Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Sayasattanu.doc
Скачиваний:
161
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
568.83 Кб
Скачать

6. Заңдық құжаттармен немесе көркем әдебиеттермен жұмыс

Бұл жұмыс түрінің негізгі мақсаты, студенттердің бойында аналитикалық қабілеттің қалыптасуын қадағалау. Бұл жұмыс ерекше дайындықты қажет етеді. Құжаттың немесе әдебиеттің ерекшелігін таба білу қажет.

Заңдық құжаттармен (заң, декларация, конституция және т.б.) жұмыс жасағанда келесі сұрақтарға жауап бересіз?

    1. Бұл құжат қандай тарихи жағдайда қабылданды?

    2. Құжаттың жазылу тарихи туралы не білесіз? Авторлары кімдер?

    3. Қоғамның қай саласына қатысты жазылған?

    4. Құжаттың ерекшелігі, жазылу стилі туралы не айта аласыз?

    5. Қандай идеяны, позицияны ұстанады? Осы құжат негізінде оны жазғандардың сенімдері туралы не айтуға болады?

    6. Бұл құжат тарихта қандай рөл ойнады?

    7. Бұл құжаттың қазіргі таңдағы маңызы туралы не айта аласыз?

Көркем әдебиеттермен жұмыс жасау: Бұл әдебиеттің ерекшелігі авторлар көбіне айтқысы келген жеке ойларын астыртын кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы, сөздері арқылы, қандай да оқиға арқылы жеткізеді. Сондықтан негізгі міндет автордың ойын кейіпкердің ойынан ажырата білу немесе осы әдеби шығарма арқылы автордың ойын анықтай білу қажет. Осыған байланысты келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

      1. Қандай тарихи оқиғалар шығарманың негізін құрады?

      2. Неліктен автор тек осы оқиғаларды алды?

      3. Оқиғаларды баяндай отырып автор қандай көзқарасты ұстанады?

      4. Қай кейіпкерлер автордың позициясына жақын?

      5. Қаншалықты автордың айтар ойы бұгінгі күнде маңызды?

      6. Егер бұл оқиға қазіргі кезде болған болса сіз қалай аяқтар едіңіз?

1.9. Пән бойынша курстық жобалар – жазылмайды.

1.10. Студенттің өзіндік жұмысына арналған материалдар

1. Қазақстанда саясаттанудың кеш оқытыла бастауының себебін көрсетіңіз.

2. Гуманитарлық емес мамандықтарда саясаттанудың оқытылу маңыздылығын түсіндіріңіз.

3. Кесте әзірлеу. «Саясат туралы анықтамалар»

Анықтама

Авторы

4. Кесте әзірлеу. «Саясаттану әдістері»

Әдістің аталуы

Негізгі мазмұны

5. Саясаттың деңгейлері бойынша Қазақстандағы саясатты салыстырып көріңіз.

6. Кесте толтырыңыз. «Саяси ойдың даму кезеңдері»

Уақыты

Ойшыл

Негізгі идеясы

Еңбектері

7. Саяси ойдың даму кезеңдеріне байланысты салыстырмалы сараптама жасаңыз.

8. Ұлылардан қалған нақыл сөздер тақырыбында әңгіме өткізіңіздер.

9. Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуына әсер еткен ойшылдар кімдер?

10. Саяси билік тұжырымдамаларына байланысты кесте жасаңыз.

11. Саяси билік ресурстарының маңыздылығына мысалдар келтіріңіз.

12. Билік деген ұғымға өзіндік анықтама беріп көріңіз.

13. Билік пен адамгершілік принциптердің ара қатынасына назар аударыңыз.

14. Билікті жүзеге асыру формаларын атаңыз.

15. Тоталитаризмнің тек ХХ ғасырға тән құбылыс екендігін дәлелдеп беріңіз.

16. «Адамның әділеттілікке жақындығы демократияны мүмкін етеді, ал оның әділетсіздікке жақындығы демократияны қажет етеді» деген ойға өз түсінігіңізді беріңіз.

