ ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Компьютерді, мультимедиа, аудиовизуальді материалдарға негізделген оқытудың жаңа технологиялары ақпараттарды оңай игеруге, тез арада белсенді түрде сол ақпаратпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Әрине бұл өте тамаша! Бірақ сонда да оқытудың негізгі әрі тиімді әдісі болып кітаппен жұмыс жасау қала бермек. Өкінішке орай, тәжірибеміз көрсетеді: студенттердің гуманитарлық ғылымдар бойынша күрделі және әр түрлі әдебиеттермен жұмыс жасау, олардан керекті ақпаратты ала білу және оны дұрыс қолдану дағдысы қалыптаспаған. Бұл жағдай оқу үдерісінде үнемі өсіп келе жатқан талаптарға қайшы келеді.

Әдістемелік нұсқаудың мақсаты студенттердің ақпараттық мәдениетін дамыту болып табылады.

  1. Кітаппен жұмыс жасау. Оқытудың кредиттік жүйесінде студент тең жарты оқу жұмысын өз бетімен атқаруға тура келеді. Сондықтан ол әдебиеттерді қалай іздеуді, пайдалануды білуі қажет. Оқытушы студентке қажетті оқу әдебиеттерін табуға көмектесе алады, яғни, негізі әдебиеттер тізімін оқытушыдан алуға болады. Бірақ ең бастысы әрбір кітапты немесе мақаланы оқығанда келесі нұсқауларды пайдалану қажет:

  • гуманитарлық пәндер бойынша кітаптар мен мақалаларды оқығанда рационалды-сыни бағытты ұстану қажет (себебі: кейбір ақпараттық және теориялық материалдар уақыт өте келе ескіреді, сыни көзқарасты талап етеді. Бірақ әрбір кітаптың өзіндік бағасы бар. Айталық, осыдан он, жүз несе екі мың жыл бұрынғы кітаптың маңыздылығы осы күнгі кітаптан жоғары болуы мүмкін. Аристотель, Платон, Әл-Фараби, Абай және т.б. ойшылдардың еңбектеріндегі білімге баға жетпейді);

  • кітаптың мазмұнын толық түсіну үшін, оны ақылмен оқу қажет. Ол дегеніміз кітапты оқымас бұрын ол кітап оқуға тұра ма, соны анықтаған жөн (кітаптың аннотациясымен, кіріспесімен танысу қажет);

  • кітаптың авторы туралы да мәлімдеме білген жөн, кітаптың негізгі міндетін де ұққан жөн;

  • қандай тақырыпта ақпарат керек екенін нақты білген жөн, бұл уақытты үнемдейді, кітапты оқығанда керек жерлерді жазып алу үшін қағаз бен қалам пайдаланған жөн;

  • кітапты оқып отырып оған өзінше зерттеу жүргізе білу қажет, оның бірнеше түрлері бар, оқыған кітап бойынша жоспар, көшірмелер, тезистер, аннотация, резюме (түйін), конспект.

Жоспар дегеніміз - оқығаныңыз туралы қысқаша жазба болады, оған кітапта немесе мақалада кездескен негізгі сұрақтар тізімін жазасыз.

Тезис дегеніміз - одан күрделірек, текст бойынша негізгі тұжырымдар мен теріске шығаруларды теру. Тезис материалды есте жақсы сақтау үшін және пікір-таластың негізі үшін қажет.

Аннотация дегеніміз – қысқаша мазмұндама, ол мақала, кітап туралы жалпы түсінік береді.

Резюме шығарманың негізгі қорытындысын сипаттайды.

Конспект дегеніміз – кең таралған жазба түрі, ол жоспар жасалынған соң, жазылады. Конспектінің негізі материалы тезистер, қосымша ой-тұжырымдары мен дәлелдер. Конспектінің үш түрі бар: текстуалді, еркін және тақырыптық. Текстуалді конспект кітаптан немесе мақаланың деректерін сол бетінше қысқаша құрылысын өзгертпей

көшіру. Еркін конспект оқушының өз ойына, талабына, ыңғайына қатысты жазылады. Тақырыптық конспекте негізге тақырып немесе мәселе алынады да ол бірнеше дерек көздерінен алынуы мүмкін. Конспектінің негізгі ерекшелігі қысқартулар мен белгілерді пайдалану және уақытты үнемдеу. Конспект ұқыпты, түсінікті және жылдам жазылуы

тиіс: минутына 120 белгі ең төменгі жылдамдық, ал 150 белгі – ең жоғарғы жылдамдық болып табылады. Өзіңізді тексеріп көріңіз.