17. Авторитаризмнің қазіргі Қазақстанда алатын орны.

18. Кесте толтырыңыз. «Саяси режимдер»

Саяси режимдер

Жағымды жақтары

Жағымсыз жақтары

19. Демократия туралы ежелгі ойшылдардың көзқарастарын есіңізге түсіріңіз.

20. «Демократия тек Батысқа тән құбылыс па, жоқ әлде, барлық мемлекеттердің даму жолы ма?» атты пікір-таласқа дайындалыңыз.

21. Демократиядағы мемлекеттік биліктің жүзеге асуындағы ерекшеліктерді атаңыз.

22. Демократияның түрлеріне және тұжырымдамаларына қатысты кесте толтырыңыз.

23. Саяси жүйенің «кірісі» мен «шығысы» арасындағы өзара байланысқа мысалдар келтіріңіз.

24. Саяси жүйе, саяси билік ұғымдарының арасындағы ұқсастық мен айырмашылықты табыңыз.

25. Саяси тұрақтылық дегеніміз не? Оның түрлері.

26. Саяси тұрақсыздықты қалай анықтауға болады? Біздің қоғамымызда оның белгілері кездеседі ме?

27. Мемлекет деген ұғымға анықтама беріңіз. Ең алғаш бұл ұғым қай ойшылдың еңбегінде кездеседі?

28. Мемлекеттің басты белгілеріне нені жатқызасыз? Олардың әр қайсысының маңыздылығын атап көрсетіңіз.

29. Мемлекеттің түрлеріне қатысты, барлық критерийлерді ескере отырып кесте жасап, оны толтырыңыз.

30. Қазақстан осы жіктеу бойынша қандай мемлекет түрлеріне жатады?

31. Билік пен азаматтық қоғам арасындағы байланыстың күрделілігі.

32. Азаматтық қоғамның негізгі белгілері.

33. Азаматтық қоғам неліктен мемлекеттік биліктен тәуелсіз болуы шарт?

34. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшелігі.

35. Сіз өзіңізге қатысты барлық құқықтарыңызды білесіз бе?

36. Саяси дау-жанжал, шиеленіс, дағдарыс ұғымдарына анықтама беріңіз.

37. Мәмілелік дегеніміз не? Неге оны қазақ ұлтының менталитетімен байланыстырамыз?

38. Дау-жанжалды шешу жолдарына мысал келтіріңіз.

39. Дау-жанжалды позитивті құбылыс ретінде дәлелдеп беріңіз.

40. Партияның пайда болуы, негізгі кезеңдері.

41. Саяси партияны азаматтық қоғамның негізгі элементтерінің бірі ретінде дәлелдеп беріңіз.

42. ҚР-ның партия туралы заңы бойынша азаматтан оның қай партия мүшесі екенін сұрауға құқығыңыз бар ма? Оның сізге жауап бермеуге ше?

43. Сайлау жүйесі мен саяси партиялардың арасындағы байланысты атаңыз.

44. Сайлау жүйесінің түрлеріне қатысты кесте жасап, оны толтырыңыз.

45. Саяси элитаның тұжырымдамаларына қатысты кесте жасап, оны толтырыңыз.

46. Қазақстандағы саяси элитаны бағалауға тырысып көріңіз. Бізде саяси элитаға ену қандай жолдармен жүзеге асады?

47. Саяси көсем, көсемділік ұғымдарына анықтама беріңіз.

48. Сіздің ойыңызша қазіргі кезде саяси көсем болу үшін қандай қасиеттерді меңгеру қажет?

49. Адам, жеке адам, тұлға ұғымдарына анықтама беріңіз.

50. Әлеуметтік теңсіздік немесе әлеуметтік жіктелу туралы не білесіз.

51. Қазіргі қазақстандық қоғамдағы жаңа топтар туралы не айта аласыз?