Көптеген зерттеушілер сонымен бірге карточкаларды пайдалануды ұсынады. Ол да кітаппен тиімді жұмыс жасауға көмек. Карточка бірдей ақ қағаздан жасалынады, бір жақ бетіне ғана жазылады. Оған кітаптың, мақаланың авторын, атауын және негізгі мазмұнына қатысты сөздерді жазуға болады.

Кітаппен жұмыс жасауда жүйелілік қажет, жүйесіз жұмыс хаоспен тең. Атақты ойшыл К.Д. Ушинский былай деген екен: «Тек жүйе ғана біздің білімімізге билік береді. Қалдық, байланыссыз білімге толы бас шашылып жатқан қоймаға тең, онда қожайынның өзі ештеңе таба алмайды». Сонымен бірге мынадай да бір сөз бар «Жақсы бастан жаман қарандаш артық».

  1. Реферат жаза білу. Әдебиеттермен толық танысып болған соң белгілі бір тақырып немесе мәселе бойынша реферат жазуды үйрену қажет. Реферат кітап пен мақалаларды көшіріп жаза беру емес. Ол кітап пен мақалалардың мазмұнын жеткізе білу, өз бетімен ойлау, сол ойларды ғылыми тілде жаза білу және сараптама (анализ) жасай білу. Конспектке қарағанда реферат шығармашылық белсенділікті, оқыған әдебиеттерді өз бетімен жинақтай білуді және сыни көзқарасты дәлелдей білуді қажет етеді. Рефераттың үш түрі жиі кездеседі: реферат-экстракт – алғашқы құжаттан алынған түпнұсқалық сөйлемдерден тұрады, қайта сөйлеткен реферат – түпнұсқалық сөйлемдерді өз бетінше қайта құрастыру арқылы жасалынады, түсіндіру рефераты деректерді түсіндіру міндетін атқарады.

Рефераттың көлемі компьютерлік текстпен 15-20 бетті құрайды. Оның құрылысы:

Кіріспе

1-Бөлім. § 1, § 2.

2-Бөлім. § 1, § 2.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Рефераттың тақырыбы бөлімдері мен параграфтардың тақырыптарын қайталамау қажет. Тақырып 3-5 сөзден құрылуы тиіс. Рефераттың тақырыбын өзіңізге таныс, қызықтыратын әдебиеттер төңірегінде таңдаған дұрыс. Реферат жазу үшін ең алдымен әдебиеттерге шолу жасалынады, содан кейін жоспар жасайсыз, оны оқытушымен келісіп жасауыңыз қажет. Нақты жоспар бойынша реферат жазу оңайырақ болады. Ең бастысы кіріспе мен қорытынды. Кіріспеде тақырыпты неге таңдадыңыз, оның маңыздылығы және бұл тақырыпты зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасауыңыз қажет. Ал қорытынды да өз тұжырымыңыз, қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз, бұл мәселе төңірегінде ұсыныстарыңыз болса, тың идеяларыңыз болса, сол туралы жазасыз.

Бөлімдерді жазғанға көмек: негізгі жұмысыңыз былай болуы тиіс: кітаптағы немесе мақаладағы тексті оқу – анализ жасау – ақпараттарды жинақтау – жаңа текст шығару:

  • терминдер мен символдарға түсінік беру;

  • кестелерді тек рефераттың мөлшерін азайту үшін, көп ақпаратты үнемді қылып жеткізу үшін пайдалану қажет;

  • ұзақ сөйлемдерді қолдануға, қайталауға болмайды;

Егер кітаптағы немесе мақалады сөзді түпнұсқасын жазғыңыз келсе, оны тырнақша арқылы жазуыңызға болады. Тек ол тексті қайдан алғаныңызды көрсетуді ұмытып кетпеңіз. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімін әртүрлі құруға болады: алфавит бойынша, рефератта қолданған кезекке байланысты, немесе шыққан жылдарын қарай. Әрбір бөлімді

жинақы оймен аяқтаған жөн. Рефераттың сыртқы беті әдістемелік нұсқаудың соңында көрсетілген.