52. Саясатқа қатысу қандай деңгейде жүргізілуі қажет деп ойлайсыз?

53. Саяси мәдениет пен жәй мәдениеттің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты атаңыз.

54. Саяси мәдениеттің негізгі элементтеріне не жатады?

55. Саяси әлеуметтену дегеніміз не? Ол адам бойында қалай жүреді?

56. Қазақстандық қоғамдағы саяси мәдениет пен әлеуметтенудің ерекшелігін көрсетіңіз.

57. Әлемдік саясат, халықаралық қатынастар, геосаясат ұғымдарының айырмашылықтары мен ұқсастықтарына тоқталыңыз.

58. Қазақстан қай елдермен қарым-қатынас жасайды және қандай халықаралық ұйымдарға мүше?

59. ҚР халықаралық беделінің өсуіндегі президент рөлі.

60. Саяси билік, саяси жүйе, саяси үрдіс ұғымдарының өзара қатынасын ашыңыз. Оларды бір-бірінен қалай айыра аламыз?

61. Саяси модернизация дегеніміз не?

62. Ұлттық мүдде мен жаһандану үрдісінің арасында қандай байланыс жатыр?

Реферат тақырыптарының үлгісі

  1. Саясаттанудың әлеуметтік- гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.

  2. Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар: Әл-Фараби, Низами, Әлішер Науаи.

  3. Қазақстандағы саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы.

  4. Қазақстан қоғамын, саяси жүйені реформалау жағдайындағы салыстырмалы саясаттанудың рөлі.

  5. Саясат өнер ретінде.

  6. Мемлекеттік билік саяси биліктің жоғарғы формасы ретінде.

  7. Саяси биліктің легитимдік типтері.

  8. Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде.

  9. Қазақстан халықтары Ассамблеясы жүйелі қоғамдық- саяси институт ретінде.

  10. Қазақстан көп конфессионалды қоғам ретінде.

  11. Қазақстандық конфессия аралық келісім тәжірибесі.

  12. Қазіргі саяси жүйелер.

  13. Мемлекеттің мәні және оның шығуы.

  14. Мемлкеттің белгілері, оның функциялары мен мақсаттары.

  15. Мемлкеттік жүйелердің типологиясы.

  16. Қазіргі мемлкет және оның ерекшелікті белгілері.

  17. Азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы.

  18. Әлеуметтік мемлкеттің функциялары.

  19. Мүдделі топтар: ұғымы, функциялары, типологиясы.

  20. Қысымшы топтар. Лоббизм саяси феномен ретінде.

  21. Қазақстандық демократия моделінің ерекшеліктері.

  22. Саяси паритиялар генезисінің кезеңдері: аристократиялық котерилер, саяси клубтар, бұқаралық партиялар.

  23. Партиялар типологиясы.

  24. Партияларды типтеудің өлшемдері (критерийлері).

  25. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық.

  26. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Қазақстан қоғамының саяси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен рөлі.

  27. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым- қатынас проблемалары.

  28. Тоталитаризм, оның негізгі типтері мен түрлері.

  29. Тоталитарлық режимнің саяси практикасы.

  30. Авторитаризм саяси режим формасы ретінде.

  31. Демократияның жалпылық принциптері мен институттары.

  32. Саяси мәдениет тұжырымдамалары.

  33. Қазіргі элита теориялары.

  34. Бюрократизм саяси феномен ретінде.

  35. Элиталар мен көшбасшылар саясаттың субъектілері ретінде.

  36. Саяси технологиялар саясаттанудың ажырамас бөлігі ретінде.

  37. Халықаралық қатынастардың себептері, олардың түрлері, салдарлары, ескерту және шешу тәсілдері.

  38. Адамзаттың XXI ғасырдағы әлеуметтік- саяси дамуының болжамы.

  39. Саяси болжамдаудың мақсаты, объективтік негізі және негізгі міндеттері.

  40. Қазақстан қоғамының қазіргі даму кезеңіндегі тенденция тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]