  1. Рефератты қорғау немесе презентация. Бұл сіздің өздік жұмысыңыздың қорытындысын білдіреді. Яғни сіз өзіңіздің қандай жұмыс жасағаныңызды,

шығармашылық деңгейіңізді көрсете аласыз. Бұған қалай дайындалуға болады? Ол үшін өзіңіз келесі жоспар бойынша дайындалуыңызға болады:

  1. Жұмыстың мақсатын анықтау. Өзіңізге қанша уақыт бөлінгенін білу қажет. Егер нақты ақпарат жоқ болса, оқытушыдан сұрауды ұмытпаңыз.

  2. Сіз ауызша сөйлеген кезде негізі ойы-бағытыңыз қандай болмақ.Бұл сіздің компасыңыз тәрізді болмақ және ойыңыз бәріне түсінікті болу қажет.

  3. Сіздің сөзіңіз қандай жанрда?Өзіңіздің рөліңізге байланысты соттағы адвокаттың, үгіт-насихат кезіндегі кандидаттың, симпозиумдағы оқымыстының сөз сөйлеу үлгісін таңдауға болады немесе телевизордағы, кинофильмдерде көргендеріңізге ұқсауға болады.

  4. Дәлелдерді жинақтау өз күшіңізді анықтап алу. Пікір-талас туып қалған жағдай болса сіз өз ойыңызды дәлелдей ала аласыз.

  5. Сөз сөйлеудің де жоспарын дайындап алыңыз.Бірінші, екінші ... деп пунктерге бөліп алыңыз. Үш-төрт пункт жеткілікті.

  6. Тыңдаушылар жалығып кетпесін.Мысалдар мен афоризмдер, тіпті анекдотпен көркемдеуге болады. Тек оның бәрі сіздің ойыңызды ашуға көмектесуі тиіс.

  7. Сөйлеу жылдамдылығы.Ол не тез, не баяу болмауы қажет, негізгі ойды айтқанда сөз сөйлеу ритмін өзгертуге болады.

  8. Сөз сөйлеуге дайындалу қажет.Достарыңыздың немесе айнаның алдына отырып сөзіңізді дайындаңыз. Берілген уақытқа үлгеруге тырысу қажет. Тәжірибелі оратор, саясаткер Уинстон Черчилльдің өзі бірнеше күн бойы дайындалған.

  9. Егер сіз жалғаз емес топпен бірге сөйлейтін болсаңыз өз текстіңізді басқалармен салыстырып алыңыз.Қайталанулар болмауы қажет.

Реферат тақырыбы бойынша студент семинар сабағында, конференцияда айтуға болады.

Рефератты бағалағанда келесі пунктерге баса назар аударылады:

  • жазылған материалды толық әрі жүйелі түрде жеткізе білу;

  • сұрақтар қойылғанда, өз ойын дәл айтып дәлелдемелерді дұрыс қолдана білу;

  • рефератты жазу барысында өзіндік дағдының жоғарғы болуы;

  1. Пікір-таласқа арналған тақырыптар мен сұрақтар

Бұл жұмыс түрі топпен бірге жұмыс жасай білу, ұжымдық жұмыстың ерекшелігін түсіндіреді. Топпен бірге жұмыс жасағанда келесі шарттарды есте ұстау қажет:

  1. Алға қандай мақсат пен міндеттер қоясыздар? Сіздерден нені талап етеді?

  2. Топ мүшелері қандай рөлдерді ойнауға тура келеді? Рөлдерді қатысушылардың қабілетіне, танымына, көзқарасына байланысты бөлу қажет. Топпен үнемі бірге жұмыс жасасаңыз, рөлдерді ауыстырып отыруға болады.

  3. Сіздер біртұтас командасыз. Сондықтан топтың жеңуі әрқайсыңызға тікелей байланысты. Егер араларыңызда келіспеушілік болып жатса, оны жасырмай жеке бір «ерекше пікір» ретінде көрсетуге болады.

  4. Топтағы қарым-қатынас еркін түрде болуы қажет, бұл сіздің ертең еңбек ұжымында өзіңізді қалай ұстауға үйретеді.

Келесі тақырыптарды оқытушымен бірге таңдап, семинар сабақтарында өткізуге болады.

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ

  • Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтарды қорғау мәселелері

  1. Қазақстандағы жұмыспен қамту қаншалықты өткір мәселеге айналған?

  2. Еңбекке құқық - экономиканың дамуындағы жетістік пе, әлде кедергі ме?

  3. Мемлекет барлық азаматтарын жұмыспен қамти ала ма?

  4. Жұмыссыз қалған адамдар қандай шара қолдану керек?

  5. Мемлекеттік органдар қандай шара қолдану керек?

  • Жеке құқықтар мен бостандықтар

  1. Біздің қоғамымызда қандай жеке құқықтар мен бостандықтар сақталған?

  2. Оны сақтауда қиындықтар кездеседі ме?

  3. Мемлекет тұлға құқығын бұза ма?

  4. Әрбір азамат өз жеке құқықтарын қорғау үшін не істеуі керек?

  5. Жеке құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдар бар ма? Олардың іс-әрекеті қаншалықты тиімді?

  6. Тұлғаны қорғай алатын дамыған азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет институттары қалыптасып болды деп айтуға болады ма?

  • Білім мәселелері

  1. Қазақстандағы білім жүйесі қандай бағытта дамуда? Мемлекет қандай шаралар қолдануда?

  2. Білім мекемелерінің алдында қандай негізгі мәселелер тұр?

  3. Неліктен балалардың барлығы мектепке бармайды?

  4. Өкіметтік емес ұйымдар не істей алады?

  5. Бұл мәселені шешуде мектеп пен биліктің жергілікті органдары арасында ынтымақтастық бар деп айтуға болады ма?

  6. Мектептегі мәселелерді қоғамдастық пен билік органдары қалай айтады?

  • Тоталитарлық қоғамдағы адам құқығы

  1. Тоталитарлық режим адам құқығын қорғауға қалай қарайды?

  2. Бостандық пен теңдік ұғымдары бұл қоғамда қалай сәйкес келеді?

  3. Көркем және тарихи әдебиеттерден мысалдар келтіріңіздер, оларға анализ жасаңыздар.

  4. Тұлғаның толық қанды өмір сүруі үшін не маңызды: мемлекеттің рұқсаты ма, әлде өзін еркін сезіну ме? Тоталитаризм жағдайында адам еркін бола алады ма?

  • Адамның құқығы мен бостандығын қорғаудағы өкіметтік емес ұйымдардың орны

    1. Біздің мемлекетімізде құқық қорғау ұйымдардың болуына қажеттілік бар ма?

    2. Қандай құқық қорғау ұйымдардың жұмысы туралы білесіз? Олардың іс-әрекетінің негізгі бағыты неде?

    3. Өкіметтік емес ұйымдардың осы саладағы жұмыстарының тиімділігі қаншалықты? Сізде азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаған ұйым жайында мәліметтер бар ма?

    4. Мұндай ұйымдардың бірігіп жұмыс жасауына болады ма?

    5. Жаңа құқық қорғау ұйымдарының құрылуы қажет пе?

    6. Өкіметтік емес ұйымдар қоғамда адамның құқықтарының кез келген бұзылуына шыдамдылық танытпау керектігін қалыптастыра алды ма?

    ЖАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ

    • СПИД пен наркомания мәселелерін шешудегі жастар қоғалыстарының ролі

    1. Нашақорлық пен СПИД: қаншалықты қауіпті.

    2. Мемлекет қандай шаралар қолдануда?

    3. Жастар ұйымдары не жасай алады?

    4. Жағымды өзгерістер болып жатыр ма?

    • Мемлекет және жастар: алыстық немесе достастық?

      1. Республика жастарының негізгі мәселелері қандай?

      2. Жастарға мемлекет тарапынан көмек қажет пе?

      3. Жастарға қатысты мемлекеттің саясаты бар ма?

      4. Бұл саясатты қандай мемлекеттік органдар жүргізеді?

      5. Бұл саясат қаншалықты тиімді?

      6. Жастар билікпен бірге жұмыс жасауға дайын ба?

      7. Бұл достастыққа кедергілер болуы мүмкін бе?

    • Жастар мәдениеті: руханисыздық немесе өзін өзі көрсету еркіндігі

    1. Жастарға мәдениеттің қандай түрлері ұнайды?

    2. Жастар мәдениеті деген ерекше мәдениет түрі бола алады ма?

    3. Жастар мәдениетінің негізгі ерекшеліктері.

    4. Жастар мәдениетін рухани жағынан жұрдай деп айтуға болады ма?

    5. Кейбіреулер жастар мәдениет бұхаралық мәдениеттің ең жаман түрі деп қарайды. Сіз онымен келісесіз бе?

    6. Жастар мәдениетінің деңгейін қалай көтеруге болады?

    ДЕМОКРАТИЯ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕР

      1. Қазақстандағы демократиялық құрылысқа өту кезеңдері.

      2. ТМД – дағы ұлтаралық келіспеушілік мәселелері.

      3. Жаңа діндер мен секталардың таралуы.

      4. Қалыптасқан саяси мәдениеттің Қазақстандағы демократияға әсері.

      5. Саяси келіспеушілік: қалай шешуге болады және қоғамдағы келісімді қалай сақтауға болады?

      6. Сайлау: саяси текетірес пе, әлде өркениетті үдеріс пе?

      7. Сайлауалды үгіт-насихат: барлық әдістер адал ма?

      8. Үкімет және оппозиция: диалог мүмкін бе?

    1. Тақырыптық презентациялар, жобалар

    Презентация мен жоба бойынша жұмыс істеуде қажет біліктер:

    • әртүрлі ақпараттардан керектіні, негізгіні таба білу;

    • мәліметтерді салыстыру және жинақтай білу;

    • деректерге сыни сараптама жасау және фактіден субъективті пікірді ажырата білу;

    • логикалық ойлай білу;

    • қорытынды жасай білу;

    Бұл жұмыс түрінде тек ауызша сөз сөйлеу ғана емес, сонымен бірге, қабырға газеттерін, пресс-релиз, аудио-видео құрылғылар, значоктар, рәміздер қолдануға болады

    «Біздің заңдық жобамыз» атты презентация

    Нұсқалар: елдің конституциясын, партия жарғысын, университет жалауын, қала таңбасын, топтың заңын немесе әнұранын жасау. Бұл жағдайда егер тақырып рәміздерге байланысты болса, онда оның суретін ғана көрсетпейді, сонымен бірге оның идеясын, мазмұнын да ашу қажет. Егер конституция жасау керек болса алдына ала оның көлемін анықтау қажет. Немесе белгілі бір тақырыпқа байланысты оның тек бір бөлімін ғана қысқаша түрде жасауға болады.

    «Сайлау алдындағы бағдарлама» атты жоба

    Студенттік топ бірнеше кіші топтарға бөлініп, жеке-жеке партия бағдарламасын жасауға болады. Партияның негізгі идеясына байланысты олар: оңшыл, солшыл, орталық, консерваторлық, революциялық, оппозициялық, т.б. болуы мүмкін. Бұл партиялар өз бағдарламаларында негізгі міндеттері туралы немесе қысқаша 2-3 мәселе төңірегінде өз бағдарламасын жасайды. Жобаға сайлаушылар да қатысып өз дауыстарын белгілі бір партияға берулеріне болады. Мәселені көтергенде оның шешілу жолдарын өз әлдерінше ұсынуға болады. Сонымен қатар, партияның аты, ұраны, нысаны болуы шарт.

    Осы тақырыптағы жобамен қатар келесі тақырыптарды да таңдауға болады, бұл топтың жеке дайындығы мен таңдауына байланысты: «Саясаткермен кезедсу», «Біздің президент қандай болу қажет?», «Сот отырысы», «Парламент отырысы», «Министрлер кеңесі».

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]